Қазақстан Республикасының Су заңнамасы ҚР Конституциясына негізделеді жəне 2003 жылы 9 шілдеде қабылданған ҚР Су Кодесінен жəне өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Су Кодексінде көзделген нормалардан өзге ережелер Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық шарттарда көзделсе, халықаралық шарт ережелері қолданылады. Суды пайдалану жəне қорғау жөніндегі экологиялық талаптарға байланысты қатынастар ҚР Экологиялық кодексімен реттеледі. ҚР Су Кодексінің 1-бабына сəйкес барлық су обьектілерінде орналасқан су ресурстары сулар болып табылады. Қоршаған ортаны жəне халықтың тұрмыс тіршілігін жақсарту үшін су қорын қорғау жəне суды эканомикалық ұтымды пайдалану,сонымен қатар экологиялық қауіпсіздікке қол жеткізу ҚР Су заңнамасының негізгі мақсаттары болып табылады.
Сулар - су объектiлерiнде жинақталған барлық сулардың жиынтығы. Қазақстан Республикасы су заңдарының мiндеттерi: 1) су қорын пайдалану жəне қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргізу; 2) су қатынастарын реттеу; 3) тұрақты су пайдалануды жəне су қорын қорғауды қолдау мен дамытудың құқықтық негiздерiн қамтамасыз ету; 4) су қорын пайдаланудың жəне қорғаудың негiзгi принциптерi мен бағыттарын айқындау; 5) су ресурстарын зерттеу, барлау жəне осы ресурстар мен су шаруашылығы құрылыстарын ұтымды жəне кешендi пайдалану саласындағы қатынастарды басқару. Қазақстан Республикасының су қоры Қазақстан Республикасының аумағы шегiндегi мемлекеттiк су кадастрына енгiзiлген немесе енгiзiлуге тиiс барлық су объектiлерiнiң жиынтығын қамтиды. Қазақстан Республикасының су қоры айрықша мемлекеттiк меншiкте болады.
Су айдындары (өзендер жəне соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, су қоймалары, iшкi сулар, аумақтық сулар), мұздықтар, батпақтар, мемлекетаралық жəне республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан су қорының жерлерi, сондай-ақ осы құрылыстардың су қорғау белдеулерiне жəне ауыз сумен жабдықтаудың су тарту жүйелерiнiң санитарлық қорғау аймақтарына бөлiнген жерлер мемлекет меншiгiнде болады. Су объектiлерi: 1) жер үстi су объектiлерi; 2) жер асты су объектiлерi; 3) Қазақстан Республикасының теңiз сулары; 4) трансшекаралық сулар болып бөлiнедi. Пайдалану түрлерiне қарай су объектiлерi: 1) ортақ пайдаланудағы су объектiлерi; 2) бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерi; 3) оқшау пайдаланудағы су объектiлерi; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерi; 5) ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi болып бөлiнедi. Жер үстi су объектiлерi: 1) су айдындары - өзендер жəне соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар жəне басқа iшкi су айдындары, аумақтық сулар; 2) мұздықтар, батпақтар болып бөлiнедi.
Жер асты су объектiлерiне мыналар жатады: 1) су тұтқыш аймақтар, тау-кен жыныстарының жиектерi мен кешендерi; 2) жер асты суларының бассейнi; 3) жер асты сулары орындары мен учаскелерi; 4) жер асты суларының құрлықта немесе су астынан табиғи шығуы; 5) жер қойнауының суландырылған учаскелерi. Қазақстан Республикасының теңiз суларына, егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы шегiндегi Каспий жəне Арал теңiздерiнiң сулары жатады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын белгiлейтiн жəне (немесе) қиып өтетiн жер үстi жəне жер асты сулары трансшекаралық сулар болып табылады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, барлық су объектiлерi ортақ пайдаланудағы объектiлер болып табылады. Жеке немесе заңды тұлғаларға толық немесе iшiнара бiрлесiп пайдалануға берiлген су объектiлерi бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерi болып табылады. Жеке немесе заңды тұлғаларға толық немесе iшiнара оқшау пайдалануға берiлген су объектiлерi оқшау пайдаланудағы су объектiлерi болып табылады. Жеке жəне заңды тұлғаларға су объектiлерi: 1) қысқа мерзiмдi пайдалану; 2) ұзақ мерзiмдi пайдалану құқығымен табысталады. Қысқа мерзiмдi пайдалану құқығы бес жылға дейiнгi мерзiмге, ұзақ мерзiмдi пайдалану құқығы бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiнгi мерзiмге табысталады.
