Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аймақтар жəне мемлекеттік табиғи-қорық қорының обьектілері туралы заңнамасы Қазақстан Республикасы Конституциясына негізделеді жəне «ҚР ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы» заңынан, ҚР Экологиялық Кодексінен жəне басқа да нормативтік құқықтық актілердан тұрады. Бұл заңдар ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды жəне мемлекеттік табиғи- қорық қорының обьектілерін құру, кеңейту, қорғау, қалпына келтіру, орнықты пайдалану жəне басқару жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттеп отырады. Ерекше қорғалатын табиғи аймақ - ерекше қорғау режимі бекітілген мемлекеттік табиғи-қорық қорының обьектілері жəне жер, су жəне олардың үстіндегі əуе кеңістігі, табиғи кешендер орналасқан аймақ. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың табиғи кешендері дегеніміз – қорғалуға жататын, биологиялық əртүрлілік пен өлі табиғат обьектілерінің жиынтығы.
Мемлекеттік табиғи-қорық қоры – мемлекеттік қорғауға алынған, аса экологиялық, ғылыми, тарихи-мəдени жəне рекреациялық құндылығы бар қоршаған орта обьектілерінің жиынтығы. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар жəне ондағы экологиялық, ғылыми, мəдени маңызы бар қоршаған орта обьектілері ҚР ұлттық құндылығы болып табылады. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар саласындағы негізгі принциптерге мыналар жатады: - ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды бірегей жəне кəдімгі ландшафттарды, биологиялық əртүрлілікті сақтау мен қалпына келтіруді қамтамассыз ететін биологиялық жүйенің компоненті ретінде дамыту; - ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды мемлекеттік реттеу мен бақылау; - мелекеттік табиғи-қорық қорын жəне экологиялық жүйелерді сақтау; - ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды ғылыми, мəдени, ағартушылық, білім беру жəне туризм мақсаттарында пайдалану; - ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды пайдаланудың ақылы болуы; - ерекше қорғалатын табиғи аймақтар саласындағы ҚР заңнамаларын бұзған үшін жауаптылық; -ерекше қорғалатын табиғи аймақтардағы мəселелерді шешуге жеке жіне заңды тұлғалардың қатысуы; - ерекше қорғалатын аймақтартарда ақпараттың қолжетімділігі; - ерекше қорғалатын аймақтарда халықаралық ынтымақтастық.
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерінің маңыздылығына қарай мемлкеттік жəне жергілікті болып бөлінеді. Қорғаудың құру мақсаты мен режим түріне байланысты республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аймақтар төмендегідей түрлерге бөлінеді: 1. мемлекеттік табиғи қорықтар; 2. мемлекеттік ұлттық табиғи парктер; 3. мемлекеттік табиғи резерваттар; 4. мемлекеттік зоологиялық парктер; 5. мемлекеттік ботаникалық бақта; 6. мемлекеттік дендрологиялық парктер; 7. мемлекеттік табиғи ескерткіштер; 8. мемлекеттік қорық зоналары. Құру мақсатына жəне қорғау режиміне байланысты жергілікті ерекше қорғалатын табиғи аймақтар мынадай түрлерге бөлінеді: 1. мемлекеттік аймақтық табиғи парктер; 2. мемлекеттік зоологиялық парктер; 3. мемлекеттік ботаникалық бақтар; 4. мемлекеттік дендрологиялық парктер; 5. мемлекеттік табиғи ескерткіштер; 6. мемлекеттік табиғи қорықтар. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды қорғау жəне күзету. Ерекше қорғалатын табиғи аймақта немес соған бөлінген арнайы зоналар мен учаскелерде күзеттің келесі түрлері енгізілген: - Мемлекеттік табиғи-қорық қорындағы табиғи кешендердің табиғи қалыбын, сондай-ақ кез келген шаруашылық қызметке тыйым салатын қорық режимі; - Жылдың маусымына қарай шаруашылық немесе өзге де қызметке тыйым салуды көздейтін тапсырыс режимі.
