Семинар сабақтарын ұйымдастыру. Семинар түрлеріне сипаттама беріп,нақтылаңыз.
Лекции.Орг

Поиск:


Семинар сабақтарын ұйымдастыру. Семинар түрлеріне сипаттама беріп,нақтылаңыз.




Семинар сабағы – студенттермен жүргізілетін оқу-практикалық жұмыстарының бір түрі. Семинар оқытушылар мен профессорлардың басшылығымен жүргізіледі. Студенттер баяндама, реферат жазады, өз беттерінше кішігірім зерттеулер жасайды. Семинар пән ерекшелігіне, оқу ісінің мақсатына, оқушылар құрамына қарай университет, институттарда және басқа да оқу орындарында кеңінен тараған, сол сияқты саяси-ағарту ісі саласында жүргізіледі. Семинар студенттердің ғылымының әр тарауын терең игеруіне ықпал етеді. Студенттер семинардың нәтижесінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын, одан тиісті ғылыми қорытынды жасауға үйренеді.

Семинар – тақырыпты немесе курс тарауын тереңдете ұғынуға арналады. Семинарда шәкірттер оқытушының жетекшілігімен дайындаған баяндамаларын, рефераттарын ұжым болып талқылайды. Талқылау барысында оқушылар ғалам саласының әдістемесін меңгереді, өз алдына жұмыс істеуге және оны ауызша не жазбаша баяндауға, өз қорытындыларын дәлел-уәжбен қорғауға, пікір таластыруға машықтандырады. Ертедегі Грек, Рим мектептерінен бастау алған бұл оқыту түрі қазір де қолданылады.

Семинар сабақтары оқушыларды өз бетімен оқуға, жұмыс істеуге үйретеді. Зерттелген материалдың мәнін жете түсінеді, өз ойын мазмұндап дәлелдейді.

Семинар сабағы көбінесе оқылған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылығын шыңдау мақсатын көздейді.

Студенттердің пәнді өнімді де нәтижелі меңгеруіне көптеген факторлар мен жағдайлар әсер етеді. Солай бола тура, олардың ішінен негізгі екі жұмыс түрін ерекше атап көрсетуге болады. Олар, әрине бірінші кезекте лекция және семинар сабақтары. Бұл сабақтар студенттерде оқу уақытының 50-60% алады десек қателеспейміз. Оқу процесін жетілдіру бағытындағы жұмыстар аудиториялық жұмыстың негізі болып табылатын лекция сабағында жүргізіледі. Бұл жерде көп көңіл бөлетін нәрсе, лекцияның мазмұнын өзектендіру, актуальдық деңгейге жеткізу және барынша лекцияның «әңгіме-диалог» түрінде өтілуіне белсенді түрде бет бұру. Жалпы, студенттерге лекция оқуды бастамастан бұрып, лекцияны қалай конспектілеуді (қалай жазу, немесе белгілі бір символдармен, белгілермен, сандармен белгілеу т.б.) үйрету артық болмас еді. Лектор студенттердің назарын лекция оқу кезінде мынадай жаттарға аудару керек. Біріншіден, лекция ешқашанда оқулықты түгелінен қайталамай керек, керісінше оның ең негізгі, мәнді және күрделі тұстарын қазіргі заманғы ғылыми нәтижелермен байланыстыра отырып ашып көрсету керек. Екіншідінен, лекция студенттер пайдаланатын негізгі оқулықпен мазмұны жағынан қарама-қарсы болмауы керек, яғни принципальды түрдегі айырмашылықтар болмауы керек. Лекцияны қабылдау және оны көшіріп жазу – бұл күрделі де қиын процесс, сондықтан студент лекция кезінде үнемі назарымен мен пайымдаулы меңгеруі қажет. Лектор өз кезегінде студенттерге лекцияның негізгі тұстарын әр түрлі тәсілдірмен (қарқынды тездету немесе баяулату, интонацияны көтеру, дикциясын анық жеткізу, жекелеген ойларды қайталау) жеткізе білу керек. Әрине, бұл жерде студент лекцияны түгелінен көшірлеу керек. Олай қылу бір жағынан мүмкін емес те, сондықтан қысқартып жазу ең тиімді тәсіл. Сонымен лекцияны конспектілеу – бұл толығынан механикалық жұмыс емес, керісінше ой мен жазыны белсенді түрде жұмыс істетін қысқартып жазу жұмысы.

