Лекции.Орг

Поиск:


A. көз алмасының ығысуын анықтау үшін 6 страница



Е. Компьютерлі томография

?

  1. Науқас 17 жаста, кеуде клеткасының аяқасты ауырсынуы, ентігу шағымдарымен клиникаға түсті.

Болжамдаған диагнозыңыз?

А. Спонтанды пневматоракс

В. Ішке қан кету

С. Миокард инфарктісі

D. Қабырғалар сынуы

Е. Өкпе инфарктісі

?

  1. Созылмалы өкпе абсцессін қандай аурулармен жиі дифференциалды диагностика жүргізеді:

А. Өкпе туберкулезі, өкпе обыры, өкпе актиномикозы

В. Созылмалы пневмония, эмпиема плевры

С. Өкпе гангренасы, буллезді ауру

D. Өкпенің паразитарлы кистасы

Е. Бронхэктатикалық ауру

?

  1. Науқас 26 жаста, кеуде клеткасының пышақпен жарақаттануымен ауруханаға түсті. Қарау кезінде – науқас жағдайы ауыр, айқын ентігу, тахикардия, алдынғы бүйір қабырғасында аздап қансыраған сызықты үзілген бар. Дем алғанда жарақат шеттері ашылады, дем шығарғанда – керісінше жабылады.

Науқаста қандай асқыну дамыған?

А. Клапонды пневматоракс

В. Плевраішілік қан кету

С. Ірі бронхтың жарақатталуы

D. Жүрек жарақаты

Е. Перикардит

?

  1. Өкпенің қай ауруы кезінде үш қабат қақырық қалыптасады: төмеңгі – іріңді, ортаңғы – серозды, жоғарғы – шырыш:

А. Өкпе абсцессі

B. Бронхоэктазды ауру

С. Өкпе гангренасы

D. Созылмалы пневмония

Е. Плеврит

?

  1. Диагностикалық торокоскопия жасау кезінде троакар енгізу нүктесі:

А. 4 қабырға аралық қолтық асты ортаңғы сызық алдынан

В. 3 қабырға аралық бұғана орта сызық бойымен

С. 5 қабырға аралық жауырын орта сызығы

D. 6 қабырға аралық қолтық асты артқы сызығы

Е. 7 қабырға аралық қолтық асты ортанғы сызық артынан

?

  1. Трансудат плевралы эксудаттан айырмашылығы:

А. Белок көп, лейкоцит көп, фермент көп, глюкоза көп.

В. Белок көп, лейкоцит көп, фермент аз, глюкоза аз.

С. Белок аз, лейкоцит аз, фермент аз, глюкоза аз.

D. Белок аз, лейкоцит аз, фермент көп, глюкоза аз.

Е. Белок көп, лейкоцит аз, фермент аз, глюкоза аз.

?

  1. Зардап шегушіде оң жақ кеуде клеткасында енбелі (проникающая) кесілген-шабылған жарақат бар, оң жақтық пневматоракс, жүрек тампонада клиникасы.

Негізгі тактика?

А. Оң плевральді қуысты дренирлеу, жедел түрде сол жақты торакотомия, көрсеткіштеріне байланысты оң жақта

В. Жедел оң жақты торакотомия

С. Екі жақты бірмезетті жедел торакотомия

D. Жедел стернотомия

Е. Моно бойынша жедел торакотомия

?

  1. Зардап шегушіде кеуде клеткасында төстің оң қырында 5 қабырғааралықта жарақат бар, тотальді оң жақты пневматоракс.

Негізгі тактика?

А. Стернотомия

В. Моно бойынша торакотомия

В. Грилло бойынша торакотомия

D. Оң жақтық торакотомия

Е. Бір мезетті екі жақтық торакотомия

?