Шаруашылық қызметті реттейтін режим – табиғи кешендерді пайдалануды шектейтін, сондай-ақ жер учаскелері иелері мен жерді пайдаланушылар тарапынан қандай да болсын зиян келтірмейтін əдіс-тəсілдерді қарастырады. Қоршаған ортаға əсер ететін зиянды əрекеттердің алдын алу мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аймақта қорғау мен күзет жүзеге асырылуы мүмкін. Күзетке: - Аумақты шолу (патрулирование), соның ішінде жер жəне əуе көлігін пайдалану арқылы ҚР заңнамасына бұзушылықтың алдын алу мақсатын көздейді; - өрттің алдын алу, байқау, сөндіру; - суды ластанудан, қоқыстанудан, сарқылудан қорғау; Қорғауға мыналар жатады: - Судың зиянды əсерінің алдын алу жəне жою; - өсімдіктерді қорғау, зиянды жəндіктер мен ауруларды дер кезінде байқап, олармен күресу, орманды тазалық мақсатында отау; - тұрғындардың тазалық-эпидемиологиялық жағдайын мен ветеринарлық моноторингті қамтамасыз ету, эпидемиялар мен эпизотиялардан сақтандыру мақсатында жануарлар санын бақылау: - жерді эррозиядан қорғау.
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың жекеленген түрлерінің түсінігі жəне еркшеліктері. Мемлекеттік табиғи қорық – табиғат қорғау жəне ғылыми мекеме статусы бар ерекше қорғалатын аймақ. Оның мақсаты болып табиғи процестер мен құбылыстарды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің обьектілерін, жануарлар мен өсімдіктердің жекелеген түрлерін, экологиялық жүйелердің бірегей жəне кəдімгі түрлерін сақтау, зерттеу жəне қалпына келтіру табылады. Мемлекеттік табиғи қорықтарының негізгі қызметіне мыналар жатады: мемлекеттік табиғи қорығының жəне оның күзет аймағының биологиялық əртүрлілігін қалпына келтіру мен қорғау режимін қамтамассыз ету; экологиялық жүйелер мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының обьектілеріне мониторинг пен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру; экологиялық-ағартушылық қызметті жүргізу; мемлекеттік табиғи қорық жəне оның күзет аймағын экологиялық- ағартушылық, ғылыми жəне шектеулі туристік мақсатта пайдалануды реттеу жəне т.б.
Мемлекеттік табиғи қорықтың бүкіл аумағында қорықтық қорғау режимі белгіленеді жəне мынадай іс əрекеттерге тиым салынады: аймақтың гидрологиялық режимін өзгертетін іс əрекеттерге; мемлекеттік табиғи қорықтың қызмет етуіне байланысты емес құрылыстарды, жолдарды, құбырларды жəне басқа да коммуникацияларды салуға; геологиялық барлау жұмыстарына жəне пайдалы қазбаларды өндіруге; жануарларды ұстау мен жоюға, олардың мекен ету ортасын бұзуға; зиянкестермен, жануарлар мен өсімдіктердің ауруларына қарсы химиялық, биологиялық əдістерді қорғауға; үй жануарларын айдап өтуге. Мемлекеттік ұлттық табиғи парк – биологиялық жəне ландшафттық əртүрлілікті сақтауға, экологиялық, ғылыми, тарихи-мəдени, жəне рекреациялық аса маңызды табиғи кешендер мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының обьектілерін табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристік жəне рекреациялық мақсатта пайдалануға арналаған табиғат қорғау жəне ғылыми мекеме статусы бар, ерекше қорғалатын табиғи аймақ.
Қазіргі кезде республикамызда 9 мемлекеттік ұлттық парк бар. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің негізгі қызметіне мыналар жатады: табиғи кешендерді, бірегей жəне эталондық табиғи учаскелерді, мемелекеттік табиғи-қорық қорының обьектілерін, табиғи жəне тарихи-мұраны сақтау; мемлекеттік ұлттық табиғи парктің жəне оның күзет аймағының қорғау режимін қамтамассыз ету; экологиялық ағарту; бұзылған табиғи кешендерді, мемлекеттік табиғи-қорық қорының обьектілерін, табиғи жəне тарихи-мəдени мұраны қалпына келтіру. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің аумағында келесі аймақтар бөлінеді: 1) қорықтық режим аймағы; 2) экологиялық тұрақтандыру аймағы; 3) туристік жəне рекреациялық қызмет аймағы; 4) шектеулі шаруашылық жүргізу аймағы.
Мемлекеттік табиғи резерват – табиғи кешендер мен онымен байланысты табиғи жəне тарихи-мəдени обьектілерді қорғау, қалпына келтіру жəне биологиялық əртүрлілікті қамтамассыз етуге арналған, жер үстіндегі мен судағы экологиялық жүйелерді қамтитын, табиғат қорғау жəне ғылыми мекеме нысанында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аймақ. Қазіргі кезде республикада екі мемлекеттік табиғи резерват бар: «Семей орманы» жəне «Ертіс орманы». Мемлекеттік табиғи резерват территориясы əртүрлі қорғау мен пайдалану режиміндегі аймақтарға бөлінеді.
