Жауапкершілік барлық құқық қатынастарына тән нәрсе. Азаматтық құқықтық қатынастың негізгі бөлігін міндеттеме құрайтын болғандықтан жауапкершілік жөніндегі мәселе міндеттемелік құқықтың жалпы ережелерінде қаралады. Бірақ та бұл арада айтылған мәселе міндеттемелерден тыс құқық қатынастарына да қатысты. Жалпы алғанда, жауапкершілік дегеніміз – заңмен немесе шартпен қаралған ретте өзіне жүктелген міндетті бұзатын азаматтық құқықтық қатынастардың субьектілеріне қолданылатын мүліктік өндіртіп алу немесе мүліктік салмақ салу болып табылады. Оған бұзылған құқыққа орай өкілетті тұлғаның мүліктік шығынының орнын толтыру да жатады.
Жауапкершілікке тарту, азаматтық құқық бұзушылық жағдайында құқықтық нормаларға санкцияны жүзеге асыруға түрткі болады. Ең алдымен, азаматтық-құқықтық жауапкершілікте мемлекеттік және шарттық тәртіпті нығайтуда, осы мақсаттың алдын алуда тәрбиелік маңызы айрықша. Азаматтық құқық қатынасының субьектілері болып табылатынтараптар өзіне жүктелген міндеттерді орындамауы қоғамдық қатынастарды бұзып, мүліктік шығынға және жеке тұлғалар мен бүкіл қоғамды қолайсыз жағдайларға әкеп соқтыратынын білуі тиіс әрі өзінің міндетін бұзбауға күш салуы керек. Тәрбиелік жағын былай қойғанда, егер, әлгі айтқан құқық бұзушылыққа жол берілетін болса, онда азаматтық-құқықтық жауапкершілік оны қайта қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Сондықтан да, борышқор өзі істеуге міндетті нәрсені орындамағанда ғана емес, оны орындаудан өз бетімен бас тартқан кезде де оған жауапкершілік бәрібір мойындатылады. Азаматтық құқықтық қосымша мүлікті өндіртіп алу тәрізді өзіне тән жауапкершілік қасиеті болмаса, несие беруші міндеттемесін орындаудан жалтарған борышқорға жазалау шарасын қолдана алмайды және оның іс-әрекетін өз дәрежесінде реттеп отыруы қиындай түседі.
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің өзіне тән қасиеттері:
А) борышқордың міндеттемені бұзғанынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге қайтару;
Ә) борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын қадағалау;
Б) борышқорды міндеттемесін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жазалау;
В) белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткә болу (өйткені, контрагенттің дұрыс болмауынан пайла болатын шығынды өтеуді қамтамасыз етеді);
Г) борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше айғақтау болып табылады.
Ықпалы әр түрлі деңгейде бола тұрса да, міндеттемелердің бәрінде жауапкершіліктің мұндай қасиеттері кездеседі. Мұндай жауапкершіліктің қажеттілігі міндеттеменің бұзылмауын реттейтін заңнан (мысалы, міндеттемені бұзғаннан келетін залалдың орнын толтыру), әр жақтың өзара жасасқан шарттарынан, міндеттеменің келісілген жағдайларынан туындайды. Жауапкершілікті белгілеу қосымша келісімдер арқылы да жүзеге асады. Мысалы, оған міндеттеменің мерзімін бұзғаны үшін салынатын айыпқа орай жасалатын келісімді жатқызуға болады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік – Азаматтық құқықтың Жалпы бөлімінің институты болып табылады, өйткені, жалпы ереже бойынша азаматтық-құқықтық қатынастардың барлық түрінде өзіне тән қасиеттер кездеседі.