  1. Зардап шегуші оң жақ кеуле клеткасының жаншып-кесілген жарақаты алғаннан кейн 30 мин кейін жеткізілді, Жағдайы орташа, қалыпты, АҚ 110/70 мм с.б., пульсі мин 90 с., Нв 110 г/л, рентгент тексеру кезінде жауырын бұрышында сұйықтық деңгейі бар, Плевральді қуысты пункциялағанда қан алынды, Рувилуа-Грегуара пробасы оң.

Әрі қарай емі қандай?

А. Қанның толық эвакуациясына дейін пункцияны жолғастыру

В. Оң жақтан артқы қолтық асты сызығы б/ша 7 қабырғааралықта плевра қуысын дренаждау

С. Жедел торакомия

D. Жедел торакоскопия

Е. Инфузионны-трансфузионды терапия

?

  1. Жедел абсцестің созылмалы абсцеске ауысуына байланысты:

А. Орналасуы, өлшемі, абсцесс формасы микробты флорасы бар, абсцесс дамытатын, дәріне тұрақтылық

В. Қосымша патология

С. Плевра эмпиемасы бар

D. Пиопнеаматоракс және т.б. асқынысы бар

Е. Дренирлеуші бронх өткізгіштік жағдайына

?

  1. Өкпе гангренасында сәйкес көрсеткіштер болғанда мынадай операциялар жасауға болады:

А. Бөліктік бронхты Ниссен-Богуш бойынша байлау, өкпе артериясын байлау

В. Әртүрлі кешенді резекциялар, соның ішінде плеврэктомиямен

С. Лоб-, билоб- немесе плевролобэктомия

D. А.А.Вишневский операциясы (мл.)

Е. Пульмонэктомия, плевропульмонэктомия, басты бронхты және өкпе артериясын трансстернальды трансперикардиальды окклюзиялау, эмпиема фенестрациясы и пневмотомия

?

  1. Хирургиялық клиникада бронхоэктаздық аурудың диагностикасында көп ақпарат беретін және маңызды әдісі болып табылады:

А. Бронхты КТ және ЯМР зерттеу

В. Өкпе желдетілуі мен қандануын радионуклидті зерттеу әдістері

С. Рентгенотомография

D. Бронхоскопия

Е. Бронхография

?

  1. Науқас 65 жаста екі апта бойы гипертермияға байланысты өзі емделген. Аурудың басталуын салқындаумен байланыстырады, содан соі дене қызуы 38,0С ге дейін жоғарылаған, басында құрғақ, кейін шырышты іріңді бөлініспен жөтел пайда болған. Жағдайы біртіндеп нашарлаған, әлсіздік күшейген, қалтырау және лихорадка пайда болған (үш күн бұрын жөтелген кезде бірмезетте ауыз толтыра 200мл сасық қақырық бөлінген, содан соң жағдайы аздап оңалып, температурасы төмендеген).

Қандай ауруға күдіктенуге болады?

А. Плевра эмпиемасы

В. Өкпенің жедел абсцессі

С. Созылмалы спецификалық емес пневмонияның өршуі

D. Пневмонитпен өкпе қатерлі ісігі

Е. Бронхоэктаздық ауру

?

  1. Науқаста жедел өкпе абсцессінің жарылуынан үш күннен кейін жөтел кезінде оң жақ кеуде бөлігінде аяқ астынан ауырсыну сезімі, ентігу пайда болды. Қарау кезінде кеуденің оң бөлігі тыныс алудан артта қалып отырады. Перкуссияда кеуденің оң жағының жоғарғы бөліктерінде қораптық дыбыс, ал жауырыннан төмен тұйық дыбыс. Оң өкпенің барлық бөлігінде тыныс әлсіреген.

Қандай жағдайдың туындағанына күдіктенуге болады?

А. Өкпе гангренасы

В. Пиопневмоторакс

С. Гидроторакс

D. Гемоторакс

Е. Пневмоторакс

?