Олар – қорық режимінің аймағы жəне буферлік аймақ. Мемлекеттік зоологиялық парктер – табиғатты қорғау, мəдени ағартушылық, ғылыми, оқытушылық, жануарлардың генофондын сақтау мен оларды жасанды ортада өсіру мақсатында құрылған, табиғат қорғаушы жəне ғылыми мекеме статусы бар ерекше қорғалатын табиғи аймақ. Мемлекеттік зоологиялық парктер төмендегідей аумақтарға бөлінеді: 1) Экспозициялық; 2) Ғылыми; 3) Қоғамдық; 4) Əкімшілік жəне өндірістік-шаруашылық. Мемлекеттік ботаникалық бақ - өсімдік əлемін, сонымен қатар сирек кездесетін жəне жоғалып кету қаупі бар өсімдіктер түрін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалануды зерттеу жəне ғылыми жобалау үшін құрылған, табиғат қорғаушы жəне ғылыми мекеме статусы бар, ерекше қорғалатын табиғи аймақ. Біздің мемлекетімізде бес мемлекеттік ботаникалық бақ бар. Мемлекеттік ботаникалық бақтарда экспозициялық, ғылыми, қоғамдық, əкімшілік жəне өндірістік-шаруашылық аумақтар бөлінеді. Мемлекеттік дендрологиялық парк – ағаш пен бұта түрлерін қорғау, күзету, өсімін молайту жəне пайдалану үшін құрылған, табиғат қорғаушы жəне ғылыми мекеме статусы бар ерекше қорғалатын табиғи аймақ. Мемлекеттік табиғат ескерткіші – мемлекеттік табиғи-қорық қорының обьектілеріне жатқызылған, экологиялық, ғылыми, мəдени жəне эстетикалық мағынада жекеленген қайталанбайтын, орны тлолтырылмайтын, құнды табиғат кешендері орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аймақ. Мемлекеттік табиғи заказниктер – мемлекеттік табиғи-қорық қорының обьектілерін бір немесе бірнеше түрлерін сақтау жəне өсімін молайту үшін құрылған, тапсырыс жəне шаруашылық қызмет режимімен реттелетін ерекше қорғалатын табиғи аймақ.
Мемелекеттік маңызы бар табиғи заказниктер республиканың барлық аумағында бар жəне олардың саны қазіргі уақытта елуге жетті. Өзінің қызметіне байланысты олар – кешенді, биологиялық, палеонтологиялық, гидрологиялық, геоморфологиялық жəне т.б. түрлерге бөлінеді. Мемлекеттік табиғи заказниктер мерзімсіз, ұзақ жəне қысқа мерзімге құрылады. Мемлекеттік қорық аумағы – күзет режимінің дифференцияланған түрлерімен ерекше қорғалатын аумақ - мемлекеттік табиғи қорық ретінде резервацияланған жер учаскелеріндегі жəне акваториялардағы биологиялық əртүрлілікті, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттарды мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін қорғауға жəне қалпына келтіруге арналған.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес белгiленедi. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдардың бұзылуынан келтiрiлген зиянның орнын толтыру: 1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды бұзу салдарынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, табиғат қорғау мекемелерiнiң мүлкiне зиян келтiрген ұйымдар мен жеке тұлғалар зиянның толық көлемiнде орнын толтыруға мiндеттi. 2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдардың бұзылуынан келтiрiлген зиянның орнын толтыру ерiктi түрде немесе белгiленген тəртiппен бекiтiлген таксаларға жəне зиянды есептеу əдiстемелерiне сəйкес сот шешiмi бойынша, ал олар болмаған жағдайда - келтiрiлген залалдарды ескере отырып, мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қалпына келтiруге жұмсалған нақты шығындар бойынша жүргiзiледi. 14 Дəріс. Экологиялық құқық бұзушылық үшін халықаралық-құқықтық жауаптылық.
