Лекции.Орг


Поиск:




Дәріс жалғасыАтропоэкологиялық аспектілердің болжауы және бағалануы.




Қысқаша теориялық мәліметтер.

Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар өз бетінше экологиялық фактор бола алмайды. Бірақ, бұлар экологиялық факторларды өздері әрі тудырып, әрі экологиялық жағдайлардың әсерінен өзгеріп отырады. Сондықтан, қоршаған ортаға әсерді бағалау сол территориядағы халықтың тұрмысын, әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдамай жүргізу мүмкін емес. Шаруашылықтар мен тұрғындар өздерінің қызметтері мен тіршіліктерінің әр саласында қолшаған орта ұғымын түсініп, оның толыққанды және дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететіндіктен, қарастырылып отырған обьектінің немесе ауданның әлеуметтік және экономикалық ерекшеліктерін ескеру ТБТКсараптауды жүргізудің негізгі бір бөлімі болып табылады.

Бұл принцип топырақтың биологиялық техногенді кешенді объектісін сараптаудың халықаралық конвенциясында бекітіліп (қосымша әдебиет тізімін қараңыз), «әсерң дегенімізге анықтама берілген. Мағынасы: әсер дегеннің-кез келген жоспарланатын қызметтің қоршаған ортаға әсер ететінін, әрі ол кең мағынадағы түсінік болатыны, яғни, ол әсерге халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі, флора, фауна ауа, су, топырақ, климат, ландшафт, ғимараттар және т.б. материалды обьектілерді, әрі бұл өзгерістердің әсері мәдени, әлеуметтік, экономикалық жағдайларды өзгертуді де қамтиды.

Топырақтың биологиялық техногенді кешенді объектісін сараптаудың соңғы бөлімі-жоспарланып отырған обьекті қызметінің антропоэкологиялық бағалануы.

Бұл ұғым антропоэкологиялық аспектіндегі барлық параметрлерді, яғни әлеуметтік, демографиялық, экономикалық, инфрақұрылымдағы жүктің өзгеруі, ескіден тұрып жатқан халықтың жаңадан қоныстанғандар арасындағы қатынастары, жаңа жұмыс орындарының пайда болуы, жергілікті жердің азық-түлігінің, жеміс-жидегінің қажеттілігі және пайдалана алыну дәрежесі және т.б. адам тіршілігімен байланысты аутэкологиялық және синэкологиялық аспектілерді қамтиды.

Антропоэкологиялық бағытты қоршаған ортаға әсерді бағалаудың жаңа құрылымы деуге болады, өйткені басқа ғылымдардағы сияқты экологияда да антропоэкологиялық проблемаларды басқа ғалымдар арасында бөліп тастаған болатын. Мысалы, медицина, гигиена, антропология, география, этногеография, демография, биология және т.б., сонымен қатар кейде бір-бірінен байланыссыз қарастырылып келген. Бұл аспектілердің барлығын бір бағытта біріктірудің себебі қоршаған орта проблемалары және жоба алды және жобалау кезінде қоршаған ортаға әсерді бағалау болды. Өкінішке орай, әзірше қоршаған ортаға әсерді бағалауда антропоэкологиялық аспектілерді ескере жүргізу жеткілікті дәрежеде талаптардың қатаң болмауынан және құқықтық-нормативтердің бекітілмеуінен бұл мәселе қажетті орнын ала алмай келеді. Тіпті Қазақстанның экологиялық сараптама заңында антропоэкологиялық баалаудың өздігінше бөлек шаруашылық қызметі ретінде де, ҚОӘБ-мен бірге де қарастырылмаған.

Халықтың әлеуметтік-экономикалық күйінің сипаттамасын қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізуге қолданатын ғылымның түрін адам экологиясы деп атайды. Ол халықтың демографиялық сипаттамасын, қызмет ету шарттарын, тамақтануы мен демалысын, су пайдаланғыштығын, көбеюі мен тәрбие беру, білім беру және денсаулығынжоғарыдәрежеде ұстап тұру, тіршілік ортасының технлгенді және табиғи факторларының сипаттамасы. Бұл бағалауды субьективті, яғни сол территорияда тұратын немесе жұмыс істейтін адамдардың беретін бағасы және кәсіптік, яғни ресми ақпараттық органдары немесе белгілі өлшеу әдістерін қолдана отырып анықталған баға екіге бөлінеді.

