Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Кеңес өкіметінің білім және ғылым саласындағы қайшылықтары.




Кеңес үкіметінің айтуынша қазақ халқының 25 пайызы ғана сауатты еді.Оның ішінде қазақтар 10 пайыз болатын.Араб тілінде жазып, оқи алатын қазақтар бұл тізімге ілінбеді.Қазақстанда жаппай15-50 жас арасындағы оқыту тек саяси мүддені көздеді.Кеңес үкіметі тек момын,жуастарды қалдырып қалғандарын қудалап, мәңгүрт тәрбиелеуді жоспарлады.1930 ж 27 тамызда бастауыш білім беру туралы шешім қабылданды.Бұл қаулы бойынша балалар 4 жылдық білім алуға тиіс еді.Одан әрі 7жылдық,10жылдық білім беру жалғасады деп айтқан болатын.Алайда оқу құралдарының жетіспеушілігі,сауатты мұғалімдердің жоқтығы,араб әліпбиінен латын әріпіне көшу,латыннан орыс әрібіне көшу сауатты ұрпақ тәрбиелеуге кедергі келтірді.

КСРО ҒА базасының КСРО ҒА-ның Қазақ филиалы болып қайта құрылуы.

1932ж наурызда Алматыда КСРО ҒА құрылды.1938ж КСРО ҒА Қазақстандық филиалы болып өзгертілді.Бұл филиал Қарағанды көмір бассейнін,Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеді.Жамбыл обл химиялық фосфат,калий тұздары пайдалы қазбалары ашылды.Пайдалы қазбаларды игеруде Сәтпаев,Гапеев,Кассин,Губкин зор еңбек сіңірді.1940 ж Бүкілодақтық шаруашылық Қазақ филиалы болып құрылды.1940ж Қазақстанда 110ғылыми зерттеу орталықтары жұмыс істеді.

Екінші дүн.жүз. соғыстағы кеңестік биліктің ішкі сыртқы саясаты.

1939ж Германияның Польшаға шабуылымен басталды.1939-40ж Кеңес одағы Финляндаға қарсы соғыс жүргізеді.Кеңес үкіметі Германиямен арадағы келісімге сәйкес әскерін Польшаның шығыс бөлігіне кіргізеді.КСРО үшін соғыс ауыртпалығы осылай басталды.Германияның Қазақстанға жоспары нақты болды.КСРОны жеңгеннен кейін Германия Орта Азия мен Түркістан аумағында Гросс-Түркістан рейхкомиссиаратын құру,Индучтриалды Облыс құру жөнінде жоспар жасады.Мұнда белорусь,поляк,украиндықтарды қоныстандыру жоспарланды.Соғыстың алғашқы күнінен бастап қазақстан майданның арсеналына айнала бастады. Әрі қарай тан соғысы басталды.

Отан қорғау соғысы қарсаңындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани жағадай.

1937 жылы БК(б)П ОК-нің, И. В. Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жаулары және олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жоюдың» қажеттігі жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты.Осындай жағдайда И. В. Сталин мен оның серіктері мүмкін болатын оппозицияны орталықта ғана емес, ұлттық республикаларда да біржолата талқандауды ұйғарды.1928 жылдың ортасынан бастап Алаш қозғалысына қатысқан зиялылар жаппай тұтқындала бастады. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшылдар» деген жалған айып тағылды. Сол жылы 44 алашордашы тұтқындалып, оның ішінде Ж. Аймауытов, Ә.Байділдин, Д.Әділев ату жазасына кесіліп, үкім орындалады. Ал қалғандары түрмеге қамалады. Ұлттық зиялылардың екінші тобы 1930 жылдың қыркүйек-қазан айларында тұтқындалып, оның 15-і Орталық, Ресейге жер аударылды. 1936-1938 жылдары Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-іне «халық жаулары» немесе «халық жауларының сыбайластары» және т. б. айыптар тағылды.. Ашық сот процестері 1937 жылы республиканың Үржар, Преснов т. б. аудандарында болып өтті. 1937 жылы қарашада Қарағанды облысының Ә. Асылбеков, Н. Нүрсейітов, М. Ғатаулин т. б. басшыларының үстінен жүргізілген сот процесі халықтың жан-жақты талқылауына ұласты. Соғыс алдындағы жылдары ауыл шаруашылығы да біртіндеп дами бастады. Негізгі ауыл шаруашылық өнімін колхоздар өндірді, 1940 жылы Қазақстанда колхоздардың саны - 6901- ге жетті, 194 совхоз болды. 1940 жылы еліміздің колхоздары мен совхоздарының егіс алқаптарында 41 мыңнан астам трактор, 11,8 мың астық комбайны, 14 мыңдай жүк автомашинасы жұмыс жасады. 1940 жылы егістік көлемі 5,8 млн гектарға, ал мал басы саны 3,5 млн-ға өсті. Күріш, қант қызылшасы мен мақта егу сияқты ауыл шаруашылығының жаңа саласы игеріле бастады. Соғыс қарсаңында мал басы жағынан Қазақстан Одақта РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші орынға шықты. Елімізде механизаторлар мен жоғары және арнаулы білімі бар мал дәрігері, зоотехник, агроном кадрлары қалыптасты. Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігінің артуына мемлекеттің беретін қаржысы мен көмегі айтарлықтай әсер етті.Халық шаруашылығындағы осындай жетістіктермен қатар шешілмеген мәселелер де баршылық еді. Ұжымдастыру мен 30-жылдардың басындағы зұлматтан кейін ауыл шаруашылығы әлі де толық өркен жайып кете алмады. Тоталитарлық жүйе колхоз құрылысына, еңбеккерлердің тәртібін бақылауға ерекше назар аударды. Колхозшыларға өз колхоздарын тастап, басқа жаққа көшіп кетуге тыйым салынды. Колхозшылардың қарамағындағы бақшалық жер телімдері мен мал басы санына қатаң түрде шек қойылды. Ауыл шаруашылығын басқарудың зорлықшыл әкімшілік-командалық тәртібі енгізілді. Ауыл еңбекшілерін материалдық ынталандыру, олардың еңбек белсенділігін қолдау принципі жүзеге аспады. Білікті маман кадрлар жетіспеді, колхоз бен совхоз басшылары ұдайы ауыстырылып отырды. Осының бәрі ауыл шаруашылығының жедел қарқынмен дамуына кері әсер етті. Осындай қиыншылықтарға қарамастан Қазақстанның соғыс қарсаңындағы экономикалық дамуы Ұлы жеңістің алғышартын қалыптастырды.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 5306 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наглость – это ругаться с преподавателем по поводу четверки, хотя перед экзаменом уверен, что не знаешь даже на два. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2613 - | 2186 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.