Экологиялық құқық бұзушылық үшін халықаралық-құқықтық жауаптылықтың ұғымы мен жалпы сипаттамасы, құрамы. Экологиялық құқық бұзушылық үшін халықаралық-құқықтық жауаптылықтың түрлері. Халықаралық құқықтық нормаларды бұзғаннан келген зиянды өтеудің ерекшеліктері. Қоршаған ортаны қорғау мəселелерін шешуге БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері: Бас Ассамблея, Экономикалық жəне əлеуметтік кеңес (ЭКОСОС), Аймақтық экономикалық комиссиялар (мысалы, Еуропалық экономикалық комиссия), Халықаралық еңбек ұйымы (MOT), Білім беру, ғылым жəне мəдениет мəселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық реконструкция жəне даму банкі (МБРР), Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ВМО) жəне т.б. қатысады. Негізгі бақылауды БҰҰ шеңберіндегі қоршаған ортаны қорғау мəселелері жөніндегі жаңа үкіметаралық орган — Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ бағдарламасы, (ЮНЕП) жүзеге асырады. ЮНЕП — БҰҰ-ның негізгі көмекші органы болып табылады. 1975 жылы өзінің қызметінің алғашкы кезінде ЮНЕП қоршаған ортаға байланысты мынадай бірінші кезектегі алты міндетті айқындады: елді мекендер жəне денсаулық сақтау; құрлықтың экологиялық жүйелері; қалалардың қоршаған ортасы; мұхиттар; қуат; дүлей апаттар. ЮНЕП үш деңгейде жұмыс істейді: 1. Бірінші деңгейде коршаған ортаның бəсекелес мəселелері жөнінде жəне осы салада атқарылып жатқан шаралар жөнінде ақпарат береді.
БҰҰ-ға мүше мемлекеттер жыл сайын қоршаған ортанын ахуалы туралы баяндамалар тапсырады, осы баяндамалардан аталған ақпараттар алынады. 2. Екінші деңгейде жекелеген елдерге, халықаралық үкіметтік жəне үкіметтік емес ұйымдарға қатысты бүкілəлемдік көлемде бағдарламалық шараларды жүзеге асырудың міндеттері мен стратегиясын белгілейді. Осы денгейде қажетті шаралар мен олардың орындаушылары туралы мəселелер шешіледі, нақты бағдарламалар жасау үшін əдістемелік негіз қамтамасыз етіледі. 3. Одан əрі, екінші деңгейде қолдау тапқан бағдарламалар мен жобаларды Қоршаған ортаны қолдау қоры қаржыландырады. Қолдау мөлшері тиімділікке, яғни қаржылық көмектін бағдарламанын түпкі мақсатын іске асыруға қаншалықты ықпал ете алатындығына байланысты болады. Толық қаржыландыру ерекше жағдайларда ғана, яғни жобанын орындалуы аса ірі жоба бойынша əзірлік жұмыстарын жүргізумен тұтас келетін болса, іске асырылуы мүмкін. Сондай-ақ БҰҰ шеңберінде Орнықты дамыту жөніндегі комиссия жұмыс істеді. Ол БҰҰ-ның Экономикалық жəне əлеуметтік кеңесінің (ЭКОСОС) көмекші органы болып табылады. Қоршаған ортаны сақтаумен айналысатын 200-ден астам халықаралық үкіметтік емес ұйымдар бар. Мысалы, 1948 жылы Францияда құрылған табиғат жəне табиғат ресурстарын қорғаудың Халықаралық одағы (МСОП); Құстарды қорғау жөніндегі Халықаралық кеңес, Хайуанаттарды қорғау жөніндегі Дүниежүзілік федерация; Альпі аудандарын қорғау жөніндегі Халықаралық федерация. Тəуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) шеңберінде 1992 жылғы ақпанда "Экология жəне қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара əрекеттестік туралы" келісімге қол қойылды. Бұл келісімге: Қазақстан, Əзірбайжан, Армения, Белоруссия, Қырғызстан, Молдова, Ресей Федерациясы, Тəжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина қол қойды. Келісімді іске асыру үшін: Мемлекетаралық экологиялық кеңес, Мемлекетаралық экологияльщ қор құрылды.
