Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Азақ халқының Кенесары Қасымұлы бастаған отаршылдыққа қарсы күрес.




Ор­та жүз қазақта­рының отар­шылдыққа қар­сы бағыт­талған бас көте­рулері 1822 жы­лы «Сібір қырғыз­да­ры ту­ралы жарғыдан» бас­та­лады. Осы күрес 1837 жы­лы жаз­да Абы­лай хан­ның не­мересі, Қасым­ның ба­ласы Ке­неса­ры бас­таған жаңа, қуат­ты бас көте­руге ұлас­ты.Ке­неса­ры күресті екі май­дан­да – пат­ша­лық Ре­сей мен Ор­та­азиялық хан­дықтарға қар­сы, әсіре­се қазақ халқының бір бөлігін құлдықта ұстап отырған Қоқанға қар­сы жүргізу­ге шешім қабыл­дай­ды. Қару­лы көтерілістің ал­дында Қасым мен Ке­неса­ры та­рапы­нан Ор­та жүз жер­леріндегі бекіністер жүйесін алып тас­та­уды та­лап етіп, Сібір бас­шы­лары­ның аты­на хат­тар жа­зылған еді, бірақ олар жа­уап­сыз қал­ды.1837жыл­дың көктемінде Ке­неса­ры азғана жа­сағымен Ақмо­ла ок­ругінің ше­кара­сына келіп жетті. Қазақтар оның ту­ының ас­ты­на жап­пай ағыла бас­та­ды. Же­келен­ген жа­сақтар­дың ба­сын­да Ке­неса­рының жақын ту­ыс­та­ры На­урыз­бай, Әбілғазы, Бо­пай ха­ным­дармен бірге ха­лық ба­тыр­ла­ры – Ағыбай, Жа­най­дар, Иман, Жо­ламан, Бұқар­бай тұрды. Көтерілістің алғашқы са­тысын­да өздерінің мүдде­лерін көзде­ген, Ке­неса­рыдан қорыққан орыс қыз­метіндегі сұлтан­дар мен би­лердің бір бөлігі де қосыл­ды.Ке­неса­ры 1837 жы­лы жаз­да Чи­риков­тың жа­зала­ушы от­ря­дын талқан­да­ды, сөйтіп қол ас­ты­на Ақмо­ла, Көкше­тау, Қарқара­лы және Ба­янауыл ок­ругтерінің аумақта­рын қарат­ты. 1838 жыл­дың ба­сын­да бы­тыраған қазақ жа­сақта­ры Ке­неса­рының қол ас­ты­на бірігеді. Көктем­де ол Ба­тыс Сібірдің гу­бер­на­торы Гор­ча­ковқа Ре­сей өкіметінің са­яса­тына қар­сы ар­найы қар­сы­лық ха­тымен елшілік жібе­реді, қазақ жеріндегі бекініс пунк­ттерін жо­юды, тар­тып алынған жайылым­дарды қай­та­руды та­лап етеді. Сұлтан­ның жібер­ген өкілдерін жа­зала­ушы­лар ор­та жол­да ұстап ала­ды, бұдан кейін Ке­неса­ры Ре­сей­ге қар­сы бел­сенді қимыл­да­рын қай­та жалғас­ты­рады.1838 жыл­дың жа­зын­да көтерілісшілер әскер стар­ши­насы Си­монов­тың от­ря­дын талқан­дай­ды. Ке­неса­рының жа­сағы Ақмо­ла бекінісінің түбінде шоғыр­ла­нады. 7 та­мыз­да бекініске қиян-кескі тіке ша­бу­ыл бас­та­лады, бар­лық құры­лыс­тар өртеліп жіберіледі. Бұдан кейін күз бойы қазақтар пар­ти­зан күресін жалғас­ты­рады, Ре­сей­ге жақтас сұлтан­дардың ауыл­да­рын то­нап және бай­ла­ныс то­рап­та­рын үзіп при­каз­дарға, пи­кет­терге және разъез­дерге жүйелі ша­бу­ыл жа­сай­ды. Күзде Ке­неса­рының ауыл­да­ры Жо­ламан ба­тыр бас­таған Кіші жүздің жа­сақта­рымен бірігу мақса­тын­да Торғай мен Ырғыз өзен­дерінің бойына өте бас­тай­ды.1841 жы­лы қазақ мем­ле­кеттігінің қай­та жаңғыру­ына бай­ла­ныс­ты азат­тық күрестің жаңа са­тысы бас­та­лады. Ұлы­та­удағы қазақ ру­лары өкілдерінің кеңесі 1841 жы­лы жаз­да Ке­неса­рыны хан етіп сай­ла­ды. Ке­неса­ры хан ор­та­лық үкіметті нығай­туға және күресті жалғас­ты­ру үшін мықты тыл­ды құруға бағыт­талған бірқатар әкімшілік пен сот ре­фор­ма­ларын жүргізді. Хан маңын­да оның жақтас­та­ры кірген кеңесші ор­ган – Хан кеңесі құры­лады. Са­лық жи­науға, әске­ри дайын­дыққа, мәміле­герлік істер­ге жа­уап бе­ретін қыз­меттер ұйым­дасты­рыла­ды. Да­ладағы әске­ри қимыл­дар 1843 жы­лы қай­та жан­данды. Пол­ковник Би­занов­тың бас­шы­лығымен 5000 адам­нан тұра­тын от­ряд Са­хар­ная бекінісінен, басқа от­рядтар Ом­бы­дан, Қызыл­жардан (Пет­ро­пав­ловск) және Қарқара­лыдан шықты. То­был өзені жағынан пат­ша үкіметіне берілген сұлтан Ах­мет Жантөриннің қазақ жа­сағы да шықты. Ке­неса­ры шайқас­тарда Би­занов­тың от­ря­дын әбден ти­тықта­тып ба­рып, 1843 жыл­дың қыркүйегінде оны Орскіге шегіну­ге мәжбүр етті. 1847 жы­лы Ке­неса­ры жа­сақта­ры қырғыз ше­кара­сына жақын­да­ды. Мұнда олар ора­сан зор қиын­дықтарға кез­десті. Жергілікті жерді білмеу, қырғыз­дармен ара­дағы жа­угершілік, қырғыз, қоқан және орыс от­рядта­рының біріккен әре­кет­тері жеңіліске се­беп бол­ды. Ке­неса­рының соңғы шайқасы Пішпек­ке та­яу жер­дегі Кекілі та­уын­да өтті. Тау ішінде қазақтар­ды қоқан және қырғыз әскері қор­шап ала­ды. Ке­неса­ры тұтқынға түседі. Өлім ал­дында ол тағы бір рет қырғыз ма­нап­та­рына жа­улықты тоқта­тып, ор­тақ жауға қар­сы бірігіп күре­су үшін күштерді біріктіруді ұсы­нады, алай­да бұл жо­лы да қырғыз ма­нап­та­ры оның ұсы­нысын қабыл­да­май­ды.

