Балалардың кеңістікті бағдарлауын дамыту
Лекции.Орг

Поиск:


Балалардың кеңістікті бағдарлауын дамыту




Адамның кеңістікте бағдарлану проблемасы әрі кең, әрі көп қырлы. Оған шама мен форма туралы түсінікпен қатар кеңістік айыру да,кеңістікті қабылдау да, алуан түрлі кеңістік қатынастарын түсінуі де ( нәрестенің кеңістіктегі басқа нәрселер арасындағы қалпын анықтау, тереңдікті қабылдау т.б) енеді.

Психологиялық -педагогикалық зерттеулер кеңістік айыру өте ерте басталады деп көрсетіп отыр, алайда ол нәрсенің сапасын айырудан гөрі анағұрлым күрделі процесс болып табылады.

Кеңістік түсініктерді және кеңістікте бағдарлану тәсілдерін қалыптастыруда алуан түрлі анализаторлар қатысады (кенестетикалық, сипап сезу, көріп білу,есту, иіс сезу). Алайда кішкене балаларда кинестетикалық және көру анализаторларының атқаратын ролі ерекше.

Кеңістік бағдарлау тікелей кеңістік қабылдау негізінде және де кеңістік категорияларын (орын қалпы, қашықтығы,нәрселер арасындағы кеңістік қатынастарын) сөзбен өрнектеп айту арқылы жүзеге асады.

Кеңістік бағдарлау ұғымына қащықтықтарды, өлшемдерді, форманы, нәрселердің өзара орналасуын және олардың бағдарланушы денеге қарағандағы орнын бағалау енеді.

Кеңістік бағдарлау өрнектемесін тар мағынада ұғынсақ, оны жер бетінде бағдарлану деп түсінеміз. Бұл мағынада алғанда кеңістікте бағдарлау дегеніміз: а) «тұрған нүктесін» анықтау, яғни өзін қоршаған обьектілерге қарағандағы субьектінің тұрған орны, мысалы: «Мен үйдің оң жақ жанында тұрмын» т.с.с.; б) кеңістіктегі бағдарланушы адамға қарағанда айнала қоршаған обьектілердің локализациясы, мысалы: «Шкаф оң жақта тұр, ал -есік менің сол жағымда»; в) кеңістіктегі нәрселердің бір біріне қарағандағы орнын анықтау, яғни олардың арасындағы кеңістік қатынастарды, мысалы ;«Қуыршақтың оң жағында қонжық отыр, ал сол жағында доп жатыр».

Қозғалыс кезінде кеңістікте бағдарлай білу қажет -ақ. Тек осы жағдайда ғана жер бетіндегі бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыстыру мүмкін. Бұлайша бағдарлай білу үшін үш мәселенің басын құру керек; мақсат қою және қозғалыс маршрутын белгілеу (бағыт белгілеу); қозғалыс үстінде бағытты сақтап отыру және мақсатқа жету.

Кіші жастағы балалардың кеңістік қабылдауының даму ерекшеліктерін зерттеуге көптеген еңбектер бағышталып отыр. Олардың көрсетуіне қарағанда, кеңістік қабылдау қабілеті төрт- бес аптада ақ білінеді; нәресте 1 -1,5м жердегі нәрсеге көз тоқтатып қарайды. Қозғалып бара жатқан нәрседен көзін айырмай қарайтын кез екі төрт айда ақ байқалады. Алғашқы кезеңде көзін кенет аударып қараса, кейін кеңістікте қозғалып бара жатқан нәрседен көзін айырмай қарайтын кез әр түрлі балада үш айдан бес айға дейін кездеседі.