  1. Науқас 67 жаста, пневмонияны бастан өткерген, плевраның жедел эмпиемасы анықталды. Бұл жағдайда міндетті түрде жасалуы керек:

А. Жасанды пневмоторакс

В. Плевра қуысын тері арқылы пункциялық дренаждау, активті аспирациямен

С. Торакотомия жәнеплевра қуысын тампондау

D. Өкпе декортикациясы және плевра қуысын дренаждау

Е. Плевра қуысын бір реттік пункциялау, құрамын аспирациялау және кейінгі антибитоиктер енгізу үшін

?

  1. Өкпе гангренасына мынадан басқасының бәрі тән:

А. Зақымдалған шекарада грануляциялық валдың болмауы

В. Пиогенді мембрана болуы

С. Өкпе тінінің жайылған некрозы

D. Аурудың клеткалық иммунитеті төмендеген науқастарда дамуы

Е. Рентгенограммада анықталатын өкпе тінінің анық шекараларынсыз қараюы

?

  1. Іріңдіктердің оң өкпеде жиі дамуын немен түсіндіруге болады:

А. Қысқа сол басты бронх кеңірдектің жалғасы болып табылады

В. Қысқа және кең оң басты бронх кеңірдектің жалғасы болып табылады

С. Оң өкпеде 3 бөліктің болуымен

D. Cол өкпеде 2 бөліктің болуымен

Е. Ұзын және тар басты бронх жеткілікті желденуге кедергі келтіреді

?

  1. Өкпенің жедел абсцессінің түзілуінің екінші кезеңінде рентгенологиялық зерттеуде анықтайды:

А. Сұйықтықтың горизонтальды деңгейімен және қоршаған өкпе тіндерінің қабынулық инфильтрациясымен бір немесе көптеген қуыстар болуы

В. Шеттері тегіс емес және контурлары анық емес әртүрлі көлемді және интенсивті ошақты қараюлар

С. Сұйықтықтың горизонтальды деңгейімен және қоршаған өкпе тіндерінің қабынулық инфильтрациясынсыз бір немесе көптеген қуыстар болуы

D. Дөңгелек көлеңке

Е. Плевра қуысында сұйықтық деңгейі

?

321. Шектелмеген эксудативті плевритке дәрігер перкуторлы дыбыстың тұйықталған жерде плевралды пункция жасауда. Қабырға аралық нервті зақымдап алды.

Пунция барысында иненің қабырғаға қатынасы:

А. Төмеңгі жатқан қабырғаның жоғарғы қырымен

В. Жоғарғы жатқан қабырғаның төмегі қырымен

С. Қабырғалардың төмегі қырларының аралығының ортасынаң

D. Қабырғалардың жоғарғы қырларының аралығының ортасынаң

Е. Қабырға аралықтың жоғарғы қырына

?

322. Өкпе абсцессіне тән R-суреті:

А. Перифакальды инфильтратсыз жұқа қабырғалы қуыс

В. Өкпе тінінң контуры анық емес гомогенсіз инфильтратты аумақ

С. Шектелуге бейм перифокальды инфильтрациямен сұйықтық деңгейі бар қуыс

D. Тұқымдандыру ошақтарымен деструктивті қуыс

E. Перифокальды инфильтрациясыз сұйықтық деңгейі бар қабырғалық қуыс

?

  1. Науқас еркек Ф., 17 жаста хирургиялық бөлімшеге оң жақ кеуде торындағы ауру сезіміне, ентігуге, әлсіздікке шағымданып түсті. Бұл көрініс спорт жаттығуларынан кейін пайда болған. Объективті: ортоп байқалады, тері жамылғысының цианозы. Перкуссия кезінде оң жақ кеуде торында қорап тәрізді дыбыс, аускультация кезінде оң өкпе үстінде тыныс естілмейді. ТЖ 28 рет минутына.

Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

А. Буллезді эмфизема

В. Бронхоэктазды ауру

С. Кеуде аралық эмфиземасы

D. Оң жақтан кеуде торының соғылуы

E. Оң жақтан спонтанды пенвмоторакс

?

