Лекции.Орг
 

Категории:


Теория отведений Эйнтховена: Сердце человека – это мощная мышца. При синхронном возбуждении волокон сердечной мышцы...


Макетные упражнения: Макет выполняется в масштабе 1:50, 1:100, 1:200 на подрамнике...


Назначение, устройство и порядок оборудования открытого сооружения для наблюдения на КНП командира МСВ

Биосфераның негізгі қасиеттері.



Загрузка...

1) Биосфера- орталықтанған жүйе. Биосфераның орталық буыны тірі ағзалар (тірі заттар) болып табылады. (антропоцентризм)

2) Биосфера-ашық жүйе. Биосфераның өмір сүруі сырттан келетін энергиясыз мүмкін емес. Биосфера әрқашан күн сәулесі түседі.

3) Биосфера-өзін-өзі реттелуші жүйе. Бұл жүйеге ұйымдастық гомеостаз тән.

4) Биосфера-көп түрлілікпен сипатталатын жүйе. Көптүрлілік кез-келген экожүйенің және биосфераның тұрақтылығын негізгі шарты. 5) Биосфераның маңызды қасиеті – заттар айналымын қамтамасыз ететін механизмдердің болуы және соларға байланысты жеке химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының таусылмастығы. Ноосфера (гр. νόος – сана және σφαῖρα – орта, шар) немесе Антропосфера (грек. antһropos — адам, spera — қабық) — биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі; адамның саналы түрде жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтын жер сферасындағы барлық өзгерістер мен олардың дамуын анықтайтын басты фактор;ғаламдағы адамзаттың мекендейтін аясы. Адам баласы уақыт пен кеңістікке қатысты биосфера шегінде және ғарышта өмір сүре алады. Бірақ адамзаттың тұрақты мекені — Жер..[1]

Ноосфера – ақыл-ой сферасы деген түсінікті алғаш 1927 жылы француз ғалымдары Э.Леруа (1870 – 1954) мен Тейяр де Шарден Пьер (1881 – 1955) енгізген.
XX ғасырдың 30 – 40-жылдары ноосфераны материалистік тұрғыдан сипаттап жазған В.И. Вернадский болды. Ол ноосфераны биосфера мен қоғамның өзара қарым-қатынасынан туындайтын тіршіліктің жаңа формасы, бұл саналы, ақыл-ойы жетілген адамзаттың бағыттауымен қалыптасатын биосфераның жаңа эволюциялық жағдайы деп түсіндірді.
Ноосфера – табиғат заңдылықтарының қоғамның ойлау заңдарымен және әлеуметтік-экономкалық заңдылықтармен тығыз байланысып жататын біртұтастығын (бүтіндігін) басқарушы жоғарғы тип. Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы бұрын игерілмеген жерлерді игеріп, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтарын пайдаға асырып қоймай, ғарыш кеңістігін, ғаламшарларды игеруге, ядролық қарулар жасауға мүмкіндік берді. Жер ғаламшарындағы органикалық дүние эволюциясының бірнеше кезеңдерін ажыратады. Бірінші кезең — заттардың биологиялық айналымы пайда болып, биосфераның қалыптаса бастауы. Екінші кезең — тіршіліктің күрделене түсіп, көп жасушалы организмдердің пайда болуы. бұл екі кезеңді ғылымда биогенез, яғни тіршіліктің толық мәнінде пайда болу кезеңі деп атайды. Биосфера эволюциясының үшінші кезеңі — адам қоғамының пайда болуымен ерекшеленеді.

Биосфера эволюциясының келесі жаңа кезеңі — қазіргі деңгейі. Мұны ғылымда ноосфера кезеңі деп атайды. Грекше "noos" ақыл-ой, сана, "sphaira" — шар деген ұғымды білдіріп, "саналы қабық" деп аталады. Ноосфера — адамның санасы, ақыл-ойы шешуші рөл атқаратын биосфераның жаңа эволюциялық деңгейі.

Ноосфера ұғымын ғылымға 1927 жылы француз ғалымдары Э.Лepya мен П.Тейяр де Шарден енгізді. Олардың ұғымы бойынша ноосфера биосферадан да жоғары деңгейдегі, бүкіл ғаламшарды қамтитын "ойлау қабығы".

