Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Экожүйенің бұзылуын бағалаудың биохимиялық критерийлері




Бағалаушы көрсеткіштер Экожүйе күйінің кластары
І-Норма (Н) ІІ-Қауіп (Қ) ІІІ-Кризис (К) ІV-Апат (А)
                    Өсімдіктердегі С:N-қатынастары Максимальды мүмкін ұсталуы Pb,Cd,Hg,As,Sb   Фоннан жоғары болуы Tі,S   Al,Sn,Bі,Te,Wo,Mn,Ga,Іn фоннан жоғары өсімдіктердегі Zn мөлшері (кг/кг) өсімдіктердегі Cu мөлшері (кг/кг)   Fe мөлшері (кг/кг) Mo мөлшері (кг/кг)   Co мөлшері (кг/кг)   12-8   1.1-1.5     1.5-тен аз   -   -   10-20   - 2-3   -   8-6   2-4     2-4     1.5-2.0   30-60   30-70   50-100 3-10   0,3-1,0   4-6   5-10     5-10     2-10   60-100   80-100   100-200 10-50   1-5   4-тен аз   10-нан жоғары   10-нан жоғары   10-50   100-500   100-ден жоғары 100-500 50-ден жоғары 5-50

Өсімдіктер дүниесіне (фаунаға) әсерді бағалау және негіздеуді жүргізу кезінде мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу үшін төмендегілерді қарастыру ұсынылған:

1. Обьекті іске асырылуы жобаланып отырған территориядағы өсімдіктер және ормандар бірлестігінің сол күнге сипаттамасы.

2. Эндемикалық, сирек және Қызыл кітаптарға енгізілген өсімдіктердің сипаттамасы.

3. Сол зонадағы өсімдіктер дүниесінің әсерге тұрақтылығын бағалау.

4. Жоба іске асқан күнде өсімдіктер бірлестігіндегі өзгерістердің болжамы.

5. Жоба іске асқан соң өсімдіктер дүниесінің функционалды мәнінің өзгеруін болжау, сол зонадағы көпшілік өсімдіктер бірлестігінің функционалдық мәндері.

6. Өсімдіктер бірлестігінің өрт қауіпсіздігін бағалау.

7. Өсімдіктер бірлестігіндегі болжанып отырған өзгерістердің адам өмірі мен шаруашылық қызметіне әсері.

8. Рекриациялық әсерді бағалау және рекциациялық жүктің өзгеруінің өсімдіктер дүниесіне әсері.

9. Өсімдіктер бірлестігін сақтау жұмыстары (өсімдіктер өнімінің сапасын, өнімділігін, олардың сирек түрлерін, Қызыл кітапқа енген және эндемикалық түрлерін).

10. Орман және басқа да өсімдіктер бірлестігінің өрт қаупінен сақталуы үшін істелетін жұмыстар.

11. Қоршаған ортаның ластануы мен (атмосфера, су, топырақ) бұзылуының (орманды кесу, жер бетін тегістеу және т.б.) өсімдіктер бірлестігіне келтіретін зиянын бағалау.

12. Орман және басқа өсімдіктер бірлестігін сақтау, оларды қорғау және басқа табиғат қорғау жұмыстарын қаржыландыру көлемі.

Жануарлар дүниесіне әсерді бағалау. Жануарлар дүниесін биосфераның жекеленген төменгі сатыдағылардан бастап ірі сүт қоректілерге дейін, жүйелі түрде әрбір топтың өзінің функциясын орындаудың нәтижесінде ұзақ жылдар бойы табиғаттың біртұтастығын сақтаушы факторлармен бірге қарастыру қажет. Антропогенді қызметтің нәтижесіндегі пайда болған өзгерістерге жануарлар дүниесі лндшабттың басқа компоненттерінен әлдеқайда сезімтал болғандықтан, кері әсерді және оның салдарын жою әлдеқайда қиынға соғады.

Жануарлар дүниесіне әсер ету ареалы жобаланып отырған обьектінің алатын ауданымен салыстырғанда әрқашан әлдеқайда үлкен болады, өйткені жануарларды «мазаландыру факторың (өндіріс және құрылыс шулары, көліктер шуы мен түнгі жарықтар, аңшылардың мылтық дауысы және т.б.) қосымша әсер етеді. Жануарлар дүниесіне әсерді бағалауда жанама әсерлерге ерекше көңіл бөлген жөн, өйткені олардың жайылым алқаптарының азаюы, сулар мен көл және басқа суарылу көздерінің ластануы, жем қорларының азаюы және т.б. тіршіліктеріне тікелей қауіп төндіруші факторлар. Сондықтан флора мен фаунаға әсерді бағалау және негіздеме дайындау кезінде, комплексті түрде жүйелеп талдау жүргізу арқылы өсімдіктер мене жануарлар және қоршаған орта арасындағы бірлестікті үздіксіз байланыста қарастыру арқылы жобаның келтіре алатын зиянды әсерлерін мейлінше азайтудың және олардың салдарын айқындап көрсетудің үлкен мәні бар.