Жауапкершілікті түсінуде көп жағдайда ретроспективті көзқарас белең алады, сондықтан да ол тәртіптің бұзылуы, санкциясы жүзеге асыру (мемлекеттік мәжбүрлеу) ретінде ұғындырылады. Оның үстіне тәртіп бұзушылықтағы жауапкешіліктің мән-маңызын ұғынуда екі бағыт тілге тиек етіледі. Бұл мәселеге қалам тартқан авторлар заңды жауапкершілік тәртіп бұзушылар үшін қосымша ауыртпалық түсіру мен (қолайсыз жеке және мүліктік зардаптар) міндетін орындауға мәжбүрлеу деп болжайды, ең бастысы – ол жауапкершілік, сондықтан заңдық, жауапкершілік те –міндет, алайда олмәжбүрлеу арқылы орындалады. Осыдан кейін заңдық жауапкершілік адамға тәртіп бұзуға жол бергенге дейін болмайды деген қорытынды жасалады.
Жауапкершілікті ретроспиктивті көзқарас ретінде түсінудің гносеологиялық себептері неде? Қоғамдық ой-пікір дәстүрінде жауапкершілік жазалаумен, құн алумен байланыстырылады. Құқықтық ұғымда қоғамдық пікір мен ғылым неліктен міндеттеуге, жазалауға, мемлекеттік мәжбүрлеу, қылмыстық-құқықтық шараларға жүгінеді?
Құқық тек жарлық пен тиым салынғын тенденцияларға тән қарапайым құбылыс болғаны ма?
Бірден және кездейсоқ пайда болмаған бұл сауалдарға жауапты жауапкершілік теориясындағы қиғаштық себептерін мемлекеттік құбылыстың тарихи тәжірибелерінен, басқарудың өміршеңдік, биліктік-әкімшілік, бюрократтық тәсілдерінің белең алу практикасынан іздеу керек.
Біздің құқықтық жүйеміздің қазіргі реформалары ең алдымен оны орнықтыру тәсілдерін жаңғыртуды көздейді. Бұл жерде ең басты гуманизм әділеттілік бастауларын нығайту адамдарға деген құрмет сезімін қалыптастыру, олардың заң алдындағы құқықтары мен бостандығын, теңдіктерін қатаң сақтау, әркімнің өз әрекеті үшін жауапкершілігінің заңдылығын мойындау.
Заңдылықты нормативті-мәжбүрлеуді шектен тыс арттырудан сақ болған жөн. Құқықты тар ауқымда ұғыну-құқықтың демократиялық, акдамгершілік, гуманистік потенциялының жан-жақты ашылуын барлық қоғамдық соның ішінде құқықтық құбылыстарды орталықтандыруды қамтамасыз ете алмайды.
Нақты алғанда құқық күрделі құбылыс. Оның мазмұнында адамдардың еркін олардың творчестволық дербестігінің мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін компоненттер маңызы мен құқықтың мінез-құлқын механизміне ықпал ету мүмкіндік беретін ынталандыру және еркін беру нормаларының үлес салмағы арттырылуда.
Сонымен, заңдық жауапкершілік міндеттерді орындалмағаны үшін санкцияларды, айып салуды, жазалауды күшейту жолымен емес, адамдардың келісім-шарт міндеттері мен заңдылықты қатаң сақтаудағы позитивті жауапкершілігін, салалы қатынастарын күшейту жолымен жүргізген жөн. Бұл жауапкершілікті өркен жайдыратын нақты тарихи даму жолы.
Қ. Мұздытаев атап көрсеткендей жауапкершілік ретроспиктивті бағыттан перспективті көрінеді. Бұл ретте адамдардың болашақ іс-әреетінің нәтижелерін алдын-ала аңғару қабілеті емес, олардың қоршаған ортаны қайта жаңғыртуға белсенді қатысу жөніндегі ұмтылыстары да есепке алынады. Бұл жағдайда біз заңды жауапкершілікті моральдық, ішкі жауакершілікпен шатастыруға қарсымыз. Тек позитивті заңдық жауапкершіліктің бір-бірімен тығыз байланысты моральдық құқықтың негізі болатынына көңіл аударғымыз келеді.
