Соңғы уақытта Касперлік АVР антивирустық дестесі өте әйгілі деп саналады. Бұл программа вирустарды іздестіріп, жоюға арналған. Аса қолайлы пайдалану интерфейсіне, көптеген әр түрлі баптауларға, сондай-ақ антивирустық деректердің көлемді базасына ие АУР пакетінің қолданбалары бүгінгі күні белгілі болып отырған барлық вирустарды дер уақытында (уақытылы) залалсыздандыру арқылы пайдаланушының еш алаңсыз тапжылмай отырып жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. АVР-тың ең басты артықшылығы – соңғы уақытта пайда болған вирустардан қорғауды қамтамасыз ететін антивирустық программаны уақтылы әзірлей алады. Анитивирустық деректер базасын жаңарту процесі автоматтандырылған және пайдалануға Интернет арқылы осы базаға енгізілген өзгертулердің барлығынан аттап (немесе айналып) өтуіне мүмкіндік береді. Дестенің негізгі құрастырушылары ретінде Монитор АVР және сканер АVР программалары қызмет етеді. Монитор АVР қолданбасының негізгі міндеті – компьютердің жағдайын (орындалатын программалар, жүктелген кітапханалар жэне т.б.) ұдайы бақылап отыру. Басқаша айтқанда, жадта ұдайы болуы арқылы бұл программа болып қалуы ықтимал барлық күдікті әрекеттердің ізін бағып отырады, ал мұндай әрекеттің үстінен тап басып түсетін болса (тауып алса), тиісті хабар береді.
Сканер АVР қолданбасы өз кезегінде дискіде вирустың бар-жоғын бір-ақ рет тексеріп білуге, яғни бір жолғы тексеруге арналған. Бүлінген файлды тауып әрекет етудің әр түрлі ықтимал нұсқаларын ұсына отырып ескерту жасайды, болмаса бүлінген файлды бірден жөндеуге кіріседі (немесе баптауға қарай алып тастайды).
Алғашқы екі фаза вирус көзін, оның өту каналын жасырып және барынша көп файлды бүлдіріп, вирус білінгенше жаралау қызметін атқарады. Бұл фазалардың ұзақтығы алдын-ала қарастырылған алгоритмдегі уақытша интервалмен, жүйеге қандай да бір жағдайдың енуімен, ДК-ның аппараттық құралдарының (негізінде, ҚМДТ-ныңбар болуымен) белгілі бір конфигурациясының және т.б. бар болуымен анықталады.
Ең бірінші болашақтағы вирустық технологияны пайдаланушы ойын программалары пайда болды, содан кейін базада жинақталган ғылыми және практикалық нэтижелер бойынша кейбір адамдар өздігінен өндіруші программаларды тұтынушыларға кесел келтіру, «қастандық» жасау мақсатында немесе өзінің программалық өнімін рұхсатсыз қолданудан сақтау ушін шығара бастады. Дербес компьютерге вирустердің енуінің негізгі жолы алмастырып ақпарат тасушы жинақтауыштар және желілік коммуникацияның құралдары, негізінде Internet желісі болып табылады.
Ең бірінші ДК-ның вируспен көпшілік зақымдалуы 1987ж. байқалды, ол Пакистандық деп аталатын вирусты ағайынды Амджат және Базит Алви жасады. Осылай олар, Пакистаннан арзан бағамен заңсыз түрде программалық қамтамасыздандырудың көшірмесін сатып алып жүрген американдықтардың сазайын тартгыру үшін, жасалған вируспен зақымдай бастады. АҚШ-та вирус 18 мыңнан астам компьютерлерді зақымдап, жер шарын айнала келіп ССРО-на тоқтады. Келесі кең тараған вирус Лехайдық вирус, ол, аттас АҚШ университетінде тарады. Бірнеше апта бойы университеттің есептеуіш орталығы қорынан жүздеген дискет құрамын, сондай-ақ студенттердің жеке дискеттеріндегі ақпаратты жойды. 1989 жылдың ақпанына дейін АҚШ -та бұл вируспен 4 мың ДК зақымдалды. Әрі қарай вирус мөлшері жэне онымен зақымдалған компьютерлердің саны нөсер тәріздес кебейгендіктен, техникалық жағынан да, ұйымдастыру жағынан да жедел қолға алу қажет болды. Әртүрлі антивирустық құралдар пайда болып, нәтижесінде, сол кездегі жағдай қарулану мен олардан қорғанудың жарысын еске түсірді. Белгілі бір күшті әсерге көрші жатқан елдердің компьютерлік қылмысы туралы заңдық актілері аркылы қол жеткізілді, олардың ішінде компьютерлік вирустерді шығару және тарату жөнінде де жазалау баптары болды.
