Лекции.Орг


Поиск:




Инклюзивті білім беру жағдайларында когнитивті, мотивациялық, тәжірибелік-бейімділік компоненттерін қалыптастыру




Білім беру жүйесі қоғамның және оның жекелеген топтарының мәдениеті белгілі бір ақпараттық мәдениет деңгейімен анықталатын кезеңінде тұр. Ақпараттық мәдениет – көп деңгейлі ұғым, оның құрамына: заманауи ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін түсіну; оны құрастырудың негізгі тәсілдері мен талаптары туралы білу; сондай-ақ, компьютерлік құралдарды ақпаратты дайындау, өңдеу және беру үшін қолдану (компьютерлік сауаттылық); кез келген ақпаратқа құрметпен қарау және жұмыс жасай білу; ақпараттық ресурстарды қолданудың белгілі бір дағдыларын білу; ақпараттық технологиялар мен компьютерлік құралдарды өндірістік мәселелерді шешу үшін қолдану; заманауи оқыту компьютерлік құралдарын құрастыру мен қолдану технологияларын түсіну; бөлу ақпараттық ресурстарын талдау мен таңдау дағдылары; тұлғаралық қарым-қатынасты игеру дағдылары т.б.

Болашақ бастауыш сынып мұ,алімдерін инклюзивті білім беру жағдайында балалармен жұмыс істеуге кәсіби дайындығының құрылымын біз, дидактикалық білім мен әдістемелік шеберліктер кешенінен көреміз. Аталған кешен былайша көрініс береді:

· дидактикалық білімдер: инклюзивті білімнің нормативті-құқықтық негіздері туралы; инклюзивті білім беру жағдайында балаларды оқыту мен тәрбиелеу үдерісін құрастырудың ерекшеліктері туралы; инклюзивті білім беру субьектілерімен байланысты коммуникативті байланысты құрастыру туралы;

· әдістемелік шеберліктер мен дағдылар: мүмкіндігі шектеулі балалармен және олардың ата-аналарымен коммуникативті байланыс орнату; оқу-тәрбие үдерісін әртүрлі мүмкіндіктегі балаларды бірлесіп оқыту жағдайында құрастыру; мамандар «тобында» жұмыс жасау т.б. [7].

Маңызды компонент – студенттерді жаңа ақпараттық технологияларды игеру мен қолдануға уәждемелігі (өзін өзі оқыту, жаңа технологияларды қолдану мүмкіндігін түсіну, өздігімен тануға, сыни ойлауға, шығармашылық ізденіске деген қызығушылық). Бұл уәждемелік компонент – АКТ қолдануға тәжірибелік-бейімділік және когнитивті дайындаудың алғышарттары мен негізі болып табылады.

 

33. Сабақ үстінде АКТ қолданудың тәсілдері, құралдары мен ұстанымдары

АКТ құралдарын сабақ үстінде пайдалану тәсілдері әрқилы және былайша жүзеге асырыла алады:

• ақпараттық материалдарды мультимедиялық формада көрсету (иллюстрациялар, бейнеүзінділер, дыбыс жазбалары, презентациялар т.б.);

• объектілер, құбылыстар мен үдерістерді интерактивті тәртіппен зерттеу (интерактивті үлгілер, виртуалды лабораториялар, жаратылыстану циклындағы пәндер үшін құрастырушылар);

• АКТ құралдарын қолдана отырып, бірлескен жобалы әрекетті ұйымдастыру өз бетімен зерттеу жасауға, өз бетімен шығармашылық әрекет дағдыларын қалыптастыруға, презентативті дағдылар мен шеберлікті дамытуға мүмкіндік береді;

• электронды құралдарды жаратылыстану эксперименттерін жүргізу, эксперимент нәтижелерін өңдей мен есеп дайындауда қолдану;

• жаттығу, шығармашылық және зерттеушілік мәселелерді шешу;

• ақпараттық-іздеу әрекеттерінің дағдыларын қалыптастыру, объективті және шапшаң бағалауды жүзеге асыру және т.б.

