Инклюзивті білім беру қай нормативті-құқықтық құжаттарда көрініс табады?
Инклюзивті білім беру – барлық оқушылардың қолжетімділігі үшін білім беру жүйесінің әлеуеттерін бекіту үдерісі болып табылады. Айта кететін жайт – тірек стратегия ретінде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды түсіну керек. Жалпы ұстаным ретінде білім саясаты мен тәжірибелерін білім беру жүйесі адамның басты құқығы екендігіне, сондай-ақ әділетті әрі тепе-тең қоғамға негіз болатындығына қарай бағыттау керек. Инклюзивті білім берудің негізгі ынталандыру ісі ерекше білім беру қажеттіліктері бойынша 1994 жылы маусымда Испаниядағы Саламанкада өткен «Қолжетімділік және сапа» атты Бүкіләлемдік конференцияда ұсынылды. Көптеген елдер айрықша қажеттілікі бар адамдар үшін білім беру саласындағы әрекеттер аясындағы Саламан декларациясы туралы ЮНЕСКО өтінішіне қол қойды. Бұл өтірін ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға білім беру жұмыстары үшін басты түзету орталығы болып саналды
Қазақстанда 2007 жылғы 27 шілдесінде бекітілген № 319-III «Білім туралы заңындағы» нормативті-құқықтық құжаттар, БҰҰ Бас ассамблеясының 20.11.1989 жылы бекіткен, ҚР-ның 1994 жылы 8 маусымдағы №77 қаулысымен белгіленген Бала құқығы туралы Конвенциясы, БҰҰ-ның мүгедектерді қолдау туралы 2007 жылы 30 наурызындағы Конвенциясы, ерекше қабілеттері бар тұлғаларға білім беру бойынша әрекеттер Шеңбері мен Саламан декларациясы: ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға білім беру бойынша Бүкіләлемдік конфернция – Испания, ҚР 2002 жылы 8 тамызындағы №345 «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы Заңы», 2002 жылы 11 маусымындағы №343 «Мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық-педагогикалық және әлеуметтік қолдау заңы», ҚР Президентінің 2010 жылы 7 желтоқсанындағы №1118 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» қолданысқа енді. Олар инклюзивті білім берудің негізін көрсетіп, оның елімізде толыққанды дамуына негіз болды.
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға инклюзивті білім беру қолданылады. Бұл жүйе білім алушылардың әртүрлі категорияларына тепе-тең қолжетімділік береді. 2015 жылы туылғаннан 18-жасқа дейінгі аралықтағы мүмкіндігі шектеулі 141952 бала немесе балалар тұрғындарының жалпы санына шаққанда 2,8% бала анықталды. Оның ішінде мектеп жасындағы балалар саны – 94266. Мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтау барысында 2,8%-ды, аләлемдік көрсеткіштермен салыстырғанда 7-12% құраған. Қазіргі таңда мектептердің 30,5%-ы инклюзивті оқыту үшін барынша қолайлы жағдай қалыптастырған.
Инклюзивті білім берудің дамуы инклюзивті саясат пен тәжірибені жетілдірусіз мүмкін болмайды. Инклюзивті білім беру әрбір адамның белсенді инклюзиясын, ерекше білім алу қажеттілігі бар тұлғаларға білім беру үдерісінде кездескен кедергілерді жеңуде оқыту тәсілдерін жетілдіру дегенді білдіреді.
Инклюзивті білім беру жағдайындағы бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби дайындық мәселесі
Теориялық блок: Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің стратегиялық жоспарының мәліметіне сүйенсек, 2014-2018 жылдары былайша көрінеді: «Мұғалімдердің төменгі сапалық құрамы: педагогтардың жалпы санына шаққанда жоғары категориялы педагогтар саны – 16,3%, бірінші категориялы педагогтар саны – 31%. Жұмыс істейтін әрбір бесінші мұғалімнің орта жасы -50-ден жоғары. Педагогтардың жалпы санына шаққанда 30-жылдан төмен емес еңбек өтілі бар педагогтар саны – 12,8% құрайды. Жас мамандармен жыл сайын толықтыру көлемі – 3,3% ғана. Оны толық №1 кестеде қарастырып көреміз»[2].
Елімізде тұрақтанған дамудағы ауытқушылықтарды кешенді диагностикалау ісі мен түзетуші-педагогикалық қолдау жүйесі мүмкіндігі шектеулі әрбір үшінші балаға жалпыға бірдей білім беретін үдеріске араласуға мүмкіндік береді. Алайда дамуында ауытқушылығы бар, яғни мүмкіндігі шектеулі мектепке дейінгі балаларға білім беруде тепе-тең қолжетімділік толыққанды қамтамасыз етіле қоймаған. Егер төменде келтірілген кестеге назар аударатын болсақ, мынаны көруге болады: педагогикалық кадрларды қайта дайындау қазіргі таңда өте өзекті мәселе болып отыр. Тек қана айқын құрастырылған көрініс бізге біліктілікті жоғарылатудың нақты ұстанымдарын анықтауға және инклюзивті білім беретін педагогикалық кадрларды қайта дайындауға көмектесе алады
Мектепке дейінгі және жалпы орта білім, жалпы қосымша білім беретін ұйымдарының инклюзивті білім беру саласында біліктілігін жоғарылатқан педагогтарының үлесі 2014 жылдан бері әр жыл сайын 20%-ға көтеріліп келетінін көріп отырмыз.
Инклюзивті білім беру жағдайында білім алушылардың дамуына өз үлесін қосқан педагогтарды дайындау мен дамыту әсіресе, біздің елімізде күн тәртібіне өткір қойылып отыр. Мұндай педагогты дайындау үшін педагогикалық білім беру жүйесін жаңарту керек. Ендеше, бастауыш сынып мұғалімдерінің дайындығын жоғарылатьу үшін қандай білім мен біліктіліктер қажет?
С.И.Сабельникованың жалпыға бірдей білім беретін мекемелердің педагогтарын инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге дайындау бойынша көзқарасын қарастырып көрелік [3].
Педагогтардың кәсіби және тұлғалық дайындығы үшін мынадай психология-педагогикалық білімдер қажет:
Ø инклюзивті білім дегеніміз не, оның дәстүрлі білім формасынан айырмашылығы неде екендігін түсіну;
Ø инклюзивті білім беру ортасында балалардың жас ерекшеліктері мен тұлғалық дамуы, психологиялық заңдылықтары туралы білу;
Ø ауытқушылығы бар және қалыпты дамып келе жатқан балаларды бірлесіп оқыту үшін оқу үдерісін дидактикалық жобалау мен психологиялық тәсілдерін білу;
Ø білім беру ортасының субъектілері (топ ішіндегі әрбір оқушылармен, ата-аналармен, әріптес-мұғалімдермен, мамандармен, басшылармен) арасындағы педагогикалық өзара байланыстың әртүрлі тәсілдерін жүзеге асыру қабілеті.