50. Орал, Торғай об­лыста­рын­дағы көтеріліс (1868–1869 жж.)

«Уақыт­ша ере­женің» енгізілуі Ор­та жүзде қар­сы­лыққа кез­деспеді, сөйтіп көтеріліс негізінен Кіші жүзді қам­ты­ды. Зерт­те­уші Н. А. Се­реда Орал об­лы­сын­дағы ашу-ыза­ның се­бебі «ха­лық пен ре­фор­ма­лар­да» емес, қазақтар­ды сұлтан­дар арқылы басқару әдісінде деп білді. Көшпелі ха­лықтың ашу-ыза­сын туғызған фак­торлар­дың бірі үкіметтің фис­калдық са­яса­тының қатай­ты­луы еді. Оның үстіне қатар­дағы көшпелілер мен ауқат­ты от­ба­сылар бірдей міндет­керлік атқар­ды. Мұның өзі пат­ша өкіметінің қазақ қоғамы­ның ар­тықшы­лықта­ры, топ­та­ры жөніндегі қамқор­шы­лық са­яса­тының көрінісі бол­ды; са­лықтар мен басқа да міндет­керліктердің күрт көбейтілуі Орал, Торғай об­лыста­рын­да ха­лықтық бой көрсе­тулердің бас­та­лу­ына түрткі бол­ды.Пат­ша «Уақыт­ша ере­жені» мақұлдаған­нан кейін үкіметтің бірден дерлік жүзе­ге асы­рыла бас­таған са­лық са­яса­тына қазақтар­дың на­разы­лығы 1868 жылғы қара­шаның аяғына қарай қару­лы қар­сы­лыққа ұлас­ты. На­шар қару­ланған, бірақ жер жағдайын та­маша білген көтерілісшілер­ге қар­сы қимыл­даған шағын ка­зак шолғын­шы­лары олар­дың те­ге­урінін әлсіре­те ал­ма­ды.Қару­лы бой көрсе­тулер шек­тес екі об­лыстың бірқатар аудан­да­рын­да бір мезгілде дерлік бо­луы се­бепті тұрақты бөлімдер аз болған кез­де қазақтар­дың нақты күштерін ұтым­ды бөлу қиын бол­ды. Оның үстіне көтерілісшілер өздерінің бы­тыраңқы жа­сақта­рын үкіметтің өзін-өзі қорғай­тын күштерімен жеткілікті қам­та­масыз етілген ірі әске­ри-тірек бе­кет­теріне қар­сы емес, қай­та қазақ ауыл­да­рына ка­зак от­рядта­рының қорғауымен жа­сыры­нып жүрген жеккөрінішті стар­шындарға, бо­лыс­тарға қар­сы бағыт­та­ды.Көтеріліс Орал об­лы­сының солтүстік-ба­тыс аудан­да­рын, атап айтқан­да, бұрынғы ха­лық көтерілістері бойын­ша да отар­шылдыққа қар­сы қозғалыс­тарға бел­се­не қатысқаны аңғарылған жа­уын­гер та­бын, шекті ру­лары­ның қоныс­та­рын кең қам­тыған. Бұл жо­лы да та­бын­дар ре­фор­ма­дан кейінгі ке­зеңдегі отар­шылдыққа қар­сы күрес­ке еле­улі үлес қос­ты. Отар­шылдық өкімет орын­да­ры көтерілістің шек­тес екі да­лалық об­лыс аумағына қанат жа­юының шын мәніне бой­лап жат­пай, мұның се­бебін бар­лық уақыт­та хи­уалықтар­дың ықпа­лы деп білді.