Қазіргі уақытта әлемде, бір типті вирустердің әртүрі болып табылатын штаммдарды қосқанда, 20 мыңнан астам вирус бар. Вирустар тек қана программаларға енеді, өз кезегінде бұл программалар файлдарда, немесе амалдар жүйесін жүктеу үрдісіне қатысатын дисктің жүйелік бөлігіндегі кейбір компоненттерде болуы мүмкін.
Анық-қанығына жетпей-ақ вирустердің құрылымсыз қимылдарын көрсетуге болады:
• ДК- ің жұмысына әсер ету;
• программалық файлдардың бұрамалануы;
• файлдардың берілгендермен бұрамалануы;
• дисктің немесе оның бөліктерінің форматталуы;
• дисктің немесе оның бөліктеріндегі ақпаратты алмастыру;
• жүйелік немесе жүйелік емес дискінің жүктеудің бұрамалануы;
• ҒАТ кестесінің бұрамалануы арқылы файлдардың байланысының бұзылуы;
• СМ0S-жадындагы берілгендердің бұрамалануы.
Қазіргі уақытта антивирустық құралдардың саны көп. Бірақ олардың барлығының да жан-жақтылық қасиеттері жоқ: әрқайсысы анық вируске есептелген, ДК-ның зақымдалуының кейбір жолдарын немесе вирустердің таралуын бөгейді. Осыған байланысты зерттеудің дамыған жетістігін жасанды интеллекттің әдістерін антивирустық құралдарды жасауда пайдаланудан көруге болады.
Антивирустык кұралдар, бір немесе бірнеше келесі функцияларды орындаушы программалық өнім:
1) файлдық құрылымды бұзылудан сақтау;
2) вирустарды байқау;
3) вирустарды нейтралдау.
Компьютерлік вирустардан сактану әдісі. Компьютерлік вирустардан сақтануда бірқатар ұйымдастырушылық және техникалық сипатты шаралар өткізіледі. «Қорғанудың» бірінші сатысында бұзудан сақтану құралдарын қойып, одан кейін-вирустарды табу және, ең соңында, вирустарды нейтралдау кұралдарын қойған дұрыс болады.
Мүмкін болатын бұзылу мен жоғалтуға карсы корғаныс құралдары әр уакытта колданылуы кажет. Бұған қосымша вируспен зақымдалудан құтылу үшін келесі ұсыныстарды ұстану қажет:
• жазудан қорғану үшін кілейленген тілігі бар иілгіш дисктерді әр уақытта қолдану керек;
• белгісіз дискеталарды қолданбау;
• басқа адамдарға өзіңнің дискеталарыңды бермеу;
• тагайындалуы түсініксіз программаларды жүктемеу; тек қана лицензиялық программалық өнімдерді қолдану;
• ДК-ге басқа адамдардың жұмыс жасауына жол бермеу;
Microsoft Office Word
Microsoft Office Word (күнделікті — MS Word, WinWord немесе жай ғана Word) - Macintosh компьютерлерінде және Windows, DOS ортасында жұмыс істейтін, қазіргі кезде кең таралған, ең қуатты мәтіндік процессорлардың бірі. Құжаттарды даярлауға, түзетуге, қарап шығуға, баспаға шығаруға арналған Windows ортасының қолданбалы программасы. Оның соңғы нұсқалары шағын баспа жүйесі ретінде кітап, газет- журналдар шығаруда кеңінен қолданылады.
Microsoft Office Word дегеніміз компьютерде құжаттар жасауға мүмкіндік беретін бағдарлама болып табылады. Суреттер немесе өң сияқты түрлі-түсті фотосуреттер немесе көрнекі суреттер пайдаланып әдемі мәтін жасау және карталар мен кестелер сияқты деректер қосу үшін Word бағдарламасын пайдалануыңызға болады. Оған қоса, Word бағдарламасы мәтін жасау үшін түрлі көмекші мүмкіндіктерді береді, олардың көмегімен мақалалар немесе есептер сияқты іскери құжаттарды оңай аяқтай аласыз. Сондай-ақ, ашықхат немесе хатқалта мекенжайларын басып шығаруыңызға болады. Word бағдарламасы құжаттар, электрондық кестелер мен көрмелер жасауға және электрондық поштаны басқаруға арналған бағдарламаның бірнеше түрлерін біріктіретін өнімдердің бумасы болып табылатын «Office» бумасының бір бөлігі болып табылады.