Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Аяқтардың облитерациялық атеросклерозы және эндоартерииті. Этиологиясы, патогенезі. Диагностикасы, емдеу принциптері. Профилактика.




Аяқ артерияларының облитерациялық атеросклерозы – бұл аяқ артерияларында атеросклеротикалық түймедақ пайда болып,тамыр қуысы тарылып, қанайналым бұзылысына және жүктеме кезінде, кейін тыныштық кезде де пайда болатын ишемия (оттегі жетіспеушілігі) әкелетін патология.

Этиология: шылым шегу, жиі артериального қан қысымының көтерілуі, қандағы жалпы холестериннің жоғары концентрациясы, артық салмақ(семіздік), ас қозғалыстық өмір салты(гиподинамия), қант диабеті, жақын туыстарында жүрек-қантамыр ауруларының болуы.

Патогенез. Атеросклероз кезінде қантамырлардың тарылуы (стеноз) немесе толық бітелуі (окклюзия) болады.Тіндерге қалыпты қан келуі бұзылады. Артериялар 70%-тен аса тарылғанда қанайналысы түрі және жылдамдық көрсеткіштері қатты өзгереді.Тіндердің оттегі және қоректік заттармен қамтылуы жетіспеушілігінен олардың қызметі бұзылады.

Клиника: 500 немесе одан кем метр жүргенде балтыр немесе сан бұлшықеттерінде пайда болатын әлсіздік, кенет тоқтап кідіруге әкелетін аяқта пайда болатын ауырлық неемесе бұлшықеттердегі ауырсыну, сирақтардағы терінің өзгеруі,қабыршақтануы,түктердің түсуі.

Диагностика. Тобық-иықтық индексті анықтау (тобық-иықтық индекс – бұл аяқ артерияларындағы артериялық қанайналымының адекваттылығын анықтау параметрі);

-аяқ артерияларын дуплексті сканерлеу – науқастарды скринингтік зерттеудің "алтын стандарты" (анықтау және динамикалық бақылау);

-МСКТ- аорта және аяқ артерияларының ангиографиясы – операция алдылық тексерудің және УЗДГ ақпараты жеткіліксіз кезіндегі "алтын стандарт" болып табылады;

- рентгенконтрастты ангиография.

Емі.

Консервативті терапия

Облитерациялық атеросклероздың ерте сатыларында консервативті ем көрсетілген.Ол міндетті түрде кешенді болуы тиіс.Сонымен қатар,тамыр спазмын тудыратын барлық факторлар жойылуы керек. Толық емделіп шығуы үшін шылым шегуден бас тарту шарт болып табылады. Физикалық белсенділікке көп мән беріледі.Ақсақтығы бар науқастар күнделікті 30-45 мин жүруі қажет.Бұл ұсақ артериялардың дамуына,бұлшықеттік күшеюіне,ауырсынусыз жүру арақашықтығын көбейтуге септігін тигізеді.

Ауырсыну және бұлшықетте қысылу пайда болғанда жүруді тоқтатып,басылғасын кері жалғастыру керек. Жиі велосипед тебу және жүзуді науқастар жүруге қарағанда жақсы көтереді (бірақ оны алмастыра алмайды).Артериялық қан қысымын көтеру коррекциясы, қанның холестерин деңгейін,қант диабеті бар науқастарда қант деңгейін қалыпқа келтіру жүргізіледі.Ұсақ тамырлар тонусын азайтатын, эритроциттердің белсенділігін күшейтетін және қантамырларда тромб түзілуін болдырмайтын препараттар қолданылады.Сонымен қатар, физиотерапиялық,бальнеологиялық процедуралар,гипербариялық оксигенация қолданылады.

Аяқ артерияларының атеросклерозын хирургиялық емдеу.

Реконструктивті операциялар:

Рентгенэндоваскулярлы емдеу әдістері. Рентген сәулелерінің бақылауымен арнайы жіңішке құралмен сан артериясындағы кішкене тесу арқылы (басқа артериялар сирек) аяқ қантамырларының зақымдалған бөлігіне қол жеткізе аламыз. Қазіргі заманғы техника тамыр аймағын арнайы баллон арқылы ішкі жағынан кеңейтуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар, қажет болған жағдайда қайталап тарылуды болдырмайтын жіңішке металликалық каркас (стент) орнатуға мүмкіндік береді.