25)Адамзаттың шығу тегі, адам эволюциясы кезеңдеріне тоқталыңызАдамнын шығу тегі мен тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы антропология деп аталады. Адам мен жануарлардың дене құрылысында көптеген ұксас белгілер бар. Швед ғалымы К.Линней өзінід "Табиғат жүйесі" атты еңбегінде адам мен маймылды сүтқоректілер класының өкілі ретінде бір туыска жатқызған (1735). XIX ғасырдың бас кезіыде француз галымы Ж.Б.Ламарк адамның жерде жүруге бейімделген маймыл тектес ата-тектен шықкандығын айтты. Ағылшын ғалымы Ч.Дарвин 1871 ж."Адамның шығу тегі ж\е жыныстық сұрыпталу" атты еңбегінде: "Адам — тіршіліктің тарихи даму сатысындағы ең жоғары әрі соңғы буыны" деп көрсетті. Ол: "Адам мен адам тәрізді маймылдардың арғы ата тегі бір»— деген тұжырым жасады. Адамның жануарлар дүниесі жүйесіндегі алатын орны. Адамның жануарлар дүниесінің өкілі екендігі оның ұрықтык дамуы кезіндегі калыптасатын белгілерінен айкын көрінеді. ұрықтың алғашқы даму кезеңі — зигота бір клеткалы қарапайымдыларға ұқсаса, дамуының келесі бластула кезеңі вольвокске ұқсайды. Ұрық біртіндеп күрделеніп гаструлаға айналғанда, денесі екі қабаттан түратын ауыз қуысы ж\е ішек қуысы бар гидрага ұқсайды. Міне, осылай даму барысында ұрықтың құрылысы күрделеніп, мүшелер жүйесі калыптаса бастайды. Адам ұрығының дамуының алғашқы кезеңінде барлык хордалылар (желілілер) типінің өкілдеріндегі сияқты ұрыктық арқа жағында жүйке түтігі, оның астында хорда (желі), ал хорданың астын ала ас қорыту мүшелері орналасады. Ас корыту мүшелерінің алдыңғы кеңейген жұткыншақ бөлімнің екі бүйірінде көптеген желбезек саңылаулары болады. Адам хордалылар типінің ішіндегі омырткалылар тип тармағына жатады. Өйткені даму барысында омыртка жотасы, екі қолы мен аяқтары қалыптасып, денесінің бауыр жағында жүрек, жүйке түтігінің алдыңғы жағынан мидың бес бөлімі түзіледі.
Адам сүтқоректілер класына жатады. Себебі алдыңғы мидың көлемі ұлғайып, құрылысы күрделенеді, балаларын сүтпен асырайды.тістері (азу тіс, ит тіс ж\е күрек тістер), дене қуысындағы көкет, құлак қалканы мен ортаңғы құлақтағы үш дыбыс сүйектері (төс, үзеңгі, балға) тек сүтқоректілерге тән белгілер екенін керсетеді. Адамның да ұрығы анасының жатырында дамып жетіледі, ұрықтың қоректенуі ұрықжолдасы (плацента) арқылы жүреді. Адамның қолындағы бас бармактың қалған 4 саусаққа карама-қарсы орналасуы ж\е саусактарда жалпақ тырнақтың болуы, бұғана сүйектерінің жақсы жетілуі, сәбилердегі сүт тістердің кейінірек тұрақты тістермен алмасуы адамның приматтар отрядына, оның ішіндегі адам тәрізді маймылдар отряд тармағына жататынын көрсетеді. Адам осы отряд тармағының тартанаулы маймылдар тобына жатады. Бүл топтан адамдар түқымдасы бөлініп шыгып, өз алдына адамдар туысын құрайды. Бұл туыстың қазіргі түрі — саналы адам (Homo sapiens).
Адамның жануарлар дүниесіндегі орны
Хордалылар типі Омыртқалылар тип тармағы Сүткоректілер класы
ұрьщжолдастылар класс тармағы
Приматтар (маймылдар) отряды .
Адам тәрізді маймылдар отряд тармағы
Адамдар туысы Саналы адам түрі
Адамның жануарлар дүниесінің өкілі екендігін дәлелдейтін рудименттік ж\е атавизмдік белгілер бар.
Рудименттік деп ата тегінен қалған қалдық белгілерді айтады. Рудименттік белгілерге, мысалы, соқырішек, құлақ айналасындағы бұлшық еттер, терідегі түктер, құйымшақ, т.б. жатады. Бұлардың қызмет аткармайды.
Атавизм деп арғы ата-тектін белгілерінің қайталануын айтады. Ондай белгілерге сирек жағдайда байқалатын денесін қалың түк басқан баланың дүниеге келуі немесе көп емшекті, құйрықты нәрестелердің туылуы мысал болады.
Антропогенездің биологиялық және әлеуметтік факторлары. Антропология ғылымы адамның ежелгі адам тәрізді маймылдардан шығып, осындай дәрежеге дейін көтерілуі биологиялық ж\е әлеуметтік факторларға байланысты деп түсіндіреді. Адамэволюциясына әсер еткен биологиялык факторлар: тұкым куалайтын езгергіштік, тіршілік үшін күрес, табиғи сүрыпталу. Алайда "саналы адам" түрінің пайда болуында әлеуметтік факторлар шешуші рол атқарды. Олар: еңбек, сөз, қоғамдасып тіршілік ету, әлеуметтік заңдылықтардың қалыптасуы ж\е т.б.

26) Адам денсаулығы сақтау шаралары мен демографиялық ахуалСалауатты өмір салты (СӨС) — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Өмір Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігі айқын. Қимыл белсенділігі

Бұл салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Ол өмірлік маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін жақсартады, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Ал аз қозғалған кезде организмде өзгерістер дамиды.

Организмді шынықтыру

Әр түрлі аурулардың алдын алу үшін организмді үнемі шынықтыру қажет. Шынығудың арқасында организм қоршаған ортадағы температураның күрт өзгеруіне бейімделеді және организмнің жұқпаларға қарсылығын жоғарлатады. Шынықтыру емшараларын таңдау кезінде адамның жасы, денсаулығы , шынығуға бейімделу дәрежесі және т.б. жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.