Позитивті заңдық жауапкершілікті негіздеуге және оның табиғатын ашып көрсетуге көшпес бұрын құқықтық тәрбие жұмыстарын тиімді ұйымдастыру ісінде және азаматтық-құқықтық белсенділікті қалыптастыруда
методологиялық маңызға ие жауапкершілік ұғымына жан-жақты тоқталып өтейік.
Бірден-ақ ашығын айтайық жауапкершілік ұғымы күштеу мен және жазалаумен сәйкес келмейді. Сонымен бірге, цивилистердің өзі азаматтық құқықтың жауапкершілікті құқық бұзушылықтың және санкцияны іске асырудың салдары немесе мемлекеттік күшпен қорқыту ретінде түсінбегені жөн. Біздің социологиялық зерттеулеріміз көрсетіп отырғандай респонденттердің 21 проценті жауапкершілікті тар ауқымды ретроспективті деңгейге түсінеді. Бір қызығы сол, респонденттердің арасында қылмыстыры үшін бас бостандықтарынан айрылғандыр және еңбек пен түзеу мекемелерінің қызметкерлері болады. Сонымен бірге қазірге дейін цивилистердің өзі азаматтық құқықтың жауапкершіліктің белгіленуі деп жазалауды, құқық бұзушылыққа жол бергені үшін сотқа тартылуды таниды және оны санкциялармен, адамдардың мүдделеріне нұсқан келтіру мен тығыз байланыстырады. Олардың пікірі бойынша тәрбиелік ықпалын ерекшеліктерді құқықтық тәртіп бұзуға мемлекет пен қоғамның айыптауын адамдарға сезіндіру болып табылады. Кейбіреулер азаматтық-құқықтық жауапкершілікте мемлекеттік оргондар құқық бұзушыға қолданатын құқықтық нормаларды сақтауға мәжбүрлеу шаралары ретінде бағалайды. Мәжбүрлеу жауапкершіліктің маңызды белгісі.
Әрине, мәжбүрлеудің мүмкіндігі заңдық жауапкершіліктен міндетті түрде тыс тұрады (сондықтан бұл категориялар бір-біріне сәйкес келмейді), мәжбүрлеу жауапкершіліксіз де бола алады (мысалы реквизация), жауапкершіліктің мәжбүрлеусіз де жүзеге асуы мүмкін.
Профессор В.М. Хвостов құқұқтық мәжбүрлеуді дөрекі, механикалық мағынады түсінбеу қажеттілігіне көңіл аудара келсе, істің мәніне баға бергенде құқық нормасын оның аржағында жағалаудың бір түрі ретінде санкция тұрған жаза қорқынышынан атқарылатын мінез-құлық тәртібі деп, есептемеу қажет. Құқық нормасын оның тасасында қалып қоятын талабы міндетті болып толып табылатын жоғары биліктің құдіреті беделді адамдар тұрғанда ғана мәжбүрлеу сипатына ие болатынын айтады.
Екінші жағынан, мәжбүрлеуді мемлекеттік аппаратының араласуынсыз жүзеге асыруға болады. Бұл жағдай бірнеше кезекте азаматтық–құқықтық қатынас нормаларында әділеттілікті талап етеді. Мысалы, азаматтық – құқық мәжбүрлеуге қарағанда ықпалды келеді, міндеттердің орындалуын қамтамасыз етудің заңдық құралы болып табылады.Азаматтық-құқықтық қажеттіліктің құқықтық үлес сипаты болғандықтан және құқықтық үлестің қатысты құқықтық қатынастарын екі келетіндігінен азаматтың міндеттердіорындауда басты ынталандырушы күш мәжбүрлеу емес,субъектінің құқықтық қатынастарда субъективті құқықтық жүзеге асыруға ынтасы болып табылады.Қатынастарда азаматтық-құқықтық ықпал ету механизмі, - деп жазады В.Ф. Яковлев, - құқықтық қатынас субъектілерінің мүліктік мүдделері тікелей пайдаланумен сипатталады. Ынталандырудың заңдық құралы адамдардың субъективиті құқықитағы үлесі, қабылданатын міндеттердің эквиваленті болып табылады. Азаматтық құқық субъектілерінің құқықтық белсенділігін азаматтық нормаларына тән болып келетін мемлекеттік мәжбүрлеудің бүркемелі сипатын ашуға болмайтыны да міне, сондықтан.