Көз тоқтату механизмінің даму барысында бастың,дене тұлғасының дифференциалды қозғалысы қалыптасады,баланың кеңістіктегі орны да өзгереді. «Бұл жаста нәрсенің қозғалысына қарап бала көзін де қозғай бастайды», -деп жазды Д.Б.Эльконин. Алайда олар нәрсені не іздестіру, не іздеу дегенді білмейді. Нәрсені кейінірек, оның кеңістіктегі қозғалысына көз салғанда іздейтін болады. Сондықтан көз салып қарау мен іздестіруді кей- кейде айыру мүмкін болмай қалады. Сенсомоторлық тәжірибені жинақтау процесінде кеңістікте обьектілерді айыра білу қабілеті өседі, ара қашықтықтар дифференциясы артады. Сөйтіп үш айлық балдырған 4-7 м қашықтықта нәрсені байқап отырса,ал тоғыз айда айнала қозғалып жүрген нәрсені бақылап отыратын болады. Қозғалыстағы нәрсені әр түрлі қашықтықтан осылайша байқау процесі бала бір жастың ішінде кеңістік тереңдігін түсіне бастайтындығын білдіреді.Сонымен,баланың өзі нәрсеге қарай ұмтылып қозғалудан бұрын обьект қозғалысы сенсорлық дамудың және сенсорлық функциялардың көзі болып табылады.

Сірә, да, кеңістікті бала жіктеліп бөлінбейтін үздіксіз деп қабылдайтын болар. Қозғалыс болса,нәрсені айнала қоршаған кеңістік ішінен бөліп әкетеді. Ең алдымен көзін қадап қарауы,одан кейін мойнын бұруы, қол қимылдатуы тағы басқалары қозғалыстағы нәрсе баланың назарына түскен обьект екендігін білдіреді, бұл оның өзінің ұмтыла қозғалуына себепші болады.

Нәрсенің кеңістіктегі қозғалысын байқау былайша өрістейді; оны алдымен бала өзінен ілгері қарай горизонталь бағытта қабылдайды, одан кейін ұзақ жаттығулар нәтижесінде бала нәрсенің вертикаль бағыттағы қозғалысын да бақылап үйренеді, мұның өзі оның кеңейтеді, оның нәрсеге өзінің ұмтылуына себепші болады. Біртіндеп барып обьектінің және баланың өзінің қозғалысы бірлесе отырып сенсорлық механизмді дамыта бастайды.

Дененің вертикаль қалпы дами келе және өзі қозғала (жүре) бастағаннан кейін бала кеңістікті іс жүзінде игеруі едәуір кеңейеді. Өзі қозғала отырып,бала бір нәрседен екіншіге дейін ара қашықтықты игереді, ара қашықтықты тіпті өлшемек болып әрекет те жасайды. Мысалы; кереуеттің шабағын бір қолымен ұстап тұрып,диванға қарай соза береді,ара қашықтықты өлшемек болғандай және ең қысқа жолды тапқандай ақ керуеттен қолын босатып, диванды жағалап қозғала бастайды. Жүре бастағаннан кейін кеңістікті игерудің жаңа түйсіктері пайда болады, олар тепе -теңдік түйсігі, қозғалысын күшейтуге немесе бәсеңдету, бұлар көру түйсігімен ұштасып жатады.

Баланың кеңістікті іс жүзінде осылайша игеруі оның кеңістікте бағдарлауының бүкіл структурасын функционал түрде өзгертеді. Кеңістікте қабылдау дамуының сыртқы өмір нәрселерінің кеңістік белгілері мен қатынастарының жаңа кезеңі басталады.

Кеңістік игеруінің практикалық тәжірибесін жинақтай келе, сол тәжірибені қорытындылайтын сөздің өзін де біртіндеп игеретін болады. Алайда мектепке дейінгі ерте және кіші жаста кеңістік қатынастарды танып білуде және түсініктерді қалыптастыруда тікелей өмір тәжірибесі жетекші роль атқарады. Ол болса,мектеп жасына дейінгі балаларда олардың алуан түрлі әрекеттерінде (қозғалыс және құрылыс ойвндары,сурет салу әрекеті қыдырып жүрген кезде байқағандары т.с.с.) жинақталады. Кеңістікті қабылдаудың жүйелік механизмін қалыптастыруда қозғаушы күшті жинақтай келе сөздің атқарар ролі арта бермек.

Мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістікті бағдарлауының

Кейбір ерекшеліктері

Кеңістік бағдарлануы үшін қандай болмасын санақ системасымен пайдалана білу қажет. Алғашқы кезеңде бала кеңістікте түйсіктік санақ системасы дегеннің негізінде, яғни өз денесінің жан -жағына қарай бағдарлайды. Мектеп жасына дейін бала негізгі кеңістік бағыттары бойынша сөзбен айтылатын системаны игереді; ілгері -кейін, жоғары- төмен, оңға -солға.Мектепте оқып жүргенде балалар жаңа санақ системасын игереді,ол- горизонт жақтарына қарап,солтүстік,оңтүстік,батыс,шығыс.

Әрбір санақ системасын игеру алдында алған білімге негізделетіні тағайындалған.Мысалы,зерттеулерде ІІІ- ІҮ класс оқушыларының горизонт жақтарын игеруі олардың негізгі кеңістік бағыттарды географиялық картадан қаншалықты дифференциялай білетіндігіне байланысты екендігі айқын көрсетілген. Солтүстік, мысалы, алдымен балалдардың кеңістіктегі жоғарыбағытымен ұштасады, оңтүстік - кеңістіктегі төмен бағытымен, батыс -сол жақ бағытымен және шығыс-оң жақ бағытымен ұштасады. Кішкене баланың негізгі кеңістік бағыттарын дифференциялау баланың «өзіне қарай» бағдарлау деңгейімен олардың «өз денесінің схемасын» игеру дәрежесіне байланысты келеді, ал мұның өзі шындығында «түйсіктік санақ системасы» болып табылады да (Т.А.Мусейибова).

Кейінірек оған өзге санақ системасы - сөзбен айту -қосылады. Бұл- баланың бағыттарды түйсік айыруға қатысты атауларды; жоғары,төмен, ілгері, кейін, оңға, солға бекіту нәтижесінде пайда болады.

Сонымен, мектепке дейінгі жас -негізгі кеңістік бағыттар бойынша сөздік санақ системасын игеру кезеңі. Бала оны қалайша игереді.

Зерттеулердің көрсетулеріне қарағанда, айырылатын бағыттарды, бала ең алдымен өз бойындағы белгілі бір мүшемен байланыстырады. Мына сияқты байланыстарды осылайша реттейді: жоғары басы жағына, ал төмен-аяғы жағына, ілгері -беті жағына,ал кейін- арқасы жағында, оңға- оң қол жағына, ал солға - сол қол жағында. Өз денесіне қарай бағдарлану баланың кеңістік бағыттарын игеру негізі болмақ.

Адам денесінің әр түрлі осьтеріне сәйкес келетін негізгі бағыттардың (фронталь,вертикаль және сагитталь) үш пар тобының ішінен ең алдымен жоғары бағыт белгілі болады, мұның себебі, сірә да, бала денесінің вертикаль қалыпта болуымен байланысты болар. Ал төменгі бағыттың вертикаль осьтің қарама -қарсы жағы ретінде,бағыттардың пар топтарының дифференциясы ретінде бұның өзі горизонталь жазықтыққа ғана тән (ілгері -кейін және оңға- солға) дараланып қалыптасып кейінірек өтеді. Горизонталь жазықтыққа оған және бағыттар тобына сәйкес түрде бағдарлану дәлдігі мектеп жасына дейінгі балалар үшін, әрине, үш өлшемді кеңістіктің әр түрлі жазықтықтардың (вертикаль және горизонталь) дифференциялаудан анагұрлым күрделі мәселесі екендігі айқын.

Кішкене бала парлас қарама қарсы бағыттар тобын негізінен игергеннен кейін де әр топтың өзі ішінде дәл айыруда қателесе береді. Бұған мына фактілер айғақ: балалар оң жақты сол жақпен, жоғарыны төменгімен, кеңістік ілгері бағытын қарама қарсы кейінменшатастырады. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін, әсіресе оңға солға бағыттарын айыру қиын тиеді, бұның негізі өз денесінің оңы мен солын дифференциялау процесі болмақ.