Лекцияның түрлеріне келетін болсақ, лекция-диалог түрінен басқа лекция-конференциялар да қолданылады. Бірақ, бұл лекцияның бұл түрі көп алдын-ала дайындықты қажет ететіндіктен, студенттердің сурақтарымен қатар, олардың айтысын, мінбеге шығып сөйлеуін қажет ететіндіктен, ең тиімдісі, лекция-диалог болып қала береді деп ойлаймын.

Студенттерді оқытуды жетілдіру мен белсенді жүргізудің екінші бір түрі – семинар сабақтары. Семинар сабақтарының негізгі мақсаты – студенттерге дербес, өз бетінше шығармашылық ойлауды қалыптастыру, шындықты сыни тұрғыдан талдау қабілетін және шындықты қарама-қарсылықты тенденциялардың бірлігі ретінде түсінуді қалыптастыру, алынған білімді жеке сенімге айналдыру және әр студентте дүниеге көзқарасты қалыптастыру болып табылады. семинар студенттерде еңбексүйгіштікті тәрбиелеудің ең тиімді тәсілі, сонымен қатар, ол студенттерде берілген әдебиеттер мен оқу құралдарында және лекцияда берілген материалдарды игерудің сапасын бақылаудың бір түрі болып табылады.

Мындай бақылау семинар кезінде студенттердің білімінің кемістігін анықтап, оны дер незінде жөндеп отыруға, көмектеседі. Егер нақтырақ айтсақ, оқытушының студентке деген көмегін былай нақтырақ көрсетуге болады: 1) семинар сабағы жоспарының мазмұнымен мұқият танысу, осы тақырып бойынша жазылған лекцияның конспектісімен танысып, оны оқып шығу, осы тақырып бойынша оқулық пен оқу құралдарынң тарауларымен танысу, осы тақырып бойынша қосымша әдебиеттермен танысу, осы тақырып бойынша қайнар көздерді оқып шығып, ол бойынша конспект жасау.

Енді осы семинар сабақтарын өткізудің тәсілдеріне келетін болсақ, олардың көптеген түрлері бар екендігін айта кеткен жөн. Ең кең тараған түрі – берілген тақырып бойынша кең түрде, толық әңгіме жүргізу болып табылады. Бұл ең жеңіл әдіс, бұл әдіс кезінде студенттер соншалықта белсенді түрде әрекет етпейді, яғни көбісін үшін «жұмыс істейтін» бірнеше студент болады да, солардың жемісін бүкіл топ көреді.

Ал білімді игерудің белсенді түрі - әрбір студенттің ақиқатты меңгеруге тікелей өз бетінше, дербес күйде жетуі. Бұл мақсатты шешуде бірге көмекке келетін тәсіл –пәнді оқып-үйренуде келелі мәселелерді шешіп үйрену тәсілі. Бұл тәсілдің тиімділігі-келелі мәселе көтеріліп қана қойылмайды, сонымен қатар, оны шешу кезектігі екенінде. Сондықтан бұл тәсіл – семинардың дәстүрлі түрлерін емес, керісінше белсенді түрлеріне жатады.

Мысалы, оған семинардың мынадай екі түрін, жатқызуға болады.

Бірінші түрі бойынша: «шағын топтар» әдәсі. Бұл семинардың түрін саны аз топтарда өткізген дұрыс. Топ екіге бөлінеде да, әр командада колбасшы (лидер) таңдап алынады. Әр командаға 1-ші сураққа жауап беру үшін дайындыққа 5 минут беріледі. 1 сураққа 1-ші лидер жауап бергеннен кейін, 2-ші команданың студенттері 1-ші командаға 5 сурақ қояды. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай берілсе, керісінше әр бұрыс жауапқа 1 ұпай алынып тасталып отырады.

Әр ұрпаққа жауап беру үшін 30 секунд бөлінеді. Сонан соң командалар өз рольдерімен ауысады: екінші команданың лидері сураққа жауап беріп, екінші команданың студенттерді 1 командаға жауап береді. Әр сурақтан соң әр команданың ұпайы саналып, жарияланып отырады. Сөйтіп семинар сабағының барлық сурақтары талқыланып болғанша жалғаса береді. Семинардың бұл түрі (оймен шабул) кезінде тақырыптың мазмұны толық және терең қарастырылуы, студенттер белсене араласады. Сабақтың аяғында барлық ұпай саналып, тиісінше ұтқан команда жақсы баға алып, ұтылған команда өзіне тиісті бағасын алады.

