Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің нысаны ретінде құқық бұзушыға жүктелетін косымша міндеттер түсіндіріледі. Азаматтык заңдылық жауапкершіліктің әртүрлі формасын карастырады. Жауапкершілік шығынды өтеу арқылы (20-бап, Азаматық Кодекс), айып төлеу арқылы (Азаматтық Кодекс 298-бап), кепіл жоғалту арқылы (Азаматық Кодекс 337-бап) жүзеге асырылады.
Азаматтық кодекстің 20-бабында былай деп көрсетілген:
1. Азамат өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі бүкіл мүлікпен
жауап береді, бұған заң құжаттарына сәйкес ақы өндіріп алуға болмайтын
мүліктер кірмейді.
2. Азаматтардың ақы өндіріп алуға болмайтын мүлкінің тізбесі
Қазақстан Республикасының АІЖК белгіленеді.
Азаматтық кодекстің 298-бабында: "Міндеттемені бұзғаны үшін борышқор жауапқа тартылатын жағдай болған кезде міндеттеменің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін айып өндіріп алынады".
Борышқор кінәлі болған кезде, егер заңдарға немесе шартта өзгеше көзделмесе, міндетемені орындамағаны және тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауап береді. Борышқор міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте, атап айтқанда, мерзімін өткеріп алған ретте несие берушіге төлеуге міндетті, заңмен немесе шартпен белгіленген ақша соммасы айыптөлеу (айыппұл, өсім) деп танылады. Айып төлеу туралы келісім, негізгі міндеттеменің нысанына қарамастан, жазбаша жасалады. Жазбаша нысанның сақталмауы айып төлеу туралы келісімнің жарамсыздығына әкеп соқтырады.
Немесе беруші тараптардың келісімінде айып төлеу міндетті көзделген көзделмегеніне карамастан, заңдарда белгіленген айып төлеуді талап етуге құкылы. Егер заңдарда тиым салынбаса, тараптардың келісімімен заңда айып төлеу мөлшері көбейтілуі мүмкін. Айып төлеу мөлшері нақты ақша соммасында немесе орындалмағанына не тиісінше орындалмаған міндеттеме сомасына шаққандағы процентпен белгіленеді.
Егер төлеуге тиісті айып немесе берушінің шеккен залалдары мен салыстырғанда тым көп болса, сот борышқордың міндеттемені орындау дәрежесін және борышқор мен несие берушінің назар аударуға лайықты мүдделерін ескере отырып, айып төлеу мөлшерін азайтуға құқылы.
Міндеттемені бұзғаны үшін борышқор жауапқа тартылатын жағдай болған кезде міндеттемнің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін айып өндіріп алынады.
Азаматтық кұқықтық жауапкершіліктің келесі түрі кепілпұл. Кепіл шартқа сәйкес пайда болады. Кепіл заң құжаттарының негізіңде, егер заң күжаттарында қандай мүлік және қандай міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету үшін кепілде жатқан деп танылатаны көзделсе, оларда көрсетілген міндеттемелердің пайда болуы кезінде де туындайды.
Егер шартта немесе заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, кепіл талапты оның нақты қанағаттандырылатын кезіндегі көлемді проценттерін қоса алғанда, орындау мерзімін өткізіп алу арқылы келтірілген шығындардың өтелуін, айып салуды, кепілден алынған мүлікті үстау жөніндегі кажетті шығындарды, сондай-ақ өндіріп алу жөніндегі шығындарды өтеуді қамтамсыз етеді.
Кепіл туралы шартта өзгеше көзделмеген, кепіл құқығы кепілі тіркелуге жататын мүлік жөніндегі шартты тіркеу кезінен бастап, басқа мүлік жөнінен — бүл мүлікті кепіл ұстаушыға берген кезден бастап, ал егер ол беруге жатпаса, кепіл туралы шарт жасасқан кезден бастап пайда болады. Егер борышқор міндеттемені тиісті дәрежеде алу үшін өзіне байланысты шаралардың барлығын қолданып дәлелдесе, ол кінәсіз деп танылады. Кәсіпкерлік кызметті жүзеге асырған кезде міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған адам, егер бой бермейтін күштің, яғни осы жағдайлар кезіндегі төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жағдайлардың (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және т.б.) салдарынан тиісті дәрежеде орындауға мүмкіндік болмағандығынан дәлелдей алмаса, мүліктік жауаптылықты көтереді.
Заңдарда немесе шарт жауапкершіліктің және одан басталудың өзге негіздері ескерілуі мүмкін.
Міндеттемені қасақана бұзғаны үшін жауапкершілікті жою немесе шектеу туралы алдын-ала жасалған шарт жарамсыз болады.
Қазақстан Респуликасы Азаматтық Кодексінің 337-бабы бойынша:
1. Уағдаласушы тараптардың біреуінің шарты бойынша өзінен алынатын төлемнің есебінен екінші тарапқа және шарт жасаумен орындауды қамтамасыз етуге берілетін ақшалай сомма кепілпұл деп танылады.
