Саналылық пен белсендiлiк принципi
Лекции.Орг

Поиск:


Саналылық пен белсендiлiк принципi




Бұл принципке негiз болатын заңдылықтар: тек өз ақылымен қабылдаған сапалы да,

саналы бiлiм адам бiлiмiнiң шынайы өзегi болады; оқушылардың бiлiмдi саналы түрде меңгеруi

таным əрекетiнiң белсендiлiгi мен оқуға ынталануына, мұғалiм қолданатын əдiстерге тəуелдi,

ғылыми бiлiмдердi меңгеруде саналылық, əрi белсендiлiк танытқан оқушылар ғана оны терең

жəне ойларына берiк тоқулары сөзсiз.

Саналылық пен белсендiлiк принципiн жүзеге асыру үшiн мұғалiм оқыту процесiнде

төмендегi оқыту ережелерiн басшылыққа алады.

- Оқушы алдында тұрған мақсат пен мiндеттердi анық түсiнуi саналы оқытудың шарты боларын

назарға алу.

- Оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, олардың мəн-мағынасын терең түсiнуiн

қамтамасыз ету.

- Əр бiр сөздiң, сөйлемнiң, ұғымның мəнiн түсiндiру үшiн оқушылардың бiлiмi мен тəжiрибесiн

негiзге алу.

- Оқушылардың бiлiм алуға деген ынтасын, белсендiлiгiн арттыратындай тиiмдi əдiстердi үнемi

қолдану, бүгiнгi белсендi шəкiрт ертеңгi белсендi қоғам мүшесi екенiн ұмытпау.

- Оқу материалын саналы түрде меңгерту үшiн əлi бейтаныс мағлуматтарды бұрыннан белгiлi

ақпаратпен ұштастыра бiлу.

- өз бетiмен оқуды үйрету, таным əрекетiнiң тиiмдi əдiстерiмен таныстыру.

- Бас жəне қосалқы оқу материалын ажыратуды үйрету, назарларына негiзгi ойларды алу.

- Оқушыларды ойлауға үйретiп, ''неге'' сұрағын жиi қоюға дағдыландыру.

- Əрбiр оқушы тұлғасына қамқорлық жасау, оны оқу пəнiн игеретiн субъект ретiнде қалыптастыру.

- Оқушы бiлiмдерiн тəжiрибеде қолдануына көмектесу.

Көрнекiлiк принципi

Оқыту жүйесiнде Я. А. Коменский көрнекiлiк принципiн оқу материалын меңгеру құралы

ретiнде қарастырып, дидактиканың алтын ережесi деп атаған. Оқушылардың дүниетанымы

негiзiнен көрнекiлiк арқылы жүзеге асырылады: олар заттардың өзiн немесе бейнесiн, көлемiн

тiкелей көрiп, байқап таниды. Бұл принциптi соңғы ғылыми жетiстiктер де дəлелдедi. Мысалы,

көру органдары миға есту органдарымен салыстырғанда 5 есе, сипалау органдарымен

салыстырғанда 13 есе көп ақпарат өткiзедi екен. Көз арқылы алған мəлiметтердi адам жеңiл, тез,

берiк есте сақтайды.

Көрнекiлiк принципiн жүзеге асырып, оқушылардың бiлiм көлемiн тереңдету,

қызығушылығын арттырып жəне есте сақтау қабiлетiн шыңдау үшiн мұғалiм өз ойын оқушыларға

нақтылы жеткiзуi үшiн қолданатын ережелердi атап өтейiк.

- ''Алтын ереже'': көруге болатынды - көрсету, есiте алатынды - естiрту, сезiне алатынның бəрiн -

оқушылар-дың сезiм мүшелерiне сездiрту, түйсiк туғызу.

- Оқушылар заттың немесе құбылыстар мен оқиғалардың бейнелерiн, көлемiн, түр-түстерiн сөзбен

емес көру арқылы əрi жеңiл, əрi тез есте сақтайтынын қамтамасыз ету.

- Қолданылатын көрнекi құралдардың өмiрмен байланысын қамтамасыз ету.

- Оқушылар тiкелей түйсiну, көру, есту мүшелерi арқылы əртүрлi заттардың формасын, түсiн,

көлемiн, бейнесiн көрiп, дыбысын естуi негiзiнде оларда ой пайда болады.