Семинарлың екінші түрі: «шағын топтар» әдісі. Семинардың бұл түрі бойынша топ 4 немесе 5 кішкене топқа бөлінеді, яғни талданатын мәселелердің санына сәйкес. Семинардың басында спикер (шешен), скептик (күмәнданушы) және эксперт (бастаушы адам) тағайындалады. Уақыт белгіленгеннен кейін, спикер шығып жауаптың өз вариантын айтып береді. Онан соң, скептик шығып спикерді теріске шығарып, өз жауабын айтақаннан кейін, эксперт екі көзқарасты салыстар отырып, ақиқат пікірді көрсетеді. Бұл процесте атақты «триада»: тезис, антитезис, синтез, әрекет етеді. Семинардың мұндай түрінде студенттер тек өз ойларын белгілі бір уақыттың (регламент) ішінде айтып қана қоймай, оппонент, болу арқылы, дұрыс білімді анықтап, оны сынай отырып, диалектикалық тұрғыдан ол білімді жинақтай (синтез) алады. Қорытындылай айтсақ, танымның күрделі диалектикалық процесі жүреді. Студенттерге сабақ беру тәжірибесі көрсеткендей, сабақ берудің белсенді түрлерін жүргізу – зерттелетін тақырыпқа олардың қызығушылығын туғызып, олардың ойлануына, пайда болған мәселелерге үйреншікті емес жүрістер жасауға мәжбүрлейді.

Семинар сабағы тақырып бойынша оқу материалдарын меңгерудің қорытынды кезеңі болып табылады, мұндай сабақта студенттердің өзіндік жұмыстары қорытылып, бағаланады. Дәріспен салыстырғанда, семинар сабағында студенттер теориялық мәселелерді тереңінен қарастырып, оларды практикада қолдану дағдыларын қалыптастырады. Студенттер талқыланатын мәселелерді түсіндіру, талдау, бағалау, сараптау, ситуацияларды жан-жақты талдау, логикалық тұжырымдау, жүйелі түрде ойлау, негізгі мәселе аясында нақты баяндау, басқаның пікірін тыңдау және сыни тұрғыдан бағалау сияқты белсенді әрекеттері арқылы өз пікірлерін, ұстанымдарын келтіруі қажетеді. Семинар сабағын топтық талқылау және пікірталас арқылы ұйымдастырған тиімді. Семинарға дайындық барысында: семинардың тақырыбын талқылап, талдауға ұсынылатын негізгі мәселелер мен мақсаты туралы ойластырыңыздар; осы тақырып бойынша оқытушының дәрісте берген материалын көңіл қойып оқып шығыңыздар; ұсынылған әдебиеттерді оқып, оқығаныңыздың ішінен семинарда талқылауға қажеті болатындарынан конспекті жазыңыз; әрбір сұраққа оны нақты мәліметпен дәлелдей отырып, өз пікіріңізді айтуға талаптаныңыз; оқулықпен және ғылыми әдебиетттермен өзінік жұмыс жасаған уақытта туындаған сұрақтарды жазып алыңыз, сосын семинарда оған жауап аласыз. Семинардағы жұмыс кезіндегі үдерісте:семинарға қатысушылардың сөйлеген сөзін көңіл қойып тыңдаңыздар, оның айтқандарын өзіңіздің пікіріңізбен салыстырыңыз; қарастырылатын сұрақтарды талқылауға белсенді қатысыңыздар, өз пікіріңізді айтудан қорықпаңыз, бірақ ол сенімді дәлелдермен бекітілуі тиіс; егер сіз біреудің пікірімен келісетін болсаңыз, оған сыни тұрғыдан қараңыз, бірақ есіңізде болсын, сын негізделген және қалыптасқан болуы керек, яғни баламасы ретінде нақты ұсыныс беруіңіз қажет; семинардың соңында қарастырылған сұрақтардың дұрыс жауаптарын қысқаша тұжырымдаңыз.

Ақпарат көздерімен (оқулықтар, ғылыми әдебиеттермен зерттеулер, интернет, т.б.) жұмыс жасау. Ол үшін студент ең бірінші кітапханада катологпен жұмыс істеудің әдісін меңгеруі; тақырыптық, алфавиттік каталогтерден өзіңе қажетті әдебиеттер тізімін жасап, олармен танысуы; қажетті ақпаратты жинауды үйренуі қажет. Оқулық және ғылыми еңбектермен жұмысолардыңмазмұнынан өзіне қажетті тақырыпты тауып, онымен танысу шолып оқудан басталады. Мұнан соң зерттей оқу орын алады. Зерттей оқу барысында қажетті тұжырымдар бойынша конспект жасалады. Оқу және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу үшін ұсыныстар: оқу әдебиеттерін оқи білу біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру студенттің дербес және алдымен сол уақыттағы оқитын материалына байланысты болады. Оқулықты оқуға кірісе отырып, студент не үшін оқитыны жөнінде өзіне есеп беруі керек. Сосын жалпы конспектіде нақты тақырыптың алатын орнын анықтап, мазмұндық құрылымын, жақын құрылымдық бірлігін ойластыруы керек.