Денсаулықты сақтауда уақытымен және дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Жүріп бара жатып, кітап оқып отырып, теледидар алдында тамақтануға болмайды. Майлы, тұзды, тәтті тағамдарды қабылдауды шектеген жөн, тамақты аса көп жеуге, ұйықтар алдында тамақтануға болмайды. Тағам әр түрлі сапалы, экологиялық таза болуы тиіс. Төрт мезгіл тамақтануды сақтай отырып, белгілі бір сағатта ас қабылдаған дұрыс.

Бұл сыну, шығу, күйік, үсік, улану сияқты әр түрлі жарақатты болдырмау. Жарақаттарға әр түрлі жағдайларда душар болады: көшедегі қауіпсіздік ережелерін сақтамағанда, электр құралдарын дұрыс пайдаланбағанда, улы өсімдіктер мен саңылауқұлақтарды пайдаланғанда т.б. жағдайларда.

Жеке гигиена ережелерін бұлжытпай орындау, жұқпалардан қорғану тәсілдерін білу, алдын алу екпелерін уақытымен қабылдау.

Темекі шегуден , ішімдіктен, есірткі және уытты заттардан бас тарту. Бұл зиянды әдеттер организмге әсер етіп, денсаулыққа зиян келтіреді.

Бұл адамның өз күйін анықтай білу, көңіл-күйдің денсаулыққа әсерін білу, адамдар арасында тіл табыса білу, қарым-қатынас жасай білу, көңіл-күйін басқара білу - бұның бәрі психикалық денсаулықты қорғауға мүмкіндік жасайды.

Адам организміне қоршаған орта факторларының әсері туралы білім, қоршаған орта факторларының зиянды әсерінен қорғай білу денсаулықты сақтауға және түрлі ауруларды болдырмауға жәрдемдеседі.

27)осы28)Табиғат қоршаған орта маңызы: Адам әр кезде де табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, оның байлықтарын пайдаланады және өз қызметі арқылы табиғатқа әсер етеді. Адамның табиғатқа әсері зиянды салдар тудыруы мүмкін. Мемлекет әрқашанда табиғи ортаны осындай зиянды әрекеттерден қорғау үшін белгілі бір құқықтық ережелер шығарады. Табиғи ортаны адамның зиянды әрекеттерінен қорғауға бағытталған нормалардың (ережелердің) жиынтығы экологиялық құқық деп аталады. Адамның табиғатқа зиянды әсерінің салдарынан XX ғасырдың ортасында әлемдегі экологиялық жағдай күрт төмендеп кетті. Экологиялық жағдайдың нашарлағаны соншалық, бүгінде ол әлемнің кейбір аймақтарында адамның тұрмыс тіршілігімен коса оның өмірі үшін де үлкен қатер тудырып отыр.2002 жылы Йоханнесбургте (ОАР) тұрақты даму жөніндегі өткізілген Бүкіләлемдік самитте (кездесуде) бүгінгі күні биологиялық әртүрлілік жылдам қарқынмен қысқарып бара жатқандығы атап айтылды. Адамның әрекеті нәтижесінде теңіздердегі балық коры 75 пайызға дейін азайды, маржан рифтерінін 70 пайызы жойылу каупінде түр. Табиғат тозуда, сонымен бірге адамзат та тозып барады, қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде халықтың денсаулығы да нашарлап келеді, ал мұның соңы адам тегінің бұзылуына әкеп соқтырады, тұқым қуалайтын аурулар, оның ішінде, ең алдымен, психикалық және туа біткен аурулар санының өсуіне, маскүнемдік, нашақорлық, СПИД, ақ қан ауыруы, қатерлі ісік, жұқпалы және вирусты аурулар таралуына әкелуде. Бүгінгі таңда барлық мемлекеттер зиян шеккен экологиялық ахуалды қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар қолдануда. Алайда қоршаған ортаға төнген қатердің қауіптілік дәрежесінің жоғарылығы соншалық, бүгінде ол тек мемлекеттің ішкі шаралары ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық шараларды да қолдануды талап етіп отыр. 1992 жылы маусымда Рио-де-Жанейро қаласында өткен қоршаған орта және оны дамыту жөніндегі БҰҰ-ның конференциясында осы мәселе бойынша Декларация қабылданды. Аталған декларацияға біздің еліміз де қосылды.Қазіргі кезде халықтын 20 пайызы аллергия ауыруына шалдығуда, күн сайын Жер шарында 25 мын адам лас суды пайдалану нәтижесінде қайтыс болуда, өндірістік қалалардағы халықтың 35 пайызы қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде жүйелі түрде әр түрлі аурулармен ауырады. Күн сайын адамның тиімсіз жұмысынын салдарынан 44 гектар жер шөлге айналады, күн сайын жануарлар мен өсімдіктердін бір түрі жойылып отырады; күн сайын 40 мыннан астам бала аштықтан өлуде. Оттек қоры 10 млрд т азайған, 200 млн гектарға жуық суармалы жер пайдаға аспай қалды. Пайдалы қазбалардың — мұнайдың, табиғи газдың, көмір және тағы басқалардың жоғалуы байқалып отыр, Жер ғаламының әрбір бесінші тұрғыны таза су ішпейді.Белгілі америкалық эколог-ғалым Б. Коммонер экологияның негізгі заңдарын былай түсіндіреді:1) барлығы барлығымен байланысты;2) барлығы әйтеуір бір жаққа кетуі керек;3) табиғат ненің жақсы екенін "біледі";4) еш нәрсе тегін берілмейді.

