Мұнай өңдейтін қондырғылардың жылуалмастырғыштарының басым бөлігі- кожухотрубчатый жылуалмастырғыштар. Олардың барлығы цилиндрлік корпус (кожух) және цилиндр ішіне орналасатын трубалар түйіндерінен тұрады. Кожухотрубчатый жылуалмастырғыштардың конструкциясы стандартпен жасалады. Әр түрі сұйықтықтар, газдар немесе бу арасындағы жылу алмасу не термохимиялық процестер кезінде, бастапқы заттардың агрегаттық күйлері өзгеріп не өзгермей қолданылады. Кожухотрубчатый жылуалмастырғыштар 20ғ басында пайда болды. Сол уақытта жылу станцияларының дамуына орай үлкен қысымда жұмыс істейтін үлкен беттік көлемдегі жылуалмастырғыштар қажет болатын.Олар конденсатор, жылытқыш және буландырғыш ретінде қолданыла береді. Кожухотрубчатый жылуалмастырғыштардың құрылысы:
1. Трубалар шоғыры
2. Трубалықтақта (доска)
3. Цилиндрліккорпус (кожух)
4. Қақпақ
5. Камера
6. Патрубка
7. Тіреуіш.
Жылуалмастырғыштардың корпусы болаттан жасалады. Оның қалыңдығы жұмыс ортасының қысымы және корпус диаметріне байланысты.4 мм кем болмауы тиіс. Қолданылатын трубалар диаметрі 12-57 мм аралығында болады. Трубалар арасындағы тіреуіш жылуалмасу жылдамдығын, эффективтілігін арттырады.
Аппараттағы трубалардың орналасу ретінің 3 түрі бар.
а) дұрыс алтыбұрыш периметріне сәйкес;
б) шеңбер бойын айнала;
в) тіктөртбұрыш периметріне сай
Құбыр ішіндегі құбыр. Өндірілген өнімді дайындауға қажетті жылуалмастырғыш аппараттарды құрастыру және есептеу Өндірілген өнімді дайындау үшін қолданылатын жылуалмастырғыш аппараттарды қаптамақұбырлы және ауамен суытқыш болып бөледі. Қаптамақұбырлы жылуалмастырғыштар жүзбелі басты қатты типті және U-бейнелі құбырлар болуы мүмкінU- тәрiздi жылуалмасу аппараттары бiр бағаналы болып келедi. Бұл бағана U-тәрiздi құбырлар орналасқан. Әрбiр құбыр қыздырғанда мүмкiндiгiнше ұзарады, сонымен температуралық қысым компенсацияланады.Құбыр тәрiздi жылуалмастыру аппараттары бумен сұйықтық арасындағы жылудың алмасуы үшiн қолданылады. Құбыр тәрiздi жылуалмастыру аппараттарының ерекшелiгi олардың металдардың аз шығындалуында, U- тәрiздi жылуалмасу аппараттарын есептемегенде құбырлардың iшiнiң оңай тазалануында.Кемшiлiгi: жылутасымалдағыштың үлкен жылдамдыққа жетуi қиынға түседi, көп жүрiстi жылутасымалдағыштарды есептемегенде құбыр аралас кеңiстiктердi тазалау қиындығы, пiсiруге келмейдi.Артықшылығы: қақпақтарда көлденең арабөлгіштер бар. Олар құбырларды секцияларға бөледі. Бұл секцияларда құбырлық кеңістіктегі зат жылжиды. Көпжолды жылу алмастырғышта құбырлық кеңістіктегі жылу тасымалдағыштың жылдамдығы жолдасанына байланысты артадыҚұбыр ішіндегі құбыр тәрізді аппараттар диаметрлері үлкен сыртқы құбырлар және диаметрлері кіші ішкі құбырлардан тұрады. Сыртқы және ішкі құбыр элементтері бір-біріне калач және патрубкалар көмегімен біріккен. Жылу тасымалдағыштардың біреуі ішкі құбырмен жылжиды, екіншісі сақиналы каналмен сыртқы және ішкі құбырлар арасымен жылжиды
Быр желілердің температуралық деформациясын анықтау және ондағы компенсаторлардың жұмыс істеу принципі мен роліне түсініктеме беріңіз.
Технологиялық құбыр желілері ортаның әртүрлі температурасында эксплуатацияланады, сондықтан технологиялық процессті қосылып және тоқтатылуы температуралық температураға ұшыратады.
Қыздырылған және салқындатылған кездегі құбыржелілерінің ұзындығының өзгеруінің абсолюттік мәні мына формуламен анықталады:
∆l= αl∆t
Мұндағы α-құбыр металының сызықтық кеңеюінің коэффициенті, болат үшін α-12*10-6м/(м*С)
l-құбыржелісінің ұзындығы
∆t-қыздырылып не салқындатылғаннан кейінгі температуралардың абсолюттік айырмашылығы
Егер де құбыр желісі өздігінен созылып не қысқара алмаса, онда температуралық деформация құбыр желілерде сығылу кернеуі немесе созылу кернеуін тудыраы, оны мына формуламен анықтайды:
σ=Eξ=E (∆l/l)=E(αl∆t/l)
σ=Eα∆t
E- құбыр материалының беріктілігінің модулі
ξ-құбырдың салыстырмалы ұзаруы не қысқаруы
Шекті өзгеретін құбырделілердің температурадары осындай бұзылудан сақтану үшін температуралық кернеуді жеңіл қабылдайтын компенсирленген қондырғымен жабдықталу қажет. Компенсаторлар құбыр желісінде әр 20-40 м сайын орналасады. Құбыр желілердің әр компенсаторға келетін соңғы аймақтары тіреуіште қозғалыссыз бекітіледі. Компенсатордың компенсирлеуші қабілеті конструкциясына қатысты болады. Практикада майысқан(Х-2 сурет) және толқынды немесе линзалы (Х-3 сурет) және өте сирек –сальникті түрлері қолданылады.
Саптамалы ректификациялық колонналардың түйіндері мен бөлшектерін сызбанұсқа арқылы сызып жұмыс істеу принципіне түсініктеме беріңіз.
Ректификациялы колонналар деп, талап етілетін концентрациясы мақсатты өнім алу үшін өзара еритін екі сұйықтық қоспаның нақты бөлінуіне арналған вертикальды цилиндрлік аппарат.
Фазалардың тиімді байланысуын қамтамасыз ету үшін ректификациялы колонналар ішкі құрылғылармен жабдықталады.
Осы құрылғылардың концентрациясына байланысты үздіксіз саптамалы және сатылы (тарелкалы) фазалардың байланысуы жүреді.
Насадкалы колонналар (саптамалы)
Саптамалы ректификациялы колонналар конструкциясы бойынша өте қарапайым болып табылады. Олар – ұзына бойы инертті материалдармен жабдықталған цилиндрлі вертикальды аппарат.
Саптама одан ағып өтетін сұйықтықпен көтерілетін бу ағынының арасындағы байланыстың бетінің үлкен болуы үшін және олардың қарқынды араласуы үшін арналған. Саптамалы колоннада масса алмасу мен байланыс аппаратының барлық көлемінде үздіксіз жүреді. Осы арқылы саптамалы колонна тарелкадан ажыратылады. Саптамалы колоннаның тарелкалы колоннадан салыстырғанда жұмысының маңызды сапасы болып шағын гидравликалық кедергісі болып табылады.