Педагогика ғылымы және оның адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орнын түсіндіріңіз.
Лекции.Орг

Поиск:


Педагогика ғылымы және оның адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орнын түсіндіріңіз.




Педагогика-бұл ғылым және басқа ғылымдар сияқты, оның өз зерттеу пәні, салалары бар. Кез-келген ғылымның қалыптасуы мен дамуы әруақытта да қоғамның практикалық қажеттілігінен туындайды. Педагогиканың пайда болуы болашақ өсіп келе жатқан ұрпақты өмірге даярлауда қоғамның қажеттілігі болып табылады.

Тарихи тұрғыдан педагогика бала тәрбиесі туралы ғылым ретінде қалыптасты. Педагогика өз атауын гректің пайдагогос (пайд-бала, гогос-алып бару) деген екі сөзінен шыққан., балаларды алып барушы. Ертедегі Грецияда өз қожасының балаларын мектепке алып бару міндетін құлдар атқарған. Кейіннен педагогтардың қызметін бала оқыту және тәрбиелеу, тәлімгерлік жұмысын жалдамалы адамдар атқарған. Қазір ол кезеңмен салыстырғанда педагогтардың ролі мен атқаратын қызметі мүлде өзгерді. Бүгінде педагог, ұстаз, тәлімгер, белгілі кәсіби білімі бар, арнайы кәсіби-педагогикалық даярлықтан өткен білікті ұстаздарды, тәрбиешілерді айтамыз. Алғашқы бала тәрбиесі туралы білім негізі қазақ халқының халықтық педагогикасынан бастау алған.

Жоғары мектеп педагогикасы жас ғылым ретінде ХХ ғасырдың ортасында, педагогиканың бір саласы ретінде қалыптасты.

Жоғары мектеп педагогикасы қоғамдағы өзгерістер әсерімен теорияға, яғни өсіп келе жатқан тұлғаны дамыту мен тәрбиелеу туралы ғылымға айналды.Жоғары мектеп педагогикасының негізгі категориялары: тәрбие, оқыту, білім беру, жоғары мектептің педагогикалық процесі, әлеуметтену, іс-әрекет табыстылығы.

Жоғары мектеп педагогикасы пәні- студенттер бойында кәсіпке қажетті білім, дағды, сапаны қалыптастыруға бағытталған оқытушылар мен студенттердің арасындағы біріккен іс-әрекет. ЖМП пәнінің мақсаты- кәсіби білікті маман даярлауға, студенттердің қабілеттерін, дарындылығын көрсетуге, кәсіби біліктілікке жетуге жағымды жағдай жасау.

Ғылыми білімнің қарқынды дамуына байланысты ЖМП-сының жоғары мектеп дидактикасы, жоғары оқу орнында тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі, жоғары мектеп менеджменті, жоғары мектеп технологиялары атты салалары бар.

ЖМП-ң функциялары теориялық және технологиялық болып бөлінеді:

Теориялық функциясына: озық тәжірибені оқыту ; педагогикалық құбылыстарды анықтау; тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Технологиялық функциясына:әдістемелік құралдар дайындау(жоспар, бағдарлама, стандарттар, әдістемелер), ғылымның жетістіктерін өндіріске ендіру; ғылыми зерттеулерді анализдеу.

Педагогика ғылымдарының жүйесіне: жалпы педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, мектепке дейінгі педагогика, кәсіби педагогика, педагогика мен білім беру тарихы, салалық педагогика, коррекциялық педагогика, салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі, жоғары мектеп педагогикасы, ересектер педагогикасы, арнайы педагогика, әлеуметтік педагогика т.б. жатады.

Жоғары мектеп педагогикасы- философия, психология, жалпы педагогика, логика, тарих, математика, этнопедагогика, этнопсихология, медицина, экология, экономика, социология, адам физиологиясы т.б. ғылымдармен тығыз байланыста жүзеге асады.