Жануарлар дүниесіне әсерді бағалауда өсімдіктердегі сияқты нақты белгіленген мөлшерлік белгілер мен нормативтер жоқ, сондықтан көбінесе сараптаушының тәжірибе жүзінде анықтаған бағасы негізгі белгі болып алынады.

Зоологиялық белгілер бойынша территориядағы экологиялық бұзылу процесін сатыларға жіктеуге болады. Қауіп зонасы негізінен бұзылудың бастапқы сатысында байқалады, яғни миграция жолдарының өзгеруі, тобыр түрінде (отар түрінде) жүрмеуі, толеранттық реакциялары және т.б. Бұзылудың келесі сатылары кеңістіктік, демографиялық және генетикалық қосымша белгілермен анықталады. Апат зонасы жануарлар ареалының немесе тіршілік алқаптарының жойылуынан, ересек бас жануарлардың топтап қырылуы, түрлі антропозооноздық инфекциялардың өсіп кету және т.б. зоологиялық көрсеткіштердің жыл бойындағы өзгерістер шамаларының әркелкілігі қарастырлатын белгілердің кейбіреулерін 5-10 жылдық көрсеткіштер нәтижесіне сүйене отырып жасалады.

Жануарлар дүниесіне (фаунаға) әсерді негіздеу мен бағалау кезінде мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу үшін төмендегілерді қарастыру ұсынылады:

1. Обьекті әсер ететін зонадағы жануарлар дүниесіне сипаттама.

2. Обьекті әсер ететін зонадағы жануарлардың негізгі тобы тіршілік ететін территорияны бағалау.

3. Обьектінің құылысы және іске қосу кезіндегі жануарлар дүниесіндегі өзгерістерді болжау.

4. Жоба іске асырылған соң обьектінің жануарлар дүниесіне енгізетін өзгерістерінің салдарын бағалау.

5. Обьекті салынуы және пайдалану кезінде су және жер беті фаунасына ететін әсерлерді азайту және негізгі тіршілік алаңдарын сақтау үшін жүргізілетін жұмыстар.

6. Жоба шешімдерін іске асыру кезінде келтірілген зиянды қалпына келтіру жұмыстарының қаржыландыру көлемі және табиғат және жануарлар дүниесін қорғау жұмыстарының жоспары мен мерзімдері.

Бақылау сұрақтары:

1. Орталық Қазақстан жеріндегі экологиялық күйзеліс жағдайы.

2. Қазақстандағы егістікке пайдаланылатын жерлердің экологиялық жағдайы.

3. Оңтүстік Қазақстан аймағының экологиясы.

4. Батыс Қазақстан аймағындағы (1996-1979 ж.ж.) экологиялық жағдайы.

5. Қазақстанның топырағы, ауасы, су ресурстарының қазіргі жағдайы.

6. Топырақ ластануының интегралды көрсеткіштері.

7. Топырақтың техногнді ластануын бағалау.

8. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге қажетті сипаттамалар мен жұмыстар (топыраққа жасалатын әсерді бағалау үшін).

9. Өсімдіктер дүниесіне әсерді бағалау және негіздеу жүргізуде МЭС реттілігі.

10. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне әсерді бағалаудағы ерекшеліктері.

11. Жануарлар дүниесіне әсерді негіздеу мен бағалау кезінде МЭС реттілігі.

Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі.

1. Бақылау сұрақтарына жауап.

2. А.Н. Каримов, Н.Р. Мажренова, А.Г. Сармузина Экологиялық сараптама бағалау, бақылау А., 2003, 112 бет.

Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:

1. Демегенов А.Н., Жаңбыршин Е.Г., Экология. Тараз, 2000 ж.

2. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Алматы: Ғылым, 1998ж

3. Сағынбаев Г.К. Экология негіздері. Алматы, 1995 ж

4. Руководство о порядке проведения ОВОС.М., 1992 г

5. Букс И.И., Фомин С.А. Экологическая экспертиза и ОВОС. Программа курса и учебно-методические материалы. М., 1997 г

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 591 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент может не знать в двух случаях: не знал, или забыл. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2754 - | 2314 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.006 с.