Қазіргі жағдайда міндетті белгілеу мен жазаны нақты орындаумен байланысы жоқ қылмыстық жауапкершіліктің сондай формаларын кең қолдануға айқын перспектива ашылып отыр. Қылмыстық жазаны, қоғамдық ықпал ету шараларымен ақырында ауыстырудың жаза қолдану аясын тарылтудың диалектикалық процесі қылмыстық жауапкершілік ақтау кезінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Сонымен жауапкершілікті жазалау мен салыстыруға болмайды. Біздің зерттеулеріміз көрсетіп отырғандай, респонденттердің 63 проценті жауапкершіліктің жазалаусыз, мәжбүрлеусіз болатынына сенімді. Заңдық жауапкершілік құқықтық нормаларды орындамағаны үшін жаза қолдануға немесе құқықты мінез-құлықты, азаматтық-құқықтық белсенділікті ынталандыру мақсатымен орнықтырылады.
П.А. Варул мен И.Н. Грязин заңдық жауапкершілік тұрғысынан келгенде жауапкершілікті арттыру қажеттігі «өз міндеттерін түбегейлі орындамаған немесе орындамаған кінәлі адамдарды қатаң жазалау қажеттігін білдіреді. Мұндай жаза, ақтық нәтижеде қоғамның әрбір мүшесінің өз міндеттерін жақсы орындауда мемлекеттік масштабта қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен, әңгіме жауапкершіліктің тиімділігі жөнінде болып отыр». Мұндай қорытынды тарихи практикамен әрдайым сәйкес келе бермейді.
Мысалы, еңбек тәртібін нығайту жөніндегі 1940 жылғы заңдарды, нақты айтқанда 1940 жылғы 26 маусымдағы КСРО Жоғарғы Кеңес президиумының «Сегіз сағаттық жұмыс күнімен, жеті күндік жұмыс аптасына көшу туралы жұмысшылармен қызметкерлердің кәсіпорындар мен мекемелерден өз беттерінше кетуіне тиым салу туралы» жарлығын қолдану тәжірибиесі қатаң жазалау жүйесінің еңбекшілердің инициативасы мен дербестігінің тиімді жұмыс істеуін әлсірететін жауапсыздыққа әкеліп соғатын, жазаланғандардың өшігі түсетінін, бұрынғыдан да үлкен тәртіпсіздіктерге жол берілетіндігін көрсетті. Кәсіпорындар басшылары өздеріне артық жауапкершілік алмауы үшін мәселерді өз бетінше шешуден қашқақтайды.
Көріп отырғанымыздай адамдардың жеке бостандықтарына нұсқан келтірген жазалау жауапсыздыққа әкеліп соғады. Азаматтардың жауапкершілігі олдардың еркін мінез-құлықтан тыс жауапкершілік те жоқ.
Осыған байланысты Е.В.Черныхтың «адамдардың жауапкершілігі мен жауапсыздығы соңынан келетін зардаптардан емес, олардың іс-әрекеттерінен көрінеді» деген пікірмен толық келісуге болады. Іс-әрекеті сипаты қандай болса, оның зардаптары да сондай. Егер адамның мінез-құлқы қалыпты болса, жазалау жөнінде мәселе қойылмайды, себебі ол жауапты әрі жағымды мағынаға ие. Позитивті жауапкершіліктің салдары жазалауға ұшырайды. Жауапкершіліктің теріс аспектісі тәртіптің бұзылуынан көрінеді.