Бірлескен педагогика мұғалімдердің дайындық деңгейін анықтау үшін кәсіби біліктілік деген ұғымды ендірді А.К.Маркова, В.И.Кашницкий, Л.А. Петровская, В.А.Сластенин және т.б.). Бұл ұғым педагогтардың педагогикалық іс-әрекеттерді жүзеге асыруға деген теориялық және практикалық дайындығының бірлігін көрсетіп, олардың кәсібилігін сипаттайды [4].
Білім берудегі педагог – білім алушыларына тек білім мен шеберлік беріп қоймай, оның тұлғасын айқындайтын құндылық тәрбиелейтін тұлға. Педагог тұлғасы инклюзивті білім берудің басты мәселесі танылады. Педагог жоғары мәдениетке, рухани тұрақтылыққа және кәсіби біліктілікке ие болуы тиіс. Педагог тұлғасы мен оның басқару стилінің икемділігіне білім алушы топтардың ішіндегі психоэмоционалды атмосфера тәуелді, оқыту ортасы құрылып, қолайлы коммуникация, серіктестік пен ынтымақтастық ұстанымдары жүзеге асырылады. Инклюзия идеологиясын ендіре отырып оқытушы жоғары рухани ұстанымдарды басшылыққа алып отыруы керек. Ол адамгершілік қасиеттерін, толеранттылық, мейірімділік, жақсылық, инабаттылық, сабыр мен «қалыпты емес» адамдарға деген құрметке ие болуы керек. Инклюзивті топ педагогы білім алушыларының дене, интеллектуалды, эмоционалды және рухани денсаулығына жауапты екендігін ұмытпауы тиіс. Сондықтан педагог әртүрлі білім алу үшін қолайлы микроклиматты тудыра алады. Ол – әділ болуы тиіс, білім алушыларды бөліп-жармай барлығына бірдей қарап, олардың өз күшіне деген сенімі мен өзіне деген құрметін нығайтып, күш-жігерлерін жетілдіруге мүмкіндік жасауы тиіс.
Мұндай қасиеттердің бірлігі мұғалімге өзінің басты миссиясын атқаруға көмектеседі: үшінші мыңжылдық адамының интеллектуалды және рухани әлемін қалыптастыру. Жол нұсқаушы және «саналы, мәңгілік пен жақсылық» жаршысыболған Мұғалімнің мұндай жоғары миссиясын тек өзөі адамгершілігі жоғары әрі саналы азамат қана орындай алмақ.
Фантаст Герберт Уэллс басып алушыларға да, мемлекетке де көпшіліктің болмысын өзгертпеуі керек, тек мұғалім ғана жаңа қиялдар тудырып, адамзаттың жасырын күштерін аша алатынын айтады.
Ғылым мен білім білім беру, мәдени және философиялық дүниетанымды толық бейнелеуі керек. Сұлулық пен Керемет ұғымын жоғалтқан және соғыстардың қозғаушы күшіне дейін жетіп қалған ғылым – есепқұмар әрі тым өзімшіл бола түседі. Былай делінген: «Интеллект – даналыққа апаратын есік». Ал даналық дүниетанымды жоққа шығара алмайды, себебі ол – толыққандылық, бірбүтіндік пен синтез. Сондықтан, холистикалық (грек тілінен аударғанда: holos – толық, бүтін; ағылшын тілінен аударғанда: holy – қасиетті) дүниетаным кеңеюі үшін бірбүтін білім қажет. Бүтін – бірлік – үштің үшіншісінің сомасы. Сол үшін, А.Эйнштейннің жазғаны бізге арналған секілді: «Қай жерде болмасын, меңгеру деген – бастан кешіруге айналуы тиіс. Бұл ұстаным, мүмкін, мектептің болашақ реформасының өміріне енеді».
Инклюзивті білім беру жағдайында педагогика мен психология, медицина ғылымдары мен физиология бойынша мәселелерде білікті, зерттеушілік ақыл-ойы мен дарыны бар, жоғары мәдениетті, кез келген пәнді шеберлікпен игере алған, әрине, балаларды бір-бірінен ойы, денсаулығы мен мінез-құлқына қарай айырмашылығы бар болғанына қарамастан, жақсы көретін педагог айтарлық өте жоғары бағаланады. Ұлы педагог саналған Я.А.Коменскийдің оынша, өсіп келе жатқан бала тек мейірімді жан бар ортада ғана білім алып, тәрбиеленуі тиіс. Ол: «Кім ғылымда табысқа жетіп, бірақ жақсы қасиеттерде артта қалған болса, ол табысты емес, керісінше, өте қателеседі» – деп жазады. Адам баласының табиғаты әу бастан-ақ мейірімді, сондықтан, Я.А.Коменский: «адамға сырттан ештеңені қосудың керегі жоқ, бірақ өзінің бойындағы қасиетті дамытып, анықтауы қажет»– деген пікір айтады. [5].
Ғалым табиғаттан алынған мысалдарды келтіре отырып, даналық адам бойында мықты негіздер қалап қойғанын, оның ішінде білім алуға, қиындықты жеңуге, тіпті қиыншылыққа ұмтылуға деген талпыныс бұрыннан-ақ қалыптасып қойғанын айтады. Ұлы дидакт әрбір адамның ішкі жан-дүниесінде шам, шырағдан да, май да, шақпақ тас та бар. Сондықтан, тәрбиеленушіге өзгелердің пікір-шырағдарын қолдануға ғана емес, өзінің ішкі жарығын жағуға да көмектесу керек.
Гуманизациялаудың педагогикалық аспектісі адамның бастапқы рухани мәнін түсінуге, оның айрықшалығы мен өзін өзі бағалауын мойындауына байланысты. Сонымен қатар, бұл аспект жүзеге асырудың қажетті шартының аспектісі ретінде инклюзивті білім беруде жүзеге асырылуы тиіс.
Инклюзивті білім беру мәселелерімен айналысатын ғалымдар, қалыпты балалар, әдетте, ересектердің көмегінсіз топтың, үйірме немесе сыныптың ажырамас мүшесі мен қатысушысы болғысы келген кез келген ерекше қажеттіліктері бар құрбы-құрдастарына қуана көмектесетінін айтып көрсетеді.
Инклюзивті білім беру мекемелеріне баратын балалардың ата-аналары олардың (балаларының) «өзге» балалармен оқып жүргенін тіптен сезбейтінін айтады. Балалар ата-аналарына сыныбында ым-ишаратпен (мылқаулар тілінде) немесе суреттер (суреттердің көмегімен қарым-қатынас жасау жүйесі) сөйлесе алатын балалардың бар екенін айтқанмен, мұндай балалардың дамуда артта қалып келе жатқанын бірде-бір рет айтпаған.
Инклюзивті педагогика – ақиқатында, адамгершілік педагогикасы. Инклюзивті мектептердің болуы тек мүгедек балаларға ғана емес, қалыпты дамып келе жатқан балаларға да оң ықпал ететінін айта кету керек. Мүмкіндігі шектеулі құрбыларына көмектесе отырып, қалыпты дамып келе жатқан балалар білім беру және әлеуметтік іс-әрекеттерге белсенді қатысып қоймай, адамгершіліктің өмірлік сабақтарын да алып отырады. Бұл оң тәжірибе әлеуметтік саналылықтың, адамдар арасында айырмашылықтың болмауы, өзін өзі құрметтеу мен өзін өзі бағалау, өз ұстанымдарын қалыптастыру, ең соңғысы, шынайы достық пен қамқорлықтың өсуінен көрінеді.
Шетелдік және отандық тәжірибелерге талдау жасай отырып, біз педагогтардың инклюзивті білім беру саласындағы біліктілігін көрсететін кәсіби көрсеткіштер тобын белгілеп көрсеттік:
Ø инклюзивті білімнің нормативті-құқықтық негіздерін теориялық білу;
Ø инклюзивті білім беру жағдайында оқыту мен тәрбиелеу үдерістерін құрастырудың ерекшеліктерін білу;
Ø инклюзивті білім беру жағдайында ақпараттық-коммуникативті технологиялардың негіздерін практикалық білу;
Ø барлық субъектілерді қатыстырып, мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары арасындағы дұрыс қарым-қатынасты құрастыра білу қабілеті;
Ø мүмкіндігі шектеулі балалар мен қалыпты дамып келе жатқан балалар үшін дидактикалық жобалау, психология, дефектология, логопедия және психологиялық заңдылықтардың негіздері туралы теориялық және әдістемелік білім алу;
Ø мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті білім беру ортасында оқыту, тәрбиелеу мен дамыту мәселелері бойынша өз бетімен кәсіби білім алуды жобалау және жүзеге асыру;
Ø жалпыға бірдей білім беру үдерісінде этикалық нормаларды сақтау, толеранттылықты және «кедергісіз» ортаны қалыптастыру, рухани-адамгершілік қасиеттерінің көрінуі.
Ең алдымен, ғалымдар мен практиктер көмегімен Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беретін педагогтарға қатысты мемлекеттік кадрлық саясаттың тұжырымдамаларының заманауи талаптарын жасау қажетті. Тәжірибеге педагогикалық мамандықтардың педагогикалық кадрларын дайындау мен дамыту бойынша жаңаша үрдістер механизмін ендіру керек. Инклюзивті білім беру – шын мәнінде, болашаққа апаратын тамаша жол, мұнда кез келген адам өзі үшін және қоғам үшін білім алып, алған білімі негізінде өмірінің жағңаша сипаттарын жасап, білімін күнделікті өмірде қолданып, арман-тілектерін шынайы өмірде қолданып, жер бетіндегі өзі секілді адамдарға көмек бере алады.
Ақпараттық қоғам мәселелері бойынша жоғары деңгейде өткен Бүкіләлемдік кездесу ақпараттық және коммуникативті технологияларды білімнің барлық сатыларында, адами ресурстарды оқыту мен дамытуда (Ұстанымдар Декларациясы: 30) қолдануды ұсынады. Көшбасшылар білім беру жүйесінің мәселелеріне реформалар мен өзгерістер енгізуіне қарай, АКТ-ды қолдану оқушыларға жеке тұлғалық қасиеттері мен білімді игеру стилдеріне сәйкес білім алуы үшін басты компонент әрі мүмкіндік ретінде танылып отыр [10].
Бұл баяндаманың мазмұнындағы ұсыныстар ағартушылық қызметкерлеріне, саясат жасаушылар мен әкімгерлерге арналған. Басты ұсыныстар мынадай мәселелерге арналған:
Ø мектеп сыныптарында өзіндік орын тапқан дәстүрлі АКТ-ны (персоналды компьютерлер, персоналды планшеттер, ұялы сымтетіктер т.б.) пайдалану үшін сансыз құралдарды барынша максималды қолдану;
Ø оқушылардың «өздеріне ыңғайластыру» және білімді алу үшін технологияларды пайдалану барысындағы талап-тілектері мен форматтарын қолдана отырып, білім алу мүмкіндіктері мен құқықтарын кеңейту;
Ø инклюзивті білім беру мақсатында технологияларды қолдану жолында кездескен, әсіресе, оқытушылар тарапынан көрінетін жүріс-тұрыстық кедергілерді болдырмау;
Ø технологияларды қолдануда оқытушыларға, оқушылар мен отбасы мүшелеріне АКТ-ға қолжетімді арнайы білімге ие жергілікті топтар мен тұлғалар желісін құру арқылы қолдау көрсету;
Ø АКТ жоспарлары мен ұлттық және аймақтық саясаттарын мектеп деңгейіне сәйкес құрастырып, инклюзивті білім беру тәжірибесінде қолданудың негізгі құралы ретінде АКТ-ны толыққанды интеграциялау;
Ø Біліктілікті қалыптастыру үшін оқытушыларға қажетті көзқарастар, дағдылар мен білімдер туралы ақпараттар ресурстарын жинақтап, олардың АКТ-ны инклюзивті білім беру үдерісінде интеграциялауға үйрету.
2011 жылдың 17-18 қарашасында ЮНЕСКО Microsoft корпорациясымен бірлесіп, екі күндік кеңестік жиналыс өткізді. Жиналысқа 10 елден келген 30 сарапшы қатысты. Қатысушылар қатарында дене мүгедектігі бар оқушылармен жұмыс жасайтын ағартушы-қызметкерлер, мектеп әкімгерлері, ИТ-индустрия сарапшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен Мүгедектер ұйымының өкілдері болды. Жиналыстың міндеттері:
Ø Қолжетімді ақпараттық-коммуникативтік технологияларды барлық білім алушылар, оның ішінде мүгедек-оқушылардың білімін жетілдіру үшін қолдануды практикалық шешу және тәжірибеге ендіру;
Ø ЮНЕСКО тарапынан күні кеше ғана жарыққа шыққан «АКТ саласындағы оқытушылардың негізгі біліктілігі» атты еңбектің мазмұнын толықтыруға арналған қолжетімді АКТ-ны қолдану мен игеру үшін мұғалімге қажетті біліктілік түрлерін жетілдіру.
Ø Жиналыста сарапшылар қарастырған басқа да тақырыптар ішінде қолжетімді АКТ-ны сыныптарда қолдану мүмкіндіктері туралы мәселелерді атауға болады [11].
«Барлығы үшін білім» мониторингі бойынша 2010 жылғы бүкіләлемдік баяндамада мүгедек-балалар инклюзивті ортада білім алу мүмкіндігіне ие болуыүшін олардың көзқарастарында өзгерістер болуы тиіс екендігі туралы мәселелер қарастырылған. Бұл АКТ-ны қолдануға арналған маңызды стратегиялық қадам болды.