Обьектідегі немесе территориядағы әлеуметтік-экологиялық жағдайды сипаттау үшін адам экологиясы саласындағы мамандар антропоэкологиялық факторларды екі топқа бөледі. Біріншісі кешенді көрсеткіштер (интегралды): комфорттылық деңгейі қоршаған ортаның комфорттылық дәрежесін бағалауы қоршаған ортаның отыз шақты параметрлерін талдау арқылы, ал оның осы климаттық факторларға, қалғандары су құрамына, өсмдіктер мен жануарлар және т.б. тіршілік сипатына, геологиялық құрылымына, таулы аудандарда обьектінің теңіз деңгейінен биіктігіне және рельефіне байланысты болады. Екінші территориясының жекеленген кеңістікке даму дәрежесі (геосфераның ластануы, ластағыш заттар мен ШМК ретінде есептелінген бағаланып отырған территориямен байланысты шынайы шамалардың қатынастары.

Антропоэкологиялық бағалау барысында қолданылатын демографиялық көрсеткіштер ретінде көбінесе 1000 тұрғынға шаққандағы жалпы және стандартталған бала өлімі, тұрғындардың жас құрылымы және бала туу коэффициентін жалпы табиғи өсіммен байланысты негізге ала отырып; күтіліп отырған орташа өмір сүру ұзақтығы және халықтың тіршілік потенциалы, үйлену көрсеткіштері мен миграциясы обьекті орналасқан территорияның тіршілікке қолайсыз екендігін көрсететін жанама көрсеткіш болып саналады, кешенді демографиялық көрсеткіштерді есептеудің әлдеқайда күрделі тәсілдері де белгілі-адам денсаулығының сапасы мен өмір сүру сапасы.

Рационалды кешенді көрсеткіштерге әлеуметтік дамудың интегралды көрсеткішін жатқызуға болады. Ол 15 негізгі параметрден тұратын он балдық шкала бойынша бағаланады: әр адам басына шаққандағы ұлттық табыс (өнім), адам басына шаққандағы индустрияландыру дәрежесі, өндірістің өніммен қамтамасыз етілуі, білім беру дәңгейі, инфраструктура даму дәрежесі және т.б. Бағаланатын территория айтылған әрбір 15 параметр бойынша бөлініп, бағаланған балдар қосылып, жалпы баға алынады.

Өкінішке орай, бұл бағалаулардың ешқайсысында “таза экологиялық” баға әзірше орын алмауда, яғни халықтың экологиялық сана-сезімі, әлеуметтік-экономикалық шиеленістік, территорияның рекриациялық потенциалы және оны қолдану, оның кешенді техногенді жүктеме көлемі және т.б. бағалар типі.

Экоәлеуметтік көрсеткіштердің көпшіліктерінен топырақтың биологиялық техногенді кешенді объектісін сараптау үшін төмендегілерді ескеру ұсынылады:

1. Территорияның санитарлық-эпидемиологиялық күйін бағалау.

2. Халық өмірінің әлеуметтік жағдайлары.

3. Халық денсаулығының күйін бағалау.

4. Халық миграциясы.

5. Халық санының өзгеру мүмкіндігі (территорияның тұрқты халқымен бірге есептегенде).

6. Жобаланып отырған обьекті іске қосылуы нәтижесінде әлеуметтік-комфорттылығының өзгеру мүмкіндігін бағалау.

7. Обьекті пайдалануға берілген кезінде қалыпты режимде жұмыс істегенде болуы мүмкін экологиялық әсерді бағалау (адам денсаулығына, тіршілік параметрлерін, тіршілік мерзіміне, өмір сүру жасының өзгеруіне, кәсіптік аурулардың пайда болуына және т.б.)

8. Ерекше қорғалатын обьектілерге жасалайын деп отырған қызметтің мүмкін әсерін бағалау (табиғи, рекреациялық, мәдени және т.б.)