Бұл жерде оның салдарынан жазалау, жауапкершілікке тарту, тәртіп бұзушыға шара қолдану болып табылады. Заң шығарушының бірінші орынға жазалауды жауапкершілік ктегориясын қоятыны сондықтан.
Жауапкершілік пен жазалаудың арақатынасы жөніндегі мәселені қорытындылай келе қызіргі жағдайда жауапкершіліктің заңдылық идеясына көңіл аудару қажет. Жауапкершіліктің заңдылығы жөніндегі ереже жалпы құқықтық сипатқа ие және заңдылықтың маңызды принциптерінің бірі болып табылады. Жауапкершіліктің заңдылығы бірде-бір құқық бұзушылықтың табылмай қалуғы тиіс емес екендігін және олардың әрқайсысы үшін жауапты адамдардан есеп талап етілетіндігі білдіреді. Мұндай есептің нәтижесінде жауапты адамның мінез-құлқы айыпталу мен жазалауға, жауапкершілік шараларын қолдануға лайықтылығы көрінеді.
Оның үстіне өз іс-әрекуеттеріне есеп беру міндеттілігі кейбір жағдайда тікелей заңда қарастырылады. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі,272 бап), кейбір ретте құқықтық негізгі принциптерінен туындайды.
Сонымен, заңдық жауаптылық - өз іс-әрекеттеріне есеп беру құқықтық реттелетін міндеттілік.Респонденттердің 59 пайызы осындай қорытындыға келеді.
О.Э. Лейст жауапшылықтың мұндай ұғымымен келіспейтіндігін білдіреді.Ол міндеттілігі арқылы жауап беру, есептеу мүліктік жауапкершіліктің мазмұнын аша алмайды, себебі келісім-шарт міндеттемелерін бұзушы немесе мүлікті ұғым зиян келтіруші жәбірлеуші алдында жасаған зиянды әрекеттері үщін есеп беріп қана қоймай шығынның орнын толтыруға, айып төлеуге заң алдында жауапты.Істің шын мәнінде келгенде негізделген айып тағылып отырғанда келісім-шарт бұзушының немесе зиян келтірушінің жәбірленушіге жауап ретінде өзінің қызыметі, жеткен жетістіктері, қиыншылықтары, кемшіліктері жіберілгендігі, құқық бұзушылықтың жай күйі жөнінде құлаш-құлаш есеп беріп отырып, ал жәбірленушінің шығынды қайтарып алу үшін сотқа немесе арбитражға берудің орнына қарсы жақты есебін оқып, отырумен шектеліп қалуы дұрыс па? - дейді.
О.Э.Лейст жауаптылық жөніндегі біздің ұғымызды түбірімен әжуалдауға тырысады: есеп жазылды жауапкершілікті мойындадың, сонымен іс бітті. Бұл жөнінде не деуге болады.
Алайда, біріншіден біз кең ауқымды жауапкершілікті теріске шығармаймыз, олай етсек кең ауқымды жауапкершіліктің ғана барлығы жөнінде ұғым қалыптасады. Жауапкершілікті проблемасындағы негізгі кемшілік оның құқық бұзушыларға қолданылытын іс-әрекет шаралары болып табылады.Айталық шығын мен айыпты өндіру азаматтық құқықтық жауапкершілік шарасы. Ықпал ету шарасын қолдану көп жағдайда жауапкердің іс-әрекетіне есеп беруіне тікелей байланысты әрі міндетті. Үшіншіден, жауапкершіліктің тәрбиелік-ескертпелік маңызы жөнінде ұмытпау керек.