Мүгедектер мен қосымша функцияларды орындауға қабілетті оқушыларды оқытуда пайдаланылатын АКТ құралдарының негізгі типтері мыналар:

• стандартты технолгиялар, айталық, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін қосымша ендірілген функциялары бар компьютерлер;

• альтернативті форматтар, айталық, сөйлеуші HTML, DAISY (Digital Accessibility Information System – электронды қолжетімді ақпараттық жүйе) сөйлеуші кітабы, сондай-ақ «төменгі технологилық» форматтар, мәселен Брайл жүйесі мәліметтердің қолжетімді форматтары;

• қосымша технологиялар: есту аппараттары, экраннан оқу құралы, арнайы мүмкіндіктері бар клавиатуралар т.б.

Қосымша технологиялар категориясына жеке тұлғалық құралдар, мәселен, қозғалысты жеңілдетуге арналған қондырғылар (мүгедектер орындығы), қолдаушы альтернативалық коммуникация жүйелері, сондай-ақ компьютерге қолжетімділікті жеңілдететін құралдар мен бағдарламалық қамту құралдары (арнайы клавиатура, экраннан оқу құралы) жатады. Соңғы екі онжылдықта туындаған қосымша технологиялар білімге қолжетімділік деңгейін түбегейлі өзгертіп тастады. Олардың құрамына білім беруші бағдарламалық қамту мен интерактивті білім беру ортасы кіреді. Бұл АКТ құралдарын барлық оқушылар қолданады.

34. Сабақтың әртүрлі деңгейлерінде акт қолдану:

 

35. Сабақтың әртүрлі кезеңдерінде комьютерлік бағдарламаларды қолданудың практикасы:

Бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында АКТ құрастырушы құралдарының бірі – WebQues, оқушылар Интернеттен табылған ақпаратттармен жұмыс жасайды. Халат пен Паркер (2011 ж.) WebQuest-ті электронды кесте мүмкіндіктерін қолданумен салыстырады. Мұндай кестелер есептерді шешу барысында математикалық идеяларды жеткізу мен зерттеулер жүргізу үшін уәждеме болып табылады. Себебі кестелер есептеулерді реттеу үшін функционалды сипатта: тордың мағынасын өзгерте отырып, біз есептеу нәтижелерінің ықпалына бақылау жасаймыз. Хала пен парккер эксперимент арқылы WebQuest-те оқушылар математикалық анықтамаларды жай ғана жаттағанға қарағанда, математикалық әрекеттер мен ойындық зерттеулер көптеп жүргізуге қабілетті екендігін дәлелдеді.

WebQuest-тегі математикалық қосымшалар бастауыш мектептердің болашақ мұғалімерінің уәждемесіне айтарлықтай оң ықпал жасады бұл бағдарламалық қамтамасыз етілудің мұғалімнің түсіндірмесімен салыстырғандағы бірқатар артықшылықтары айқындалды:

Ø білім алушылардың кеңістіктік өзгерістерді қабылдау деңгейі күшейеді;

Ø кеңістіктік ойлау жүйесі жақсарады;

Ø оқушылар арасында коммуникативтілік көбейеді;

Ø оқушылардың сыни ойлауы, өзіне деген сенімі мен оқуға деген дайындығы дамиды.

«Робот-көмекшілер» жүйесінің коммуникативті АКТ құралдары оқытуға деген талпыныс пен оның сапасын жоғарылата алады (Баркер мен Ансорг, 2007 ж.). Вей, Хунг, Ли және Чен (2011 ж.)Joyful Classroom Learning System (JCLS) («Көңілді сынып» оқыту жүйесі) атты жобаны көрсетті. Жүйе оқуға көмек беретін темір адам-көмекшіден, сенсорлық қондырғыларды, есептік мобилді желісінен және шапшаң бағдарламалық қамтамасыз етілуден, сымсыз локалды желілерден тұрады. Балалардың пікіріне сүйенсек, оқушылардың көпшілігіне RLC роботпен жұмыс дасау дәстүрлі сыныпта оқуға қарағанда әлдеқайда қызықты; кейбір оқушылар дұрыс жауапты іздеудің маңызы зор болып, олардың жіберген қателердің себептерін өздігімен анықтауға септігін тигізді.

Робот-көмекшімен жұмыс оқушыларға білімді меңгеру мақсатында тереңірек ойлану үшін көп уақыт бөлуге көмек берді. JCLS жүйесі әрбір оқушының іс-әрекетін ұзақ уақыт бақылау жасап, сыныпта оқыту траекториясын анықтап, сабақтан кейін оқушыларға көмек беруі үшін мұғалімге де айтарлықтай жәрдем етті.