Көптеген оқытушылар қазіргі таңда технологиямен жақсы «тіл табыспаған». Бұл технологиялардан қорқуға алып келеді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру барысында олардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда жеткілікті деңгейде дайындық пен қолдау таппаған оқытушылар ерекше қиналатыны сөзсіз. Соған байланысты мынадай мәселе туындайды: инклюзивті білім беру саласындағы болашақ мамандарға білім беруге, технологияларды тиімді интеграциялау ісіне, қолжетімді технологиялардан пайда алуға көмек көрсету қажет. Инклюзивті білім беру көптеген білім министрліктерінің берік орныққан саясатының ажырамас бөлігіне айналған уақытта, оны жүзеге асыру әлі күнге оқытушыларды дайындау бойынша еурстарға жеткілікті ықпал етіп отырған жоқ. Педагогикалық жоғары оқу орындарының соңғы жылдардағы түлектері техникалық жағынан жаттыққан. Өздерінің алдыңғы кезеңдердегі ізбасарларына қарағанда, олар оқушылармен жұмыс жасауға әлсіз дайындалған.
Оқытушылардың АКТ-ны қолдану аясындағы біліктілігінің жоғары деңгейін сақтай отырып, оқытудың тиімділігі, сапаны жоғарылату мен кәсібилікті ары қарай дамыту үшін тұрақты уәждемені қамтамасыз етуге болады. Көптеген елдерде педагогтардың АКТ саласындағы біліктілігінің жоғары болуы үздіксіз білім беру жүйесінің қажетті компоненті ретінде қарастырылады. Алайда, бірде бір мемлекетте АКТ-ның белгілі бір аспектілерін игеру қажеттілігін туралы куәлік етіп, дәлелдейтін бірде-бір тәжірибе қалыптаспаған немесе жалпылама түрінде. Сондықтан, мектептер мен жоғары оқу орындарын оқытушыларының АКТ саласындағы кәсіби біліктілігін дамыту бойынша міндеттер педагог кадрларға қойылатын кәсіби талаптарды көрсететін нормативті-құқықтық құжаттар мен заңнамалық актілерде бекітіле қоймаған. Сонымен қатар, үздісіз білім беру жүйесі үшін оқу бағдарламаларын құрастырумен айналысатын мамандарға АКТ саласындағы кәсіби біліктілікті жоғарылату персоналды компьютер мен Интернетпен жұмыс жасау бойынша тұтынушылық дағдылардың дамуымен шектелмеуі керектігі айдан анық түсінікті.
Бұл жағдайда кәсіби біліктілік мәтіндік, графикалық редакторлар, электронды кестелер мен электронды презентацияларды құрастыру бағдарламалары секілді кеңселік қосымша стандарттарды игеру дегенді ғана білдірмейді. Педагогтың АКТ аясындағы шынайы кәсібилігі ақпарат деген феноменті терең түсінгендігімен, оқушылармен бірлесіп, ақпараттық объектілермен жұмыс жасаудың барлық кезеңдерін өту қабілетімен сипатталады.
Оқу үдерісінде әртүрлі ақпараттардың көп бөлігін пайдалану сыни ойлау дағдыларын дамыту, қажетті мақсат-міндеттерді шешу барысында әртүрлі көзқарастарды талдау қабілетінің қажеттілігіне негізделген [12].
АКТ сауаттылығы немесе ақпараттық және коммуникативті технологиялар саласындағы сауаттылық – адамның ақпараттық және коммуникативті технологиялардың өзіне қолжетімді болған аппараттық және бағдарламалық құралдарын ақпараттық ресурстармен жұмыс жасауда, сонымен қатар, әлеуметтік бейімделу және мәдени, білім деңгейлерін ары қарай жоғарылату мақсатында басқа адамдармен ақпарат алмасуда тиімді қолдана білу қабілеті.
АКТ сауатты адам мынадай міндеттерді шеше білуі тиіс:
Ø өзінің қажеттіліктерін талдау және қалыптастыру білуі (мен не істеуім керек?);
Ø ақпараттың мүмкін дереккөздерін анықтау және бағалау (кімнен кеңес сұрауым керек?);
Ø қажетті ресурстарды іздеу (ақпаратты қалай алуға болады?);
Ø табылған ресурстар ішінен қажеттілерін табу және таңдай алу (қандай ресурстарды пайдалану керек?);
Ø ресурстарды сыни талдау (ресурстарды қалай пайдалану керек?);
Ø ақпаратты өңдеу және сақтау (нені және қандай формада жазу керек?);
Ø алынған ақпаратты интерпретациялау, талдау жасау, синтездеу және бағалау (қажетті ақпаратты ала алдым ба?);
Ø ақпаратты басқа тұтынушылардың талқылауы үшін ұсыну (оны қалай ұсыну керек?);
Ø орындалған іс-әрекеттердің нәтижелерін бағалау және қорытынды шығару (нәтижесі қандай?).
«Біліктілік» және «құзыреттілік» сөздерінің мағынасын жақсырақ түсіну үшін сөздіктердің көмегіне жүгінелік. Мұнда «біліктілік –білімді игеру, адамның белгілі бір саладан хабардар болуы», сонымен қатар, «белгілі бір әрекеттер, кәсіби міндеттер т.б. орындаудағы біліктілігі, мәртебесі мен құқығының болуы» деген анықтама берілген. Сөздіктерде берілген анықтамаларда біліктілікке берілген мұндай сипаттама кез келген адамға емес, өзінің кәсіби ортасында мәртебеге ие маманға ғана қатысты екендігі айқын. Яғни, сауаттылыққа қарағанда, мұнда еңбек нарығындағы кәсіби және әлеуметтік бейімделу міндеті емес, кәсіби іс-әрекеттің жоғары деңгейі туралы сөз болып отыр. Біліктілік (латын тіліндегі competo – қол жеткіземін, сәйкес келемін, сай келемін сөзінен шыққан) жеке тұлғаның белгілі бір кәсіби іс-әрекеттегі, яғни белгілі бір біліктілік немесе біліктіліктер тобындағы жетістіктерінің белгілі бір деңгейін көрсетеді. «Құзыреттілік» (латын тіліндегі competentis – қабілетті сөзінен шыққан) – белгілі бір пән немесе оқыту барысында қалыптасқан білім, дағды және шеберліктердің жиынтығы, сонымен қатар белгілі бір нақты әрекетті орындауға деген қабілет деген мағына береді. Басқаша айтқанда, бұл – құзыреттіліктердің белгілі бір саласы мен жауапкершіліктің белгілі бір аясы. Терминдерден шатаспас үшін, біліктілік – шкала атауы, ал құзыреттілік – шкаладағы деңгейлер деп белгілеу керек.
Инновациялық білім беру жағдайында АКТ құралдарын белсенді пайдалану – білім саласында жұмыс жасайтын маманның маңызды біліктіліктерінің бірі болып, ақпараттық және коммуникативті технологиялар саласындағы білімділік деңгейі дегенді білдіреді. Ақпараттық және коммуникативті технологиялар – ақпаратты өеңдеудің әртүрлі қондырғылары, механизмдері, тәсілдері мен алгоритмдерін сипаттайтын жалпылама ұғым. АКТ-ның маңызды заманауи қондырғылары – ақпарат мен мәліметтерді сақтауға арналған компьютер, осы мәліметтерді беретінтелекоммуникация құралдар.
Шынайы уақыт аясында қарым-қатынас жасау үшін арнайы бағдарламалар құрастырылған. Бұл бағдарламалар мәтінді берумен байланысты орнатуға септігін тигізеді. Осы бағдарламалардың көмегімен қашықтағы тұтынушылардың аталған бағдарламалармен локалды компьютерде бірлескен жұмысын ұйымдастыруға болады.
Сонымен, жоғарыда айтылғандардың негізінде АКТ біліктілігі ұғымы маманның ақпараттық ресурстармен жұмыс жасау және белгілі бір кәсіби функцияларды (немесе бірнеше функцияларды) орындау үшін басқа адамдармен ақпарат алмасу үшін ақпараттық және коммуникативті технологиялардың өзіне қолжетімді аппараттық және бағдарламалық құралдарын тиімді пайдалану қабілеті ретінде түсіндірілгенін айтуға болады. Бұл қабілет маманның жалпы біліктіліктерінің бір компоненті болып, біліктілік талаптары мен стандарттарынан көрініс береді
7. Кіші мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі балаларда қандай ақпараттық және коммуникациялық құзіреттіліктерді қалыптастыру мүмкін?
Инклюзив - сөзі латын тіліннен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тіліннен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім беру мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Инклюзивті білім беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы. Инклюзивті оқыту –барлық балалардың мұқтаждықтарын ескере отырып, ерекше қажет-тіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы.Инклюзивті оқыту үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағат-тандырып,оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өндеуге талпынады. Инклюзивті білім беру жүйесі кездесіп отырған күрделі мәселе- оған қоғам тарапынан туып отырған теріс көзқарас мәселесін жою. Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:
1.Жалпы орта мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларды дені сау балалармен бірге оқыту;
2.Барлық адамдарға тең қарым-қатынас;
3.Балалар арасында дискриминацияны болдырмау;
4.Арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арнайы жағдай жасау.
Ақпараттық технологияны дамытуда терең және кешенді ауытқуы бар балалар үшін өзара іс-қимылдың қабілетті қамтамасыз ету мен қоршаған ортамен қатынас,бірігейлі құралдар болып табылатындығын мойындаған.
Ақпараттық технологияның арқасында мүмкіндіктері пайда болды:
-баланы оқытумен қызметін ынталандыру жағдайында басқа құралдармен мүмкін емес;
-тек қана технология базасында ғана мүмкін,жаңа жолға шығу жолын оқытуды құру;
-технология әзірлеуде оқыту мен дамыту арасындағы арақатынасты анықтау;
-дәстүрлі оқыту мен түзетулер арасында міндетін шешуге тиімді әдісін әдісінен аса мәнді болып табылады;
-сапалы жеке оқытудағы жаңа әдістерді әзірлеу;
Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану міндеттері:
-оқу үрдісіндегі кейінгі байланысты қамтамасыз ету;
-оқу үрдісін көрнекілікпен қамтамасыз ету кең таралған білім көздерінен ақпаратты іздестіру;
-оқу үрдістерін немесе құбылыстарын құру;
–ұжымдық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру.
Ақпараттық технология білім беру саласында түрлі қызмет атқарады:
-оқыту пәні ретінде-педагогикалық меңгеру жүйесінің компоненті ретінде; –білім беру мекмелерін басқару сыңары ретінде;
-ғылыми-педагогикалық қызмет ретінде.
Сонымен қорыта айтқанда инклюзивті оқыту – оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға,адамдармен қарым-қатынас жасауда қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар алалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады.Инклюзивті бағыт арқылы мүмкін-дігі шектеулі оқушыларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп,жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады және оқушыларды адамгер-шілікке,ізгіліккеғқайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Инклюзивті оқыту оқушыларды толлеранттылыққы тәрбиелеудің бастауы болмақ.
8. АКТ-ны батыс елдеріндегі инклюзивті білім беру жағдайында қолдану теориясы мен практикасы (Канада, АҚШ, Ұлыбритания, Словения)
Баланың этникалық, тілдік, мәдени, діни топтарға жатуы, оның дарындылығы, нормадан психофизикалық ауытқуы және т.б. қасиеттер баланы инклюзивті білім беру үдерісінің субъектісі тұрғысынан қарауды және басты заңдылықтар, оқыту мен тәрбиелеу механизмдері мен технологияларын терең игеру дегенді білдіреді.
Біз батыстық инклюзивті білім беру жүйесіне қызығушылық танытуымыз мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың тәсілдері мен технологиялары біздің елімізде де өте тиімді екендігіне негізделді.
Ю.В.Мельник өзінің диссертациялық жұмысында, Ресейде осы уақытқа дейінгі аралықта инклюзивті білім беру жеткілікті деңгейде көптеген объективті және субъективті себептерге байланысты дамымағанын, бұл басқа елдердің тәжірибелерін қарастыру мен қолдану қажеттілігін өзекті ете түскенін айтады.
Сонымен қатар, ғалым шетелдерде инклюзивті білім беру теориясы, әдістемесі мен ұйымдастыруды салыстыралы талдау үшін бірнеше себептер бар екенін көрсетті:
Батыс елдері (Канада, АҚШ, Ұлыбритания) мен Ресей мыңдылдықтардың даму мақсаттарының қондырғыларының орындалуына бағытталған. Сондықтан салыстырмалы талдау инклюзивті білім беруді дамыту бойынша отандық тәжірибелерді толықтыруға мүмкіндік берді;
Батыста инклюзивті білім беруді құрастыру жүйесінің белгілі бір дәстүрлері бар. Бұл дәстүрлер аталған елдердің отандық реалийлердің ерекшеліктерін ескере отырып қолдануға мүмкіндік жасады;
Батыс елдерінің (Канада, АҚШ, Ұлыбритания) инклюзивті білім беру тәжірибелеріне қатысушылардың әлеуметтік субъективтілігін нақты қалыптастырды. бұл инклюзивті білім беру үдерісі жағдайында оқытудың тиімділігін жоғарылатты;
Батыс елдерінде (Канада, АҚШ, Ұлыбритания) қалыпты емес балаларды жалпыға бірдей білім құрылымына ендірудің күшті технологиялық арсеналы бар. Ол Ресейдегі инклюзивті білім берудің оңтайлы технологияларын қалыптастыруға нұсқау ретінде жұмсала алады [1].
