Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез - келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Қазіргі компьютерлердің 102 - 104 перне болады.
Пернетақтаның негізгі блоктары:
1. Функционалдық пернелер (F1 - F12) – күрделі операцияларды орындауға арналған, символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F(F1, F2….. F12) әрпімен белгіленген. Функционалдық пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады. Әр түрлі жағдайларда (әр түрлі бағдарламалармен жұмыс істегенде) олар әр түрлі міндеттер атқарады. Мысалы: Бейсик тілінде F1.... F10 пернелерін басып, белгілі командаларды орындауға болады.
2. Цифрлық пернелер – цифрлық ақпаратты енгізуге және меңзерді басқаруға арналған. Цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта, олар 10 пернеден тұрады. Пернетақтада оң жақта орналасқан. Бұлардың көмегімен цифрлық ақпараттарды компьютерге енгізуге, сондай - ақ меңзердің экранда қозғалуын басқаруға болады. «NumLock» пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режимін ауыстырып қосады.
3. Символдық пернелер - алфавитті цифрлық ақпаратты енгізуге арналған. Символ пернелер, олар пернетақтаның ортасына орналасқан. Ол пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл пернетақтаның көмегімен кез - келген алфавитті, цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Пернетақтаның бұл бөлігі латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері және басқа да символдары бар пернелерден тұрады.
4. Орнату пернелері меңзерді экран бойы жылжытуға арналған. Меңзер дегеніміз – экранда (сызықша түрінде) жыпылықтап тұратын символ. Ол символдық перне басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді. Бұл пернелер символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстінде бағдаршалар (стрелка) салынған. Олар меңзерді экранда жылжытуға арналған.
Осы бөліктерден басқа пернетақтада тағы бірнеше арнайы пернелер бар. Олардың негізгілеріне тоқталсақ:
1. F1, F2 - F12 дейін басқаруға арналған функцияналды пернелер.
2. ←↑→↓ – курсорды көрсетілген бағытта бір орынға жылжыту.
3. Enter /ентер/- бір жолдан екінші жолға түсу үшін енгізу пернесі.
4. Backspace /баспайс/- пернесі курсурдың алдындағы қатені өшіреді.
5. Delete /делете/- пернесі курсордың артындағы қатені өшіреді.
6. Tab (Тап)- пернесі курсорды көрші терезеге немесе кестенің кеоесі бағанасына жылжытады.
7. Caps Lock (Капс лок)- пернесінің негізгі режимі кіші әріпті енгізу, қосымша режимі бас әріпті енгізу.
8. Num Lock (Нам лок)- пернелік тақтаның қосымша бөлігін іске қосу үшін қажет.
9. Ctrl, Shift, Alt (ктрел, шифт, алт)- регистрлік пернелер, тек басқа пернелермен ғана бірігіп қызмет атқарады. Мысалы: Shift пернесімен кез келген әріпті бір мезгілде бассаңыз онда ол әріп бас әріп болып түседі.
10. Shift - a - А бас әріпін енгізу
11. Пробел - босорын пернесі.
Кейбір амалдарды орындау үшін, пернелердің комбинацияларын пайдалануға болады. Ол үшін екі: Ctrl, Alt арнайы пернелері бар. Мысалы, пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орын алфавитіне ауыстыру үшін, Alt+Shift пернелерін қатар басады, яғни алдымен Alt пернесін басып тұрып, содан кейін Shift пернесін басады да, олардың екеуін де босатады.
Курсор тұрған тақтаны ағымдық тақта деп
Ctrl + 0 – тақталарды экраннан
Ctrl +Р- экраннан ағымдық емес тақтаны
Ctrl +И-тақталар орнын ауыстырады;
Ctrl +Ғ1-сол жақ тақтаны өшіреді,қайта басса
Ctrl +Ғ2-оң жақ тақтаны өшіреді қайта
Ctrl +В-соңғы жолдағы жатық менюді көрінетін
Ctrl +L-ағымдық тақта жөнінде қорытынды мәліметтерді
Ctrl +Q-ағымдық файл мазмұнын көрші тақтада
Таb-бір тақтадан екіншісіне өту.
Функционалдық пернелер қызметі.