9. Территорияның эстетикалық құндылығының жоғалуы.

10. Қоршаған ортаның бар жағдайының табиғатты пайдаланудың нәтижесінде өзгеруін бағалау.

11. Обьектінің қалыпты жұмыс істеп тұрған кезіндегі және апат бола қалған жағдайдағы халықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жұмыстар.

12. Жоспарланып отырған жұмыс обьектісінің әлеуметтік қатынастарын реттеу, шаруашылық қызметінің нәтижесіндегі істелетін жұмыстар және инвестордың халық тұрмысын жақсарту жөніндегі жұмыстарымен қосып есептеу.

13. Жоспарланып отырған қызметтің кешенді экологиялық қауіп болжамдарына бағасы.

14. Халықтың тіршілігі мен тұрмысының жайлы және денсаулығын сақтау, қорғау жұмыстарының қаржыландыру көлемі.

Бақылау сұрақтары:

1.Экологиялық паспорттың қажеттілігі, мазмұны.

2. Экологиялық паспорттың мәні.

3. Қаланың экологиялық паспорты.

4. Қоршаған орта объектілерін ластағыштардан тазалаудың физика-химиялық әдістері.

5. Антропоэкологиялық аспектілердің болжауы және бағалануы.

6. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудағы экоәлеуметтік көрсеткіштер.

7. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың антропоэкологиялық бағыты.

8. Антропоэкологиялық бағалау барысында қолданылатын демографиялық көрсеткіштер.

9. Атмосфераны газ тәрізді ластағыштардан тазалау.

10.Суды тазалау әдістері (сарқынды суларды механикалық тазалау, химиялық немесе реагенттік тазалау, биохимиялық тазалау, суды залалсыздандыру).

11. Суды тазалаудың арнайы әдістері. Электродиализ сызба-нұсқасы.

Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі.

1. Бақылау сұрақтарына жауап.

2. А.Н. Каримов, Н.Р. Мажренова, А.Г. Сармузина Экологиялық сараптама бағалау, бақылау А., 2003, 122 бет.

 

Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі.

1. Букс И.И., Фомин С.А. Экологическая экспертиза и оценка воздействия на окружающую среду (ОВОС): Программа курса и учебно – методические материалы. М.: изд-во МНЭПУ, 1997. – с 96.

2. Мамбетказиев Е.А., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Алматы, Қайнар 1990.

3. Демегенов А.М., Жаңбыршин Е.Г., Аренова А.Қ. Экология. Атаулар мен анықтамалар. Тараз, 2000.

4. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Алматы: Ғылым, 1998.

5. Жумадиллаева С.А., Баешов А.Б., Жарменов А. Қоршаған орта химиясы. Алматы, 1998.

6. Сағынбаев Г.К. Экология негіздері. Алматы, 1995.

7. Баешов А., Дәрібаев Ж.Н., Шакиров Б.С., Мәдиев Ө.Қ., Сарбаева А.С. Экология негіздері. Туркестан: Яссауи университеті, 2000.

 

№9. Дәріс тақырыбы. Литосфераны ластаушы әсерді бағалау

 

Сабақ жоспары. 1. Бағалаудың маңызды факторлары. 2. Литосфераның күйін бағалаудың геохимиялық критерийлері. 3. Литосфера күйін бағалаудың геодинамикалық белгілері. 4. Геологиялық ортаның өзгергіштігін интегралды бағалау.5.Су ресурстарының ластануының мөлшерлік бағалау аспектісі, мақсаты.6. Пайдаланылатын су обьектілерінің гидрологиялық ерекшеліктері мен заңдылықтары.7. Жер беті сулары ресурстарын бағалау критерийлері.

8.Су қоймаларын ластануының дәрежесін анықтау факторлары.

Сабақтың мақсаты. Территорияның геологиялық және гидрогеологиялық ерекшеліктерін, техногенді әсер кезіндегі топырақтың беріктігі мен белсенділігін бағалау, болжау жолдарын үйрету.

Қысқаша теориялық мәліметтер.

