Лекции.Орг
 

Категории:


Поездка - Медвежьегорск - Воттовара - Янгозеро: По изначальному плану мы должны были стартовать с Янгозера...


Объективные признаки состава административного правонарушения: являются общественные отношения, урегулированные нормами права и охраняемые...


Транспортировка раненого в укрытие: Тактика действий в секторе обстрела, когда раненый не подает признаков жизни...

Тіршіліктің негізгі құрылымдық деңгейлері, олардың әрқайсысының ерекшеліктері



Загрузка...

«Тіршілік» ұғымының анықтамасы өте көп. Филологтар олардың саны орта есеппен бес жүзге жуық деп дәлелдейді. Бұл тек биологиялық термин емес. Философия немесе діни айқындама тұрғысынан да тіршілік анықтамасы әжептеуір көп. Ең дұрыс анықтаманың бірін Фридрих Энгельс былай деп ұсынған: «Тіршілік дегеніміз - нәруыздық денелердің өмір сүру жолы...». Ғылымда күні бүгінге дейін бірде-бір «бейнәруызды тіршілік» формасы табылған жоқ. Тек қиялшыл жазушылар шығармасынан ғана «плазмалы адамдар» немесе «кремнийлі құбыжық» кейпінде кездестіруге болады.

Шындығына келсек, тіршілік ететін ағзалардың барлығы жасушалардан тұрады, олардың құрғақ масса құрамының 80%-ы нәруыз. Оның үстіне нәруыздардың химиялық құрамы, қасиеттерінің алуан түрлілігінде шек жоқ, сондай-ақ тірі ағзаның әрқайсысында сирек ұшырасады. Олар химиялық ізденістердің қажетті бағытта өтуін қамтамасыз етеді және бұл ізденістері жеке жасушаларда да, біртұтас ағзаларда да бақыланады. Нәруыз немесе күрделі нәруыздар қоспасы өзінен-өзі ешқандай тірілік (живое) қасиет көрсетпейді. Жасушалар нәруызы, сондай-ақ ағзалар тірі жүйеден тысқары кез келген өзге химиялық зат тәрізді тіршілік қалпында қалады. Ең алдымен тіршілік дегеніміз - бұл тіршілік иесінің өз құрылымдық жаратылымын белгілі жоғары деңгейде қолдай алуы. Бұл қасиет сыртқы ортадан алынған зат есебінде дамып, көбейеді. Мысалы, кристалдар да ерітінділерден белгілі молекулаларды тартып алып, өсе алады. Айырмашылығы - кристалдар бір типті заттардан тұрады және сол затты құрылыс материалы ретінде тұтынады, демек химиялық өзгерту жүзеге аспайды. Сондай-ақ энергия шығындалмайды.

Тірі ағзалар біржасушалы қарапайым немесе көпжасушалы ағза болғанына қарамастан, Жердегі ерекше биологиялық жүйе болып есептеледі. Тірі ағзалар микроскоппен ғана көрінетін бактериялардан бастап, өте зор сүтқоректілерге дейінгілерден құрылысы және мөлшері бойынша ерекшеленеді. Жүйе ретіндегі әрбір ағза өзара байланысты және өзара әрекеттесетін көптеген алғашқы заттардан тұрады. Ағзаның алғашқы заттары: жасушалар, ұлпалар және мүшелер. Олар тек бірімен-бірі өзара әрекеттесіп, өздігінен ұрпақ беретін және дамитын тірілік қасиеттеріне тән біртұтас ағза түзеді.

Азіргі жаратылыстану концепциялары» пәні мен оның әлеуметтік маңызына тоқталыңыз. Ғылыми дүниетанудың ерекшліктерін атаңыз

Жаратылыстану — адамзаттың рухани мәдениетінің айырғысыз құрамдас бөлігі. Оның қазіргі заманғы негізгі ғылыми қағидаларын, дүниеге көзқарастық және методологиялық пайымдауларын білу кез келген қызмет саласындағы мамандар үшін қажетті мәдени даярлықтың бір түрі болып табылады. Қазіргі кезде білімнің жеке салалары — жаратылыстану, әлеуметтік, гуманитарлық және техникалық ғылымдар бір-бірінен байланыссыз өз алдына табиғат, қоғам және адам жайлы біртұтас ғылыми білім бере алмайды, дүниенің біртұтас ғылыми бейнесін қалыптастыра алмайды. Дүниенің ең жалпы заңдылықтары туралы ғылым деп саналатын философия да жаратылыстану ғылымдарының көмегінсіз өзі ғана бұл міндетті орындай алмайды. Философиялық дүниеге көзқарастың өзі де табиғат туралы ғылымдар ашқан ғылыми жаңалықтарды біртұтас білімге біріктіруші дүниенің біртұтас жаратылыстану-ғылыми бейнесіне (көрінісіне) сүйенуі тиіс.
Қазіргі заманғы ғылымның дамуының маңызды бір заңдылығы — ғылыми білімдердің интеграциясы (бірігуі) мен дифференциациясы (жіктелуі) болып отыр.
Табиғатты танып білу барған сайын адам мен қоғамды танып білумен ұштасып келеді. Сөйтіп, мұның бәрі білім беру саласында гуманитарлық жоғары оқу орындарына "Қазіргі жаратылыстану концепциялары" деген жаңа оқу пәнін енгізу қажеттігін тудырды.
Қазіргі жаратылыстану концепциялары" курсында табиғатты танып білудің дүниеге көзқарастық және методологиялық проблемаларын оқу студенттердің дүниеге ғылыми козкарасын және теориялық ойын қалыптастыруға, жаратылыстану-ғылыми білімдерін өздерінің болашақ мамандығына байланысты қызметінде методологиялық жетекші ретінде қолдана білу қабілетін қалыптастыруға көмектесуі тиіс.
"Қазіргі жаратылыстану концепциялары" оқу пәнінің жалпы мазмұны туралы кәсіптік жоғары білім берудің Мемлекеттік білім стандартында (өлшемінде-авт.) былай делінген: жаратылыстану және гуманитарлық мәдениеттер, олардың өзара бірлігі, ғылыми әдісі, ғылыми танымның ерекшелігі мен құрылымы, ғылымның даму логикасы мен заңдылықтары.
"Қазіргі жаратылыстану концепциялары" пәнін оқытудың қажеттілігінің тағы бір кезек күттірмейтін себебі бар. Ол — соңғы кезде біздің елімізде түрліше ғылымға жат жалған білімдердің барған сайын кең етек алуы. Олардың қатарына астрологияны, магияны (сиқырлықты), эзотерикалық, мистикалық және басқа жалған мазмұнды ілімдерді жатқызуға болады. Соңғы 10-12 жылдың ішінде ол жалған ілімдер біртіндеп, бірақ айтарлықтай табанды түрде адамдардың санасынан жаратылыстану-ғылыми түсініктерді ығыстырып, олардың орнын жалған қағидалармен, діни уағыздармен толтыруда.





Дата добавления: 2017-02-24; просмотров: 1643 | Нарушение авторских прав


Рекомендуемый контект:


Похожая информация:

Поиск на сайте:


© 2015-2019 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.002 с.