Жауапкершіліктің тәрбиелік мүмкіндіктерін адамның есеп беру отыру мүмкіндігі туғызылған жағдайда ғана нақты пайдалануға болады. Есепті талап-жауапкершіліктің негізгі белгісі әрі маңызды. Есеп берілгеннен кейін жазалау немесе айыптау жүргізіле ме, жоқ па бұл басқа мәселе. Біздің қызметіміздегі басты кемшілік сол, есеп беріп отырудың жиі талап етілмейтіндігі. Бұл жауапсыздыққа әкеліп соғады.
Осы ретте «кімге есеп беру керек» деген мәселе төңірегінде ойланып көрейік. Бұған жауап ретінде әрбір саналы азамат ең алдымен мінез-құлқы туралы өз-өзіне есеп беріп отыруы тиіс деген В.А. Тарховтың тұжырымымен толық келісеміз. Бұл жеке адамдардың іске жауапкершілік қатынастарының даму процесін таңдау кезінде принципті маңызды мәнге ие болады.
Бұл жерде жауапкершіліктің екі түрін назарда ұстаймыз: қоғам (мемлекет) алдындағы жауапкершілік және үлкен рухани құндылыққа ие адамның өз-өзіне жуапкершілігі. Бірінші жағдайда жауапкершіліктің мақсаттары, реформалары мен шаралары мемлекетпен бекітіліп қолданылады (сырттай бақылау). Екіншіден, жауапкершілік жеке адамның өз-өзін ұстап жүру қабілетіне, өзінің өмірдегі орны мен ролін терең сезінуіне, нақтылап айтқанда индивидтің өзінің мінез-құлқын іштей реттеп отыру механизміне тікелей байланысты. Жауапкершіліктің көрсетілген түрлері бір қатар жағдайда дербес болса да өзара диалектикалық тығыз бірлікте.
Оның үстіне ішкі бақылауы жақсы дамыған адамдар қазіргі жағдайда бейімділігін танытады. Олар, белсенді, конструктивті мінез-құлқы тұрақты. Керісінше, сыртқы бақылауға бейімделгіш адамдарда құқықтық белсенділік пен жауапкершіліктің төменгі дәрежесі, азаматтық позициясының солқылдақтығы аңғарылады. Міне, сондықтан құқықтық тәрбие қызметінде азаматтардың мінез-құлқының жауапкершілігін қалыптастыру мәселесін шеше отырып, ішкі бақылауды күшейтуге қол жеткізу қажет. Соңғысы өзіне есеп беруді нығайтусыз жеке адамдардың бірінші кезекте өзіне, өз-әрекеттеріне есеп беру міндеттерін орындап отыруынсыз мүмкін емес.
Баршаға мәлім, кез-келген заңдық міндет қандай да бір болмасын өзге объектінің (азаматтың, органның, мемлекеттің) құқығымен тікелей байланысты. Оның алдында жауапты адам жеке міндеттер орындауға тиісті мінез-құлқына есеп беріп отыру керек. Есепті талап ету-тәрбиенің маңызды құралы, жауаптылықтың заңдылығы. Есеп беру барысында міндеттілікті орындауды қамтамасыз етуде, міндетті адам мен қоршаған ортаның ықпалында шара қолдану аясы айқындалады.Жоғарыда айтылғындардың негізінде жауапкершілік белгілерін бөліп қарауға болады. Олардың, түпкі мәні, біріншіден жауапкершіліктің мемлекетпен белгіленіп, бекітілуінде құқықтық нормалармен қарастырылуында жатыр. Екіншіден, адамнан есеп беруді тек заң құқығы бар азаматтан ғана талап ете алады. Басқа адамдардың түрлі сылтаулармен есеп беруді талап етуі заңды жауапқа жатпайды.
Кез-келген құқықтық міндеттіліктің заңдық жауапкершілікпен негізделіп отыруы тиіс екендігін естеріңізге саламыз.Онсыз міндеттілек белгісі - бір мінез-құлық қажеттігі сипатын жоғалтады.Осыдан келіп мынадай қорытынды шығаруғы болады: құқықтық міндеттілік және оны нығайтатын жауапкершілік – бұл бірдей емес. Жауапкершілік – бұл да міндеттілік, алайда әрдайым өзге міндеттіліктермен жалғастырылып отырады. Мысалы, заңдарды сақтау міндеттілігі оларды сақтауына есеп беріп отыру міндеттілігімен нығайтылып жатады.
