Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ықтық бұзушылықтың басқа түрлері үшін жауапкершілік




Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің кейбір ерекшеліктері ақшалай міндеттемені орындамағаны үшін жауапкершілікпен сипатталады. Бұл жауапкершілік борышқор ақша сомасы проценттік құқыққа сыйымсыз пайдаланған кезде туындайды. Басқаберудің ақшалай қаражатын құқыққа сыйымсыз пайдалану үшін әр түрлі себептер болуы мүмкін: борышқордың ақша сомасын қайтару мерзімі келген кезді өткізіп жіберу; ақша қаражатын басқа біреудің есебінен пайдалану немесе сақтау. Процент мөлшері несие берушінің тұрғылықты жеріндегі ақшалай міндеттемені орындалатын күнгі банкілік проценттің есеп ставкасымен беріледі. Сот тәртібінде қарызды өндіру кезінде сот несие берушінің талабын қанағаттандыра отырып, талап қойған күнгі немесе шешім шыққан күнгі процент мөлшерін қолдану мүмкін. Бұл ереже егер заңмен немесе шартпен проценттің басқа мөлшері белгіленбеген кезде қолданылады.

Азаматтық кодекстің 353-бабында ақшалай қаражатын заңсыз пайдаланғандық үшін жауапкершілік көзделген.

1. Ақша міндеттемесін орындамау нәтижесінде, біреудің ақша қаражатын заңсыз пайдаланғаны немесе оларды төлеу мерзімін өткізіп жібергені, не оларды негізгі алғаны немесе басқа адамның есебіне сақтағаны үшін осы құжаттардың сомасында проценттер төленуі тиіс. Проценттердің мөлшері ақша міндеттемесін немесе оның тиісті бөлігін орындаған күні Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгіленген банкілік проценттің орташа есептеу ставкасы негізінде есептеліп шығарылады. Борышты сот тәртібімен өндіріп алу кезінде сот талап арыз берген немесе шешім шығарылған не ісжүзінде төленген күнгі банкілік процентті орташа есептеу ставкасын негізгі ала отырып, несие берушінің талабын қанағаттандыра алады. Егер заң құжаттарында немесе шартта проценттің өзге мөлшері белгіленбесе осы ережелер қолданылады.

2. Бөтен қаржыны пайдаланғаны үшін проценттер егер заң құжаттарында немесе шартта проценттерді есептеудің неғұрлым қысқа мерзімге белгіленбесе, бұл қаржы несие берушіге төленген күнге дейін өндіріліп алады.

3. Егер несие берушінің ақшалай қаражатын заңсыз пайдаланудан оған келтірілген залал осы баптың бірінші тармағының негізінде оған тиесілі проценттердің сомасынан асып кетсе, ол борыштардан осы соманы асып түскен бөліктегі залалды талап етуге құқылы.

4. Өткен жылғы проценттерді борыштың негізгі сомасына қосу заңдармен көзделген реттерді қоспағанда, процентті проценттерге есептеуге жол берілмейді.

Жалпы ережеге сүйене отырып Азаматтық Кодекстің 365-бабы борышқордың мерзімі өткізіп алғандығы үшін жауапкершілікті белгілейді:

1. Міндеттеменің орындалу мерзімін өткізіп алған борышқор несие берушінің алдында мерзімді өткізіп алу арқылы келтірілген залал үшін және мерзімін өткізіп алу кезінде туындаған кездейсоқтықтан орындай алмауының салалары үшін жауап береді.

2. Егер борышқордың мерзімді өткізіп алуы салдарынан міндеттемені орындау несие берушіге керексіз болып қалса, ол міндеттемені орындауды қабылдаудан бас тартып, залалды өтеуді талап ете алады.

3. Несие берушінің мерзімді өткізіп алуы себепті міндеттеме әзірше орындалмайтын болса, борышқор мерзімді өткізіп алушы болып саналмайды. Мысалы, арендаға алушы арендаға алынған мүлікті уақтылы қайтармаса, онда ол арендаға алынған мүліктің жойылуына кінәсінің болмауына қарамастан, арендаға берушінің алдында арендаға алынған мүліктің кездейсоқ жойылуына және оған келтірілген барлық шығын үшін жауап береді.

Азаматтық айналымда несие берушінің мерзімді өткізіп алуы да кездеседі. Азаматтық Кодекстің 366-бабы осыны көрсетеді:

1. Егер несие беруші борышқор ұсынған тиісті дәрежедегі орындауды қабылдаудан бас тартса, немесе заңдарда не шартта көзделген, не іскерлік айналым дәстүрлерінің немесе аяқталғанға дейін борышқор өзміндетін атқара алмаған міндетінің мәнінен туындайтын әрекеттерді жасамаған болса ол мерзімді өткізіп алған болып есептеледі.

Борышқордың міндеттемені орындамағанын тиісті түрде растаудан бас тартқан жағдайдада несие беруші мерзімді өткізіп алған болып есептеледі.

2. Егер несие беруші мерзімді өткізіп алу не өзі, не заңдар бойынша немесе несие берушінің тапсыруымен міндеттеменің орындалуын қабылдап алу жүктелген адамдар жауап бермейтін жағдайларға байланысты болғанын дәлелдеп бермесе, несие берушінің мерзімді өткізіп алуы борышқорға мерзімді өткізіп алудан келтірілген залалдың орнын толықтыруға құқық береді.

Мерзімді өткізіп алған несие берушіге мерзімді өткізіп алған кезде міндеттемені орындаудың кездейсоқ мүмкін болмай қалуының қолайсыз салдары жүктеледі.

3. Ақшалай міндеттеме бойынша борышқор несие берушінің мерзімзі өткізіп алғаннна кейінгі уақытына процент төлеуге міндетті емес. Мысалы, егер ол тасмалдаушының жүкті тиісті адреске жеткізу кезінде жүкті іс-әрекетін жасамаған болса, одан жүк қабылдаушы мерзімді өткізген болып есептеледі. Несие берушінің мерзімді өткізіп алуына байланысты борышқор шығынға ұшырауы мүмкін. Мысалы, несие берушінің мүлікті қабылдаудан бастартуына байланысты мүлікті ұстау шығындары.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 685 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Чтобы получился студенческий борщ, его нужно варить также как и домашний, только без мяса и развести водой 1:10 © Неизвестно
==> читать все изречения...

2436 - | 2323 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.