Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Windows ОЖ.Дискілік утилаттармен жұмыс.




Файлдық жүйе

Файлдық жүйе –бұл құрылым ядро жүйенің басқаруымен және жүйедегі жадыдағы пайдаланушыларға қатынас жасауға мүмкіндік береді. Жадыдағы қорлар әр түрлі информация тасушы жадыға кіргізеді: бұлар (иілгіш дискілер, CD-ROM, винчестер). Ядро осы қорларды бір иерархиялық құрылымға ұйымдастырады, ол / құжатта басталып және көптеген құжаттарға бөлініп басқа құжаттармен жұмыс жасайды. Ең басты құжат жоғарғы денгейі тұқым айтады.
Құжаттан басқа файлға өту үшін, файлдың атымен бірге оған өту үшін жолы көрсетеді.Атының жолы абсолютті (мысалы /tmp/afile) немесе оған кіруші (мысалы bmp/emacs). Файлдық жүйе – бұл операциялық жүйенің компоненті, ол файлды құрады, сақтайды және атаулы деректер жиынына қатынас құрады. Бұл атаулы деректер жиынын файл деп атайды.

Кластер (cluster) - 1) dos жүйесінде — диск кеңістігін бөлу кезіндегі оған жазылатын ең кіші көлемдегі мәліметтер бірлігі. Ол, әдетге, 512 байттан, бір немесе қатар орналасқан бірнеше диск секторларынан құралады. Кластерде әрбір мәліметтер бірлігі (том) үшін берілген секторлар саны тұрақты шама болады және бір кластер тек бір файлдың мөліметтерін ғана қабылдайды. Кластер көлемі кішірейген сайын әр файлдың соңында қалдырылатын бос орын шамасы да азаяды, бірақ әр кластерге файлдың орналасуы туралы қызметтік мәліметтер жазылатын болғандықтан, ол қызметтік ақпараттың жалпы көлемі ұлғаяды; иілгіш және қатқыл дискілер үшін — дискіде кеңістік бөлудің бірлігі. Кластер екі және одан да көп секторлардан тұрады.

Сектор — пішімдеу кезінде қатқыл немесе иілгіш дискіде жасалған центрлес жолшықтардың біреуінің сегменті; магниттік диск бетіндегі концентрлік шеңбер бойын қуалай орналасқан сызық жолға жазылатын ақпараттың негізгі бірлігін (ең аз көлемін) сақтайтын оның бір бөлігі. Ол сектор тақырыбы мен мәліметтер аймағынан тұрады. Сектордың стандартты көлемі 512 байттан құралады да, олар 1-ден бастап нөмірлемеді. Иілгіш дискілерде 15, 18, 36 сектор, ал қатты дискілерде 90 не одан да көп секторлар болады. Ең аз физикалық адрестелетін жад бірлігі.

Байт (Byte) — 1) ақпарат мөлшерінің бірлігі немесе 8 битке (екілік цифр) тең компьютердегі жад. Айтарлықтай ірі ақпарат бірлігі: 1 килобайт (Кбайт) 1024 байтқа тең, ал 1 мегабайт (Мбайт) 1042 Кбайтқа тең; 2) адрес иемдене алатын ең аз бірлік. Әрбір байт мәліметтердің бір таңбасына — әріпке, цифрға немесе символға сәйкес келеді. Байттар — компьютердің қуатын өлшеудің немесе оның дискілердегі сақтауыш құрылғысының сыйымдылығының стандартты бірлігі. Өңделетін ақпараттың нысаналық көлемі (жаңа есептеу құралдарында) — секундына 100 килобайт, өндеу көлемі — ақпараттың әрбір байтына 50—55 арифметикалық операция; 3) сегіз биттен және бір бақылау битінен түратын машиналық сөздің стандартты бөлігі. Әрбір байт компьютерде біртұтас бүтін ретінде өңделеді.