XIX ғасыр­дың 60-жыл­да­рына дейін Хи­уа үкіметі Ре­сей­ге ба­рын­ша адал­дық көрсетіп, оны­мен ең ал­ды­мен өза­ра тиімді са­уда қаты­нас­та­рын жа­сап отыр­ды.

Маңғыс­та­удағы көтеріліс (1870 ж.) «Уақыт­ша ере­же» Маңғыс­та­уда 1870 жы­лы енгізілді. Пат­ша әкімшілігі Маңғыс­та­удың негізгі халқы – адай руы «Уақыт­ша ере­жені» күрессіз қабыл­да­май­ды деп қауіптенді және оны жүзе­ге асы­ру үшін неғұрлым қолай­лы жағдай­лар­ды күтті.Маңғыс­тау прис­та­вы под­полков­ник Ру­кин да­ла тұрғын­да­рының қиын жағдайымен са­нас­пай, адай­лар­дан 1869–1870 жыл­дар үшін шаңырақ алы­мын жаңа та­риф­ке сәй­кес де­реу енгізуді та­лап етті; көпте­ген жергілікті тұрғын­дар, со­ның ішінде Бо­зашы түбегінің ба­лықшы жа­тақта­ры Ру­киннің та­лабын орын­да­удан бас тарт­ты. Адай­лар­дың жай­лауға көшуін күштеп тоқта­туға ты­рысқан Ру­киннің ой­лан­бай жа­саған әре­кет­тері жер-жер­де көтерілістің бас­та­лу­ына се­беп бол­ды. Көтерілісшілердің же­текшісі Иса Тілен­ба­ев қалың бұқараға бас­шы­лық ету­де ше­берлік және жа­зала­ушы­лар­мен келіссөздер­де дип­ло­мати­ялық әдептілік та­ныт­ты. Көтерілісшілер сәуір айының ба­сын­да Ни­кола­ев ста­ница­сына, Алек­санд­ровск фор­ты­на ша­бу­ыл жа­сады, алай­да олар сәтсіздікке ұшы­рады. Пат­ша­лық өкімет орын­да­рын көшпелілердің ба­тыл­дығы қорқыт­ты, мұның өзі олар­ды қосым­ша әске­ри көмек сұрауға мәжбүр етті; Кав­каздан тың күштердің ке­луі күштердің арақаты­насын өзгертті. Қозғалыс­ты ба­суға бас­шы­лық жа­сау қолы­на шоғыр­ланды­рылған граф Ку­та­исов «ең жа­байы, дөрекі және жа­уын­гер қазақтар­ды» ты­ныш­танды­рудың өз жос­па­рын ұсын­ды. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші – қазақ ша­ру­ала­ры өз қатар­ла­рын берік біріктіру­ге қол жеткізе ал­ма­ды, мұның өзі са­ны жөнінен бол­ма­шы жа­зала­ушы от­рядтар­дың ха­лық қар­сы­лығының негізгі ошақта­рын тұншықты­ру­ына мүмкіндік берді; қазақ ша­ру­ала­рының ру­лық тар өрістері мүдде­лері отар­шыл им­пе­ри­яның әске­ри құра­мала­рының өзінің ұйым­да­суы жағынан едәуір кем түскен көтерілісшілер жа­сақта­рын­дағы тұрақта­ма­ушы­лықты туғыз­ды. Көтеріліс шағын си­пат­та болғаны­мен, оның ге­ог­ра­фи­ялық шеңбері тым ауқым­ды бол­ды – бүкіл дерлік Ба­тыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан­ның бір бөлігі қазақ ша­ру­ала­рының бой көрсе­тулерімен қам­ты­лып, «Уақыт­ша ере­женің» жүзе­ге асы­рылу­ын қиын­датты.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 618 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студенческая общага - это место, где меня научили готовить 20 блюд из макарон и 40 из доширака. А майонез - это вообще десерт. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2320 - | 2275 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.