Инклюзивті білім беру – барлық оқушылардың қолжетімділігі үшін білім беру жүйесінің әлеуеттерін бекіту үдерісі болып табылады. Айта кететін жайт – тірек стратегия ретінде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды түсіну керек. Жалпы ұстаным ретінде білім саясаты мен тәжірибелерін білім беру жүйесі адамның басты құқығы екендігіне, сондай-ақ әділетті әрі тепе-тең қоғамға негіз болатындығына қарай бағыттау керек. Инклюзивті білім берудің негізгі ынталандыру ісі ерекше білім беру қажеттіліктері бойынша 1994 жылы маусымда Испаниядағы Саламанкада өткен «Қолжетімділік және сапа» атты Бүкіләлемдік конференцияда ұсынылды. Көптеген елдер айрықша қажеттілікі бар адамдар үшін білім беру саласындағы әрекеттер аясындағы Саламан декларациясы туралы ЮНЕСКО өтінішіне қол қойды. Бұл өтірін ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға білім беру жұмыстары үшін басты түзету орталығы болып саналды [2].
Елдер Саламан декларациясында қарастырылған ұстанымдар білім беру саласының барлық саясатына негіз болуы керек, яғни осы категориямен жұмыс жасайтындар үшін. Аталған ұстанымдар оқу тәжірибелеріне түбегейлі қолжетімділік аясындағы тепе-тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге, барлығы үшін жеке тұлғалық ерекшеліктері мен сапалы білім беруге деген сый-құрметке қатысты. Ол адамның жеке тұлғалық қасиеттеріне және ішкі күш-жігеріне бағытталған.
Дамуында шектеулі мүмкіндігі бар балалардың білім беру қызметтерін алуға деген құқықтарын белгілейтін нормативті-құқықтық негіздеме ретінде халықаралық және мемлекеттік құжаттар аталады: Бала құқығы туралы Конвенция [3], Балаларды қорғау мен дамыту, өмір сүруін қамтамасыз етужің Бүкіләлемдік декларациясы [4], Барлығына арналған білім туралы Бүкіләлемдік декларация [5], Мүгедектер үшін тепе-тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандартты ережелері [6], Саламан декларациясы [7], Әрекет етудің Дакар шекаралары [8], Қазақстан Республикасының Атазаңы [9], Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы» заңы [10], «Білім туралы» [11], «Мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық-педагогикалық түзетуші және әлеуметтік қолдау туралы» [12], Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау» туралы заңдары [13] және т.б.
Білім беру жүйесі бойынша Халықаралық конференцияның (БХК) 48-сессиясының қорытындылары мен ұсыныстары инклюзивті білім беруді болашаққа бастар жол деп атап, бірқатар ұсыныстар жасады. Олар:
Білім беру жүйесіндегі саясат инклюзивті білім беруді барлығы үшін сапалы білім беруге бағытталған үздіксіз үдеріс болып табылатынын мойындауы керек;
Білім беру жүйесіндегі саясат мектеп мәдениеті мен климатына ықпал жасауға мүмкіндік берді. Бұл мүмкіндігі шектеулі балаларды тиімді оқытуға септігін тигізеді [14].
ЮНЕСКО құжаттарындағы саясат ұстанымдары (2009 ж.) мынаны білдіреді: инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі барлық оқушылардың білім беру жүйесіндегі әлеуетін нақтылау үдерісі болып табылады. Білім берудің мұндай жүйесі қалыпты мектептер, басқаша айтқанда, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту барлық талаптарға жауап бергенде ғана құрастыруға болады. Бұл құжатта білім беру үдерісіне қатыстыру, яғни инклюзиция – балалардың, жастар мен ересектердің әртүрлі қажеттіліктерін есепке алу мен қанағаттандыру үдерісі ретінде қаралды. Оқушылардың білім беру қажеттіліктерінің белгілі бір функционалды шектеулері бар болғанмен, олар әрқилы болып келеді. Бір жағынан, мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғам мен өз құрбы-құрдастары секілді білімді алуға деген өмірлік қажеттіліктері бар. Екінші жағынан, олардың функционалды шектеулермен байланысты басқа да қажеттіліктері (көбінесе, ерекше білім беру қажеттілік ретінде танылатын) болады. Бұл қажеттіліктер оқу үдерісінде қалыпты білім беру тәсілдерін қолдануға мүмкіндік бермейді. Б
ілім сапасы мен қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін ақпараттық және коммуникативті технологияларды қолданудың маңызы зор [14].
Коммуникация үдерісінде қиындыққа тап болған тұтынушылардың әрбір категориясы үшін арнайы қосымша қондырғылар мен бағларламалық қамтамасыз етілу құралдары таңдалып, бейімделінуі керек. Ең алдымен, коммуникация қиындықтары қозғалушы ауытқушылықтармен шиеленісе түсетін адамдар үшін компьютердің болуына назар аударылады. Білім беру саясаты мен жүйесін жетілдіру қоғамда мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамына бейімделу мен реабилитациялау бойынша ұлттық бағдарламаларды құрастырумен қатар, негізгі әрекеттер коммуникацияның заманауи технологияларын интеграциялауға және білім беру жүйесінде ақпара алмасуға бағытталған.
АКТ-ды мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту үдерісіне интеграциялауға бағытталған халықаралық саясат міндеттерінің ішінде мыналарды атауға болады:
АКТ-ны білім беру жүйесіне интеграциялауды жоспарлау, жүзеге асыру және мониторинг бойынша шараларды реттеу үшін басқару жүйесін құрастыру;
барлық азаматтардың білім алуға қолжетімділігін олардың жеке тұлғалық мүмкіндіктеріне тәуелсіз бағыттау стратегиясын құрастыру;
АКТ-ныңқоғамның ақпараттану деңгейіндегі рөлін жоғарылату;
Басқарудың жергілікті құрылымдарын құрастыру (ақпараттық ресурстар мен технологияларға қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша Кеңес секілді).
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың сапасы мен қолжетімділік деңгейін жоғарылату әртүрлі кәсіп мамандарының арнайы бағдарлау-аппараттық құралдарын құрастыру мен қолдану мәселелерін шешу ісіне қатыстыру әрі біріктіру. Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің қолжетімділік деңгейін жоғарылату мәселелерінің өзектілігіне назар аудара отырып, ЮНЕСКО-ның ақпараттық технологиялар бойынша институты «Мүмкіндігі шектеулі адамдарға білім берудегі ақпараттық-коммуникативті технологиялары» атты жобаны жасады.
Жобаның маңызды жетістіктерінің бірі – «Мүмкіндігі шектеулі адамдарға білім берудегі ақпараттық-коммуникативті технологиялары» атты оқу курсын құрастыру мен жариялау болып табылады. Курс қозғалыстық, көру, есту, сөйлеу және интеллектуалды ауытқушылығы бар адамдарды күндізгі және қашықтықтан оқытуда АКТ-ды арнайы және жалпы қолдану мәселелеріне арналған.