Азаматтық құқықтық жауапкершілік құқық бұзушылықты жою шарасы ретінде қолданылады. Азамматтық құқықтық қатынастың дұрыс қалыптасуы үшін тараптар міндеттерін орындап отырады. Егер де міндеттеме орындалмаса, немесе тиісінше орындалмаса, онда міндеттеме бұзылады деп келтіріп қоймай, сонымен ақша-тауар қатынасына әсер етеді. Құқық бұзушылықтың алдын алу және зиянды нәтиже болмау үшін азаматтық құқықта міндеттемені бұзғаны үшін санкция ретінде азаматтық құқықтық жауапкершілік қолданаылады.
Алайда кейбір санкция түрлерінде азаматтық құқықтық жауапкершілік туындай бермейді. Егер де міндеттеменің орындалмауы салдарынан мүлік қайтарылмаса, онда мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы борышқордан мүлік алынып қойылып несие берушіге айтарылады. Іс-әрекеттің орындалуы үшін, қатынастың дұрыс қалыптасуы үшін мәжбүрлеу жүзеге асырылса да бұндай санкцияны азаматтық құқықтық жауапкершілік ретінде қарастыруға болмайды.
Азаматтық құқықтық жауапкершілік ретінде құқық бұзушыға қосымша міндет жүктеумен байланысқан санкцияларды түсіну керек. Яғни, құқық бұзушыға жауапкершілік жүктелінеді. Бұл міндеттер құқық бұзушыға қосымша азаматтық құқықтық міндеттеме жүктеуі мүмкін немесе оған тиісті азаматтық субъективті құқығынан айырылады. Егер де тараптар мәміле жасасқан кезде мәміле алдау жолымен жасалған болса, онда алданған тарап әміле жасау құқығынан айырылады. Мәміле азаматтық заңдылықты бұзу жолымен жасалынбаған болса, бұндай шаралар қолданылмас еді. Құқық бұзушыға қосымша міндет жүктейтін санкция түрі азаматттық қатынастағы қатысушыларға әсер етеді және құқық бұзушылықтың алдын алуға көмектеседі.
Сонымен, азаматтық құқықтың жауапкершілік ретінде құқық бұзушыға қосымша азаматтық құқықтың міндет жүктейтін немесе оған тиесілі азаматтық құқығынан айыратын санкция түрлерін түсіну қажет. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің түсінігі заң ғылымындағы дау тудыратын сұрақтың бірі. Кейбір автордар позитивті жауапкершілікті бөліп қатыстырады. Бұндай жауапкершілік міндеттеменің орындалуымен сәйкес келіп жатады. Әзірге міндеттеменің орындалуы көп кездеседі, алайда жауапкершілікке шектеулі немесе керісінше, жауапкершіліктің туынды міндеттемені орындаудан босатады.
С.Н. Братусь жауапкершілік деп мемлекеттік немесе қоғамдық мәжбүрлеу шараларын, сонымен қатар борышқордың өзіне жүктелген міндеттемені орындауын түсіндіреді.
Қорғау шаралары ретінде құқық бұзушылықтың алдын алу және тоқтату, ал егер ол болмаса жағдайды қалпына келтіру санкция түрлерін жатқызуға болады. Бұндай қорғау шараларына құқықты мойындау: міндеттемені орындауға мәжбүрлеу, дау туғызған мәмілені жарамсыз деп тану, құқық бұзатын жағдайды қалпына келтіру және т.б. жатады. Азаматтық құқықтың жауапкершілікте осындай тұжырымға келу құқық бұзушының кінәсінен тәуелсіз жүзеге асырылуы мүмкін.