Шикізатты кіруге арналған бақылауға үлгілерді алу және дайындауды түсіндіріңіз.
Шикізатқа бақылау жүргізгенде қаптан 10% бірлік сынамалар алады. Егер сынақтардан бір көрсеткіштен қанағаттанарлықсыз нәтижелер алынса, онда екі еселеніп алынған сынамаларды барлық көрсеткіштер бойынша қайта сынақтан өткізеді. Қайта сыналған сынамалардан бір көрсеткіш бойынша қанағаттанарлықсыз нәтиже алынса, онда өнімнің барлық партиясын брактайды. Қайталанған сынақтың нәтижелері соңғы болады және барлық партияға таратылады. Шикізатты анализге дұрыс іріктеу және дайындау маңызды орын алады. Сынаққа шикізаттың орташа сынамасын – жалпы массадан алынған және құрамы өнімнің орташа құрамына сәйкес келетін материалдың мөлшерін ұшыратады. Материалдардың орташа сынамасын іріктеу әдістемесі біріншілік және зертханалық сынамаларды қамтиды. Зертханалық сынаманы біріншіліктен ұсақтау, араластыру және қысқарту арқылы алады.
Біріншілік сынама үшін шикізатты (ұнтақ, гранулалар, кесектер) тараның әр түрлі жерлерінен – материалдың жоғарғы, ортаңғы және төменгі қабаттарынан шамалап бірдей мөлшерде алады. Контейнерлер мен цистерналардан сынаманы тараның биіктігі бойынша кем дегенде үш жерден алады.
Іріктелген сынамаларды қосып, мұқият араластырады. Қажет болса, материал қолмен немесе ұнтақтағышпен майдаланады. Шикізаттың аз мөлшерін қалақшамен араластырады, ал егер сынаманың жалпы массасы айтарлықтай болса, онда оны күрекшемен конус тәрізді етіп үйеді және бірнеше рет орнына ауыстыра отырып араластырады. Одан әрі арнайы операция – қысқартуды жүргізіп, құрамы бойынша біріншілік сынамаға сәйкес келетін зертханалық сынама алынады.
Сынаманы қысқартудың кең тараған әдісі – квартование. Сынаманы түзу бетке конус түрінде үйеді. Содан кейін конустың шыңына тігінен жұқа тақтайшаны қояды, осы тақтайшаны конустың осі бойынша айналдыра отырып, конусты дискке айналдырады. Әрі қарай дискті квартованиеге ұшыратады: төрт бірдей секторға бөледі. Қарама-қарсы екі секторды жойып, қалған екеуін араластырады және қажет болса, квартование операциясын ГОСТ бойынша қажетті массаға дейін қайталайды.
Алынған жалпы сынаманы таза, құрғақ, тығыз жабылатын металл немесе шыны құтыға немесе полиэтиленді пакетке салады. Тараны шикізатты өндіруші-зауыт атауымен, өнімнің атауымен, партия нөмірімен және сынаманы іріктеген күн белгіленген этикеткамен жабдықтайды. Зертханалық сынамаларды жалпы сынамадан сарқу арқылы іріктейді. Бұл кезде сынаманы ағаш немесе металдан жасалған бетте диск түрінде тегістейді және бірнеше перпендикулялы қатарларға бөледі. Одан әрі сынаманы ортасынан шахмат ретімен іріктейді.
Қайталанатын нәтижелерге қол жеткізу мақсатында шикізаттың қасиеттерін анализдеу кезінде материалдың сынамаларын сынақтың алдында кондиционирлеуге ұшыратады, яғни белгілі бір температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдылығында бөлмеде немесе арнайы камерада ұстайды. Үлгілерді ұстау уақыты мен ұзақтығы материалға байланысты ГОСТ-тармен және ТЖ-мен регламенттеледі.
Полимерлі материалдардың сапа көрсеткіштерін бақылауды атаңыз.
Өнім сапасы – бұл оны қолдану жағдайына сәйкес жарамдылық шарттарына жауап беретін қасиеттерінің жиынтығы. Өнім сапасының сандық көрсеткіші оның қасиетімен сипатталады.
Өнімнің сапа көрсеткіші (ӨСК) – оны қолдану және өндіру шарттарын қарастыратын бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық жиынтығы.
Полимерлі материалдарды (ПМ) өңдеу технологиясында кең ауқымды номенклатура (ӨСК) қолданылады.Бұл көрсеткіш арқылы бастапқы шикізат пен материалдардың сапасының нормативті техникалық құжатқа сәйкестігін бағалайды, олардың техникалық бағытын болжайды, сонымен қатар, белгілі бір берілген қасиеттер жиынтығы бар өнімдер алудың мүмкіндігін анықтайды.Өнім сапасының көрсеткіштері мынадай болуы мүмкін:
• біртекті (бір ғана қасиетін көрсететін),
• кешенді (бірнеше қасиет көрсететін):
• анықтағыш (сапасына қарап шешім қабылдайды);
• интегралды (өнімді қолдану және пайдалануынан түсетін пайданың оны өндіруге кеткен пайдаға кеткен қатынасымен анықталады) болып бөлінеді.
Практикада ӨСК-ны анықтау үшін төмендегідей әдістер қолданылады:
• өлшеу әдісі, ол техникалық өлшеуіш заттарын қолданумен алынған мәліметке негізделген.
• есептеуіш әдісі, ол өнім параметрлеріне тәуелді сапа көрсеткішінің теориялық және эксперименттік тәуелділіктерінің негізінде жасалады.
• органолептикалық әдіс бұл сезу мүшелерінің сезгіштігіне негізделген.
• эксперттік әдіс ол эксперттердің шешіміне негізделген.
• социологиялық әдіс – бұл тұтынушылардың сараптамасына негізделген әдіс.