Ашық оперативті араласулар. Қантамыры 7-9 см дейін бітеліп қалған науқастарда артерияның ішкі өзгерген қабатын атеросклеротикалық түймедақпен және қан ұйындыларымен бірге (эндартерэктомия) алып тастайды. Артерия қабырғасында кальцийдың жиналуынан пайда болатын окклюзивті процесс күшеюі болған жағдайда қанағысының айналма жолы (шунт қою) немесе артерия бөлігін кесіп,синтетикалық протез немесе биоматериал қою жүргізіледі.

Ампутация

Егер жүргізілген емге қарамастан зақымдалған аяқтың ишемиясы жалғасып, гангрена өршісе – бұл ампутацияға көрсеткіш болып табылады.Ампутация деңгейі қатаң түрде индивидуалды болуы керек және аяқтың қанмен қамтамасыз етілуі ескерілуі керек.

Алдын алу

-Шылым шегуден бас тарту.

-Дұрыс тамақтану, холестеринсіз диета.

-Физикалық белсенділік.

Еңбекпен қамту

Командировкаларға,түнгі кезекшілікке,тұрып жұмыс жасауға,суық және ылғалды жерлерде жұмыс істеуге тиым салынатын рациональды еңбекпен қамтылу

Сұрақ.

Аяқтардағы көктамырдың қан айналымының бұзылыстары кезінде жалпы тәжірибелік дәрігердің диагностикасы және жүргізу тактикасы.Профилактика. Науқастың жұмысқа қайта қалыптасуы

Венозды: 1 Көктамырдың варикозды кеңеюі. Көктамырдың бұлшық ет қабырғасы болмағандықтан жиырыла алмайды. Алайда, қанның табиғи тартылыс күші болғандықтан жоғары яғни жүрекке қарай ұмтылады. Бұл көптеген факторлардың арқасында болады. Олардың бірі коммуникативтік (жалғастырушы) веналардағы арнайы клапандар болып табылады. Беткей тамырлардағы қанды терең тамырларға кері өтуіне жол бермейді. Терең көктамырлардан қанның жоғары көтерілуінің себептері:1)артериалық қан қысымы, аяқ бұлшықеттерің жұмысы. Бұлшық ет жиырылған кезде терең тамырларды итереді.2) тромбофлебиттер. Тромбофлебит деп көктамыр қабырғасында тромбтың болуына байланысты қабынуы. Сондықтан бұл ауру бірқатар жағдайларда аяқтың варикозды ауруларының асқануы болып табылады. Қабыну кезінде томбофлебит асептикалық болып табылады, ол микробтардың қатысуынсыз өтеді. Көбіне тромбофлебиті бар науқастар аяқтардың қан айналысының бұзылыстарына әкеліп соғатын аурулары жеткілікті болады. Бұл созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, ауыр эндокринологиялық, онкологиялық ауруы бар науқастар. Тромбтың көлеміне байланысты толық немесе жартылай жабылуы мүмкін.Саңылаудың жартылай жабылуы аяқтың созылмалы венозды қанайналымының бұзылысына әкеледі.Аяқтың қан айналамының бұзылуына әкелетін қауіп факторлар:

1. Қант диабеті

2. Темекі шегу

3. Холестерин деңгейінің көтерілуі

4. Липидті баланстың бұзылуы

5. АҚ көтерілуі

6. 1 одан жоғары дәрежедегі семіздік

7. Аз қозғалыс және т.б

Аяқтың қан айналымы бұзылысын емдеу.

Аяқтың қан айналымы бұзылысын емдеу бұзылыс көлеміне байланысты ем таңдалады. Мамандар қажет зерттеулер жасап, патология себебін анықтап содан кейін кешенді терапия әдісін таңдайды. Аяқтың қан айналымы бұзылысы кезінде қан тамырларының тонусын төмендететін қан айналымын жақсартуға ықпал ететін гомеопатиялық және флеботропты, лимфотоникалық, БАД препарттары тағайындалады.

Қосымша емдік терапия ретінде қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер, антикоагулянттар, метаболикалық алмасуды түзететін препараттар, гирудотерапия тағайындайды.

Сұрақ.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-25; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2250 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если президенты не могут делать этого со своими женами, они делают это со своими странами © Иосиф Бродский
==> читать все изречения...

2461 - | 2328 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.