324. Науқас Ф., 54 жаста, 7 күн бойы тұрғылықты мекенжайы бойынша терапевта ОРВИ диагнозы бойынша амбулаторлы ем қабылдаған. Ем фонында науқаста ентігу, әлсіздік, қызба, гектикалық температура, қатты тер ағумен жүрді. Оң жақ кеуде клеткасы ауырсыну қосылды, демалғанда жөтел пайда болды, продуктивті қақырық болды. Науқас жағдайының ауырлығына байланысты полипозиционды рентгенография жасалды. Рентгенде өкпенің ортаңғы бөлігінде инфильтраты бар гомогенді қараю анықталды. Контрольды қан анализында лейкоцитоз, нейтрофильды лейко формуланың жылжуы, СОЭ 34 анықталды.

Диагноз қандай?

А. Қабырға аралық невралгия

В. Перикардит

С. Эхинококкоз лёгкого

D. Aбсцесс лёгкого

E. Tимома

?

325. Оң өкпенің ортаңғы бөлігінің блокталған абсцессінің клинико-рентгенологиялық көрінісімен науқас стационарға госпитализацияланды. Науқас торакальды хирургия бөлімінде емдеуде науқаста кеуде клеткасының интенсивті ауырсынуы, ентігуі, цианоз пайда болды. Аускультативті кеуде клеткасында оң жақ өкпе естілмейді. Перкуторлы жоғарғы бөлігінде тимпанит анықталады, базальды бөлімінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы.

Бұл науқаста қандай асқыныс дамыды?

А. Қабырғааралық невралгия

В. Перикардит

С. Іріңдік процесстің плевра қуысына жарып шығуы

D. Жедел миокард инфарктсы

Е. Профузды өкпелік қан кету

?

  1. Қандай мүше көкіректің алдынғы бөлігінде орналыспайды:

A. Жоғарғы және төменгі қуысты веналар

B. Айырша безі

C. Аортаның жоғарлаған бөлігі

D. Өңеш

E. Жүрек

?

  1. Науқас 39 жаста, 17.12 байқамай каусимкалық сода ішіп қойды. 2 аптадан кейін дисфагия пайда болды, біртіндеп өрши бастады, 28.12 тамақ ішкенде қатты жөтел пайда болды. Нақаста өңеш-бронхтық жыланкөзге күдік туды, 01.02. ауруханаға түсті. Жағдайы ауыр, тері жабыны жер түстес, науқас күрт жүдеген (2 аптада 10 кг салмақ жоғалтты). Аускультация кезінде өкпеде тыныс әлсіреген, везикулярлы, құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. Құрсақ қуысы тарапында патология байқалған жоқ.

Сіздің болжам диагнозыңыз?

A. тыртықты стеноз

B. өңеш-бронх жыланкөзі

C. Баррет өңеш

D. Өкпе абсцесі

E. миокард инфаркты

?

  1. Өңеш жыртылыуының ең жиі себебі:

A. эндоскопия

B. бөгде дене

C. трахеостомия

D. наркоз кезіндегі кеңірдек интубациясы

E. спонтанды жыртылу

?

  1. Өңеш күйюінең ең жиі себебі:

A. қышқыл

B. сілті

C. спирт суррогаттары

D. фосфорорганикылық заттар

E. ыстық су

?

  1. Диагностикаланбаған өңеш жарасы бірінші асқынысы:

A. медиастинит

B. плеврит

C. перикардит

D. бронхоплевральді жыланкөз

E. плевра эмпиемасы

?

  1. Ахалазия кардианы сипаттайтын симптом:

A. кекіру

B. дисфагия

C. қыжыл

D. парадоксальді дисфагия

E. төс артының ауырсынуы

?

  1. Ахалазия кардианы емдеуінің негізгі әдісі:

A. консервативті

B. буждау

C. кардиопластика

D. кардиодилятация

E. кардиа резекциясы

?