Қазіргі таңда, біз АКТ-ның АҚШ-та қолдану тәжірибесін, оның жетістіктері мен құндылықтарын қарастырып отырмыз: АҚШ-тағы инклюзивті білім беру саясаты елдегі жалғыз ғана жүйе. Мұнда толыққанды статистика мен инклюзивті білім беру саясаты жан-жақты сипатталған. Оның үлгерімі төмен тұлғаларға білім беру ұзақтығына ықпалы қашанда айқын көрінеді. 2008 жылы үлгерімі төмен оқушылардың 62%-ы мектептегі уақытының 80%-н қалыпты мектеп сыныптарында өткізген. Салыстыру үшін 2000 жылы бұл көрсеткіштің 40% құрағанын айтқымыз келеді. 2008 жылы үлгерімі төмен оқушылар арасындағы көрсеткіш жоғары сыныптарда 22% құраған. Соның нәтижесінде, орта мектепті бітіргендіші туралы диплом алу үшін бағдарламаны сәтті өткен үлгерімі төмен оқушылардың пайызы жоғарылады: 2008 жылмен салыстырғанда 64% болса, он жыл бұрын 52% болған.
Соған қарамастан, әлі де болса келеңсіздіктер сақталып келеді. Өкінішке орай, үлгерімі төмен оқушылар орта мектепте аяқтаған соң білімін өте аз көрсеткіште жалғастырады. Орта мектептердегі үлгерімі төмен балалардың пайызы 42% болса, бірінші курстағы мұндай балалар көрсеткіші небәрі 9% құраған.
Географиялық және әлеуметтік шектеулерді жою құралы ретінде АКТ-ды қолдану әлдеқайла тиімді екендігі көрінеді. Мемлекеттер әлсіз топтарға елдің өміріне толыққанды қатысуы үшін барынша қолайлы жағдайлар қалыптастыруға жауапты болуы керек. Мұндай топтарда мүмкіндігі шектеулі адамдар ғана емес, әйелдер, көшіп қонушылар, ауыл-аймақтарда немесе инфрақұрылымы шектеулі аймақтарда өмір сүретін адамдар болуы мүмкін.
Адамзат өмірінің барлық саласындағы технологиялық қарқынды даму жағдайында мемлекеттің дамуы мен гүлденуінің қажетті шарты – ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жаңа білім беру ортасына ендіру. Дұрыс әрі заманауи саяси шешімдер, сонымен қатар халықаралық тәжірибелерді қолдану ерекше қажеттілігі бар адамдардың қоғамында интеграциялау мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталған стратегияларды белсенді құрастыру мен жүзеге асыруға септігін тигізетін болады [14].
Ерекше қажеттіліктері бар балаларға АКТ көмегімен білім беру айтарлықтай жан-жақты болғанына қарамастан, оларды қолданудың мынадай бағыттарын көрсетуге болады:
Өтімдеушілік міндеттерді шешу үшін АКТ қолдану. Технологияларды қосымша қондырғылар ретінде қолдану ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға оқу үдерісі мен коммуникацияға белсенді қатысуға мүмкіндік береді. Айталық, қозғалуда ауытқушылығы болған жағдайда АКТ адамға жазуға, ал көру қабілетінде ауытқушылық байқалғанда мәнерлер оқу үдерісін мүмкін етуге көмектеседі. Осы тұрғыдан, технологиялар оқушыларға қоршаған ортаны бақылауға, оқу және әлеуметтік міндеттерді шешуге мүмкіндік беріп, ақпараттық ресурстарға қолжетімділік тудырады;
АКТ-ны дидактикалық міндеттерді шешу үшін қолдану. АКТ-ны дидактикалық құрал ретінде пайдалану оқу-әдістемелік үдеріс тәсілдеріне өзгеріс ендіруге септігін тигізіп, оқыту мен білімді бақылаудыңжаңа стратегияларының туындауына түрткі болады. Ақпараттық технологияларды қолдану оқушылар арасындағы айырмашылықты минимумға әкеліп, оқушылар арасында және оқушылар мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған заманауи педагогикалық тәсілдерді қолдануға мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, оқушылардың жүріп-тұруындағы шектеулі мүмкіндіктер және қашықтан оқыту тәсілдерін қолдана білетін педагог кадрлардың жеткілікті болмауы оқыту үдерісі үшін өзекті болып табыла алады;
АКТ-ны коммуникативті міндеттерді шешу үшін қолдану. Технологиялар ерекше қажеттіліктері бар адамдармен қарым-қатынас үдерісінде делдал қызметін атқара алады. Коммуникация үдерісінде қиындыққа тап болатын тұтынушылардың әрбір категориясы үшін арнайы қосымша қондырғылар мен бағдарламалық қамтамасыз ету тәсілдері құрастырылуы керек. Коммуникация қиындықтары қозғалудағы ауытқушылықпен шиеленіскен балалар компьютерлік технология көмегімен қоршаған ортамен байланыс орнатып, өзінің ой-пікірлері мен қажеттіліктерін жеткізе алады [15].
Әртүрлі елдердегі, әсіресе, Ұлыбриятания Бірлескен Корольдігіндегі мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс жасау барысында АКТ-ны қолдану туралы мысалдарды қарастырып өтелік. Олар үйдегі қолжетімділік бағдарламасын құрастырды. Бұл бағдарлама жалпыұлттық сипаттағы түрткі болып, мүмкіндігі шектеулі балалар мен адамдар үшін үйінде отырып, Интернет желесіне қосылған компьютердің көмегімен білім алуға деген қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, қосымша технологиялар мен арнайы бағдарламалық қамсыздандыру тәсілдері де қолданылды. Бұған білім берудің жергілікті органдары қатысты. Бағдарлама 2006-2008 жылдар арасында құрастырылып, 2009 жылы қолданысқа еніп, 2010 жылдың басында ұлттық сипат алды. Ол «бизнес-үлгілер» арқылы жүзеге асты, отбасы мүшелеріне арнайы кредиттік карталар берілді, оның көмегімен АКТ-ны даралап сату бағасына сәйкес алу мүмкіндігі жасалды. Бірақ, аталған бағдарламаның өзіндік кемшіліктері де болды. АКТ-ның сәйкес құрал-жабдықтарын шектелген мерзім ішінде оқушылардың көп санына тауып беру өте қиын еді. Бағдарлама туралы толық ақпаратты www.homeaccess.org.uk сайтынан таба аласыз.
