Сәбилік шақтағы балалардың нәрсе өлшемін қабылдай білуін дамыту.
Лекции.Орг

Поиск:


Сәбилік шақтағы балалардың нәрсе өлшемін қабылдай білуін дамыту.




Өлшемді қабылдау механизмі ересек адам мен балада бірдей-ақ. Алайда балада бұл механизм әлі қалыптаспаған. Балада ішкі анализаторлық және анализатор аралық байланыстардың күрделі жүйесі қалайша қалыптасады? Ал жаңа туған нәрестенің тор қабығы құрлысы жағынан бірдей екендігі жаксы белгілі, сондықтан нәрсенің оған түсіретін кескіні ересек адамдардағыдай болады. Бірақ, жоғарыда атап айтқанымыздай, тек сол тор қабықта пайда болған кескінге ғана негізделіп қабылданатын нәрселердің шамасы жөнінде пікір айтуға болмайды. Ал бала болса, бастапқы кезде қарай білмейді,яғни екі көзінің көру осьтерін бір нүктеге қадап және де екі көзін бір нүктеден екінші нүктеге аудара алмайды. Басқаша айтқанда, бала әзір көру анализаторының қозғалғыш бөлігін әлі де болса меңгере алмайды. Ондай ептілік тәжірбие жинақтау барысында қалыптасып әрі дамитын болады.Тәжірибесі жеткілікті болмағандықтан, кішкене балалар нәрсенің өлшемдері жөнінен жалған қортынды жасайтын жағдайлар жиі кездеседі, өйткені олар жөнінде тор қабыққа түскен кескіннің өлшемдеріне қарап пайымдайды.

И.М. Сеченов балалардың нәрселердің өлшемдеріне қарап айыра білуін және тиісті анықтама бере білуін қалыптастыратын тұста қабылдау процеcіне енетін сөздің рөлін атап айтқан. Өлшемдері әр түрлі нәрселерді және оның әр түрлі қашықтықта тұрған бөліктерін бірнеше рет қабылдағанда осы қабылдауларын, нәрселердің атауымен және олардың өлшемдерін байланыстыра отырып, бала оларды салыстырып, атап үйренеді, ненің үлкен, ненің кіші екенін анықтайтын болып үйренеді. Нәрселердің әр түрлі өлшемдері жөнінде, бүтін және оның бөліктері жөнінде осы аталған ұғымдары сипап сезіп түйсіну жолымен де айқындалады, ал ол түйсіктер сол ұғымдарды қабылдау процесінде көру түйсігімен ұштасып жатады. И.М. Сеченов былай деп жазды: «...Бала көру сфераларының, тұтас нәрсенің және оның бөлігінің кескінімен тор қабығы жабылатындай, саны арасындағы айырмашылықты таба білуді үйренді. Енді бала оның тор қабыққа суреті түскен әр бөлек екі нәрсені шамасы жағынан, әрине, айыра алады, кескіні үлкен орын алып жатқан нәрсе үлкен болады және керсінше».

Сонымен, И.М.Сеченов өлшемдерді қабылдаудың көру негізінде алынатын күрделі шартты рефлекс біртіндеп, ұзақ уақыт тәжірибе жинақтау жолымен қалыптасады деп түсіндіреді. Бұл тәжірибе баланың жас кезінде өлшемдерді қабылдағанда бала өзі ойнайтын ойыншықтар мен нәрселерден алған көру, сипап сезу және бұлшық ет-такт түйсіктерінің арасындағы байланыстармен тағайындалады. Оның қабылдау жөнінде сезімнен туған тәжірибесі және де өлшемдерді шамалап білуі біртіндеп қалыптаса бастайды.

Көптеген психологиялық зерттеулер, олар Ленинградтағы мемлекеттік университетте Б.Г.Ананьевтің басқаруымен, сондай-ақ мектепке дейінгі тарбие жөнінен ғылыми-зерттеу институтында А.В.Запорожецпен Л.А.Венгердің басқаруымен,А.И.Герцен атындағы Ленинградтағы мемлекеттік педагогикалық институтта А.М.Леушина мен А.А.Люблинскаяның т.б басқаруымен жүргізілді, өлшемдер жайлы ең қарапайым білімдер қалыптастыру үшін нәрселер мен баланы айнала қоршаған құбылыстар туралы нақтылы шоғырын жинақтау қажет. Өлшемдер туралы кеңістік түсініктерін айырудың (нәрселер арасындағы қатынастар т.б.) басқа түрі сияқты, ұғым,нәрсенің басқа қасиеттерін айыруға қарағанда, едәуір күрделі процес болып табылады; өлшемдер жөніндегі ұғымдар, форма жөніндегі сияқты, балалардың практикалық іс-әрекетінің барысында жинақталады.

Нәрсенің өлшемдерін әр түрлі ара қашықтықта және әр түрлі орналасу қалпында қабылдау қабілетін психологияда қабылдау тұрақтылығы деп атайды. Нәрселердің өлшемдерін қабылдау тұрақтылығы тәжірибемен қоса дамитын болады.

Осы тұрақтылық ұғымның балаларда пайда болуы әрі дамыту жөнінен көптеген зерттеулердің көрсетуіне қарағанда, ол ұғым тәжірибенің жинақталу шамасына қарай бірінші жылдың ақырында ғана қалыптастырады екен және нәрселермен орындалатын іс-әрекеттер барсында көбейетін көрінеді.

Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде екі аяқ басқан балаларда тіпті белсенді сөйлеу білуді игермей тұрып, тек нәрселердің алуан түрлі өлшемдеріне ғана емес, сондай-ақ әр өлшемді обьектілер арасындағы қатынасқа да рекция қалыптасу мүмкін.Алайда өлшемдерді ажырата білу тәжірибесі ұзақ мерзімге дейін, аса шағын келеді.Ал баланың өлшемдерді игеру белгісі нақтылы бір нәрсеге ғана тиісті болып, ол салыстырмалы емес абсолют ұғым ретінде бекітіледі, мысалы былай: “Тек біздің итіміз ғана үлкен”-“ Жоқ менің Мариям үлкен”,-деп дауласады үшке қарай аяқ басқан балалар Қуыршақ қандай қалыпта отырмасын не жатпасын шамасы қандай болса да, тіпті кішкене балалар да оны таный кетеді. Тәжірибеде аса көптеп кездесетін нәрселерді қабылдау тұрақтылығы біртіндеп басқалардан көрі ертерек орнығады.





Дата добавления: 2017-02-28; просмотров: 1283 | Нарушение авторских прав | Изречения для студентов


Читайте также:

Рекомендуемый контект:


Поиск на сайте:



© 2015-2020 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.003 с.