Дискета — көлемі үлкен емес, қажет ақпаратты жазып алып, тұрақты тұрде сақтауға болады. Дискеттердің диаметрі 3,5 дюйм, сыйымдылығы 1,44 Мбайт. Дискета мынадай негізгі компоненттерінен тұрады:

1. Тығыздығы жоғары идентификатор

2. Жұмыс алаңын қорғау пердесі

3. Жазудан қорғау терезесі

4. Дискеттің таңбашасы

Компакт диск – бұл металдан қапталған оптикалық диск, оның салмағы небәрі 15 грамм және диаметрі 12 см. Оған шамамен 640 Мб ақпарат жазуға болады. Дискінің жұмыс бетін зақымданудан сақтайтын арнайы қабығы бар. Компакт-дискілер арнайы орауышта сақталады.

 

Қатты диск (HDD-Hard Disk Drive) алмастырылмайтын дискілі магниттік жинақтаушы.

Қатты магниттік дискілер ферромагниттік материал қабатымен қапталған, бір оське бекітілген, металл корпусқа орналасқан және үлкен бұрыштық жылдамдықпен айналатын бір немесе бірнеше дискілерден тұрады. Дискілердің әр бетінде коп жолдардың болуына және дискілер санының көп болуына байланысты қатты дискілердің ақпараттық сыйымдылығы дискеттердің ақпараттық сыйымдылығынан он мыңдаған есе артық болуы және жүздеген Гбайтқа жетуі мүмкін.


Linux ОЖ.

Кіріспе

Осы заманғы жалпы тапсырмаларды атқаруға арналған компьютерлер, соның ішінде жеке компьютерлерде, бағдарламаларын жегу үшін Операциялық жүйені қажетсінеді. Жеке компьютерлерге арналған Операциялық жүйе мысалдары ретінде келесілерін келтіруге болады: Microsoft Windows, Linux, Mac OS (Darwin) және Unix.

Linux операциялық жүйесі көптеген жерлерде, яғни ұжымдық мекемелер мен ғимараттарында оқуда тегін және өте қарапайым OS Unix альтернативінде кең таралды.

Бүгінгі барлық операциялық жүйелердің жақсы қасиеттерін Linux өзінде қамтып тұр. Оны OS/2 операциялық жүйе сияқты жеңіл қондыруға болады. Оның графиктік интерфейсі WindowsXP-мен пара-пар және желінің жасалу мүмкіндігі WindowsNT-дан жоғары, ал көпқолданбалы жұмыс тәртібі Unix принципі арқылы жасалған.

OS Linux-тің болашағы жоқ деп айтылуда. Бірақ бұл операциялық жүйенің он бір жылдық тарихы бізге керісінше ойлануға кепілдік береді.

Бұл жұмыстың мақсаты Linux-тің мүмкіндіктері мен жұмыс ережелерімен танысу болып табылады. Бөлімдерде операциялық жүйенің жалпы мағлұматтары және оны дербес компьютерде қондырудың процесі келтіріледі. Сонымен бірге операциялық жүйеде графиктік және мәтіндік режимдермен жұмыс істеуге болатыны көрсетіледі. Және де кейбір администраторлау мағлұматтары мен OS-тің жан-жақты қамтылуы беріледі.

Linux–те инструменттердің жинағы қамтамасыздандырылған, осы инструменттер арқылы, сіз өзіңіздің жеке қолданбаларыңызды, құжаттарыңызды, WEB парақтарыңызды, презентацияларыңызды, сызбаларды, ойындарды және де компьютерлік графиктерге дейінде қатынас құра аласыз. Интернетте Linux жүйесі персоналды компьютерлерде жұмыс жасайтындарға негізгі тірек болып табылады. Интернетте жүріп саяхаттаудан тыс, Linux операциялық жүйесі интернет тораптарын және FTP – серверлерін құруға рұқсат береді. Осының арқасында басқа қолданушылар (мысалы, модемі компьютерге қосылған, сіздің достарыңыз) сіздің Linux жүйеңізге көп пайдаланушылар режимінде қосыла алады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-25; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1327 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Вы никогда не пересечете океан, если не наберетесь мужества потерять берег из виду. © Христофор Колумб
==> читать все изречения...

2358 - | 2156 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.