1. Осылайша, осы жұмыста «өмір сапасы» мәніне халықтың табыстары және материалдық әл-ауқаты призмасы арқылы емес, сондай-ақ, оның ішінде «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты векторы» атты ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру мақсатында қабылданған мемлекеттік даму бағдарламаларының жоспарланған нәтижелерін ескере отырып, айқын және толық анықтама берілді.
2. Халықтың өмір сапасын бағалаудың халықаралық тәжірибесіне, сондай-ақ, өмір сапасы, әл-ауқат деңгейі бойынша рейтингтерді құрайтын беделді халықаралық агенттіктердің қолданыстағы әдістемелеріне шолу жүргізілді.
3. Статистикалық көрсеткіштердің қазіргі жүйесін, мемлекеттік даму бағдарламаларының мониторингін және ел жағдайында қолданылатын халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстан Республикасы халқының өмір сапасын өлшеудің көкейкесті индикаторларының жүйеленген тізбесі қалыптастырылған. Өмір сапасы саласындағы қазіргі халықаралық зерттеулерді талдау, қазіргі күні бар отандық статистикалық көрсеткіштердің Қазақстан Республикасындағы өмір сапасын толыққанды зерттеу үшін әбден жеткілікті екендігін көрсетеді. Шетелдік бағдарламалар да тиісті салалардағы стистикалық деректердегі, сондай-ақ арнайы сұрау салулар нәтижесінде алынған, респонденттердің әл-ауқатын субъективтік бағалаулардағы өз есептеріне сүйенеді. Осындай жолмен, Қазақстандағы өмір сапасын өлшеу үшін «ҚЭЗИ» ЖМ көкейкесті индикаторлардың жүйеленген тізбесі базасында интегралдық бағалауды пайдалануды ұсынады.
4. Облыстар бөлінісінде өмір сапасы көрсеткіштерін салыстыру өңірлік және республикалық деңгейлерде негізгі әлеуметтік мәселелер бойынша жалпы көріністі алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, көрсеткіштер мынадай мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін:
· Мемлекеттік органдардың алынған ақпаратты проблемалық салаларды шешу үшін қолдану, өңірлер арасындағы өмір сапасы деңгейін салыстырмалы сипаттауды жүргізуге мүмкіндігі болады;
· Қоғамның осы мәселе туралы хабардар болуын арттыру үшін, бұл адамдардың кең тобы үшін тақырыптың айқындылыған ашады;
· Өңірлік мақсаттарды және өмір сапасы мәселесіндегі басымдықтарды қарастыруға, негіздеуге және белгілеуге мүмкіндік береді;
· Өзгерістерді мониторингілеу және уақыт ішіндегі көрсеткіштердің серпінін бағалауды жүргізу мүмкіндігі бар;
Зерттеу нәтижелері бойынша жасалған рейтинг өңірлердің экономикалық дамуымен және тиісінше өмір сапасының материалдық жақтарын көрсететін көрсеткіштермен оның нәтижелерінің жоғары байланысын көрсетеді. Субъективтік көрсеткіштерді әзірлеу және енгізу қорытынды рейтингті түзетуге мүмкіндік береді.
Сондықтан өмір сапасын бағалау үшін бағдарлама ретінде ең кемінде 3-тарауда ұсынылған көрсеткіштерді, сондай-ақ, өлшеуішті индикаторлардың көп санымен толықтыру мүмкіндігін пайдалану ұсынылады. Қарастырылған шетелдік тәжірибені және қазақстандық ерекшелікті ескере отырып,халықтың өмір сапасы деңгейін барынша сапалы өлшеу мақсатында ҚР Статистика агенттігіне қолда бар көрсеткіштерді толықтыру немесежаңа көрсеткіштерді әзірлеуұсынылады:
· Үлкен объективтілік мақсатында D 002 статистикалық нысанын меншікті демалыс шарттарының, азаматтық еркіндіктер дәрежесінің, сапаның, қана көлік емес сондай-ақ, байланыс және коммуникациялар құралдарымен қанағаттандырылу дәрежесін анықтайтын сұрақтармен толықтыру ұсынылады. Жеке қауіпсіздіктің қанағаттандырылу дәрежесін анықтау кезінде «меншікті ауданмен» шектелмеу, елдімекен/ел деңгейіне дейін қауіпсіздіктің сезілу саласын кеңейту ұсынылады.
· Өңірлердің өмір сапасын бағалау үшін климат бойынша деректерді пайдалану: ел аумағының үлкен бөлігіндегі құрылықтық климаттың қатаңдығын ескере отырып, орташа қысқы/жазғы температура, жауын-шащын мөлшері және т.б., өңірлер бөлінісінде өмір сапасын өлшеуді жүргізу кезінде орынды. Айтқандай International Living рейтингінде Қазақстан климаты бойынша 193 елдің ішінен 177 орынды алған болатын. Неғұрлым жылы елдердің тұрғындары өз өмірлерін солтүстікте тұратындарға қарағанда оптимистік көзқараспен қабылдайтыны белгілі. Климаттың қаталдығы, қысқы және жазғы температура, жауын-шашын мөлшері, бір жылдағы шуақты күндер саны, жарық күннің ұзақтығы және т.б. сияқты осындай факторлар адам психикасына әсер етеді және өз әл-ауқатын қабылдауына анық ықпал етеді. Бұл мәселеде сондай-ақ, адамдардың тұратын жерін саналы таңдауы туралы да естен шығармау керек.
· Freedom House деректерін пайдалану мүмкіндігі болмағандықтан саяси еркіндіктердің даму дәрежесін бағалау үшін Қазақстан ішіндегі тиісті көрсеткіштерді, халықтың қоғамдық қатынастармен қанағаттандырылу дәрежесін сипаттайтын көрсеткішті енгізу ұсынылады;