Бұл дегеніміз, біздің әрбір қызметіміз қоршаған ортаға қалай да болса әсер етеді дегенді білдіреді. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі шартттары Мемлекет өз органдарына қоршаған ортаны қорғау бойынша экономикалық, техникалық, ұйымдық және құқықтық шараларды жүзеге асыруды міндеттейді. Бұл шаралардың барлығы заңдар мен басқа да құқықтық актілердің ережелеріне негізделуі қажет. Өз кезегінде барлық заңдар құқықтық қағидаларға негізделуі керек.

Құқықтың қағидалары — Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген негізгі бастамалар, басшы идеялар мен құқық ережелері. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттарын қарастырайық:

қолайлы қоршаған ортаға және тұрақты дамуға адам құқығының басымдылығы қағидаты. Адамдардың табиғатпен үйлесімділікте, салауатты және жемісті өмір сүруге құқығы бар;

мемлекеттің табиғи ресурстарды пайдалануға егемендік кағидаты. Мемлекет қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді заңдық актілер қабылдайды;

әрбір адамның қоршаған ортаны қорғау ісіне қатысу қағидаты. Табиғаттың жағдайы әрбір адамға байланысты болады, біз табиғат үшін жауаптымыз және болашақ ұрпақ үшін табиғат байлығын сақтауға бар күшімізді жұмсауға тиістіміз;

қоршаған ортаны қорғаудағы жауаптылық қағидаты. Ол жер бетінің барлық бөліктеріне: құрлыққа не теңізге қатысты қолданылады. Табиғаттың сұлу өңірлері ерекше қорғалуы тиіс. Қазақстанда алғашқы табиғи күйінде сақталған және ерекше бақылауға алынған түрлі қорықтар мен қорықшалар бар.

табиғи ортаны пайдаланудағы басымдылық кағидаты. Табиғат байлықтарын ысырап қылмай, ұқыпты пайдалану керек. Қазақстанда мемлекеттің ерекше қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлар жазылатын Қызыл Кітап бар. Мысалы, сексеуіл — шөлде өсетін өсімдік, ол жойылып кету үстінде тұр, сондықтан да оны кесуге және пайдалануға тыйым салынған;

кедейлік пен қайыршылықты жою кағидаты. Демократиялық мемлекеттер өзінің алдына кедейшіліктің деңгейін төмендете отырып, ақыр аяғында кедейшілікті жоюды мақсат етіп қояды. Ол үшін мемлекет әр түрлі шаралар қолданады — жұмыссыздықпен күресу, әлеуметтік зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, арзан тұрғын үйлер салу, әр түрлі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы халықтың әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалған топтарына қолдау жасау және т.б;

қоршаған ортаны ластаудың және табиғатқа өзге де зиянды әсер етудің алдын алу қағидаты;

коршаған ортаны қорғау саласындағы тығыз халықаралық ынтымақтастық кағидаты;

қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша халықтың хабардар болу кағидаты. Әрбір адам экологиялық сауатсыздық тек оның жеке басына ғана емес, сондай-ақ барлық тұрғындарға да зардабын тигізетінін білуі керек. Мысалы, орманда от жағуға, тұрғын жайларға жақын жерлерде полиэтилен материалдарын өртеуге болмайды, улы заттарға ұқыпты болу керек және т.б