Педагогика ғылымы туралы өткен уақытта да, қазіргі кезеңде де ғалымдардың арасында үш түрлі көзқарастар қалыптасқан. Бірінші көзқарастың өкілдерінің айтуынша, педагогика-адамзат білімінің пәнаралық саласын қамтиды деп дәлелдеген. Екінші көзқарас өкілдері педагогиканы қолданбалы пән ретінде қарастыра отырып, оның негізгі атқаратын қызметінен басқа ғылымдардан (психология, жаратылыстану, социология) енген, тәрбие саласында пайда болған міндеттерді шешуге арналған. Ғылым мен тәжірибе үшін профессор В.В.Краевскийдің айтуынша, үшінші көзқарас педагогика өзінің зерттеу нысаны мен пәні бар дербес ғылым ретінде қарастырады. Уақыт өте педагогика –адам қалыптастырудың арнайы ұйымдасқан, мақсатты және біржүйелі қызметі, тәрбиенің, білім берудің және оқытудың мазмұны, түрлері және әдістері туралы ғылым.

Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Тек шәкірттер ғана оқып, білім алып қоймайды, сонымен қатар ересектер де білім алады. Демек қазіргі педагогика ғылымы –бұл адам тәрбиесі туралы ғылым.

Педагогиканың объектісі мен пәні туралы, педагогика –бұл балалар мен ересектерді тәрбиелеу, оқыту және білім беру туралы ғылым деген қорытынды шығаруға болады.

Педагогика деген сөз гректің «пайдос» – балалар, «аго»–жетелеу деген сөзінен шыққан. Сондықтан «пайдагогос» дегеніміздің сөзбе-сөз аударма-баламасы «баланы жетелеп жүруші» деген мағынаны білдіреді. Ертегі Грецияда өз қожасының баласын қолынан ұстап, жетелеп мектепке алып барушы құлды педагог деп атаған, ал баланы мектепке көбінесе оқымысты басқа құл оқытқан. «Педагогика» сөзі кейінірек «баланы өмір ағынымен жетелеу» өнері ретінде, яғни баланы тәрбиелеу, оқыту, оның рухани дамуына және дене жағынан дамуына бағыт беру өнері ретінде түсінілетін болды.

ХХ ғасырдың ортасына дейін педагогика баланы оқыту және тәрбиелеу туралы ғылым ретінде танылды. Бірақ соңғы кезеңдерде өмір (заман, қоғам) талабына сай тұлға ретінде қалыптасып жетілу үшін тек балалар ғана емес сонымен қатар үлкендерде білікті педагогикалық басшылықты қажет ететіндігі мойындауда. Сондықтан, қазіргі кезеңдегі педагогика – тек балалар тәрбиесі туралы ғылым ғана емес, ол сонымен қатар жалпы адамзат баласының тәрбиесі туралы ғылым.

Мұнда «тәрбие» ұғымы адамзат баласына білім беруді де, адамзат баласына оқытуды да, дамытуды да қамтып, мейлінше кең мағынада қолданылып отыр. Демек, педагогика адамзат баласының кең мағынадағы тәрбиесі туралы ғылым.

Педагогика оқулықтарында, жекелеген ғалымдардың зерттеу жұмыстарында, сөздіктер мен анықтамаларда педагогика ғылымына берген анықтамалар көп және әртүрлі. Соларды жалпылай келе, қорытындылайтын болсақ, педагогика – тәрбие туралы ғылым болып табылады.

Педагогика ғылымының басты негізгі міндеті– адам тәрбиесі туралы ғылыми білімдерді жинау, тәрбие заңдылықтарын ашу, педагогтарды оқу-тәрбие процесінің теориясы бойынша білімдермен қаруландыру.





Дата добавления: 2017-02-24; просмотров: 1284 | Нарушение авторских прав | Изречения для студентов


Читайте также:

Рекомендуемый контект:


Поиск на сайте:



© 2015-2020 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.002 с.