Қоршаған ортада әсерді бағалау кезінде литосферамен адамдардың негізгі қызметінің негізгі көрсеткіштерін анықтау, талдау мен бағалауды талап ететін факторлар кешенді қамтуды қажет етеді, өйткені олар экологиялық табиғи және техногенді орта жағдайларының қалыптасуына елеулі үлес қосады.

Алдымен жер сілкіну мүмкіндігі мен оның күшін, вулкандардың атқылауы және басқа да табиғи апаттар процестерін бағалауы қажет. Жасалған объектілердің қауіпі, апаттардың зардаптарындай қоршаған ортаға әсер етуі мүмкін (мысалы, мұнай немесе газ құбырларының жарылуы, атом электр станциясының қирауы), бұлардың әрине сипаты антропогендік болғанымен, адам көзіне бірден көріне қоймайтын, бірақ жанама белгілерінен білінетін, жер қыртысындағы тектоникалық жылжулар түрлі объектілердің сырт көріністерінде орын алуы мүмкін.

Бағалаудың маңызды факторларынан бірі сол өңірдің жер бетінің кендерінің морфологиясы (олардың барлық қасиеттері мен физикалық әсерге, сумен қатынасына, химиялық құрамына және т.б.) болып саналады. Кендердің бастапқы (алғашқы) қасиеттері әртүрлі әсерлерден соң олардың күйін анықтауға болжам болады.

Сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі болатын жер асты суларына әсерді бағалаудың ерекше маңызы бар. Жер асты суларының ластанудан қорғану дәрежесін бағалауға сол территорияның геологиялық құрылымының анализі және бірін-бірі жабатын қабаттардың бір тұтастығының бұзылмағындығы негіз бола алады. Литосфераға әсерді бағалаудың қорытынды бөлімі жобаланушы объектінің территориясының геоморфологиялық құрылымын, рельеф түзілу динамикасын, бұл тенденциялардың объекті іске қосылуы нәтижесінде өзгеру мүмкіндігін талдау (анализдеу) болып табылады. Су және жел эрозиясын, территорияның су астында қалуы, бұларды бағалауда басқа тікелей және жанама әсер ететін факторларды ескере отырып, литосфераға әсер ететін басқа факторларды да анықтап, содан соң бағалау керек. Н - қалыпты ластану дәрежесі, Қ - ластану нормасынан шамалы жоғары дәрежеде

К - ластану нормасынан орта дәрежеде жоғары

А - ластану дәрежесі апаттық дәрежеден жоғары

 
 

 


Литосфераның геосфера қабаты ретіндегі басқа бір ерекшелігі оның көп компоненттігі, яғни литосфераның беттік қабаты (геологиялық ортаның өзі), оның рельефі және территориядағы дамыған антропогенді геологиялық процестер. Сондықтан, бағалау үшін көптеген белгілердің әртүрлі белгілердің жиынтығының интеграциясы қажет. Бұл жөніндегі әр түрлі нормативті және техникалық-құқықтық құжаттар оқу құралының соңында келтірілген. Бағалаудың тікелей белгілері. Көп тараған геохимиялық белгідер. Бұларды қолдану литосфера мен оның компоненттерінің (жер асты суларымен бірге) ластағыш заттардың улылығын ескере отырып табиғи концентрациямен (фонмен) немесе ШМК-мен (ПДК), бастапқы ластануды салыстыруға негізделген. Сулар мел атмосферадағы сияқты класс бойынша бағалау төмендегі кестеде келтірілген.

Жер асты суларының жер асты гидросфералық сапасын бағалау да белгілі ШМК – ға қарай регламентпен белгіленген.

1. Су ресурстарының ластануының мөлшерлік бағалау аспектісі, мақсаты.

2. Пайдаланылатын су обьектілерінің гидрологиялық ерекшеліктері мен заңдылықтары.

3. Жер беті сулары ресурстарын бағалау критерийлері.

4. Су қоймаларын ластануының дәрежесін анықтау факторлары.

Жер асты суларының ластану көлемін сипаттау үшін ластану ауданын (F) анықтаудың маңызы зор.