Суларды қорғау мен ұтымды пайдалану саласындағы ұйымдастырушылық құқықтық құралдарға мыналар жатады: · Су обьектілерін ұтымды пайдалануды жоспарлау · Суларға əсер етудің шекті мөлшерлерін нормалау · Су обьектілерінің мемлекеттік мониторингі · Мемлекеттік су есебі · Су обьектілерін қорғау мен пайдалануға мемлекеттік бақылау Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы нормалау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы нормативтiк-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық жəне метрологиялық қамтамасыз етудiң бiрыңғай жүйесi судың сандық жəне сапалық көрсеткiштерiне, олардың көрсеткiштерiн дəл өлшеу нормаларына қойылатын талаптарды регламенттеу мақсатында белгiленедi əрi өндiрiстiк жəне өзге қызметтiң су объектiлерiне ықпал ету шегiн реттейдi. Су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды əсерлер нормативтерi. Жер үстi жəне жер асты суларын экологиялық жəне санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай жағдайда ұстау Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органымен, жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уəкiлеттi органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уəкiлеттi органмен жəне өнеркəсiп қауiпсiздiгi саласындағы уəкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша су қорын пайдалану жəне қорғау саласындағы уəкiлеттi орган белгiлеген су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды əсерлер нормативтерiнiң сақталуымен қамтамасыз етiледi.
Су обьектілерін қорғау жəне олардың ластануының алдын алу шаралары. Су обьектілерінің сапасын төмендететін жəне оларды пайдалануын шектейтін зиянды заттардың су обьектілеріне түсуі судың ластану болып табылады. Су обьектілерін қорғау: - экологиялық жүйенің тұрақтылығын бұзудың; - тұрғын халықтың өмірімен денсаулығына зиян келтірудің; - балықтармен өзге де су жануарларының азаюының; - сумен қамтамасыз ету талаптарының бұзылуының - су обьектілерін пайдалану жəне тазарту мүмкіндіктерінің төмендеуінің; - су обьектілерінің гидрологиялық жəне гидрогеологиялық режимін бұзудың; - су обьектілерінің физикалық,химиялық жəне биологиялық құрамын бұзудың алдын алу арқылы жүзеге асырылады. Су обьектілерін қорғау тəсілдері: -барлық су пайдаланушыларға ортақ су обьектілерін қорғау талаптарын белгілеу; -шаруашылық қызметтің ерекше түрлеріне арнайы талаптар белгілеу; -техникалық,экалогиялық, эпидемиологиялық қауіпсіз техналогияларын қолдану іс шараларын қабылдау; -су обьектілерін пайдалану жəне қорғауға мемлекеттік бақылау жүргізу; -су обьектілерін қорғау жөніндегі талаптарды бұзушылық үшін жаупкершілік белгілеу. Су обьектілерін ластанудан қорғау мақстанда: -су обьектілерінде улы химиялық тыңайтқыштарды қолдануға; -су обьектілерінде радиактивті қалдықтарды тастауға немесе сақтауға; -тиісті тазалау нормативтеріне сəйкес келмейтін немесе тазартылмаған өндірістік тұтыну қалдықтарын су обьектілеріне тастауға; -су обьектілерінде ядролық жəне өзгеде жарылыс құралдарымен жұмыс жүргізуге; -қоршаған ортамен халықтың денсаулығына қауіп төндіретін техналогияларды қолдануға тыйым салынады.(ҚР СК 113-бап)
10 Дəріс. Орман заңдарын бұзғаны үшін құқықтық жауаптылық.
Жоспар: