Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Жексенбі Дүйсенбі Сейсенбі




 
 

 


Сенбі Сәрсенбі

       
   

 


Жұма Бейсенбі

1 күн – Дүйсенбі – дүниенің алғашқы күні.

2 күн – Сейсенбі – істі күн.

3 күн – Сәрсенбі – сәтті күн.

4 күн – Бейсенбі – берекелі күн.

5 күн – Жұма – Аллаға сыйыну күні.

6 күн – Сенбі – сенімді күн.

7 күн – Жексенбі – аңыз бойынша Алланың жер жүзін жаратқан күн.

Өлшеу дағдыларын қалыптастыру үшін алуан түрлі жаттығулар жүйесі кірістіріледі. Бұл кесінділерді өлшеу және сызу; мынадай сұраққа жауап беру үшін кесінділерді салыстыру; бір кесіндіні екінші кесіндіден неше сантиметр ұзынырақ (қысқарақ); кесінділердің ұзындығын бірнеше сантиметрге арттыру және кеміту. Осы жаттығулар процесінде оқушыларды ұзындық ұғымы берілген кесіндіде реттеліп салынған сантиметрлер саны ретінде қалыптасады.

Кейінірек жаңа өлшеу бірлігі - дициметр енгізіледі. Дициметр өлшемімен танысуда оның 10 сантиметр өлшеміне тең екендігін қарастырады. Берілген ұзындық кескінін құрастыруда және оны өлшеуде үш тәсілді атап өтуге болады.

Бірінші тәсіл - өлшенетін кескінді біріне-бірі беттестіріледі.

Екінші тәсіл – кейін тастау (қалдыру), берілген кескінді өлшеп қарындашпен белгілеп, кейін қалдыра береді, сонымен белгіленген жерден бастап, қанша қайырғанын санайды.

Үшінші тәсіл – санау арқылы, сызғыш немесе рулетка таспасы өлшенетін кесіндіге қойғанда, алғашқы белгі ол кесіндіге басымен теңестіріледі, оның ұзындығының өлшеу құралының ликаласында белгіленген жерге тоқталуымен, яғни кескіннің санын анықтаймыз. Өлшеуіштің немесе сызғыштың нольдік белгісі кесіндінің бір ұшымен дәл беттестірілуі тиіс.

Балалар өмір тәжірибесінде бәрінен де метрмен өлшеуді жиі бақылайды, метр ұзындықтың негізгі белгісі.

Шамалардың ішіндегі мектепке әлдеқайда жақыны ұзындық болып табылады. Осы себепті шамалармен таныстыру ұзындық және ұзындықты өлшеу туралы түсінік қалыптастырудан басталады.

Балалардың ұзындың туралы түсінктері мектепке дейін пайда болады. Мектепке алғаш келген кезде, балалар сызықтың өлшемдік айыра біледі (нәрселердің ұзындығын, енін, биіктігін, олардың ара қашықтығын). Олар қатынастарды дұрыс тағайындайды: ұзынырақ – қысқарақ, кеңірек – тарырақ, қашығырақ – жақынырақ, т.б.

Мектепке оқытудың алғашқы күндерінен бастап балаларды кеңістік түсініктерді айқындай түсу мәселесі қойылады. Бұған нәрселердің өлшемділігі жөнінен салыстыру жаттығулары көмектеседі, мысалы: Қай кітап жұқарақ; кім алысырақ, Саша ма жоқ Оля ма, қайсысы терең: бұлақ па? әлде өзен бе? Осындай жаттығулар процесінде нәрселерді ұзындығы жөнінен салыстыру шеберлігі қалыптасады, сондай-ақ салыстырылып отырған қасиеті жалпыланады. Түзу сызықпен және кесіндімен сызықтық өлшемдікліктің тасымалдаушысы ретінде танысу берілген ұғымды қалыптастырудағы маңызды қадам болып табылады. Кесінділерді көзбен шамалап салыстыру арқылы балалар тең және тең емес кесінділер жөнінде түсінік алады.

Келесі кезеңде оқушылар кесінділерді өлшеудің алғашқы бірлігімен таныстырылады. Кесінділер жиынынан бір кесінді бөліп алынып, бірлік ретінде қабылданады. Балалар оның атауын біліп алады да осы бірліктің көмегімен өлшеуге кіріседі.

Балалар сантиметрі жөнінде көрнекі түсінік алу үшін, көптеген жаттығулар орындаған жөн. Мысалы: олар өздері сантиметрдің моделін жасауы, дәптерлеріне 1 см кесіндіні сызу, (клеткалар бойынша) шынашақтың ені шамамен 1 см-ге тең екендігін өздерінің табуы керек.

Әрі қарай оқушылар кесінділерді өлшеумен таныстырылады. Балалар өлшеу процесін және өлшеу нәтижесінде алған сандар нені көрсететініноның түсіну үшін, сантиметр модельдерін салудың және оларды есептеуді қарапайым әдістерінен қиынына өлшеп алуға біртіндеп үйрену. Содан кейін сызғышты немесе рулетканы тиістіріп қиып, өлшеу тәсіліне кіріскен жөн.

Көзбен мөлшерлей білуді дамыту үшін берілген кесіндіні шешуден бұрын, олардың ұзындығын көзбен шамалап анықтатқан пайдалы.

Өлшеудің құрал-сайманы ретінде, көз-мөлшерді пайдаланған дұрыс. Көзбен өлшеуді қашықтықты, биіктікті, ұзындықты, көлемді шамалап салыстыру арқылы аламыз. Ол үшін біздің санамызда өлшем бірлігінің тұрақты бейнесі болуы керек. Ол өлшем құрал - сайманмен көп жаттығу нәтижесінде ғана қалыптасады.

Ұзындықтың бірліктерін оқыту теріс емес бүтін сандар арифметикасын оқытумен тығыз байланысты: сантиметр – бірліктің баламасы; метр жүздіктің баламасы; дециметр – ондықтың баламасы; метр – жүздіктің баламасы; километр – мындықтың баламасы. Бұл ұзындықты өлшеу санды шығарып алудың бір тәсілі екендігін көрсетеді, демек, сан – ұзындықты сантиметрмен (дм, м, км, мм,) өлшеудің нәтижесі.

Осыған сәйкес шамаларды құру, оқу және жазу сандар нумерациясымен қатар жүреді:

5 жүзд. 3 онд. 7 бірл. = 537 бірл.

5 м 3 дм 7 см = 537 см

Сонымен бірге шамалармен арифметикалық амалдар жекеленген сандармен амалдарға ұқсас орындалады:

5 + 3 = 8 5 см + 3 см = 8 см

1. Ұзындық және заттардың ұзындығын өлшеудің мән – мағынасын ашу:

а) «Ұзындық» ұғымын енгізуге дайындық мектепке дейінгі жаста басталады да, бірінші сыныпта «Қарапайым түсініктер» тақырыбында жалғасады:

заттардың ұзындықтарын ажырата білу заттардың ұзындығы, ені, биіктігі; нүктелер арасындағы қашықтық – бұлар ұзындықты анықтайтын заттардың қасиеттері;

заттардың ұзындықтарын салыстыру барысында қатынастарды тағайындау: ұзын – қысқа; қалың – жұқа; биік – аласа; алыс – жақын;

заттардың ұзындықтарын салыстыру: «көз мөлшерімен», беттестіру; «қатар тұру» арқылы; түсінік бойынша (бұлақ және өзен;

ағаш және бұтақ т.б.);

ұзындық ретінде сызықпен (түзу және қисық) және кесіндімен таныстыру;

ә) сантиметрдің (см) көмегімен кесіндінің ұзындығын өлшеу;

әр түрлі шартты өлшеуіштермен (шартты бірліктермен) өлшеу арқылы кесінділердің ұзындықтарын салыстыру;

 

бір кесіндінің ұзындығы әр түрлі мәні болады (І парадокс);

үлкен кесіндінің ұзындығы (2) кіші кесіндінің ұзындығын кем (ІІ парадокс).

Қортынды:ортақ шартты өлшеуіш қажет – сантиметр;

модельді – кішкене заттарды өлшеу үшін бірінші ұзындық бірлігін және сантимерт моделін кесінді бойынша салып, оның кесіндіге неше рет салынатынын санап, сантимерт моделінің көмегімен кесіндінің ұзындығын өлшеу тәсілін көрсету;

әр оқушы өздеріне таратылып берілген сантиметр моделінің көмегімен кесінділердің ұзындықтарын өлшейді;

1 см жазуын көрсету, содан соң оқушылар өлшеу нәтижелерін жазады. 5 см, 3 см, 7 см – бұл алғашқы шамалар, яғни ұзындықтың (қарапайым) мәндері;

практикалық жұмыс: сантиметр моделін дайындау; ұзындығы 1 см болатынын анықтау.

Осындай жұмыстардың нәтижесінде шама өлшеудің нәтижесі екендігі игеріледі және берілген кесіндіде көрсетілетін сантиметрлердің саны ретіндегі ұзындық ұғымы қалыптасады.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 964 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если президенты не могут делать этого со своими женами, они делают это со своими странами © Иосиф Бродский
==> читать все изречения...

2444 - | 2317 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.