Словенияда АКТ тұлғалық қарым-қатынастар мен өзара байланысты қолдау үшін тиімді пайдаланылып келеді. Қазіргі таңда АКТ көмегімен есту қиындықтары бар студенттердіне жоғары білім беру мүмкіндіктерін жақсартуға болады. Бұл елде онлайн-тәртібіндегі электронды білім беру кең дамыған. Естімейтін және әлсіз еститіндер үшін «Қалай жұмыс табуға болады?» дегген электронды оқытудың толық курсы құрастырылды. Бұл бағдарламада веб-интерфейс арқылы электронды оқу материалдары мен веб-беттер қолданылады. Әрине, ым-ишарат тілі де кең қолданылады. Модуль өткізушісі (SLI) мультимедиялық тәсіл көмегімен естімейтін және әлсіз еститіндер үшін ақпараттар алуға септігін тигізеді. Естімейтін және әлсіз еститіндер үшін электронды оқыту порталы Moodle бастапқы кодын ашуға септігін тигізді. Электронды материал алты тараулардың орнын толықтырды. Мұнда тұтынушылар жұмыс табу туралы кеңес алады. Ол үшін өмірбаяндарын веб-сайттар көмегімен жұмысқа қабылдау туралы өтініш-хат жазып, Словенияның жұмыспен қамту қызметіне жөнелтуге болады. Байланыс словен тілінде оқылатын чат, бейне-конференциялар мен бейне-форумдар арқылы бақыланып отырады.
Олар естімейтін және әлсіз еститін адамдар арасындағы коммуникацияның жаңа тәсілін қамтамасыз етті, себебі ым-ишараттар тілі немесе жазбаша мәтін арқылы жауап беру мүмкіндігі ашылды. Электронды білім беру Еуропалық Одақ жобасы мен «Үздіксіз білім беру бағдарламасы» аясында «DEAFVOC 2: еуропадағы саңырауларға кәсіби тілдік білім беру үшін оқу бағдарламаларын беру» тақырыбында құрастырылды. Жобаның серіктестері: Финн саңыраулар ассоциациясы (FAD), Хельсинки, Финляндия; Ирланд саңыраулар қоғамы, Дублин, Ирландия; Клагенфурт университеті жанындағы саңыраударға арналған ым-ишарат тілі орталығы, Клагенфурт, Австрия; Морибор университетінің электротехника және компьютерлік ғылымдар факультеті мен білім беру мәселелері бойынша Финн ұлттық кеңесі, Словения. Жоба 2009 жылы басталып, 2010 жылы эксперименталды курс аяқталып, саңырау әрі әлсіз еститін жұмыссыздармен жүзеге асырылды. Олар бұл жобаны материалды электронды меңгеруге қолжетімді болу үшін пайдаланды. Болашақта, электронды оқыту саңырау адамдарға арналған барлық оқу мекемелерінде қолжетімді болады, әрине. Оқу бағдарламасының бұл курсы словен қоршаған ортасында толық бейімделді. Ең бастысы – электронды оқыту прототипінің дизайны мен нұсқаулығы ым-ишарат тілінің қаншалықты маңызды екендігін көрсетті. Курстың құрастырылуы барысында туындаған үлкен мәселелер техникалық аспектілермен байланысты болды: серверден ағымдық бейне алу, тұтынушылық Flash Player (үлбір фон, сыртқы субтитрлер), Moodle (Custom PHP скриптерде) ортасын қалыптастыру, сонымен қатар Moodle порталының қолжетімділігі мен тәжірибелігі. Сондай-ақ, саңыраулар мен әлсіз еститіндер үшін электронды оқыту материалдарын сауаттылығы төмен тұтынушыларға бейімдеу және жеңілдету туралы толық мәліметті және the Deafvoc 2 жобасы туралы ақпаратты мына сайттан алуға болады: http://ara.uni-mb.si:85; ал SLI модулі туралы ақпаратты http://www.slimodule.com сайтынан алуға болады [16].
Германияда мұғалімдер ноутбуктардың жеке тәсіл ретіндегі рөлі мен әртүрлі танымдық қабілеттері бар оқушыларды, яғни белгілі бір психоизиологиялық ауытқушылығы байқалған балаларды оқыту үшін қалай қолдануға болатындығы туралы мәселені анықтап алуға талпынып келеді. Дені сау балалар мен «ерекше» балаларды бұлайша бірлестіріп оқытудың көптеген артықшылықтары бар. Мәселен: бір жағынан, дені сау және ерекше қажеттілікке ие балалар арасындағы әлеуметтік-интегративті үдерістерді (өзара байланыс, бірін-бірі қабылдау, өзара түсінісу, бірігіп оқу, даму және өсу) қолдау мен ықпал ету; екінші жағынан, арнайы медициналық-реабилитациялық шараларды күн тәртібіне, балалар бақшасының күнделікті өміріне ендіру және қарастыру. Интегративті топтармен жұмыс істеу формалары мен тәсілдері біліктілікті жоғарылату бойынша семинарлардың қызметкерлері тарапынан өңделіп, қаралған [17.]
Инклюзивті білім беру бірқатар тақырыптық салаларды қамтитын саясат пен тәжірибені жүйелі тәсілді қажет етеді. Халықаралық ұйымдардың, мәселен ЮНЕСКО ИИТО мен Еуропалық агенттіктің ерекше білім беру қажеттіліктері аясындағы дамыту бойынша жұмыстары осы салаларды қамтамасыз етуде маңызды мағынаға ие. Атап айтқанда, бұл ұйымдар мүмкіндігі шектеулі адамдарға білім беруде АКТ ұстанымдары әртүрлі оқу мекемелерінде жұмыс жасайтын саясаткерлер, педагогтар аудиториясының кең ортасына таралған. Сол себепті бұл ақпараттар мүмкіндігі шектеулі адамдарға білім беру саласында жұмыс істейтін педагог-кадрларға дереккөз және түрткі болып табылады. Халықаралық тәжірибелерге жасалған талдау нәтижесінде мынадай көрсеткіштерді жүзеге асыру қажеттілігі айқындалды:
қоғамның барынша әлсіз қабатына бағытталған кәсіби дайындау бағдарламаларын дамыту мен АКТ аясындағы негізгі сауаттылыққа үйретуге ықпал жасау;
мүмкіндігі шектеулі тұлғалар тобы үшін АКТ-ны қолданудың озық тәжірибелерін алмасу, аймақтық, аймақаралық және халықаралық ынтымақтастықты қолдау.
Білім беру саласындағы мұғалімдер мен мамандар ортасында АКТ-ға деген оң қарым-қатынастың қажеттілігі – өте маңызды.
АКТ инфрақұрылымына қолжетімділікті қалайша кеңейтуге болатынын біз әртүрлі елдердің мысалына сүйене отырып, көрсеттік. Олар АКТ-ны мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға білім беруде қолдану көрнекілікпен көрсетілді. АКТ мүмкіндігі шектеулі адамдарды тәрбиелеу мен оқытудың бағалы құралы болып табылады. Соған қарамастан, мүмкіндігі шектеулі адамдарға білім беруде АКТ-ны қолдану қосымша ғана емес, білім беруге араластыруға ықпал жасап, қоғамда әлеуметтендіруге мүмкіндік жасайды. Бұл мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың барлық категориясының қарым-қатынас жасауы мен кәсіби өсуі үшін толыққанды өмір сүруіне көптеген мүмкіндік берді.
Қазақстанда 2007 жылғы 27 шілдесінде бекітілген № 319-III «Білім туралы заңындағы» нормативті-






