Факультативті рак алды ауру ағзаның ішкі және сыртқы жағымсыз факторлардың сәйкес келуінде ракқа өтіп кетуі мүмкін. Факультативті рак алды ауруына жатады:
§ Қарттық (күндік, актиниялық) кератоз
§ Терініңмүйізгегі
§ Кератоакантома
§ Қарттық (себорейлі) кератома
§ Кеш сәулелік жаралар
§ Трофикалық жаралар
§ Мышьяк тәрізді кератоз
§ Тыртықтар
§ Туберкулез, жүйелі қызыл жегі, сифилис кезінлегі терінің зақымдалуы
Қарттық (күндік, актиниялық) кератоз жиі 50 жастан асқан ер адамдарда терінің ашық жерлерінде кездеседі. Өзгерістер қабыршақтанған сары-қоңыр түсті қабыршақтардың жинағы, дөңгелек пішінді, диаметрі 1 см артық емес болып көрінеді. Қабыршақтар терімен жабысқасын, оларды жою қиынлау, ауырсынумен. Қатерлі жалпақ клеткалы ракқа ауысуы туралы зақымдалу ошағында қышыну, ауырсыну, ифильтрация, өрнек және қан кетудің пайда болуы ақпарат береді.
Терінің мүйізгегі терілік кератоздың бір варианты ретінде қарастырылады. Жарақатқа жиі ұшырайтын тері орнында жиі дамиды. Тығыз цилндр немесе конус тәрізді, терінің бетіне шығып тұратын, сары-қоңыр немесе сұрғылт түсті, астындағы терімен тығыз байланысқан түзіліс. 4-5 см дейін ұзындықта болуы мүмкін, баяу өсуімен сипатталады. Малигнизация кезінде терігің мүйізгегі негізі аймағында қызару, тығыздалу және ауырсу пайда болады.
Қарттық (себорейлі) кератома – бұл егде және қарттық жастағы адамдарда жиі кездесетін эпителиальды ісік. Терінің жабық жерлерінде орналасады. Зақымдану ошақтары көптеген, баяу өседі, 1-2см диаметрге жетеді. Қарттық кератома тегіс немесе бұдырлы, овальды немесе дөңгелек пішінді, айқын шеттері бар, қоңыр немесе сұрғылт-қара түсті табақша. Табақшаның беті деңіл алынатын май қыртысымен, қапталған, ұсақ бұдырлы, себебі мүйзгек кисталары бар(бітелген түк фолликулалары). Қарттық кератоманың малигнизациясы сирек болады. Малигнизация үшін бетінде эрозияның пайда болуы және негізінің тығыздалуы тән.
Сұрақ.
Тері рагіне күмән келтірген кезде науқасқа қандай зерттеу жүзгізу керек? Тері рагінің емдеу әдісі.
Тері рагының диагностикасы
Тері рагына күмән бар науқастар дерматоонкологтан кеңес алуы тиіс. Дәрігер түзілісті және терінің басқа да аймағына қарап, жергілікті лимфа түйіндерін пальпациялайды, дерматоскопия өткізеді. Ісіктің өсу тереңдігін және үрдістің таралуын анықтау УДЗ көмегімен өткізуге болады. Тері рагының диагнозын түпкілікті растау немесе жоққа шығару цитологиялық немесе гистологяилық зерттеу арқылы нақтылауға мүмкіндік бар. Цитологиялық зерттеу рак жарасынан немесе эрозиясының бетінен алынған жағындыны арнайы бояумен бояп, микроскопия әдісімен жүргізіледі. Тері рагының гистологиялық диагностикасы жаңа түзілісті алып тастаған кейінгі немесе биопсия жолымен алынған материалда өткізіледі. Егер ісіктік түйіннің үстіндегі тері тұтастығы бұзылмаған болса, онда биопсиялық материалды алу пункциялық жолмен орындалады. Лимфа түйінің пункциялау көрсеткіш бойынша орындалады. Гистология атипиялық клеткаларды табады, олардың шығу тегін (тегіс, базалды, мелоциттер, безді) және дифференцировка дәрежесін анықтайды.
Тері рагын диагностикалау кезінде кейбір жағдайларда оның екіншілік сипатын, яғни ішкі мүшелердегі біріншілік ісікті жоққа шығару керек. Бұл әсіресе тері аденокарциномасына қатысты. Осы мақсатпен іш қуысы мүшелерінің УДЗ зерттеуін, өкпе рентгенографиясын, бүйрек КТ, контрастты урография, қаңқа сцинтиграфиясы, бас миы КТ және МРТ және т.б, жүргізіледі. Дәл осы зерттеулер алыстанған метастаздар мен тері рагының тереңдеп өсу кезінде қажет.
Тері рагының емі
Емдеу үшін келесі әдістер қолданылады:
· Сәулелік
· Хирургиялық
· Дәрілік
· Криодеструкция
· Лазерлі коагуляция
Тері рагының емдеу әдісін таңдау оның түріне, үрдістің таралуына, рак жасушаларының дифференцировка дәрежесіне сәйкес анықталады. Пациенттің жасы мен тері рагының орналасуыда ескеріледі.
Тері рагын емдеудің негізгі мақсаты – оны жою. Оны орындау жиі патологиялық өзгерген тіндерді хирургиялық жолмен кесу арқылы орындалады. Ота көрінерлік сау тіндерді 1-2см алып орындалады. Операцияны сау тіндерді минималды түрде, ал ісік клеткаларын максималды түрде алып орындау, алынатын түзіліс аймағының шетін микроскопиялы интраоперациялық зерттеу мүмкіндік береді.Тері рагын кесу көмірқышқылды лазерь көмегімен орындалуы мүмкін, ол операция уақытындағы қан кетуді азайтып, жақсы косметикалық нәтиже береді.
Тері рагының айналасындағы тіндерге аздап өсуінмен сипатталатын кішкене өлшемді (1-2см дейін) ісіктерде электрокоагуляция, кюретаж және лазермен жою қолданылуы мүмкін. Электрокоагуляция өткізу кезінде сау тіндерді 5-10 см алу ұсынылады. Беткей жоғарғы дифференцировкаланған және аз инвазивті тері рагы сау тіндерді 2-2,5 см алып криодеструкциялануы мүмкін.Криодеструкция кезінде алынған материалға гистологиялық зерттеу мүмкіндік бермегендіктен, оны алдын алу биопсия жолымен ісіктің аз таралуын және жоғарғы дифференцировкаланғаның дәлелденген соң жүргізіледі.
Фотосенсибилизатор енгізу фонында, тері рагының емінде фотодинамикалық терапиясын қолдануға болады. Базалиома кезінде цитостатиктермен жергілікті терапия оң әсерін береді.
Сұрақ.