30-да осыны жазамыз

29)homo туыстасының дамуы: Evolution тірі организмдер, олардың көмегімен процестерді күрделілігі болып табылады Жер бетіндегі құрылды және өзгерістер арқылы кеңейтілді және өзгертілген нысаны мен функциясы. Адам эволюциясы биологиялық және мәдени дамыту болып табылады түр Homo Sapiens немесе адам. Адамдар, өйткені маймылдар айналды олардың ұқсас. Бұл дәлелдер көрсетілуі мүмкін. Ерте адамдар болып табылады отбасы он түрлі жіктелген.дамдар, осы келісімге сүтқоректілердің отбасы Primates- тиесілі Біздің ата-бабаларымыз жақын жоғалып бірге адамдар, біздің ең жақын тірі туыстары, Африка маймылдар, кейде отбасы бірге орналастырылады Себебі генетикалық ұқсастықтар Hominidae. Екі аяғы жаяу бірі болуы, меніңше, ірі hominine сипаттамаларын ерте. Адам барысында эволюция, ми өлшемі еседен астам болды. өсуі ми өлшемі адам мінез-құлықтың өзгеруіне байланысты болуы мүмкін. үшінші ірі hominine дамыту үрдісі бет өлшемі біртіндеп төмендеуі болып табылады және тіс. 7 млн ​​аралығында және 20 жыл бұрын, қарабайыр обезьяноподобных жануарлар болды кеңінен Африка және Еуразия құрлықтың таратылады. заманауи адамдардың арғы ата тегі санатына бөлінеді Australopithecus және Homo. Олар шамамен 5 миллион жыл бұрын пайда болды. дамның тарихы австралопитеков басталады. Барлық австралопитеков bipedal, сондықтан мүмкін hominines болды. Олар бес түрге бөлінеді. түрі Homo, сондай-ақ бес түрлі топтарда бөлінеді. Сәйкес Britannica энциклопедиясы, Australopithecus қазірдің өзінде шамамен 4 млн жыл бұрын Кенияда өмір сүрген. Бұл australopithecine сәл үлкен ми өлшемі болды шимпанзе. Кез келген түрдегі құралдары осы алыс адамға табылған жоқ ата-бабаға. ncarta Энциклопедиясына сәйкес, адам прямоходящего, шамамен 1-ден өмір сүрген 8 млн 000 30 жыл бұрын. Соңғы уақытқа дейін адам прямоходящего бір қарастырылды эволюциялық қазіргі заманғы адамдардың ата-бабаға немесе Homo Sapiens. Адам прямоходящего болған жоқ бұрын hominines үлкенірек ми. Адам прямоходящего AN отырып, сондай-ақ, жоғары болды біркелкі тістері тап және аз. Ғалымдар бұл түр 2 млн және 1,5 миллион жыл бұрын өмір сүрген арасындағы Африкада сенеміз. Homo Habilis ерте белгілі түрлі Homo мүшесі. Homo Habilis австралопитеков қарағанда үлкенірек ми болды.

31)Адамның пайда болуы дамуы: Адамтектес маймылдар мен адамдарды бір-бірінен ажырататын басты белгі — мидың салмағы. Адамтектес маймылдардың миының салмағы 750 г-нан аспайды. Миының салмағы 750 г кезінде бала сөйлей алады. Ежелгі адамдардың сөздік қоры өте аз болды, ол тек жеке сөздерден ғана құралды. Олар сөз арқылы бір-бірімен байланыс жасап отырды. Ең алғаш қауымдасып тіршілік еткен адамдар еңбек ете жүріп, бір-бірімен үнемі қарым-қатынаста болды. Олар сөз арқылы өз өмірлерінен жинақтаған тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпақка беріп отырды. Сөз — адамның ойлау қабілетінің дамуына, еңбек құралдарын жетілдіруге және қоғамдық қарым-қатынастардың күрделене түсуіне әсер етті.

Адамның тікелей тарихи дамуы барысында негізгі үш кезеңді ажыратады.

Оларға ежелгі адамдар (архантроптар),

ертедегі адамдар (палеоантроптар) және

қазіргі адамдар (неоантроптар) жатады.