ТМД шеңберінде табиғат қорғау ынтымақтастығын дамытуда Парламентаралық ассамблея маңызды рөл атқарады. Оның құрамында Қоршаған ортаны қоргау жөніндегі бөлім құрылған. Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі əр түрлі мемлекеттік жəне қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық үкіметтік емес экологиялық "Гринпис" ұйымы жұмыс істейді. Басты мемлекеттік орган Табиғат ресурстары мен қоршаган ортаны қорғау министрлігі болып табылады. Аралды құтқару жөніндегі комитет, "Табиғат" экологиялық одағы, "Невада-Семей", "Каспий табиғаты" (Атырау), "Көкті сақтау", Ауқымды экологиялық қор, "Жастар экология мен мəдениет үшін" азаматтық қозғалыстары, "Тау" орталығы (Алматы) жəне басқа да қоғамдық мемлекеттік емес экологиялық ұйымдардың белсенді қызметтерін атап өтуге болады. Қоршаған ортаны қоғауға байланысты əлемдік тұрғыдан табиғатты қорғау барынша көп мемлекеттердің өзара тығыз қатынас орнатпайынша мүмкін емес. Табиғат баршаға ортақ, оның заңы жалпыға тəн. Ол мемлекеттік немесе əкімшілік территориялық шектеуді білмейді. Ұлттық тұрғыдан табиғатты қорғауға байланысты іс əректтер жасау сонымен қатар басқа да ұлттар мен халықтардың іс-əрекеттерімен үндес болуы керек. 2004-2015 экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында белгіленгендей, Қазақстанның табиғаты шөлді, шөлейтті болып келеді. Қалыптасқан жағдай бойынша экономикаға көңіл бөлу бір жағынан табиғатқа өзінің жағымсыз əсерін тигізетіні сөзсіз.
Тұжырымдамада ұлттық жəне локальдік проблемалардан басқа да глобальді мəселелер қарастырылған. Міне осы мəселелерді шешу үшін халықаралық қатынасты дамыту қажеттігі өз-өзінен түсінікті. Халықаралық экологиялық құқықтың өзіндік құқтық реттеу пəні – ол халықаралық экологиялық қатынастар яғни олар өзінің мазмұны бойынша басқа қатынастардан əсіресе ішкі заңнамадан халықаралық əріптестік бойынша ажыратылады. Жалпыға тəн халықаралық құқықтық нормалар мен қағидалардан берілген құқықтық құрлым экологиялық құқықтық қатнастарды реттеуде өзгешелігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар өзіндік қайнар көздердің болуы да ерекшелендіреді олардың қатарына конвенция, шарт, келісім, халықаралық ұйымдардың резалюциясы жəне тағы басқа. Егер ішкі экологиялық құқық тек бір ғана мемлекеттің еркін білдірсе, ол халықаралық экологиялық құқық өзара ортақ екі немесе одан да көп мемлекеттердің не халықаралық ұйымдардың еркін білдіреді.
Екеуінің бір-біріне түйісуі кезінде басымдық əрине халықаралық экологиялық құқықтың нормаларына беріледі. Қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық құқытың пəндік ерекшеліктері ретінде мыналарды белгілеуге болады: 1) Қоршаған ортаға əсерін тигізетін зияндарды шектеу. 2) Табиғи ресурстарды пайдаланудың экономикалық жағынан мақсаттылығы. 3) Ескерткіштерді халықаралық құқықтық қорғау. 4) Мемлекеттің қоршаған ортаға байланысты ғылыми-техникалық құрлыстарын реттеу. Халықаралық экологиялық құқық бұзушылық белгілерін қарастырайық: - Құқық бұзушылық кінəсінің болуы. Кінə — ол құқық бұзушының жасаған құқыққа қарсы əрекетіне психикалық қатынасы, ол қасақана не абайсызда болуы мүмкін. Мысалы, заңсыз аңға шығу, ормандағы ағаштарды заңсыз кесу тек қасақаналы болады, ал судың, жердің, ауаның ластануы абайсызда болуы мүмкін. - Құқық бұзушының құқыққа қарсы мінез-құлқы. Бұл экологиялық нормалардың жəне басқа да заңдардың бұзылуын білдіреді. - Экологиялық құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігі қоршаған табиғи ортаға, жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне келтіретін нақты зиянның болуы немесе келтіру қаупінің болуын қарастырады. - Құқыққа қарсы əрекет пен келтірілген зиян арасындағы себепті байланыстың болуы. - Құқық бұзушыға заңды жауаптылық шараларын қолдану, яғни жазалану белгілері қолданылады. Экологиялық құқық бұзушылық жасалған уақытта, əдетте, қоршаған ортаға, адамдардың өмірі мен денсаулығы на, экономика мүдделеріне көп аспектілі зиян келтіріледі. Экологиялық зиянның болуы экологиялық құқық бұзушылықтың болуына парапар келеді. Бұл зиян бірден байқалмай, ұзақ уақытқа созылуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар қоршаған ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін емес. Экологиялық зиян табиғаттың жай-күйінің өзіне əсер етеді. Экологиялық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылық 16 жастан басталады. Кейбір кезде, мысалы, мемлекет қорғауындағы табиғи кешендер немесе объектілерді қасақана жойғаны немесе бұлдіргені үшін 14 жастан басталады. Экологиялық құқық бұзушылық əр түрлі болады.