2. Кепіл пұл туралы келісім кепілпұлдың соммасына қарамастан жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Бүл ереже негізгі міндеттеме нотариалдық жолмен куәландыруға тиіс болатын жағдайда да колданылады.
Келісімнің жазбаша нысанда жасалуын сақтамай кепілпұл келісімін
жарамсыз деп тануға әкеліп соқтырады деп көрсетілген.
Шартта өзгеше көзделмесе, міндеттеменің орындалмауына жауапты тарап екінші тарапқа кепілпұл сомасын ескере отырып шеккен залалдың орнын толтыруға міндетті.
Жоғарыда айтылған баптардың ішінен шығынды өтеу ерекше орынды алады. Олай дейтін себебіміз азаматтардың қүқықтарының бұзылуы көп жағдайларда шығынға әкеп соғады. Егер заңда немесе шартта көзделмесе, азаматтық қүқықтық жауапкершіліктің осы түрі үлкен мағына беріп, азаматтық құқық бұзушылықтың көп ретінде қолданылады.
Егер арендаға алушы мүліктің нашарлауына жол берсе, онда арендаға беруші аренда туралы занда немесе шартта көзделмеседе оған келтірілген шығынды өтеуге құқылы. Арендаға беруші арендаға берілген мүліктің нашарлағаны үшін айып төлетуді тек қана арендаға алушымен шартта көзделсе және бекітілсе ғана жүзеге асырылады.
Азаматтық құқықтардың бұзылуымен байланысты көп жағдайларды шығынды өтеу белгіленгендіктен азаматтық құқықтық жауапкершіліктің осы түрі жалпы шара ретінде саналады.
Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің жалпы шарасы ретінде келтірілген зиянды өтеу міндеттеменің кез келген түрінде колданылады. Азаматтық Кодекстің, 349 бабы міндеттемеге анықтама береді:
1. Міндеттемені орындамау, не тиісті дәрежеде орындамау (мезгілінде орындамау, тауарлар мен жүмыстарды толық орындамау, міндеттеме мазмұнында белгіленген басқа жағдайларды бұзып орындау) –тиісінше орындамау оның бұзылуы деп түсініледі. Тиісті дәрежеде орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда борышқор бүл туралы несие берушіге дереу
хабарлауға міндетті.
2. Міндеттемені бұзғандығы үшін борышқорды жауапқа тарту несие берушінің талап етуі бойынша жүргізіледі.
Міндеттемені бұзу оның кез-келген жағдайына қатысты: орындаудың уақыты, орны, әдісі, саны және сапасы. Құқық бұзушылықтың әртүрлілігіне байланысты оларды екі түрге бөлуге болады: орындамау және тиісінше орындамау. Міндеттемені орындамау - бұл борышқордың негативті әрекеті немесе әрекетсіздігі. Егер борышқор несие берушіге хабарлап, алайда зиян несие берушінің кінәсінен болса, борышқордың жауапкершілік мөлшерін азайтуы мүмкін. Жауапкершілікке тарту азаматтық құқық нормаларының санкциясын іске асыру кызыметін атқарады.
Құкық бұзушылық үшін жауапкершілік, біріншіден, борышқордың міндеттемені орындауға ықпал етеді; екіншіден, оның тиісінше орындалмағаны немесе орьндамағаны үшін жазалайды; үшіншіден, несие беруші келтірілген зиянды өтеу үшін міңдеттемеге қатысады; төртіншіден, осындай шығындарды өтейді; бесіншіден, басқа тараптардың көз алдында борышқордың тәртіпсіздік фактілерін әшкерлейді.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік мына жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін:
А) несие берушінің талабын қанағаттандырып борышқордың жауапкершілікті өз еркімен өтеуі;
Б) жауапкершілік мөлшерін келімсіз тәртіпте ұстайтын несие берушінің бір жақты әрекеті:
В) міндеттеменің тиісінше орындалмағаны немесе орындалмағаны үшін борышқорға кұзіретті органдардың жауапкершілікті орындатуға шығарылған шешімі.
Шығынды өтеу — азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушы тараптын екінші тараптың адцында жауапкершілікте болуын көрсетеді.
Сонымен, шығынды өтеу құқық бұзушының есебінен талапкердің мүлкін келтіруге бағытталған. Шығынды өтеу компенсациялық сипатка ие. Шығын ретінде қүқық бұзушының талапкерге мүліктік сипатта бағытталған кертартпа салдарлары жатады. Солдардың алғашқы бөлімі ретінде мүлікке нақты кемшілік келтіру кіреді. Ол айқын шығын деп аталады. Екінші бөлім талапкердің мүлкі арқылы табысынын көбеймеуіне байланысты айырылып қалған пайда деп аталады. Айырылып қалған пайда өзіне әдеттегі азаматтық айналымдағы секілді құқығы бұзылмағанда түсетін табысты қамтиды. Егер арендаға алушының кінәсінен алынған саяжай өртеніп кетсе, онда арендаға берушіге кайта жөндеу бағасы және калпына келтіру барысында түспеген аренда ақшасы да өтеледі (оған келтірілген шығынды өтетуге құқылы).