Олай болса, бала кеңістік бағыттарын парлауды, олардың адекваттық белгілеулерін және де іс жүзінде айыра білуді, біртіндеп қана игереді екен.

Кеңістік белгілеулерінің әрбір парында алдымен біреуі айырып көрсетіледі,мысалы, астында, оң жақта, жоғары жақта, кейін, ал осылармен салыстыру , негізінде қарама қарсыларын түсіне аламыз; үстінде, сол жақта, төменгі жақта, ілгері.Сонымен өзара байланысқан қарама қарсы кеңістік қатынастарының бірінің дифференциясы екіншісін білуге келіп тіреледі, ал мұның өзі оқыту методикасында өзара кері кеңістік түсініктерді бір мезгілде қалыптастыру қажет дегенді білдіреді.

Осының барлығы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі кеңістік бағыттары бойынша сөздік санақ системасын игеру процесі әрі ұзақ, әрі ерекше екендігін көрсетіп отыр.

Бала айнала қоршаған кеңістікте бағдарлану кезінде өзінің игерген санақ системасын қолданунемесе пайдалану іскерлігін қалайша икемдейді екен.

І кезең «іс жүзінде лайықтап өлшеуден» басталады, мұның өзі айнала қоршаған обьектілерді санақ системасының бас нүктемен реалды ара қатысын өрнектейді.

ІІ кезең бастапқы нүктеден қандайда бір қашықтықта жатқан обьектілердің өзара орналасу қалпын көріп баға бере бастайды. Мұндайда қозғалыс анализаторының ролі аса зор,мұның қатысы кеңістік айыруда біртіндеп өзгереді.

Бастапқы кезде кеңістік қозғалыс байланыстарының бүкіл комплексі тым жайылыңқы көрінеді. Мысалы, бала нәрсеге арқасымен сүйеніп тұрады, тек осыдан кейін ғана барып ол нәрсе арт жағында тұрғанын айтады; бір жақ жанында тұрған нәрсені қолымен сипап көреді, тек содан кейін ғана ол обьектінің оның оң немесе сол жағында тұрғанын айтады т.с.с. Басқаша айтқанда, бала обьектілердің түйсік санақ системасымен арақатысын іс жүзінде байқап біледі, бұл оның өз денесінің түрлі жағы болып табылады.

Обьектімен тікелей жақын болу үшін өзі оған жылжып келіп жүрсе, кейінірек бүкіл тұлғасын бұратын болады, ал одан кейін сұқ қолымен бағытты нұсқап көрсететін болады. Бұдан әрі нұсқау қимылының орнына қолымен білінер- білінбес қимыл жасайды. Нұсқау қимылының орнына, енді басын сәл ғана қимылдатып, ақырында анықталатын нәрсе жаққа қарай тек көз қиығын ғана тастайтын болады. Сонымен кеңістік бағдарлаудың әрекеттік тәсілінен бала енді басқа тәсілге көшеді, мұның негізінде алынатын нәрселердің бір - біріне және оларды анықтаушы субьектіге қарағандағы кеңістік орналасуына көріп жасалатын баға.

Кеңістік бұлайша қабылдау негізінде, И.П.Павлов жазғандай, сол кеңістікте тікелей қозғалу тәжірибесі алынып отыр. Тек қозғалыс тітіркеністері арқылы және де олармен байланыса отырып көру сезімдері өзінің өмірлік немесе сигналдық мәнісіне ие болады. Сөйтіп кеңістік бағдарлау тәжірибесін игергеннен кейін балаларды сырттай байқалатын қозғалыс реакциялардың интеллектенуі пайда болады. Оларды бара -бара тұжырып тастап , оймен іс -әрекет жасау жағында көшу процесі материалданған,практикалық іс -әрекеттен ақыл - ой іс- әрекетіне өтуді дамытудың жалпы тенденциясының көрінісі.





Дата добавления: 2017-02-28; просмотров: 3444 | Нарушение авторских прав | Изречения для студентов


Читайте также:

Рекомендуемый контект:


Поиск на сайте:



© 2015-2020 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.004 с.