Ежелгі адамдар (архантроптар). 1891 жылы голланд ғалымы Эжен Дюбуа Ява аралынан тасқа айналған ежелгі адамның қазба қалдықтарын тапты. Бұл қаңқа қалдықтарының бұдан бұрынғы 1,9 млн — 650 мың жыл аралығында өмір сүрген адамның сүйектері екендігі анықталды. Оны Эйсен Дюбуа питекантроп деп атады. Ол гректің "Pithekos" — маймыл және "anthropos" — адам сөзінен — алынып, маймыладам деген ұғымды білдіреді. Оның бас сүйегіндегі қас үсті доғасы ерекше алға қарай шығыңқы, маңдайы артқа қарай жазық тайқы болып келген. Ал шүйде сүйегі артқа қарай шығыңқы. Бұл адамтектес маймылдарға ғана тән белгілер. Оның миының салмағы 900 г, яғни адамтектес маймылдардың миынан біршама үлкен.Адамның тарихи дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлар.
Өткен тақырыпта бұдан 30-40 мвң жылдай бұрын Homo sapiens (ақыл-ойлы адам) қалыптасқаннан кейін адамның биологиялық эволюциясы мүлдем дерлік тоқтады дедік. Мұның себебі неде ?- деген сұрқ туады.
Адмның эволюциясы, жалпы алғанда, оның өмірінің барлық кезеңдрінде тоқтамай жүріп жатады. Бірақ қазіргі эволюция адам өмірінің әлеуметтік жағына қатысты, ал биологиялық эволюцияға келсек, адам жануарлардан бөлініп шықаннан кейін ол шешуші рөл атқармйтын болғаны сөзсіз. Енді адамның эволюциясына оның өмірін мәдени жағынан ұйымдастыру, яғни қоғамдық өндірістің тәсілі, еңбек қызметінің дамуы, тұрмыс жағдайлары тағы басқа шешуші әсер ететін болды. Тіпті денсаулығы әлсіз адамдарда медицинаның көмегі арқасында қоғам өміріне белсене қатыса алады.
Табиғи сұрыпталудың күші қоғам өмірінде барған сайын әлсіреуде, өйткені денсаулық мекемелері және басқа әлеуметтік институттар жеке адамдардың биологиялық жағынан өзгергіштігін ұдайы әлсіретеді. Мысалы, Еуропада адамның құрт ауруынан өлімі 1840ж. 1млн адамнан 4000 адам болған болса, қазір 1млн адамның 13-і ғана өлетін болды, ал бұл құрт ауруының емдеуге қарсыласуы бойынша сұрыпталуы мүлдем дерлік тоқтады деуге болады. Мұндай мысалдарды басқа аурулар бойынша да келтіруге болады.
Бүгін таңда, бір жағынан, сұрыпталудың салдарынан болатын генетикалық өзгерістің өте баяулауы және адамның түрліше топтарының арасындағы генетикалық ұқсастықтың күшеюі байқалса, ал, екінші жағынан, мәдиниетпен тұрмыс жағдайларының алуан түрлілігі, әлеуметтік өзгерістердің аса жылдамдауы байқалады- мұның бәрі адамзат қоғамында жүріп жатқан мәдени эволюцияның көрсеткіші болып табылады. Сондықтан қазіргі адамның эволюциясында мәдириет шешуші рөл атқарады деп сенімді түрде айтуға болады, өйткені көптеген елдерде саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер адамдардың тұрмыс жағдайларын жақсартып, денсаулығының нығаюына алып келді, ал бұл адамның табиғи сұрыпталу процесінен тәуелсіздігіне себепкер болды. Егер жануарлар үшін табиғи сұрыпталу эволюцияның басты факторы болса, адам үшін оның рөлі- генофондыны (геннің қорын) сақтауда және денсаулыққа теріс әсер ететін мутациялық өзгерістерді болдырмауда ғана.
Табиғи сұрыпталу адамда негізінен ұрықтық клетка деңгейінде болады. Балалар негізінен генетикалық тұрғыдан денісау клеткалардан туады. Мұның дәлелін ата-аналардың жыныстық клеткаларының ірі генетекалық бұзылысқа ұшырауы салдарынан көп жағдайда ұрықтанған тұқым клеткалары даму басталған алғашқы кезде-ақ өліп кететін фактілерінен көруге болады.
Адамның әлеуметтік бейнесінің өзгеруімен бірге оның биологиялық табиғатыда, сырт кейпі де, ақыл-ой қабілетіде өзгере ме? Денесі мен ақыл-ойы жағынан адамның жаңа ұрпағы бұрынғыларынан гөрі дамығандайә болама?- деген сұрақтар тууы мүмкін.
Алдымен дене құрылысы жағынан алып қарасақ, Homo sapiens түрінің даму тарихы барысында оның дене құрылымы мен денсаулығы айтарлықтай жақсарғаны анық: халықтың орташа өмір жасы өсті. Ертедегі дүние азаматтың орташа жасы 20-22жыл болған болса, XVIII ғасырда 30 жасқа деиін өсті. XIX ғасырдың аяғымен XX ғ. Басына қарай Батыс Еуропа елдерінде ортша жас шамамен 56 жылға жеткен болса, бүгін таңда 75-78 жасқа жетіп отыр. Ал социологиялық және медицинлық зерттеулерге қарағанда, қазіргі адамның “қалыпты ” орташа жасы 80-90 жыл болуы тиіс екен.
Тағы бір мысал. Социологиялық зерттеулерге сүйенсек, XX ғ. 50-60 жылдары өскен жастардың бойы 30-40 жылдарда өскен жастардың бойынан, орташа алғанда, 6-8 см. Ұзын, ал 80-90 жылдардағы жастардың бойы одан бұрынғы 60-70 жылдардағы жастардың бойынан 5-7 см-дей ұзын көрінеді. Бұл, әрине, ең алдымен әлеуметтік тұрмыс жағдайымен жақсаруының алдары деуге болады.
Енді адамзаттың ақыл-ой қабілетінің дамуы туралы мәселні қарастырып көрелік. Евгеника (адамның тұқым қуалаушы денсаулығы және оны жақсарту туралы теория) деген ілімнің негізін салушылардың бірі, ағылшын психологантрополыгы Ф. Гальтон қазіргі адамның ақыл-ойы барған сайын төмендейді деп сендіруге тырысады, өйткені дейді ол төменгі таптарының өкілдері ақыл-ой коэфицент көрсеткіші төмен ал олардың отбасы әдетте көп балалы болады, олай болса қоғамдағы адамдар саны негізінен төмен сол еңбекші топтарының балаларының есебінен өсетін болғандықтан, адамдардың ақыл-ой деңгейінің төмендеуі де табиғи нәрсе деп қорытындылайды Ф. Гальтон. Бұл пікір XX ғ-ң 60-жылдарына басына қарай адамның ақыл-ой коэфиценті әлеуметтік жағдайы және балаларының саны арасында тікелей тәуелділік бар деген пікір жалған деп мойындалды. Онтогенез – организмнің жеке дамуы а) эмбриогенез(ұрықтық даму) Бір қабатты ұрықтың – бластуланың түзілуі. Ұрықтанған жасуша, алдымен, екіге, одан соң төртке бөлінеді. Бұдан кейінгі бөліну көлденең бағытта жүріп, сегізге, одан кейін бойлай бөліну мен көлденең бөліну кезектесіп, нәтижесінде, 16,32,64,128,т.б бластомерлерге айналады. Бір қабатты іші қуыс бластулаға айналады. Гаструла. Үш қабатты ұрықтың пайда болуы Гаструла – іші қуыс екі қабат жасушалардан тұратын ұрық. Бұл екі қабат ұрық жапырақшалары деп те аталады. Гаструла сатысындағы сыртқы қабатты – энтодерма немесе сыртқы ұрық жапырақшасы деп атайды. Энтодерманың ішкі қуысы бірінші реттік ішектің, ал оның сыртқы ашылатын тесігі бірінші реттік ауыздың бастамасы болып есептеледі. Нейрула. Нейрула сатысы кезінде дернәсілдің немесе ересек организмнің жеке мүшелері дами бастайды. Эктодерма қабатынан бірнеше жасушалар бөлініп төмен түседі де, одан жүйке тақташасы түзіліп, ол жүйке түтігіне айналады

