Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Азақстан Республикасының ресми органдарының Интернет-мекен-жайлары




Мемлекеттік құрылым Интернет-мекен-жайлары
  Қазақстан Үкіметі  
  Білім және ғылым ми истрлігі  
  ...  
  ҚР Ұлттық банкі  
  ...  

Мерзімдік және негізгі әдебиет көздері бойынша маман-маркетологтарға арнап сыртқы екінші ретті ақпараттың пайдаланатын көздерін құрыңыз.

Жазбаша жұмыс 3 апта
  1. Кагорлы талдауды сипаттаңыздар. Мысал келтіріңіздер. 2. Дескриптивті зерттеулер жүргізу кезінде кестелер нұсқасы қолданылады. Олар не үшін дайындалады? 3. Қайталанатын маркетингтік зерттеулер шынайы тізім және ортақ көлемді тізімге жіктеледі. Осы зерттеу түріне сипаттама беріңіздер. 4. Қайталанатын және профильді зерттеулердің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай? 5. Маркетингтік зерттеулердің еңбек сыйымдылығы мен құнын бағалау үшін келесідей тәсілдер қолданылады: тәжірбиелік-статистикалық, нормативтік- анологтық, эксперттік, директивті, аналитикалық-есептік. Осыларды ашып көрсетіңіздер? Жазбаша жұмыс 4 апта
  1. Жұмыс болжамын жасағанда келесі тәсілдер қолданылады: - логикалық (мәселе шеңберін талдау әдісі, бақылау сұрақтары әдісі, шешім элементтерінің жүйелі біріктірілген әдісі, шешімдер ағашы әдісі, морфологиялық әдіс, логикалық ойлау арқылы мәселені модельдеу әдісі); - интуитивті-шығармашылық (аналогия әдісі, ойлау әдісі, синектика әдісі); Олардың мазмұнын ашыңыз. 2. Маркетингтік зерттеудегі қателердің әлеуетті көздерін сипаттаңыз. Оны формула түрінде көрсетіңіз. Іріктемені есептеу кезінде кездейсоқ және жүйелі қателер жіберіледі, одан құтылу жолдарын көрсетіңіз. 3. Салыстырмалы және салыстырылмайтын шкалалау әдісі қалай жіктелетінін сипаттап, мысал келтіріңіз. 4. Зерттеу бойынша ұсынысты және зерттеуге сұранысты қалай құрауға болады? Бұл құжаттар қандай элементтерден тұруы керек, оны өзіңіздің курстық жұмысыңыздың (жоба) мәліметтері негізінде құрыңыз. 5. Пікір сұрауды жүргізу бойынша Америка ұйымдарының Кеңесі сұхбат алушыларды дайындау, далалық жұмысшылар жұмысын бақылау бойынша ұсыныстар әзірлеген. Осы ережені біліп алыңыз. 6. Сіз халықаралық нарықта маркетингтік зерттеу тұжырымдамасын, шкалалар және жауаптар форматын жасауды, іріктеп бақылау жоспарын құруды, далалық жұмыстарды қалай жасайсыз? 7. Маркетолог маркетингтік зерттеу тұжырымдамасын дайындауда, шкаланы қолданғанда, далалық жұмыста және іріктеп бақылау жүргізгенде қандай этикалық нормаларды ұстанғаны жөн? Жазбаша зерттеу жұмысы 5 апта
  1. Келесі сұрақтарға жауап бере отырып, маркетингтік агенттік және оның түрлерін құру үрдістерін сипаттаңыз; ‑ маркетингтік агенттерді ұйымдастырудың заңды формалары қандай? ‑ маркетингтік агенттерді құру үшін не қажет? ‑ маркетингтік агенттердің құрамы мен минималды саны қандай? Минималды маркетингтік агенттік қызметкерлері қандай қызмет атқарады? ‑ маркетингтік агенттер үшін қажетті құрал–жабдықтар жиынтығын атап беріңіз. ‑ «студенттік» маркетингтік агенттіктері мен оқу формаларын құрудың артықшылығы қандай? Өз оқу орныңызда маркетингтік агенттік құрғыңыз келе ме? - маркетингтік агенттік шығынының құрылымы қандай? ‑ маркетингтік қызмет көрсету келісім шартында қандай бөлімдер болғаны жөн? 2. Маркетингтік зерттеу жүргізудегі қызмет көрсету нарығын көрсетіңіз және бұл салада қандай фирмалар мен зерттеу компаниялары жұмыс істейді, сондай‑ақ мыналарды анықтаңыз; ‑ олар қандай ұйымдастыру түрімен жұмыс істейді; ‑ олардың маркетингтік қызметінің құны (салыстырмалы талдау жүргізіңіз) ‑ олар кімге және қандай қызмет көрсетеді. 3. Маркетингтік зерттеу жүргізу бойынша қызмет көрсету нарығына кіру шегін есептеңіз (бастапқы инвестиция), сондай‑ақ тәуелсіз және «студенттік» маркетингтік агенттіктердің зиянсыздық нүктесін есептеңіз. Шығын құрылымын есептеп, салыстырмалы талдау жүргізіңіз. 4. Үлкен және кіші өнеркәсіптердің маркетингке, оның ішінде маркетингтік зерттеулерге бөлінген бюджетін анықтаңыз. 5. Лацньяк пен Мэрфи дұрыс шешім қабылдау үшін қандай бақылау сұрақтарын ойлап тапты Жазбаша зерттеу жұмысы 6 апта
