ЛЕУМЕТТАНУ
Оқу құралы
Павлодар
ББК-60.5я73
УДК-301 (075.8)
А91
С.Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі ұсынған.
Пікір жазғандар:
Биекенов К.У. Әл-Фараби атындағы ҚАЗ.МУ-дің әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор., Артықбаев Ж.О. С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің архелогия, этнология, этнография кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор.
Құрастырушысы:Асылханова Г.Ж.
Аударма редакторы: Несіпбаева Ә.
Әлеуметтану. Оқу құралы. – Павлодар: ПМУ-тіңбасылымы,
2005 -76 б.
Оқу құралында негізгі ережелер мен әлеуметтанудың қысқаша тарихы берілген. Барлық тақырыптар құрастырушының дәріс материалының негізінде жазылған.
Мұнда оқытылатын мәселелер мен міндеттердің тәжірибелік бағыттылығына, студенттердің қолданбалы әлеуметтік зерттеулерді оқу кезеңінде және бұданкейін тікелей студенттік қауымымен ұйымдастыру мен өткізу дағдыларын жетілдіруге көп көңіл бөлінеді. Құрастырушы әр тақырыбын ашарда өзінің теоретикалық білімдерін және зерттелетін мәселелердің бастапқы маңызды бағыттарын көрсетеді.
Бұл оқу құралы студенттерге, мұғалімдерге және әлеуметтану ғылымымен айналысатын ізденушілерге арналады.
ISBN – 9965-449-80-5
ББК – 60.5я73
© Асылханова Г.Ж., 2005
© С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2005
Мазмұны
Алғы сөз 4
Тақырып 1 Әлеуметтану ғылым ретінде 6
Тақырып 2 Әлеуметтік ой дамуының негізгі
тарихи кезеңдері 13
Тақырып 3 Әлеуметтік зерттеудің құрылымы.
Бастапқы әлеуметтік ақпарат жинау
әдістері 25
Тақырып 4 Қоғамды жүйе ретінде
әлеуметтік талдау 35
Тақырып 5 Қоғамның әлеуметтік
құрылымы 45
Тақырып 6 Қоғамның әлеуметтік- демографиялық
құрылым 52
Тақырып 7 Тұлға социологиясы 56
Тақырып 8Еңбек социологиясы 63
Тақырып 9 Басқару социологиясы 67
Әдебиеттер тізімі 75
Алғы сөз
Оқырмандарға ұсынылып отырған оқулық – адамдар қауымдастығында қалыптасқан әлеуметтік өмірді, адамдар арасындағы әрқилы қарым-қатынастық қалыптарды, мінез-құлықтық, әдет-ғұрыптық, өнегелік, имандылық, жөн-жоралғылық тағылымдарды, әртүрлі әлеуметтік топтардың экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани мүдделерін әлеуметтік зерттеу нәтижиелері негізіінде айқындайды.
Ғылыми білім жүйесінде әлеуметтануға ерекше орын беріледі. Берілген ғылым қоғамды оның құрлымын, даму заңдылықтарын, адамдардың тәртібін тұтас зерттейтін жалғыз ғылым. Көпшілікті сұрастырмай (сұрыпталған жиынтықты) әлеуметтанушы барлығы жөнінде (генералды жиындық) білім тұжырымдайды, себебі ол жеке пікірлерді жалпылайды, және математикалық статистика әдістері негізінде топтастырады. Адамдарды мұқият құрастырылған бағдарлама негізінде сұрастырып, ғалым бұқаралық құндылықтар, құнды бағыттар, тәртіп құрылымы, өмір қызығушылықтары мен тұрмысы жөнінде қорытындылар жасайды. Қоғамның әлеуметтік-типикалық бейнесін құрастырып, әлеуметтану адамдарды үлкен әлеуметтік топтардың өкілдері ретінде, яғни әлеуметтік дәреже мен әлеуметтік рольдің орындаушылары ретінде зерттейді.
Қазіргі Қазақстан Республикасындағы қарқынды қоғамдық даму жағдайында, өмір жедел өзгерістерге ұшырап, шұғыл бетбұрыстар жасалып жатқан кезде, әлеуметтік құбылыстарға, үрдістерге, оқиғаларға, саяси қайраткерлердің қызметтеріне т.б., мұқият әрі объективті түрде талдау жасау қажет болған шақта жалпы социологиялық теория ерекше методологиялық маңызға ие болып отырғандығы бәрімізге мәлім.
Сонымен, әлеуметтану ғылымы қоғамды, оның қойнауындағы сан алуан әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, саяси, діни, рухани т.б. құбылыстар мен үрдістерді ғылыми тұрғыдан түсіндіріп, ұғындырудың жалпы теориялық методологиялық негізі, темір қазығы болып табылады.
«Әлеуметтану»студенттер үшін маңызды курс болып табылады, себебі, бұл пән оларды қазіргі қоғамның даму заңдылықтарын түсінуге ықпал етеді, сонымен бірге студенттерді өз бетінше социологиялық зерттеулер жасауға, қоғамның көкейтесті мәселелеріне талдау жасауға үйретеді.
Берілген оқулық студентке қоғамның экономикалық және әлеуметтік салаларындағы адамдар арасындағы өзара қарым – қатынас және өзара ықпал етіуінің негізгі механизмдері туралы, қоғамның әлеуметтік және экономикалық даму факторы ретіндегі қоғамның әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік институттар туралы кең және жан – жақты мәлімет беру, студенттердің әлеуметтік дүниетанымдарын қалыптастыру және қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде түсінуге үйрету.
леуметтану ғылым ретінде
Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Оның негізін 19 ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады. «Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді. Әлеуметтану пәнінің қалыптасауы мен дамуы әлеуметтік қатынастардың өз аспектісінде қарастыратын, көптеген жаңа әлеуметтік концепциялардың пайда болуы арқылы жүзеге асты. Жалпы бұл теориялар өзінің теоретикалық-әдістемелік мағынасы бойынша бір-біріне қайшы келді, бірақ әлеуметтанудың ғылым ретінде тарихи қалыптасуына әр теориялардың ролі айрықша келеді. Әлеуметтануды қоғамдағы әлеметтік қауымдар, қатынас, құрылым, жүйе мен ұйымдардың дамуы жөнінде зерттейтін ғылымы деп белгілейді.