32-33 осы.

34)Адам миының құрылысы мен қызметі: Жұлындағы сияқты мида ақ және сұр заттар болады. Ақ заттан өткізгіш жолдар түзіледі. Олар миді жұлынмен, сондай-ақ ми бөліктерін өзара байланыстырып тұрады. Өткізгіш жолдардың арқасында бүкіл орталық жүйке жүйесі біртұтас қызмет атқарады. Сұр зат өз алдында шоғырланып, ақ затқа ядролар түрінде орналасады. Мұнымен қатар сұр зат ми сыңарларымен мишықты қаптап, ми қыртысын түзеді.

Сопақша ми мен көпір жұлынның жалғасы болып табылады, олар рефлекстік және өткізгіштік қызмет атқарады.

Сопақша ми мен көпірдің ядросы ас қорыту, тыныс алу, жүрек қызметін және басқа процестерді реттейді, сондықтан сопақша ми мен көпірдің зақымдалуы өмірге қауіпті. Шайнау, жұту, ему процестерінің реттелуі, сондай-ақ құсу, түшкіру, жөтелу сияқты қорғаныш рефлекстері мидың осындай бөлімдерінің қызметіне байланысты болады.

Сопақша мидің үстіңгі жағына мишық орналасады. Оның беті сұр зат — қыртыстан тұрады, қыртыстың астындағы ақ затта ядро болады. Мишық орталық жүйке жүйесінің көптеген бөлімдерімен байланысады.

Мишық адамның қимыл әрекетін реттейді. Оның қалыпты қызметі бұзылса, адам дәл үйлесімді қимылынан айырылып, дененің тепе-теңдігін сақтай алмайды. Мұндай адамдар, мысалы, иненің көзінен жіп өткізе алмайды, олар мас адамдарша теңселіп жүреді, жүргенде қол-аяғы сермеп, ебедейсіз қимыл жасайды.

Ортаңғы мида ядролар орналасады, олар қаңқа бұлшық еттеріне үнемі жүйке импульстарын жіберіп, олардың шыриғып тұруын — тонусын сақтауға мүмкіндік береді. Көру және дыбыс тітіркенуін қабылдайтын бағдарлау рефлекстерінің рефлекс доғалары ортаңғы ми арқылы өтеді. Бағдарлау рефлекстері бас пен денені тітіркендіргішке қарай бұрудан бөлінедіСопақша ми, көпір және ортаңғы мидан ми бағаны түзіледі. Одан 12 жұп бассүйек — ми жүйкелері таралады. Нервтер миды баста орналасқан сезім мүшелерімен, бұлшықеттер мен бездермен байланыстырады.Нервтердің бір жұбы — кез келген жүйке миды ішкі мүшелер — жүрек, өкпе, қарын, ішектермен және т.б байланыстырады.Жүйке жүйесі эволюциялық даму кезінде бірнеше негізгі кезеңнен өтті: І-кезең – торлы жүйке жүйесі (ішекқуыстыларда); ІІ- кезең – түйінді жүйке жүйесі (омыртқасыздарда); ІІІ-кезең – түтікті жүйке жүйесі (хордалыларда), ал омыртқалыларда ми пайда болды. Жүйке жүйесінің одан әрі дамып, мидың пайда болуы сенсорлық (иіс, жарық сезу) жүйенің жетілуіне байланысты. Мидың филогенездік І-кезеңінде үш: артқы, ортаңғы және алдыңғы ми көпіршіктері пайда болады. Одан кейінгі эволюциялық даму барысында (ІІ-кезең) ми екіге: сопақша ми мен мишыққа бөлінеді. Организмнің қоршаған ортамен зат алмасуының өзгеруінен сопақша ми мен артқы мида тыныс алу, қан айналым, ас қорыту, т.б. орталықтары пайда болады. ІІ-кезеңде көру рецепторының әсерінен ортаңғы ми күштірек дамыды (тіпті балықтарда да). ІІІ-кезеңде, жануарлардың сулы ортадан құрлыққа шығуына байланысты алдыңғы ми дами бастайды. Одан әрі алдыңғы мидың көлемі ұлғайып, аралық және соңғы ми (ми қыртысы) дамыды. Жануарлардың судан құрлыққа тіршілік етуге бейімделуі арқылы алғаш рет ми қыртысының жеке шоғырлары жорғалаушыларда байқалады. Жүйке жүйесінің одан әрі қарай эволюциялық дамуы барысында ми қыртысы барған сайын барлық төмен жатқан орталықтардың қызметтерін өзіне бағындырып, ми қызметі біртіндеп ми қыртысына ауысты. Адамда мидың одан әрі дамуы – оның шығу тегіне байланысты заңдылықтарға бағынады. Адам миының салмағы 1100 г-нан 2 кг-ға дейінгі аралықта ауытқып отырады, көлемі – 1456 см3, аумағы 1622 см2. Адамның ақылдылығы мидың салмағы мен көлеміне байланысты емес. Мысалы, дарындылығы деңгейлес екі жазушы – Иван Сергеевич Тургеневтің миының салмағы – 2012 г., ал Анатоль Франстың миының салмағы – 1017 г.[1]

