Табиғатты қорғаудың экономикалық тетігі дегеніміз - қоршаған ортаны қорғау мен ұтымды табиғат пайдалануды қамтамасыз етеуге бағытталған, нормативтік құқықтық актілерде көрініс тапқан экономикалық шаралардың жиынтығы. Экологиялық құқықтағы экономикалық механизмнің рөлі - оның осы салада атқаратын функциясымен анықталады. Экономикалық механизмнің функциялары: · ұтымды табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды экономикалық қамтамасыз ету (экономикалық механизмге енгізілген барлық экономикалық шараларды жүзеге асырумен атқарылады); · ынталандырушылық қызметі (салықтық жəне несиелік жеңілдіктер, қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқа да қолдау шаралары арқылы жүзеге асырылады) Қоршаған ортаны қорғауды жəне табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетіктерінің түрлерi (ҚР ЭК 95 бабына сəйкес): 1) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау мен қаржыландыру; 2) қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы төлеу; 3) табиғи ресурстардың жекелеген түрлерін пайдаланғаны үшін ақы төлеу; 4) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру; 5) нарықтық тетіктер жəне қоршаған ортаға эмиссиялар үшін квоталарды сату; 6) экологиялық сақтандыру; 7) қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау. Жоспарлау. Табиғат пайдалану жəне қоршаға ортаны қорғау саласындағы жоспарлаудың нормативтік талаптары негізінен жалпы мемлекеттік жоспарлауға, оның əлеуметтік зкономикалық дамуына сəйкес жүзеге асырылады, яғни қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға мыналарды жатқызамыз (ҚР ЭК 96 бап): н 1) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған; 2) қоршаған ортаның сапалық сипаттамаларын арттыру арқылы қоршаған орта құрауыштарының жай-күйін жақсартатын; 3) экологиялық жүйелердің жай-күйін тұрақтандыру мен жақсартуға, биологиялық əртүрлілікті сақтауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға ықпал ететін; 4) қоршаған ортаға жəне халықтың денсаулығына залал келтірудің алдын алатын жəне оларды болғызбайтын; 5) қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты ұтымды пайдалануға жəне қоршаған ортаны басқарудың халықаралық стандарттарын енгізуге бағытталған əдістер мен технологияларды жетілдіретін; 6) өндірістік экологиялық бақылауды дамытатын; 7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық жүйелерді қалыптастыратын жəне экологиялық ақпарат беруге ықпал ететін; 8) экологиялық білімді насихаттауға, тұрақты даму үшін экологиялық білім мен ағарту ісіне ықпал ететін іс-шаралар жатқызылады.
Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласыныдағы жоғарыда аталған іс шараларды жүзеге асыру, олардың қаржыландырумен тікелей байланысты. Қаржыландыру. Экологиялық міндеттерді шешудің мағызды шарты қаржыландыру. Табиғатты қорғау қомақты қаржыны талап ететін қызмет түрі. Мысалы, кəсіпорынның тазалау құрылғыларының құны, кейде кəсіпорынның өзіндік құнының қырық пайызын құрайды. ҚР ЭК 97 бабына сəйкес Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру: 1) бюджет қаражаты; 2) табиғат пайдаланушылардың өз қаражаттары; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
Табиғат пайдалануға ақы төлеу. Ақы төлеу табиғат пайдаланудың негізгі қағидаларының бірі болып табылады. Табиғат пайдалануға ақы алудың бірнеше көздеген мақсаты бар, олар: біріншіден, табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін ақы төлеу мемлекеттік жəне жергілікті бөджеттерді толықтырады; екіншіден, ақы төлеудің басты мақсаты ол табиғат пайдаланушыларды табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға ынталандыру. Табиғи ресурстарды пайдалану үшін ақы төлеу. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес келесідей төлем түрлері көрсетілген: 71-тарау. Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы 72-тарау. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы 73-тарау. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы 74-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы 14-бөлім. Жер салығы 11-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу 43-тарау. Бонустар 45-тарау.
Пайдалы қазбаларды өндіру салығы Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы. ҚР ЭК 1 бабының 26 тармақшасына сəйкес қоршаған ортаға эмиссиялар дегеніміз - ластағыш заттардың шығарындылары, төгінділері, қоршаған ортада өндіріс жəне тұтыну қалдықтарын орналастыру, зиянды физикалық əсер етуі; Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленеді, табиғат пайдаланушылар экологиялық рұқсатта айқындалған нормативтер шегінде жүзеге асыратын қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тəртіппен алынады. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бойынша салықтық міндеттемелерді атқару табиғат пайдаланушыны қоршаған ортаға келтірген залалды өтеуден босатпайды. Экологиялық сақтандыру. Экологиялық сақтандыру қоршаған ортаны қорғаудың жаңа құқықтық шарасы болып табылады. Экологиялық сақтандыру дегеніміз, қоршаған ортаға, басқа адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіру салдарынан шарттан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілік тəуекелі туындаған кездегі жеке жəне заңды тұлғаның мүліктік құқықтарын қорғауға байланысты қатынастар кешені болып табылады. Үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне жəне (немесе) авариялық ластануы нəтижесінде қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу экологиялық сақтандырудың мақсаты болып табылады.
Экологиялық сақтандырудың түрлері: · Міндетті экологиялық сақтандыру - Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңына сəйкес жүзеге асырылады. Шаруашылық жəне өзге де қызметтің экологиялық жағының қауіпті түрлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. · Ерікті экологиялық сақтандыруды - жеке жəне заңды тұлғалар өздерінің еркін білдіруіне қарай жүзеге асырады. Ерікті экологиялық сақтандырудың түрлері, талаптары жəне тəртібі сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы шарттарда айқындалады. Қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау - қоршаған ортаны жəне табиғи ресурстардың тұтыну қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың құндық көрінісі. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті органның лауазымды адамдары қоршаған ортаға залал келтіру фактісі анықталған күннен бастап бір ай мерзім ішінде қажетті материалдарды жинау мен талдауды жүргізеді жəне келтірілген залалға экономикалық бағалауды белгілейді. Атмосфералы ауаны жəне су ресурстарын белгіленген нормативтерден тыс ластаудан, сондай-ақ өндіріс пен тұтыну қалдықтарын, оның ішінде радиоактивті қалдықтарды белгіленген нормативтерден тыс орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалау Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ережелерге сəйкес тура немесе жанама əдістермен айқындалады.