  1. Мәтiннiң деректiлiгi, алғашқы және екiншi ретті деректiлiк ұғымын анықтаңыз. 2. Екiншi ретті мәлiмет деректерiн түсiндiруде мәтiннiң құрылымы қандай элементтер бойынша зерттеледi? 3. Ақпараттарға кабинеттік зерттеулерді жүргізуде қолданылатын ақпараттық мақсаттық талдаудың әрбiр толық алгоритмды кезеңін анықтаңыз. 4. Мәтiннiң мол деректiлiк коэффициентi қалай анықталады 5. Тест құрылымының мағыналық тiркестерiнiң схемасын жазып алыңыз. 6. Контент-талдау өткiзу қағидалары неге негiзделген? 7. Кабинеттік зерттеулер жүргізуде қолданылатын мәлiметтердің контент-талдау өткiзудегі әрбiр толық кезеңің анықтаңыз. 8. Контент өткiзуде кодтаушыға нұсқау туралы ережелер неге талданады? Жазбаша зерттеу жұмысы 7 апта
  1. Телефонмен пікір сұрау барысында маркетологтар жауап беру кідірісі мен дауыс ырғағының жиілігін бағалайды. Бұндай бағалау қалай жүзеге асатынын сипаттап беріңіз. 2. Бақылау әдістерін қолдану барысында Дракула мен Франкенштейн синдромын жеңе білуге ұмтылу қажет. Бұл нені білдіреді? 3. Интернет байланыстарындағы Cookie-файлы нендей түсінікті білдіреді? Cookie-файлы көмегімен трейс-анализді қолдана отырып, қандай ақпарат жинауға болады? 4. Соңғы шыққан журналдардан ер адамдардың қатысуымен болған 10 мақаланы теріп жазыңыз. Әр мақаладағы ер адамдардың рольін анықтау үшін контент-анализ жүргізіңіз. Жазбашазерттеу жұмысы 8 апта
  1. Эксперимент әдісінің қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар? 2. Тарихи, кәмелеттену(даму), тестілеу эффектісі, статистикалық регрессия және олардың бақылауының негізгі төрт өлшемі: кездейсоқ таңдау, топтау, статистикалық және әдістемелік бақылау сияқты эксперименттің сыртқы факторларының әрқайсысына анықтама беріңіз? 3. Эксперименттің жіктелуі мен олардың түлеріне анықтама беріңіз. 4. Экспериментті өткізу мен жобалау үрдісіне анықтама беріңіз. 5. Дж.Ст.Милль өзінің «Логика жүйесі»(1843 ж.) атты кітабында себеп-салдарлық байланыстың бар екендігінің дәлелі ретінде төрт әдісті атап көрсетті. Соларды атап беріңіз? 6. Экспериментті өткізуге арналған сызбаны конспект ретінде жазып алыңыз және Д.Кэмпбелл бойынша валиттілік емес эксперимент көздерін жазып алыңыз. 7. Эксперимент моделі алғашқы, нақты, псевдоэкспериментальды және статистикалық болып жіктеледі. Осыларға анықтама беріп, артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетіңіз. 8. Стандартты, бақыланатын, электрондық және имитациялық далалық зерттеулердің түрлеріне мысал келтіріңіз. Жазбаша зерттеу жұмысы 9 апта
  1. Әр түрлi әдiстермен пікір сұрау өткiзуде iрiктемені бақылау, ақпарат жинау ортасын бақылау, дала қызметкерлерi жұмысын бақылау және басқару бақылауы қалай жүзеге асырылады? 2. Респонденттердiң жауап беруге дайындықтарын ынталандыруда (кездейсоқ жауаптың үлгiсi) ықтимал әдiстемелердi қолдануға кеңес береді. Оларды ашыңыз. 3. Баламалы сұрақтарды құрастыруда қолданылатын «бөліп дауыс беру» әдiстемесінің мәні неде? 4. Көп нұсқалы сұрақтары бар сауалнаманы жасаумен сабақтас қиындықтарды қалай жеңуге болады? 5. Сұрақ тұжырымын тексеру алгоритмін қарап шығыңыз. Жазбаша зерттеу жұмысы 10 апта
  1. Жалпы зерттеу (толық санақ) мен ішінара зерттеудің айырмашылығы қандай? Қандай жағдайларда санақ емес іріктемені пайдаланған тиімдірек немесе керісінше? 2. Кластерлік iрiктеме бiр сатылы, екi сатылы (көлемге пропорционалды болатын қарапайым, ықтимал және кластерлік іріктеме) және көп сатылы болады. Бұл түрлердi сипаттаңыз. Кластерлік іріктеменің стратификациялалған іріктемеден айырмашылығы? Кластерлік iрiктеменің көп таралған формасы аймақтық болып табылады. Оны сипаттаңыз. 3. Іріктемені құрастыру тәсілдерінің артықшылықтары мен кемшіліктері неде? Төмендегі кестенi толтырыңыз. Іріктеменің әдiстерiнiң артықшылықтарs және кемшiлiктерi    
Іріктеме әдісі Артықшылығы Кемшілігі
1. Детерминделген iрiктеме
Репрезентативті емес    
Үстіртін    
Квоталық    
«Қар үйіндісі» әдiсi бойынша iрiктеу»    
2. Ықтимал iрiктеме
Қарапайым кездейсоқ iрiктеме    
Жүйелі    
Стратификацияланған    
Кластерлік    

