Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Оғамның әлеуметтік- демографиялық құрылымы




 

Қоғамның әлеуметтік құрылымында елеулі орнын әлеуметтік-демографиялық «өлшемдер» алады, оған келесі тұрғындар құрылымы жатады: жыныс-жастық, отбасылық және генетикалық. Бұл құрылымдар бөлек территория бойынша, тұрғындардың қалыптасуы мен ұдайы өсу үрдісінің нәтижесі мен шарттары болып табылады. Әлеуметтік-демографиялық құрылым бұл - туу, өлу, некелесу, ажырасу, қала мен ауыл мекендері арасындағы тұрғындардың миграциялық алмасу сияқты құбылыстардың статистикалық параметрлері болып белгіленеді.

Белгіленген құрылымның әрқайсысы тұрғындарды келесі белгілер бойынша құрамын сипаттайды: жынысы, жасы, отбасы жағдайы, туған жері, белгілі жерде тұру уақыты. Тұрғындардың құрамын және оның өзгеру заңдылықтарын зерттеп білудің маңызы өте зор. Ол ең алдымен қоғамның келешегін білу үшін, экономикалық-әлеуметтік жоспар құрып, салуатты саясат жүргізу үшін қажет. Тұрғындардың даму келешегін алдын ала көре білу, демографиялық болжам жасау - әрқашан да ғылымның алдында тұрған маңызды міндеттерінің бірі. Әсіресе ол қазіргі адамзат қоғамы өзінің даму жолын өзі айқындап алуына ұмтылып отырғанда өте қажет. Демографиялық үрдістердің заңдылықтарын мен айғақтарын білу сындарлы демографиялық саясат жүргізуге – көп балалы отбасыларға көмек көрсету жолдарын, адамдардың денсаулығын сақтау, тұрғын үйлер салу, тұрғындарды азықпен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге көмек көрсете алады.

Тұрғындардың жыныстық-жастық құрылымы - екі «өлшемнің» қосындысын айқындайды: бірінші жағдайда қандай да бір территорияда (ел, район) немесе ұжым құрамында (ең алдымен еңбек) еркек пен әйелдер арасындағы арақатынас, екіншіде - әртүрлі жас адамдарының арасындағы арақатынас.

Бұл құрылымдар кейде биологиялық ретінде белгіленеді. Шынында да, бұл айырмашылықтар биологиялық негізге тіреледі. Бірақ, адамдар жиынтығының жасы мен жынысы бойынша орнығуы әлеуметтік дамудың бір салалары. Әлеуметтік шарттар мен себептерден әлем елдері тұрғындарында әйелдердің басым болып келуі тәуелді. Сондай-ақ, әртүрлі елдер мен әртүрлі кезеңдерде олардың арақатынасы әртүрлі болып келеді.

Жыныстық-жастық құрылымды белгілі бір белгі бойынша (жынысы немесе жасы), немесе екі белгі бойынша талдауға болады.

Үлкен қызығушылық тұрғындардың үш топқа ажыратылуы белгіленеді: 0-14 жас (балалар), 15-49 жас (жас және орта жастағы), 50 жас және одан жоғары (ересек).

Осы топтар арасындағы арақатынас тұрғындардың жыныстық, жастық құрылымының түрін сипаттайды. Неғұрлым құрылым прогрессивті, соғұрлым онда даму мүмкіндігі жоғары, еңбек потенциалының дамуы тұрақты болып келеді.

Тұрғындар санының белгілі өсімі мен оның прогрессивті өзгерісі негізіндегі жыныстық-жастық құрылым, елдің әлеуметтік дамуының, еңбек және демографиялық потенциалының маңызды сипаттамасын айқындайды.

Тұрғындардың отбасылық құрылымы - келесі көрсеткіштер: саны, көлемі, отбасы құрамы, бөлек мүшелерінің өзара қатынасы негізінде сипаттайды және ұдайы өндіріс, миграция, тұрғындардың өмір деңгейі мен тұрмысы, жастардың әлеуметтенуі мен үлкендердің зейнетке өтуін, тұрғындардың әлеуметтік, этникалық, ұлттық құрылымын сипаттау мен зерттеуде кең қолданылады.