- Көрнекiлiк - көрсету мақсатында емес, логикалық ойлауды дамыту құралы ретiнде

пайдаланылады.

- Оқушылар заттарды қолымен ұстап, көлемiн, түр-түсiн байқап, көзiмен көруге жəне əр түрлi

дыбысын естуге жағдай туғызу.

- Көрнекiлiк заттар мен құбылыстардың өзiн тiкелей көрсетуге мүмкiндiк болмаған жағдайда да

қолданылады.

- Көрнекiлiктер оқушының құбылыстарды байқауға, қабылдауға деген ынтасын оятып, iзденiс

дағдыларын қалыптастырады.

- Көрнекiлiк бақылай бiлуге, салыстыру, қатар қоя бiлуге, абстракты ұғымдарды дамытып,

жетiлдiруге жол ашады. - Көрнекiлiктi оқытудың белгiлi мақсатына сай қолдану.

- Көрнекiлiк құралдарын қолдану барысында алғаш оны бүтiндей, кейiн бас жəне қосалқы

бөлшектерiн, соңында тағы бүтiндей көрсету керек.

- Көрнекiлiктi оқушылармен бiрiгiп жасау.

-Көрнекi құралдарын оқу пəндерiнде нақтылы өз орнында оқушылардың жас, таным

ерекшелiктерiн ескере отыра пайдалану.

- Көрнекiлiктердi қолдануда сан емес сапасына көңiл аудару.

Берiктiк принципi

Оқытудың тиiмдiлiгiн, сапасын жақсарту үшiн оқушылардың бiлiмдерiнiң берiк болуы

даусыз. Бұл принцип көптеген тəжiрибелiк жəне теориялық заңдылықтарға сүйенедi:

оқушылардың бiлiм мазмұнын меңгеруi мен танымдық дамуы, оқу процесiнiң өзара байланысты

екi жағы; бiлiм берiктiгi оқушының мұғалiмге, оқу пəнiне, жалпы оқуға деген субъективтi

қатынасына тəуелдi; оқушылардың бiлiм берiктiгi оқытудың ұйымдастырылуы, түрi, əдiстерi,

уақыты арқылы қамтамасыз етiледi; қызықты жəне маңызды материал ұзақ əрi берiк есте

сақталады.

Осы принциптi iске асыру үшiн мұғалiм бiрнеше ережелердi орындауы қажет.

- Оқушылар бiлiмдерiн сабақтар барысында; тақырып, тарауды оқыту аяқталған жағдайда; тоқсан

мен оқу жылының басында, соңында қайталауды үнемi ұйымдастыру.

- Қазiргi мектеп жаттаудан ойлауға көшуiне байланысты оқушылардың жадын зорламай, бiлiмдi

санасы мен сезiмдерiмен қабылдауды үйрету.

- Жақсы түсiнбегендi оқушының есiнде сақтауына жол бермей, тек саналы бiлiмдi жадында

сақтату.

- Басты, негiзгi идеялар мен ұғымдарды есте сақтауды қамтамасыз ету үшiн оқушыларды

анықтамалармен, энциклопедиялармен жұмыс iстеуге машықтандыру.

- Оқыту жүйесiнде түрлi (ауызша, жазбаша, лабора-ториялық-практикалық жұмыстары) жаттығу

жұмыстарын ұйымдастыру.

- Оқуға, бiлiмге ынта-ықылас, қызығушылық, мұғалiмнiң өзiне сенiмi болса, оқушылардың оқу-

таным əрекетi ерiктi, қуанышты болып, бiлiмдерi ұзақ уақытқа дейiн сақталады. - Бiлiмнiң

берiктiлiгiне кедергi жасайтын сабаққа кешiгу, келмеу, сабақ кезiнде бос не басқа нəрселермен

шұғыл-данып отыру, жалқаулыққа жол бермеу.

- Логикалық түрде берiлген, алынған, қайталанған бiлiмдер мен бiлiктер байланыссыз ақпаратпен

салыстырғанда берiк екенiн ұмытпау.

- Оқушылардың ерiктi жəне ерiксiз зейiнiн тиiмдi пайдалану: тiкелей ұсыныстың орнына қызықты

тапсырма, тəртiпке шақыру орнына мысал, мақал-мəтелдердi қолдану.

- Оқушылардың алған бiлiмдерiнiң берiктiлiгiн нығайту-дың əр түрлi əдiс-тəсiлдерiн (сезiмге толы

əңгiме, заманауи көрнекiлiктер, техникалық құралдар, оқу ойындары, пiкiр таластар) iске асыру.