 

4. Ықтимал әдiстері тізбектелген іріктеме және екi жақты бақылау әдістерінен тұрады. Оларды сипаттаңыз.

5. Іріктеменің көлемін анықтауда номограмма әдісі қолданылады, оны сипаттаңыз.

Жазбаша зерттеу жұмысы 11 апта
 

1. «Бағытталған ұқсастық» әдісінде зерттелінетін затпен ұқсастықтарын анықтау үшін автокөліктер, түстер, жануарлар категорияларының бейнелері қолданылған. Олардың типтік ассоциацияларына қысқаша конспект жасаңдар. Бұл әдіс қандай жағдайда қолданылады.

2. Мына рөлдік ойын түрлерінің мәнін анықтаңдар: «бренд жеңілісі», кілт, «отбасын» құру, фантазиялар, кампанияны әзірлеу, кіші-дебат.

3. Ерекшелеу әдісіндегі психологиялық суреттердің мағыналарын ашып көрсетіңіз: мәні, өткізу тәртібі, пайымдаудың жалпы принциптері, артықшылықтары және кемшіліктері.

4. Сапалық әдістерді қолдана отырып халықаралық зерттеулер жүргізуде қандай аспектілерді ескеру керек.

5. Төмендегі кестені толтырыңыз:

Критерийлер Сапалық зерттеу әдістері
Тура Жанама
Фокус-топтар Тереңдетілген сұхбат Проекциялық әдістер
  Зерттеудің құрылымдық дәрежесі      
  Респонденттерді зондтау      
  Модератордың респонденттер жауабына ықпал ету дәрежесі      
  Алынған вербальды емес ақпарат-тардың көлемі      
  Жаңа ақпарат жинау мүмкіндігі      
  Респондеттердің эмоционалдық мінез-құлқы      
  Респонденттердің ерекше мінез-құлықтарын/ сұрақтарын тіркеу      
  Алынған ақпаратты талда дағы қателесу мүмкіндігі      
  Зерттеу нәтижесінің пай алылық дәрежесі      

 

6. Сапалық зерттеулер жүргізу барысында қандай этикалық нормаларды ұстанған дұрыс?

