Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Лттық қозғалыстың типологиясы туралы хроханның тұжырымдамасы




Оқу жылына арналған ТАРИХ бойынша ГОС ЭКЗАМЕН жауаптары

Рметті оқырман!!! Бұл жауаптарды дайындаған 105 АБ группа студенттері.

Нұрбибі 1-11-сұрақтар,Ақсауле 12-22-сүрақтар,Ақтілек 23-33-сұрақтар,Айзат 34-44-сұрақтар,Айман 45-55-сұрақтар,Ерболат 56-66-сұрақтар,Мадина 67-77-сұрақтар,Нұргелді 78-88-сұрақтар,Дәулет 89-99-сұрақтар,Назерке 100-110-сұрақтар,Гүлдана 111-120-сұрақтар,Бану 121-130-сұрақтар,Гүлден 131-140-сұрақтар,Биназир 141-150-сұрақтар,Фариза 151-160-сұрақтар,Данияр 161-170-сұрақтар,Гүлшара 171-179-сұрақтар.

ГОС экзамен жауатаптарын естеріңізде сақтауға және ШПОР ретінде қолдануға сіздерге жақсы көңіл-күй тілейміз.ШЫН ЖҮРЕКТЕН!!!

Азақстанның тарихы пәні, оның мақсаты мен міндеттері.

Қазақстан тарихы” пәнінің маңызды міндеттерінің бірі - сонымен бірге жас ұрпақтың тарихи құбылыстар мен оқиғаларды зерделеуіне, бағалауына, оларға нақты баға беруге тәрбиелеу.

Өз халқыңның өткенін, оның мәдениетін зерделеу, жастарға құндылық бағдарын анықтауға мүмкіндік береді, яғни тарихтың тәрбиелік маңызы өте зор.

Келешекте өмір сүріп, күн кешетін жас ұрпақ өз атамекенінің тарихын, өзі шыққан тегін, ата бабаларының тарихи тәжірибесін әрі қарай мақтанышпен жалғастыру үшін білу керек.

Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы және осыған байланысты жаңа тарихи үрдістер - азаматтардың сана сезімінде елеулі өзгерістер туғызды. Әлемге, халыққа және оның тарихына деген көзқарас түбегейлі өзгерді. Егер бұрын Қазақстан тарихы- Совет Одағының бір құрамдас бөлігі ретінде қарастырылса, енді оны әлемдік тарих, Еуроазия тарихы, көшпенділер өркениеті, түркі халықтарының; Орта Азия халықтарының тарихы тұрғысында қарастыру сезімі туып отыр.

Азіргі қазақстан әлемдік тарих кеңістігінде

Азақ хандығының бастауы мейлінше бай. Ол кем дегенде 20 мемлекеттің және екі империяның мұрагері болып табылады. Сақтар – ежелгі гректермен, парсылармен, үйсін-қаңлылар, байырғы түркілер – Қытаймен бәсе­келескені, қыпшақ тілі халықаралық қаты­настарға септескені Ұлы Даланың ұлттық мемлекеті тарихтың алтын құрсағында тер­бетіле дүниеге келгенін паш етеді. Дала демо­кратиясы, толеранттылығы, шаруа­шылық-­мәдени кешені аспаннан түсе қалған жоқ. «Дешті-Қыпшақ» деген сөздің Еуропада, Азия­да, Африкада қолда­ныс тапқаны Қазақ хан­дығы бастаулары мен тарихына ендігі жерде әлемдік биік­тіктен қарау керектігін қаперге салады.

Хандық бізге екі ұлы мұра қалдырды: ұлан- байтақ аумақ және біртұтас, бәсекеге қабілетті, рухани-адамгершілік құндылық­тарға бай толерантты халық. Бұлар — ешбір баға жетпес құндылықтар. Осы құнды­лықтар біздің халықты отарлық езгі мен тоталитарлық сы­нақтан құтқарды. Әрі қазіргі егемен Қазақ­станның материалдық және әлеуметтік негізін құрайды. Туған жер мен халқына деген шексіз сүйіспеншілік ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жасампаздық миссиясын қанаттандырып, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына және Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» жоспарына қайнар көз болып табы­латын ұлы істерге жол ашты.

Р да тарихи сананың қалыптасуы концепциясы 1995

Тарихи сана – бұл бүгінгі ұрпақтың әлеуметтік жады. Әлеу- меттік жады формасы жағынан әмбебап және мазмұны жағынан нақты болып келеді. Сондықтан да тарихи сана қашанда нақты- тарихи, әлеуметтік, ұлттық және индивидуалдық мазмұнмен тол- тырылады. Қазіргі кезеңде әлеуметтік жадының үш деңгейінде де – жаhандық деңгейінде, ұлттық деңгейде және жеке тұлғалық дәрежеде түбірлі өзгерістер болып жатыр: адамдық индивидуал- дық деңгейде антропологиялық төңкеріс орын алды, әлеуметтік немесе этностық деңгейде ұлттық сана-сезімнің бұрын-соңды болмаған дүмпуі байқалды, ал жалпыадамзаттық деңгейде ақпа- раттық жаhандану үдерісін бастан кешіп отырмыз. Бұл өзгерістер, өз кезегінде тарихи сана мәселесін күн тәрті- бінің алдыңғы қатарына шығарып отыр. Әлеуметтік-мәдени еспен сипатталатын тарихи жады немесе тарихи сана неғұрлым терең болған сайын адам да, тұтастай алғанда қоғам да рухани бай бо- лады. Бүгінгіні түсіну мен болашақты болжау үшін өткенді білу та- рихи білімнің негізгі арқалайтын жүгі екендігі рас. Ал тарихи білім берудің мақсаты жан-жақты дамыған тұлғаның ойлау мәдениетінің қажетті компоненті ретіндегі тарихи сананың элементтерін адам бойында қалыптастырумен ұштасып жатады.,

лттық қозғалыстың типологиясы туралы хроханның тұжырымдамасы

Ұлт-азаттық қозғалыс — отар елдерге тән тарихи құбылыс. Ұлт-азаттық қозғалыстың басты мақсаты — ұлтты езгіден азат ету, оның ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілігін қалпына келтіру және отаршылдық билікті жою арқылы ұлттық дербестікке қол жеткізу. Демек, ұлт-азаттық қозғалыс — отар халықтардың отарлық езгіге қарсы жалпы халықтық күресі.

Оның басты мақсаты — ұлтты өзге мемлекеттің экономикалық, саяси және басқа езгісінен азат ету, елдің табиғи ұлттық мүддесін қорғауға қабілетті мемлекеттілігін қалпына келтіру. Отаршыл жүйені жою және отарсыздандыру шараларын іске асыру арқылы шынайы дербестікке қол жеткізу. Яғни, ұлт-азаттық қозғалыс дегеніміз — отарлық тәуелділіктегі халықтардың жат-жұрттық езгіге қарсы жалпыұлттық күресі.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 3192 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

2313 - | 2041 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.