Ғ1-көмек; (экранға анықтама шығарады)
Ғ2-шақыру; (экранға қолданушы менюін шығару)
Ғ3-оқу; (экранға файл мазмұнын шығарады)
Ғ4-түзету; (экранға редакторда файл мазмұнын түзетуге
Ғ5-көшіру; (файл не каталогты көшіреді)
Ғ6-ат өзгерту; файл не каталогтың атын
Ғ7-каталог; (жаңа каталог құруға қолданылады)
Ғ8-өшіру; (файл немесе каталогты дискіден өшіреді)
Ғ9-меню шығару; (NC меню жолын экранға
Ғ10-шығу; (NC жұмысын аяқтайды)
Alt+F1-Диск; (сол жақ тақтада диск атаулары
Alt+F2-Диск; (оң жақ тақтада диск атаулары
Alt+F3-оқу; (файл мазмұнын қарау)
Alt+F4-түзету; (файл мазмұнына түзету еңгізу)
Alt+F5-сығу; (файлдарды архивтеу)
Alt+F6-алу; (архивтелген файлдан керек файлды алу)
Alt+F7-іздеу; (дискіден файлдан іздеу)
Alt+F8-журнал; (соңғы командалар тізімі)
Alt+F9-жол; (тақтадағы жол санын өзгерту)
Alt+F10-тармақ; (каталог тармақтарын шығару)
SHIFT+F2 | Екі терезе құрамын салыстыру. |
SHIFT+F3 | Бірнеше файл таңдалған кезде сілтеме астындағы файлды қарау. |
SHIFT+F4 | Текстік файл құру және оны редакторда ашу. |
SHIFT+F5 | Осы директорияда файл көшірмесін жасау. |
SHIFT+F10 | Контекстік менюді көрсету. |
SHIFT+CTRL+F5 | Ерекшеленген файлдарға жарлық құру. |
SHIFT+F6 | Файл атын өзгерту. |
SHIFT+ESC | Windows Commander-ді тапсырмалық жолға бүктеу. |
ALT+left/right | Алдыңғы каталогтарға өту. |
ALT+down | Алдыңғы каталогтан тізімді ашу. |
NUM + | Ағымдағы файлды немесе каталогты бөліктеу. |
NUM - | Бөліктенген ағымдағы файла немесе каталогты жою. |
NUM | Бөлікті шақыру. |
NUM / | restore selection |
TRL+NUM + | Барлығын бөліктеу. |
CTRL+NUM - | Бөлікті алып тастау. |
ALT+NUM + | Файлды берілген кеңейтулермен бөліктеу. |
CTRL+PgUp, | Backspace Аталық каталогқа көшу. (cd..) |
CTRL+\ | Түбірлі каталогты дискке көшу. |
CTRL+PgDn | Каталогты немесе архивті ашу. |
CTRL+F1 | Ағымдық терезедегі файл турлы ақпаратты қысқаша форматта беру. |
CTRL+F2 | Ағымдық терезедегі файл туралы ақпаратты толық форматта беру. |
CTRL+F3 | Аттарымен сорттау. |
CTRL+F4 | Кеңеитілуді сорттау. |
CTRL+F5 | Мерзімімен сорттау. |
CTRL+F6 | Көлемімен сорттау. |
CTRL+F7 | Сорталусыз. |
CTRL+F8 | Ағаш каталогын көрсету. |
CTRL+F9 | Сілтеме көмегімен файлдағы программаны өңдеу және басып шығару. |
CTRL+F10 | Баолық файл көрсету. |
CTRL+F11 | Тек қана программны көрсету. |
CTRL+F12 | Анықталған тұтынушыға файлды көрсету. |
TAB | Программалар арасындағы терезелерге көшу. |
INSERT | Файл немесе каталогты бөлу. |
Total Commander -файлдық менеджер.Бұл бағдарлама көмегімен біздер;
файлдар мен қапшықтарды мұрағаттау.
қапшықтар құру және жою.
FTP протоколы арқылы сайттарға ақпарат енгізу.
желілік орталықтың жұмыстарын орындау.
файлдар мен қапшықтарды жасырын сақтау.
ДК сөндіру немесе қайта қосу.
файл мен қапшықты мұрағаттау кезінде бірнеше бөліктерге бөлу.
ж.т.б көптеген операцияларды орындай аламыз.