- Жаттығуларды орындаған кезiнде оқушылар шаршауының алдын-алу.

- Жаңа оқу материалын ескi, таныс ақпаратпен байланыстыру.

- Оқушыларды өз бiлiмiн алу мен тексеруге бейiмдеу.

Оқытуды аталмыш ережелерге бағындыру - оқушылар бiлiмiнiң ұзақ уақыт бойы есте

сақталуын, сол бiлiмдi өз өмiрiнде пайдалануын қамтамасыз ету.

Сəйкестiк принципi

Бұл принцип ғасырлар бойы жинақталған педагог-тық тəжiрибеге негiзделiп, оқушыларға

жеке-дара қарауды талап етедi.

Демек бұл оқушының бойында бар бiлiм, бiлiк, дағдылар деңгейiне сай жаңа ақпаратты

ғана меңгере алады. Сəйкестiк принципiн дəлелдейтiн заңдылықтар: оқыту жас жəне дара

ерекшелiктерге, оқу процесiнiң ұйымдастырылуы мен əдiстерiне тəуелдi; ақыл-ой дамуы мен

алғашқы бiлiмдерi жетiк оқушы жаңа материалды тез меңгередi, оқудағы қиыншылықтарды жою

баланың мiнез-құлқына, қабiлеттерiнiң қалыптасуына, бiлiмiнiң сапасы мен нəтижелiлiгiне

оң /дұрыс/ ықпал етедi.

Сəйкестiк принципiн жүзеге асыру үшiн орындалатын ережелер:

- Оңайдан қиынға, таныстан бейтанысқа, жеңiлден күрделiге көшiп оқыту.

- Бiлiм беруде оқушы əрқашан дара, өзiнше ерекше екенiн ұмытпау.

-Балалардың ақыл-ойы, қабiлеттерi мен мүмкiндiктерi əртүрлiлiгiн ескере оқыту.

-Оқуда барлық оқушылар табысқа бiрдей жетуiн талап етпеу, алдыңғы дайындық деңгейiне

сүйену.

-Оқушының жас ерекшелiктерiне сəйкес əдiстердi анықтау.

-Оқушылардан мүмкiн еместi талап етпеу, тапсырма өте жеңiл де, өте қиын да болмауын

ойластыру.

- Оқыту жылдамдығы озат оқушыны тоқтатпай, əлсiз оқушыны iлгерi тарту мақсатын көздеу.

- Жаңа күрделi материалды өткенде озат оқушыға, қайталағанда орташа жəне нашар оқушыға

сүйенiп оқыту.

- Ең күрделi бiлiмдi игерту үшiн аналогия, салыстыру, теңдестiру, қарсы қоюды пайдаланып

оқушы ойын қоздыру.

- Жалпы заңдар мен заңдылықтарды түсiндiру қиын болғандықтан, əртүрлi пəнаралық

байланыстар арқылы сол заңдылықтардың көрiнiсiн айқындау, методологиялық бiлiмдердi сiңiрту.

- Баяу асығыңыздар! Қажетсiз оқытуды тездетуге болмайды, оқыту жылдамдығы жас жəне дара

қасиеттерге сай болуын ұдайы қамтамасыз ету.

- Сəйкестiк мұғалiмнiң əңгiмелеу, сөйлеу, тiл анықтылығына тəуелдiлiгiн ұмытпау.

- Сəйкестiк - жеңiлдiк емес, оқушы еңбегiн жеңiлдету мақсат емес, бiрақ оқушыға өздiгiнен бiлiм

табуға, қабылдауға, меңгеруге көмектесу қажеттiлiгiн қамтамасыз ету.

- Сəйкестiк еңбекқорлықпен байланысты, еңбекқорлық күшейген сайын оқу сəйкестiгi кедергiсi

төмендейтiнiн ұмытпау.

Əрбiр мұғалiм оқыту процесiне байланысты бiлiм беру, тəрбиелеу жəне дамыту қызметiнде

үнемi дидактикалық принциптердi басшылыққа алуы шарт.

 





Дата добавления: 2017-02-24; просмотров: 4189 | Нарушение авторских прав | Изречения для студентов


Читайте также:

Рекомендуемый контект:


Поиск на сайте:



© 2015-2020 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.