Бағалаудың тікелей белгілері. Көп тараған геохимиялық белгідер. Бұларды қолдану литосфера мен оның компоненттерінің (жер асты суларымен бірге) ластағыш заттардың улылығын ескере отырып табиғи концентрациямен (фонмен) немесе ШМК-мен (ПДК), бастапқы ластануды салыстыруға негізделген. Сулар мел атмосферадағы сияқты класс бойынша бағалау төмендегі кестеде келтірілген.

Жер асты суларының жер асты гидросфералық сапасын бағалау да белгілі ШМК – ға қарай регламентпен белгіленген.

Жер асты суларының ластану көлемін сипаттау үшін ластану ауданын (F) анықтаудың маңызы зор. Сонымен бірге, табиғи жағдайдағы белгілі бір нүктелердегі су сапасы (Ст) және ішуге (ауыз суы) қолданылатын сулардағы ластағыш заттардың шекті мөлшерлік концентрациясы. Сөйтіп жер асты суларының күйін бағалау ушін екі көрсеткіш қолданылады: жер асты суларының сапасы (С) және ластану ауданының (F) мөлшері.

Осы негізде жер асты суларының төрт деңгейіне немесе солардың күйлерінің аналогиялық кластарына бөлінеді:

1. Норма класы (жарамдылығы) әжептәуір жер асты суларының сапасы С шамасымен шамалас, сәл ғана жоғырырақ болуы мүмкін, бірақ ШМК-дан артық болуы мүмкін емес. Яғни: СТ<С / ШМК, бұл жағдайда ластану алаңы өте аз немесе мүлде жоқ (ұ<0,5км2).

2. Қауіп класы (кері өзгерістердің тенденциясының үнемі байқалуы). Жер асты суларының сапасы үнемі нашарлайды, ШМК-ға жетеді немесе одан да жоғары болуы мүмкін, бірақ кейбір алаңдарда 3-5 ШМК-дан жоғары емес (ұ=0,5-5км2).

3. Дағдарыс класы. Жер асты суларының сапасы ШМК-дан 10 есе жоғары, яғни ІІІМК<С / ШМК, сонымен қатар ластану ауданы 5-тен 20 км 2-қа дейін өзгеріп отыруы мүмкін.

4. Апат класы (катастрофалық күй) ластану зонасындағы судың сапасы 10 ШМК-дан жоғары және ластану алаңы 10 км2-ден артық, әрі ары қарай өсуі де ықтимал.

Бірінші зонада ешқандай табиғат қорғау шараларын жүргізу қажет емес, тек тиісті заңдардың талаптарының орыңдалуын және жер асты суларының күйін жоспарлы бақылауды жүргізу керек.

Екінші зонада шектеуші табиғи қорғау шаралары алдын-ала жоспарлануы қажет.

Үшінші, әсіресе төртінші зоналарда кезек күттірмейтін арнайы табиғат қорғау шаралары жүргізілуі қажет.

Жер асты суларының ресурстық белгілері. Жер асты суларының ресурстарын бағалау белгілеріне мына көрсеткіштер қажет: пайдалану қор (запас) модулі (1км2 территориядағы л/с) және сулы горизонттардың араласу шамалары. Бұл көрсеткіштерді жоба алдындағы жұмыстарды жүргізген кезде қолданған жөн.

Литосфераны бағалау белгілерінің геодинамикалық тобы - табиғи және техногенді белсенді геологиялық процестердің дамуын және рельефтің күйін бағалау үшін қолданылады. Рельеф және жер асты үшін екі көрсеткіш қажет: техногенді өңдеудің тереңдігі және ауданы (құрылыстардың салынуы, игерілуі, бұзылуы) кестеде көрсетілген.

 

№9 Дәріс жалғасы: Жер үсті суларына әсерді бағалау.

Қысқаша теориялық мәліметтер.

Экологиялық проблемалардың ішіндегі ең жедел шешімді күтіп отырған мәселе, ол жер үсті суларының (өзендер мен көлдердің) күйі. Жер беті сулары проблемаларының екі аспектісі бар: сапалық және мөлшерлік. Екеуі де тіршілікті, соның ішінде адам тіршілігін қамтамасыз етуде маңызды орын алады.

Жер беті суларының сапасы, ластану дәрежесі, нормативті құжаттарды, гидрохимиялық және гидрологиялық әдістерді, бағалаудың белгілерін терең талдап қолдануды қажет етеді.