  1. Өңештің тереңдетілген күйігіне алып келеді:

A. органикалық қышқылдар

B. минеральді қышқылдар

C. сілтілер

D. аммиак

E. ауыр металлдардың тұзды ертінділерімен

?

  1. Өңештің химиялық күйігіне шалдыққан кездегі алғашқы көмектің бірінші шарасы:

A. асқазанды жуу

B. науқасқа сүт беру

C. атропин еңгізу

D. капельница қою

E. аузын шаю

?

  1. Науқас 18 жас, 09.05. хирургия бөлімшесіне түсті. Анамнезінде: 3.04 куасткалық сода ішіп қойды, кейін өңештің тарылу пайда болды. 08.05. амбулаторлы жағдайда буждау жасалды (№28). Үйге келгеннен кейін іштің қатты ауырсынуы дем алудың қиындатылуы басталды. Температурасы 39 С. 09.05 жағдайы нашарлап, ауруханаға түсті. Түскен кездегі жағдайы ауыр, пульс жіп тәрізді минутына 120 соққы, тілі қатпарланған, іш пердесі қатайған, пальпациялау барысында ауырсыну іштің барлық аймағында және бел аймағында.

Болжам диагнозыңыз?

A. өңештің іштік бөлігінің перфорациясы

B. артқы көкірекаралық перфорация

C. профузді өңіштік қан кету

D. ойық жара

E. Мэлори-Вейс синдромы

?

  1. Өңештің неше сфинктерлері бар:

A. 1

B. 2

C. 3

D. 4

E. 5

  1. "Ерте буждауды" қай уақытта бастайды:

A. 5-7 тәулікте

B. 9-11 тәулікте

C. 12-15 тәулікте

D. 15-20 тәулікте

E. 20-25 тәулікте

?

  1. Өңеш дивертикулалары кезінде жасалынатын операция түрі:

A. өңеш сегментінің резекциясы

B. Добромыслов-Тореа операциясы

C. дивертикула инвагинациясы

D. өңештің төменгі 3/1 және кардианың резекциясы

E. дивертикулэктомия

?

  1. Өңеш обырының басты симптомы:

A. төс артының ауырсынуы

B. құсу

C. кекіру

D. гиперсаливация

E. дисфагия

?

  1. Өңеш обырының басты емі:

A. сәлелік

B. химиотерапия

C. хирургиялық

D. комбинерленген

E. симптоматикалық

?

  1. Өңеш дивертикуласының негізгі диагностикалау әдісі

A. УДЗ

B. контрасты рентгенография

C. эндоскопиялық

D. КТ

E. ирригоскопия

?

  1. Өңештің тыртықты тарылуын буждауға қарсы көрсеткіш:

A. көптеген тарылулар

B. дисфагия

C. бронхо-өңештік жыланкөз

D. бос асқазан

E. гиперсаливация

?

  1. II-III сатысында жиі кездесетін өңеш күйігінің ерте асқынысы

A. өңеш перфорациясы

B. пневмония

C. ГЭРА

D. өңеш тарылуы

E. Барретт өңеші

?

  1. Науқас бірнеше жыл бойы ЖИА-дан емделді. Медикаментозды ем әсерсіз болды. ЭКГ-да нақты ЖИА белгелері жоқ. Ауырсыну жиі астан кейін мойында, содан төс артында пайда болады. Көп ретті құсудан кейін жеңілдік туындайды.

Диагнозыңыз?

A. ЖИА

B. кардиоспазм

C. өңеш обыры

D. дивертикул

E. төс арты жемсау

?

  1. Науқас сілекейдің көп бөлінуіне, тамағында тырнау сезіміне және жөтелге шағымданады. Астан кейін дисфагия және мойын аймағында ісіну пайда болады. Кейде тамақ ынтылындырылған қалыпта ғана жұтылынып, ісіну кетеді.