Ми бассүйектің ми сауытының ішінде жатады. Мидың орташа салмағы шамамен 1300-1400 г. Салмағы бұл көрсетілгеннен көбірек болатын адамдар да кездеседі. Адамның дарындылығы мен ақылдылығы мидың салмағына байланысты емес. Ми 20 жасқа дейін дамиды. Оны бұлшықеттер тәрізді «жаттықтыруға» болады. Ойлау жүктемесін оқу арқылы үнемі жетілдіру нәтижесінде нейтрондар жүктемесі өседі де қысқа өскіндер көбірек қалыптасады, сөйтіп олар тармақтала түседі. Тұрақты шұғылдану нәтижесінде есте сақтау, назар аудару, ойлау, көз алдына елестету және басқа да жоғары жүйке қызметінің үдерістері жетіле түседі.

Жұлындағыдай ми да ақ зат пен сұр заттан құралған. Жұлыннан айырмашылығы - мидың ақ заты ішкі жағында, сұр заты сыртында болады. Мидың бөлімдеріне байланысты сұр заты тұтас немесе ақ затының әр жерінде топтанып жатады, оны «ядро» дейді. Мидың ақ затынан өткізгіш жолдар түзіліп, миды жұлынмен байланыстырады. Ми бөлімдерінің өзара байланысы өткізгіш жолдар арқылы қамтамасыз етіледі.

Мидың ішінде ми сұйықтығы толған қуыстар бар. Оларды ми қарыншалары дейді, себебі ішінде мөлдір әрі тұтқыр сұйықтық болады. Ол қорғаныштық, ыдырау өнімдерін шығару және ми ішіндегі қысымды реттеу қызметін атқарады.

35)Этология дегенЭтология — жануарлардың мінез-қылығының биологиялық заң-дылықтарын зерттейтін ғылым саласы. Ал мінез-қылық деп жануардың тіршілік ортасымен қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін атқаратын қимыл-әрекетінің жиынтығын айтады. Этология негізінен табиғи, туа біткен мінез қылықтар мен дағдылы әрекеттерді, олардың дамуын зерттейді. Этология мінез-қылықтың туа біткен құрамаларын айқындап, организмнің турлі реакцияларының сыртқы көрінісін анықтайды. Ал, физиология жануарлардың мінез-қылығын қамтамасыз ететін ми қызметінің нервтік механизмін зерттейді.

Жануарлар мінез-қылығы туа біткен және жүре пайда болган болып екі топқа бөлінеді. Туа біткен мінез-қылық (қоректік, жыныстық, сақтық т.б.) құрамалары тұқым қуалайды, ешбір жаттығусыз, үйретусіз-ақ атқарылады, олар белгілі бір жағдайда атқарылатын дағдылы әрекеттердің жиынтығы болып табылады. Физиологиялық тұрғысынан дағдылы әрекеттер эволюция барысында қалыптасқан шартсыз рефлекстердің күрделі тізбегі. Жүре қалыптасқан мінез-қылықтың ең жақсы зерттелген түрі — шартты рефлекстер.

Қазіргі кезде этологияның жаңа бағыты — адам мінезін зертгеу саласы дамып келеді. Оның негізін әлеуметтік психология мен білім проблемалары құрайды.

Этология бағыты қарастыратын негізгі мәселелер шеңберін Н.Тинберген нақты көрсетіп берді. Оның пікірінше, жануарлар әрекет-құлық актілерін талдау мынадай 4 сұраққа жауап беру негізінде жүзеге асады:

· Белгілі бір әрекет-құлықты қандай факторлар түзейді?

· Әрекет-құлықтың онтогенездегі қалыптасу тәсілдері қандай?

· Филогенездегі әрекет-құлықтың пайда болу жолдары қандай?

· Әрекет-құлықтың бейімделгіш функциялары қандай?

Бұл әйгілі “Тинбергеннің 4 сұрағы” әрекет-құлық туралы ғылымның теориялық негіздерінің қалыптасуына әсер етті. Бұл сұрақтарға толық жауап беру үшін салыстырмалы түрде сандық мәліметтер талдауына сүйену қажет, сондай-ақ филогенетикалық және онтогенездік талдау ерекшеліктерін де ескеру қажет.





Дата добавления: 2017-02-24; просмотров: 1369 | Нарушение авторских прав


Рекомендуемый контект:


Похожая информация:

Поиск на сайте:


© 2015-2019 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.