Су ресурстарының ластануының мөлшерлік бағалау аспектісінің екі мақсаты бар: 1. жоспарланып отырған қызметтің су ресурстарымен қамтамасыз етілу мүмкіндігі; 2. қалған ресурстардың ластануы мен оның басқа өндіріске және тұрғындардың тіршілігінде пайдалану мүмкіндігі.

Бұл бағалауды жүргізу үшін пайдаланылатын су обьектілерінің гидрологиялық ерекшеліктері мен заңдылықтарын, сонымен бірге жоспарланып отырған жобаның іске асырылуы үшін қажетті су ресурстарының көлемін зерттеп үйрену қажет.

Су обьектілерінің гидрологиялық сипатына жанама әсерлердің де үлкен мәні бар. Жанама әсерлерге өзендердің арнасының өзгертілуі, су алу бетінің өзгертілуі (топырақтың айдалуы, жыртылуы, ормандардың кесілуі), судың басып қалуы, деңгейінің өзгеруі және т.б.

Жер беті сулары ресурстарын бағалау критериіне екі үлкен көрсеткіш ұсынылады: обьектінің (өзеннің) беттік мөлшері және бір мезгіл алынатын су көлемі. Бұл критерийлер әр кластың градациялық күйіне қарай, нормативті құжаттарда келтіріледі. Мысал:

 

Бағалау көрсеткіштері Жер беті сулары күйінің кластары
І норма (Н) ІІ Қауіп (Қ) ІІІ Кризис (К) ІV Апат (А)
Өзеннен ағатын су мөлшерінің өзгерісі (алғашқы мен салыстырғанда, % Бір мезгілде алынған су мөлшері (куб м/с) 15-тен кем 5-тен кем 15-20   1-5 50-70   1-ден кем 75-тен жоғары жоқ  

Әрбір су обьектісі өзіне тән гидрохимиялық сапаға ие, ол оның қалыпты жағдайына сәйкес келеді және ол су қоймасында, бөгетте сыртқы ортаның оны ластау қарқындылығының әсерінен, сонымен бірге гидрологиялық және гидрохимиялық процестердің әсерімен қалыптасады. Бұл процестердің бірігіп әсер етуінің нәтижесінде су қоймасына түсетін антропогенді ластағыштар бейтараптануы да мүмкін (өздігінен тазалану), немесе ол су ресурсының сапасын төмендетіп ластануы да мүмкін.

Су қоймаларының табиғи қасиеттерінен басқа ластануының дәрежесін анықтаушы факторлардың негізгілерінің бірі, антропогенді қызмет нәтижесінде пайда болатын қоймалардың алғашқа гидрохимиялық күйі. Су қоймаларының ластануы туралы болжамға бағалау жасалғанда сол күнгі ластану дәрежесіне жобаланып отырған обьектінің шығаратын ластағыш заттарының мүмкін мөлшерін қоса есептеу қажет. Онда тікелей түсетін ластағыштармен (қоймаға тікелей құйылатын сарқынды сулар) жанама (беттік ағындар, топырақ іші ағындары, т.б.) ластағыштар көзі де ескерілуі қажет.

Су қоймаларының экологиялық күйін бағалау белгілерінің ішінде бағалауыштық индикациялық әдіс үлкен орын алады. Соңғы кездерде биоиндикация әдісі химиялық және физика-химиялық әдістермен қатар жер беті суларының сапасын бағалауда кең қолданылып келеді. Анықталатын обьектілер күйіне қарай, тест обьектілердің функциялық қызметіне байланысты суды кластарға бөлуге мүмкіндік береді.

Бұл іс жүзінде алынған су сапасының интегралды бағалары бойынша (норма, қатер, кризис, апат) судың пайдалану салаларын анықтауға мүмкіндік береді. Төмендегі кестеде су сапасын анықтауда биотесті қолдану және бағалау жүйесі көрсетілген.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1157 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если вы думаете, что на что-то способны, вы правы; если думаете, что у вас ничего не получится - вы тоже правы. © Генри Форд
==> читать все изречения...

573 - | 583 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.