Қоршаған ортамен танысу барысында АКТ құралдары. Лоу мен Фримен зертеулерінде (2011 ж.) бастауыш мектеп оқушыларының ғылыми түсініктері АКТ құралдарын пайдаланған сайын түзетіліп отыратыны айтылады. Интернет желісін жиі пайдаланған оқушылар қоршаған ортамен танысу барысындай айтарлықтай жетістікке жете білген. АКТ зерттеу құралдары қоршаған орта туралы білімді жинақтап, оқуды жеңілдете алады. Айталық, Кэмпбелл мен басқалар (2010 ж.) «Opensimulator 3D Сервер қосымшалар» АКТ ортасында өмір мен жер беті туралы ғылымдарды жинақтау мысалдарын қарастырады. Бұл модулдік ашық оқу платформасы ландшафтты зауыттарды құру барысында үш өлшемді кеңістікті, ауа-райы мен дене жағдайларына қарай үлгілеуге мүмкіндік берді. Осы ортада оқушылар ағзалар арасындағы өзара байланысты, ағзалардың қоршаған орта мен адамның іс-әрекетінің әсерінен өзгеріп отыратын ерекшеліктерін зерттей алды. Сондай-ақ, оқушылар виртуалды эксперименттер көмегімен жасалған болжамдар мен нәтижелерді аз уақыт ішінде тексере алды. Бұның бәрі дәстүрлі бастауыш сынып бөлмелерінде орындау өте қиын. АКТ зерттеушілік-оқытушы ойындар балалардың абстрактылы ойлауын тұрақтандырады (Карбонаро, Сафрон, Кутумису және Шеффер, 2010 ж.). Лим, Нонис және Хедберг (2006 ж.) Quest Atlantis (QA) деп танылған 3D көпшілік тұтынатын виртуалды қоршаған ортаны Сингапурдың бастауыш мектептерінде пайдалануды жан-жақты зерттеген. QA-ны оқу жоспарына ендіру білім алушылардың тілдік дамуынан, компьютерлік дағдылары, оқыту қарқынынан көрініп, мектеп пен ата-аналар тарапынан қолдау тапты

Сонымен, біз бастауыш мектептерде әртүрлі пәндерді оқыту үшін АКТ қолдану бойынша тәжірибелер жүргізіліп отыратын бірқатар елдерді қарастырып өттік. Айта кететін жайт – инклюзивті білім беруді бірнеше жылдардан бері жүзеге асырып келетін біздің еліміз бізге бұрыннан танымал себептер бойынша жоғары технологиялық құралдарды қолдану бойынша дамудан әжептеуір қалып қойған. Соған қарамастан, бұл тәжірибелерді қарастыру және оларды қолдау мүмкіндігі шектеулі оқушылардың білім, дағды және шеберліктерін жоғарылатуында айтарлықтай нәтижелі. Біздің алдымызда тұрған мәселе – жоғары оқу орындарының қабырғасында жоғары білікті мамандарды дайындау.

Белгілі бір функционалды шектеулері бар оқушылардың әртүрлі білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін олардың жеке тұлғалық ерекшеліктері мен талап-тілектерін ескеретін арнайы педагогикалық тәсілдерді қолдану қажет. Сонымен қатар, оқытудың уәждемелік аспектісін де ескеру керек, яғни балалардың оқытатын мәселеге деген қызығушылығын арттыру керек. Мұғалім баланы белгілі бір тарапқа бағыттайды, бірақ бұл жолда бала өздігімен жүруі тиіс. Мұғалім сабақ үстінде тәртіпті қатаң сақталуына қол жеткізуі мүмкін, алайда оқушылардың қызығушылығы мен ішкі талпынысын тудырмаса, білімді игеру мүмкін болмайды. Балалардың білім алуға деген талап-тілегін қалай тудыру керек? Бұл сұрақты көптеген педагогтар, стонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін мұғалімдер ерекше толғандыруда.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1043 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

В моем словаре нет слова «невозможно». © Наполеон Бонапарт
==> читать все изречения...

1206 - | 1179 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.