Сіздің диагнозыңыз?

A. өңештің жоғарғы 3/1 бөлігіндегі бөгде дене

B. жұтқыншақ-өңеш дивертикулы

C. өңеш бронхтық жылан көз

D. мойын кистасы

E. өңештің жоғарғы 3/1 бөлігінің обыры

?

  1. Өңештің мойын бөлігінің дивертикулы кезіндегі іс-әрекет

A. дивертикул инвагинациясы

B. зондты тамақтану

C. дивертикулды жою

D. дивертикул асты тарылуда эндоскопиялық тілік жасау

E. буждау

?

  1. 48 жастағы науқас ауқымды құсудан кейін пайда болған төс арты мен жауырын арасының қатты ауырсыну шаіымдырамен түсі. Науқасты шок, дене температурасы 39,5, лейкоцитоз. Рентгенде – сол жақ плевра қуысында және көкірек аралықта сұйықтық пен ауа жиналған.

Сіздің болжам диагнозыңыз?

A. эмпиемалы жедел пневмония

B. өңеш перфорациясы

C. асқазан ойық жарасы

D. миокард инфарктісі

E. диафрагма асты абсцессі

?

  1. Ахалази кардианың үштік симптомы:

A. дисфагия, регургитация, ауырсыну

B. қыжыл, ауырсыну, кекіру

C. құсу, диарея, тәбеттің болмауы

D. дисфагия, салмақ жоғалту, ұйқысырау

E. қызу, ауырсыну, ентікпе

?

  1. Науқас 36 жаста, 01.02. клиникаға түсті. Анамнезінде: 24.01. каустикалық сода ішіп қойды. Тек сұйық тамақты қабылдай алады. Рентгеноскопия: контрасты зат кеңірдектік бифуркация аймағында жиналып, ары қарай жіңішкеленген. № 10 буждау еркін өтті, №13 буждау қиындық туғызды. Буждаудан кейін екінші күне арқасында ауырсыну басталды, температурасы 39,6 С. көтерілді. Науқас жағдайы ауырлап, плевра қуысында сұйықтық анықталды. Пункцияда серозды сұйықтық.

Сіздің болжам диагнозыңыз?

A. өңештің іштік бөлігінің перфорациясы

B. артқы көкірекаралық перфорация

C. проффузді өңіштік қан кету

D. бужбен плевральді қуыстың перфорациясы

E. Мэлори-Вейса синдромы

?

  1. Науқас 20 жаста, білгісіз сұйықтық ішіп қойып өңештің күйігі мен стенозы пайда болды. Ауруханаға түсер алдында ағаш бұтағымен тамақты итермелеген кезде бұтақтың артқы аймаққа түсіп кетуін байқады. Түскен кездегі жағдайы ауыр. Арқасында қатты ауырсыну. Температурасы 38,6С. Антибиотиктер мен парентеральді тамақтандыру тағайындалды. Рентгенде Th 4-5 деңгейінед өңештің күрт тарылуы анықталды. Контрасты зат деффект арқылы көкірекаралықтың артқы бөлегіне өтіп Th 7 деңгейіне жетті.

Қандай асқыну болуы мүмкін?

A. перфорация және өңешпен қосылатын артқы көкірекаралықта абсцесс қуысының пайда болуы.

B. проффузді өңіштік қан кету

C. өңештің іштік бөлігінің перфорациясы

D. жүрек томпанадысы

E. пневматоракс

?

  1. Хоманс cимптомы ненің белгісі болып табылады:

A. Перфоранттық веналардың қақпашларының функциясының бұзылуы

B. Беткейлі веналардың жіті тромбофлебиті

C. Остиалды қақпашаның функциясының бұзылуы

D. Облитеризацияланған эндартериит

E. Терең веналардың жіті тромбозы.

?