Олар келтірілген зиянның сипатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: - қоршаған табиғи ортаны жəне жекелеген табиғи объектілерді (орман, су, жер қойнауы жəне т.б.) ластау; - табиғи объектілерді бұлдіру, бұзу, жою (жерді бұлдіру, Қызыл Кітапқа енгізілген жануарларды жою, орманды ағын сулармен құрту жəне т.б.); - табиғи қорлардың азып-тозуы; - табиғи ресурстарды тиімсіз (мақсатсыз) пайдалану (мысалы, суды ысырапсыз пайдалану жəне т.б.). Экологиялық құқық бұзушылық жасағаны үшін оның артынан əкімшілік, қылмыстық, азаматтық-құқықтық, тəртіптік жəне материалдық жауаптылық басталуы шарт. Əкімшілік жауаптылықтың басталуына əкелетін экологиялық құқық бұзушылықтың тізімі Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте белгіленген. Оған мыналар жатады: табиғи ресурстардың, коршаған ортаның ластануы, азаюы; табиғи ресурстардың бұлінуі, жойылуы; кəсіпорын, құрылыс ғимараттарын жəне басқа да объектілерді жоспарлау, орналастыру, салу, қайта өңдеу жəне пайдалануға дайындау, пайдалану кезінде экологиялық талаптарды бұзу.
Мұндай істерді соттар, ішкі істер органдарында, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар жəне қоршаған ортаны қорғау министрлігі органдары жəне т.б. қарастырады. Осыған байланысты жазалар (санкциялар) қолданылады: айыппұл төлейді, ескерту жасайды жəне мулкін тəркілейді Қоршаған табиғи ортаға келтірілген зиян үшін жауаптылықтың ең қатаң түрі қылмыстық жауаптылыққа тарту болып табылады. Экологиялық қылмыс жасағаны үшін қолданылады. Экологиялық қылмыстардың барлық түрі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көрсетілген. Олар мыналар: атмосфераны ластау, теңіз айлағын ластау, жерді бұлдіру, заңсыз аң аулау, атом энергетика объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, экоцид жəне т.б. қылмыстар. Экоцид — өсімдік немесе жануарлар əлемін жаппай қыру, атмосфера, жер жəне су ресурстарын уландыру, сонымен қатар экологиялық апаттарды тудыратын немесе себепші болатын əрекеттерді жасау. Азаматтық-құқықтық жауаптылық азаматтарға экологиялық зиянның орнын толтыру үшін ақшалай немесе мүліктік айыппұл салуды көздейді. Ол кінəліні қылмыстық, əкімшілік немесе басқа да жауаптылыққа тартуға қарамастан бастала береді. Тəртіптік жауаптылыққа— кəсіпорындарда табиғатты қорғау шараларын өткізуге жауапты жəне өзіне жүктелген міндеттерді орындай алмайтын лауазымды қызметкерлер тартылады. Материалдың жауаптылық деп, кəсіпорын қызметкері өзіне жүктелген еңбек міндеттерін дұрыс орындамағаны нəтижесінде оның кінəсінен кəсіпорынға келтірілген мүліктік зиянды ендіруді айтамыз. Сонымен, экологиялық мəселелерді бірігіп шешу кажет.
Табиғаттың ластануы, бұлінуі аясындағы өзекті мəселелерді тек мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар бірлесе отырып қана шеше алады. Жылдан жылға экологиялық қылмыстар мен өзге де құкық бұзушылықтар саны өсуде. Олардың қоғамдық қауіпсіздік жағдайына ықпалы да жоғарылап бара жатыр. Экология саласындағы қылмыстар елдің экономикасына ғана зиян келтіріп қоймай, сондай-ақ адам тіршілігінің биологиялық негізін жояды. Əрдайым экологиялық құқық бұзушылықтың салдары экологиялық- құқыктық жауаптылыққа əкеліп соктырып отырады. Мұндай жауаптылықтың бес түрі бар — əкімшілік, қылмыстық, азаматтық-құқықтық, тəртіптік, материалдық жауаптылықтар.