Арендаға беруші арендаға берілген мүліктің нашарлағаны үшін айып төлеуді тек қана арендаға алушы мен шартта көзделсе және бекітілсе ғана асырылады да келтірілген зияннын толық өтелуі қағидасын қамтамасыз етеді. Азаматтық кодекстің 9-бабының 4 бөлігіне сәйкес құқығы бұзылған адам, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзіне келтірілген залалдың толық өтелуін талап ете алады.
Құқығы бұзылған адам жасаған немесе жасауға тиісті шығыстар, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан), сондай-ақ сол адамның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бірақ алынбай калған табыстары (айырылып қалған пайда) залалдар деп түсініледі.
Егер тәртіп бүзудың құқықтың салдарынан пайда болуы тәртіп бұзушының кінәсіне байланысты болса, заң қүжаттарында өзгеше көзделгеннен басқа жағдайларда ол кінәлі деп ұйғарылады.
Бұл ереже бойынша өтелуге екі шығын жатады нақты нұқсан және айырылып қалған пайда. Жоғарыда көрсетілген мысалдағыдай арендаға алушы қайта жөндеу құқығын және жөндеу кезінде төленбей қалған аренда ақысын өтеуі тиіс, егер де заңда немесе шартта шығында өтеу көлемі аз мөлшерде деп көрсетілмесе туындайды.
Алайда, белгілі бір қызметпен байланысты заңмен келтірілген шығынды өтеу кейбір міндеттемелердің түріне байланысты шектелуі мүмкін.(АК 358-бап)
1. Міндеттеменің кейбір түрлері бойынша және кызметтің бір түрлеріне байланысты міндеттемелер бойынша заң құжаттары залалды толық өтеу құқығын шектей алады. (шектелген жауапкершілік) 3. Егер міндеттеменің осы түрі немесе осындай құқық бұзушылық үшін жауапкершілік мөлшері заңмен белгіленген болса, қосылу шарты бойынша немесе тұтынушы ретінде азамат несие беруші болып табылатын өзге шарт бойынша борышқордың жауапкершілік мөлшерін шектеу жөніндегі келісім жарамсыз болады.
Транспорттық кодекстер мен жарлықтар тасымалданушыныңшектелуі Жауапкершілігін құрайды. Мысалы СССР-дың әуе кодексінде көрсетілгендей келісілген бағамен жүктің жеткізілуін, егер тасымалдаушы жүктің жеткізу құнының өскендігін дәлелдесе, онда келісілген баға көлемінде өтейді. Ал бұндай жағдайларда айрылып калған пайда өндірілмейді.
Баға әрқашан ауысуымен инфляция шартына сәйкес шығын есепке алынбайды. Бұндай ереже Азаматтық Кодекстің 385-бабында бекітілген: 1-ші шарттың орындалуы тараптардың келісімімен белгіленген баға бойынша төленеді. Заң құжаттарында көзделген жағдайларда оған уәкілдік берілген мемелекеттік органдар белгілейтін немесе реттейтін баға (тарифтер, бағалар. ставкалар және т.б. қолданылады.
З. Шарт жасалғаннан кейін бағаны өзгертуге шартта, заң кұжаттарында көзделген реттер мен жағдайларға немесе заң құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша жол беріледі.
4. Ақылы шартта баға көзделмеген және шарт ережелерін негізге ала отырып оны анықтау мүмкін болмаған реттерде шартты орындау шарт жасау кезінде осыған ұқсас жағдайларда әдетте осы сияқты тауарлар. жұмыс немесе қызмет үшін алынатын баға бойынша жүргізілуге тиіс деп есптеледі.
Шығынды өтеу кезінде тиісінше орындалмағаны немесе орындалмағаны үшін сол күнгі баға есепке алынып, ал егер борышқор мойындамаған ретте талап арыз берген күнгі баға есепке алынады. Көрсетілген ереже тек қана заңмен, басқа нормативті актімен немесе шартта бекітілмесе ғана орындалады. Істің жағдайына қарай сот шешім шығарған күнгі бағаны белгілей алады. Айырылып қалған пайданы есепке алу кезінде несие берушінің оны алу үшін дайындық шаралары ескеріледі.
Егер құқық бұзған азамат осының салдарынан табыс тапқан болса, онда несие беруші алынбаған пайданың табыстан кем немесе мөлшерде шығынды өтеуге құқылы. Мысалы, арендаға алушы арендаға алған мүлікті бір мерзім кешіктіру арқылы табыс тапқан болса, онда арендаға беруші айырылған пайданы табыстан кем немесе мөлшерде өтеуді талап ете алады. Себебі арендаға алушы құқыққа сыйымсыз әрекет арқылы арендаға алынған мүлікті пайдаланған.