  1. Жіліншікті алдыдан артқа қарай басқанда ауырсыну және бүйірінен басқанда ауырмаса бұл қандай симптом:

A. Гаккенбург

B. Ловенберг

C. Хоманс

D. Мозес

E. Опитц

?

  1. Тромбофлебиттің пайда болу теориясын түсіндіреді:

A. Вирхов триадасы

B. Мондор триадасы

C. Карней триадасы

D. Бек триадасы

E. Виндшейд триадасы

?

  1. Посттромбофлебитикалық аурудың клиникалық түрлеріне осыдан басқасы жатады

A. Ойық жаралық

B. Аралас

C. Варикозды

D. Трофикалық

E. Ісікті-ауыратын

?

  1. Сау аяқтың үлкен теріасты венасымен зақымдалған аяқтың сан венасы арасына, сан венасы және сыртқы мықын венасының қосылатын жерінде тромбоз кезінде, анастомоз салу қандай операция:

A. Пальм

B. Линтон

C. Бэбкокк

D. Троянов

E. Маделунг.

?

  1. Аяқтардың беткейлі веналар тромбофлебитінің ең объективті симптомдары болып табылады:

A. Дисталды ісік

B. Кернеген ауырсынулар

C. Ауыспалы ақсау

D. Оң Хоманс симптомы

E. Терінің гиперемиясы және вена жолдары бойынша ісіну.

?

  1. Посттромбофлебитикалық ауру көбіне терең веналардың жіті тромбозынан кейін қанша уақыттта пайда болады:

A. 1 аптадан кейін

B. 10 күннен кейін

C. 1 айдан кейін

D. 3айдан кейін

E. 6 айдан кейін.

?

  1. Аяқ веналарының тромбозы кезінде осыдан басқасының барлығы қолданылады:

A. Төсекте аяқты жоғары көтеру

B. Антикоагулянттік терапия

C. Спазмолитикалық терапия

D. Компрессиялық терапия

E. Дезагрегантты терапия

?

  1. Терең веналар тромбозының ең қауіпті асқынуы болып табылады:

A. Элефантиаз

B. Сирақтың трофикалық ойықжарасы

C. Терең веналапр облитерациясы

D. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

E. Беткейлі веналар тромбофлебиті.

?

  1. Аяқтардың терең веналар жіті тромбофлебитіне тән:

A. Тромбылаған веналар бойынша ауырсынатын түйіндер

B. Тромбылаған веналар бойынша гиперемия

C. Аяқбасы артерияларында пульстың болмауы

D. Аяқтардың кенеттен ісінуі

E. Трофикалық ойық жара.

?

  1. Жіліншіктің ортаңғы үштен бір бөлігіне сфингоманометр манжетін салып қысымды 80 мм.сын.бағ. дейін көтергенде ауырсыну сезіледі.

Бұл ненің белгісі?

A. Беткейлі веналардың жіті тромбофлебиті

B. Остиалды қақпақша функцияларының бұзылуы

C. Облитерирацияланған эндартериит

D. Терең веналардың жіті тромбозы

E. Сан артериясының окклюзиясы.

?

  1. Қуыстық операциялардан кейін тромб түзілуіне осыдан басқасының бәрі себеп:

A. Семіздік

B. Төсек режимі

C. Жүрек жеткіліксіздігі

D. Онкологиялық аурулар

E. Қанның фибринолитикалық белсенділігінің артуы.

?

  1. Посттромбофлебитикалық аурудың алдын-ала симптомдарына жатпайды:

A. Жіліншіктің төменгі үштен бір бөлігі теріасты веналарының және ұсақ тері веналарының кеңеюі

B. Жіліншіктің төменгі үштен бір бөлігінің ісінуі

C. Жіліншіктің төменгі үштен бір бөлігі терісінің ауырсынып тығыздалуы





Дата добавления: 2017-02-24; просмотров: 610 | Нарушение авторских прав


Рекомендуемый контект:


Похожая информация:

Поиск на сайте:



© 2015-2020 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.046 с.