Тұрғындардың отбасылық құрылымын талдауда, отбасы некеден, туысқандықтан, ата-ана мен балалар арасындағы қатынастардан туындайтын құқықтарымен және міндеттерімен байланысқан адамдар тобы болып белгіленеді.

Отбасы – қоғамның тірегі, оның алғашқы ұяшығы. Адам өмірінің мәні алдымен оның отбасының болуы немесе болмауымен өлшенеді. Отбасының бірнеше түрі болады. Ата-анасы және балалары бар отбасы толық деп аталады. Ата-анасының біреуі ғана бар болса, ол толық емес отбасына жатады. Ата-анасына мен балаларынан басқа туысқандары қосылып өмір сүріп жатқан отбасын күрделі отбасы деп атайды.

Тұрғындардың отбасы құрылымымен неке жағдайы тығыз байланысты. Неке - отбасын құру мақсатын көздеген ер мен әйелдің тең одағы. Некеге отырған ерлі-зайыптылар бір-бірінің алдында белгілі құқықтырға ие болады және міндеттер орындайды. Неке міндетті түрде тіркелуі керек. Тек тіркелген некеде тұрғандардың ғана әрекеттерінің заңды салалары болады. Отбасының түрлі тұптары бар. Олардың ішінде қазіргі замандық қоғамда кең таралғаны кіндік отбасы ата-аналардан және олардың балаларынан тұрады. Кіндік отбасының екі нұсқасы болуы мүмкін: балалы және баласыз, ерлі-зайыптылардан ғана тұратын отбасылар. Кеңейтілген отбасы ерлі-зайыптылармен, олардың балаларымен қоса, өзге туысқандарын да біріктіреді. Мұндай кіндік отбасымен ата мен әже немесе үйленген ересек балаларымен немесе аға-жеңге, апа-жезде балаларымен бірігіп өмір сүруі мүмкін.

Жыныстық байланыстарына қарай отбасылар негізінен моногамды және полигамды болып бөлінеді. Бір әйел мен еркектің некелік одағы моногамды отбасы делінеді. Бұл некелік формалардың ішінде кең таралған түрі.

Екі немесе одан да көп әйел алушылықты полигамия дейді. Некенің бұл түрі де өзіндік нышандарымен дүниежүзілік мәдениеттерінде де ұшырасады. Кейбір ислам елдерінде полигамияға рұқсат етілген. Көпшілік дамыған елдердің азаматтары некенің бұл формасын құптамайды. Отбасының атқаратын функциялары:

- бала өсіріп, тәрбиелеу арқылы ұрпақ жалғастығын қамтамасыз ету;

- баланы әлеуметтенуге, яғни қоғамда өмір сүруге дайындау;

- отбасы мүшелерін баспанамен, көлікпен, киіммен, тамақпен, үй заттарымен, оқуға, еңбек етуге қажетті жабдықтармен, тағы басқа материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету.

Генетикалық құрылым – тұрғындардың берілген мекенде түған, немесе басқа аумақтан көшіп келген адамдардың арақатынасын белгілейді. Келушілердің арасында уақыт қонысына байланысты топтар ажыратылады. Бұл құрылымның түрі әлеуметтік-демографиялық дамуда, елеулі орын миграция ойнайтын, елдер мен район тұрғындарының басты сипаттамасы болып табылады.

Жастар социологиялық зерттеудің объектісі ретінде 16 жастан 30 жасқа дейін жастағы ірі қоғамдық топты белгілейді. Жастар әлеуметтанудың пәні болып, жастардың қоғамның әлеуметтік құрылымында алатын орны мен рөлін, айқындалу формалары мен жастар ортасында әлеуметтік заңдылықтар мен заңдардың іске асыру механизмдерін зерттеу болып табылады.

Спецификалық жастардың әлеуметтік мәселелері: қоғамның әлеуметтік – таптық құрылымында жастардың орны; жас шеңберінің критерияларын орнату; жастардың сұраныстарын, қызығушылықтарын зерттеу; жастардың әлеуметтену үрдісінің ерекшеліктерімен танысу; олардың әлеуметтік-прогрессивті бағыты мен ұжымда бейімделуі; жастар ұйымдарының әрекетінің ерекшеліктері жатады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 553 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Человек, которым вам суждено стать – это только тот человек, которым вы сами решите стать. © Ральф Уолдо Эмерсон
==> читать все изречения...

2279 - | 2133 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.