Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Рейно ауруы. Этиологиясы, патогенезі. Диагностикасы, емдеу принциптері. Профилактика.




Рейно ауруы - ұсақ артерия мен артериолалар зақымдалуымен жүретін дерт.Айқын микрципкуляторлы бұзылыстар болады.

Этиологиясы: тұқым қуалау, криоглобулинемия тромбоцитоз, ұзақ уақыттық тоңазу, микседема, артериялардың қысылуы, эндокриндік аурулар, стресстік жағдайлар.

Клиникасы:

1 саты -белгілі бір аймақтағы артериялар мен капиллярлардағы кенеттен спазмның туындауы,әдетте осы аймақ бозарған,салқын болады,сезімталдығы төмендейді.Ұстама уақыты бірнеше минуттардан бінеше сағаттарға дейін созылады.

2 саты -асфиксияның туындауы.асфиксия болған жерде сезімталдық жойылып,қкатты ауырсыну болады.Екінші сатыдағы басты механизмвеналардың салдануы болып табылады.

3саты -ұзақ асфиксияның нәтижесінде дамидыТерінің түсі көкшіл күлгін түске айналады,ісінеді,құрамында қан бар көпіршіктер пайда болады.Көпіршік жарылғаннан кейін сол жерде некроз туындайды.

Диагностика: науқастан анамнез жинау, жалпы қарау, жалпы қан анализі, жалпы зәр анализі, қанныңбиохимиялық анализі, АМЕН пробасы, капилляроскопия

Емі: Консервативті ем Медикаментозды ем (тамыр кеңейтетін препараттар) *Жылы ванна қабылдау *Зақымдалған аймаққа массаж жаса *Ауру қатты асқынған жағдайда оперативті ем (симпатэктомия) *Хирург консультациясы

Алдын алу шаралары

*Тоңазуды болдырмау *Қолғап кию *Зиянды әдеттерден арылу *Тамыр тарылтатын препараттарды қолданбау *стресстік жағдайларды болдырмау

 

№20

Аяқтардың венасының варикозды кеңеюі. Этиологиясы и патогенезі. Клиникасы. Диагностика жәнеемдеу тактикасы.. Профилактикасы..

.

“Варикоз” сөзі латынның “ varix, varices” – кебу, қампаю, ісу деген сөзінен шыққан.

Варикоздық ауруды емдеу туралы алғашқы мәліметтер ежелгі Египет папирустарында кездеседі (3 мың жыл бұрын).

Аяқтың варикозды ауруы біршама кең таралған тамырлық патология болып табылады. 20%жуық ер адамдар мен 40% жуық әйел адамдар осы аурудың әртүрлі формасына шалдыққан.

Аяқтың варикоздық ауруының негізгі этиологиялық факторлары:

Тұқымқуалаушы бейімділік (ата – анасының екеуі де ауырса, пайда болу қаупі 60%)

Жыныстық ерекшелік – әйелдер 1,5 – 2 есе жиі шалдығады (жүктілік, гормоналды бұзылыстар)

Артық салмақ (салмақтық 20% артуы қауіпті 5 есе арттырады)

Ұзақ статикалық жүктеме немесе аз қозғалыс белсенділігі.

Аяқтың варикозды ауруының патогенезінің негізін венозды қанның орталыққа бағытталған ағымын қамтамасыз ететін клапандық аппараттың дисфункциясы құрайды. Клапандық синустардың функционалдық және анатомиялық кемістігінің туындауы аяқтың тері асты және терең көктамырларында вертикалды және көлденең патологиялық рефлюксін туындатады.

Клиникалық классификация

0 саты – ең жұмбақ жағдай, бұл кезде науқас варикоз кезінде болатын симптомдарға (ісік, аяқтағы ауырлық сезіну мен ауырсыну, түнгі құрысулар) шағымданады, бірақ көзге көрінетін белгілерде, зерттеу қорытындыларында да көктамырлардың кеңеюі болмайды

1 саты – аяқта тамырлық «жұлдызшалар» немесе тамырлық торша көрінеді. Сонымен қатар жоғарыда көрсетілген шағымдар болуы мүмкін.

2 саты – 1 сатыны варикозды ауруға жатқызу ғалымдар арасында талас туғызғанымен 2-саты нақты варикоз ауруына жатады. Бұл этапта сіз өзіңізде, компьютер алдында көп отырғаннан кейін және биік тақада жүргеннен кейін, көктамырдың ұлғаюын немесе көкшіл түйінді, көре аласыз. Осы сатыдан бастап тромб түзілуі мүмкін.

3 саты – жоғарыда аталған симптомдарға, әсіресе күннін соңында болатын тұрақты ісік болады.

4 саты – қол аяқтарда трофикалық өзгерістер басталады (қоректену жетіспеушілігіне байланысты). Пигменттің аномальды түске ие болуы мүмкін қою қоңырдан қара түске дейін. Сонымен қатар теріде кішкене қызарудан зақымдануға дейін баратын қабынуы дамиды. Уақыт өте келе теріде ақ түсті, шамалы түлеген аймақтарымен сипатталатын терілік атрофия пайда болуы мүмкін. Бұның бәрі трофикалық жараға алып келеді.

5 саты – жоғары аталғандармен қоса қалпына келген трофикалық жара кіреді

6 саты – белсенді қалпына келметйін трофикалық жара





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-25; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2175 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лучшая месть – огромный успех. © Фрэнк Синатра
==> читать все изречения...

2205 - | 2093 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.