Qualitive Research Consultants Association (www.qrca.org) компаниясының сайтына кіріңіз және алынған ақпараттарға өз пікіріңізді жазыңыз.

Зерттеу жұмысы 12 апта
  1. Фокус-топты құрылымдық, құрылымдық емес жүргізу схемасын айтыңыз? 2. Фокус-топтық динамика деген не? 3. Сіздің ойыңызша, фокус-топ қатысушыларын хабарлама немесе БАҚ арқылы жинауға бола ма? 4. Фокус-топты қандай әдістер арқылы іріктеуге болады? 5. Фокус-топтың келесі түсініктеріне сипаттама беріңіз: бейімделуші және қызықты емес, модератор мұндай жағдайда қандай стратегияны қолдануы керек? 6. М.Дибастың ұсынуы бойынша қатысушылардың жіктемесін модераторлардың жүргізу стратегиясы; 7. Фокус-топ әдісін таңдау кездесетін қиындықты айтыңыз? Баға және сапа қатынасы. 8. Сіздің студенттік топта талқылау тақырыбын таңдап, фокус-топпен өткізіңіз, қортындыларды жазбаша түрде ұсыныңыз. Зерттеуге кеткен шығындар құрылымын есептеңіз. 9. Келесі мәселелердің мазмұнын ашыңыз, мұны фокус-топтың қай кезеңінде қолданады; жауапты мысалмен түсіндір: – фокус-топты жоғарғы бағалы зерттеу негізінде қолдану; – фокус-топты ақпарат алуға қолдану; – фокус-топтармен көптеген сауалнама жүргізу бұл мәселені шешуге арналған; – фокус-топтың әдісіне көтерме баға қою: 11. Фокус-топ жүргізу кезінде қандай этикалық аспектілерді ескеру керек. Жазбаша зерттеу жұмысы 13 апта
  1.Төмендегі бағыттарға сәйкес тұтынушылар панеліне пікір сұрау парағын құрастырыңыз: – тауарлар мен қызмет көрсетулерге маркетингтік зерттеулер: маркалар, тұтыну орны, көлемі, сатып алу жиілігі, орама – тұтынушы үлесі тауар/қызмет көрсету; тұтыну және қолдану жиілігі; маркаларды білуі; соңғы үш айда маркаларды тұтынуы; маркаға қатысы; дәм, түр, өнім орамасына қатысы; өнімді сатып алушылар үлесі, өнім кім үшін сатып алынады; негізгі сатып алу орындары; тұтыну маркаларының саны; ай ішіндегі тұтыну көлемінің орта шамасы; сатып алу уақыты; түрі, техникалық сипаттамалар. – тұрғындардың медиа қатыстылығы – телекөрсетілім (орталық және жергілікті телеарналарды қабылдау мүмкіндігі; телебағдарламаны орташа көру ұзақтығы; жай және демалыс күндері орталық және жергілікті телеарналардан (уақыттық интервалдар) телекөрсетілім динамикасы; көрсетілім белсенділігі; телевизиялық жарнамалық роликтерді көргендегі мінез-құлық; радио (жай және демалыс күндері тыңдау жиілігі, әрбір радиостанцияның аудиториясының динамикасы); жай және демалыс күндері тыңдау ұзақтығы; тыңдау орындары; баспасөз, баспасөз рейтингі; күнделікті, ай сайынғы, апта сайынғы газеттер мен журналдарды оқу жиілігі. Жазбаша зерттеу жұмысы 14 апта
  1. Трендтер экстраполяциясына, экстраполяция түрлеріне сипаттама беріңіз. Қарапайым экстраполяция, факторларды ескергендегі экстраполяцияға түсініктеме беріңіз. 2. Математикалық статистика әдістеріне негізделген болжам жасау әдістерін, математикалық моделдеу әдісін сипаттаңыз. Жазбаша зерттеу жұмысы 15 апта

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 767 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наглость – это ругаться с преподавателем по поводу четверки, хотя перед экзаменом уверен, что не знаешь даже на два. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2613 - | 2186 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.