«Дөңгелек үстел»әдісі ең біріншіден студенттердің өзара пікір алмасу формасы ретінде көрініс табады. «Дөңгелек үстел»барысында оның қатысушылары берілген бір мәселе бойынша баяндама жасап қана қоймай, пікірлерімен алмасып, әрқайсысының позициясын айқындайды. Дөңгелек үстел – шағын топ ішінде студенттердің қарастырылып отырған тақырып (сұрақ, мәселе, идея, тұжырым, т.б.) бойынша белгіленген уақыт аумағында өз ойларын ортаға салу тәсілі. Дөңгелек үстелде сөз бір студентке бірнеше рет айналып келуі мүмкін. Келесі сөйлегенде студенттер алдындағы ойларын қайталамай, оларды ары қарай жалғастыруы және басқалардың пікірін ескеріп отыруы қажет. Дөңгелек үстел жазбаша да өтуі ықтимал, онда өз ойларын белгіленген уақытта жазып, бір-біріне оқытады. Жазбаша өткізілген дөңгелек үстелде барлық студенттер бір мезгілде жұмыс жасайды.

Конспект– басқа формалармен салыстырғанда жазудың ең әмбебап формасы. Конспект жазғанда оқылған мәтінді қайта жазуда дұрыстығын қамтамасыз ету керек. Конспекттің басты сипаты қысқалық әрі нақтылық. конспектіде ой сабақтастығы мен айтылған мәтіннің қисыны сақталуы тиіс. Конспектілеуде мәтін мазмұнының ең мәнді компоненттері, есте сақталуға тиісті тіректер жазылады (мәселен, атаулар, даталар, кейбір терминдер, символдар). Шартты түрде конспектілерді төрт түрге бөлуге болады: жоспарлы; мәтіндік; еркін; тақырыптық.

Презентация–бұл пайдаланушының осы затқа ерекше назарын аудартудың бір формасы, жариялау деген мағынаны білдіреді. Презентация нысаны белгілі бір ұжымның жеткен жетістігі, затты сипаттау, даму тенденциялары мен жоспарлары. Презентациялар конференция мен семинарларда жүргізілуі мүмкін. Презентация көмегімен семинар, курс тыңдармандарын оқытуға болады. Мұндай презентация пәнді көрнекі етіп, оны жандандыра түседі.

Колло́квиум: (лат. colloquium - әңгіме, жиналыс, мәжіліс) - ғылыми жиналыстар, оның маңызы баяндамаларды оқып, талқылау. Сонымен қатар колло́квиум - білім беру жүйесінде білімді бағалау мен тексерудің бір формасы. Әдетте жоғарғы оқу орындарында ол семестр ортасында жүргізілетін, өзіндік мини-емтихан, мақсаты емтихан тақырыптарының тізімін азайту. Коллоквиум барысында жобалар, рефераттар және басқа жазба жұмыстары тексерілуі мүмкін. Коллоквиумде алынған баға емтихан бағасына тікелей қатысы болуы мүмкін. Коллоквиум мазмұнына 2 практикалық міндет, 2 нақты теориялық сұрақ кіреді.

Пікірталас (дискуссия) - қандай да болмасын проблема бойынша қарама-қарсы пікірлерді келтіру арқылы ақиқатқа жету тәсілі. Оны өткізудің түрлері баршылық. Дискуссияның мақсаты:қатысушыларының белгілі тақырыптар мен мәселелерге қатысты қызығушылығын оята алу; кереғар пікірлерге жетелейтін оқу мазмұнын әр қырынан қарастыру, мүмкін көзқарастарды анықтау.Дискуссияның барысы: 1. Дискуссияны оқытушының немесе жүргізуші студенттің ашуы: талқылайтын тақырыптың мақсаты мен міндетін көрсету. Сөз алуға шақыру; Дискуссияны баяндамаларды тыңдаудан бастауға болады; Ең болмаса, бір альтернативті сұрақтың болуын қадағалау; жақтаушы және керіге шығарушы 3-5 аргумент бөліп көрсетіледі; Қатысушылар сұрақтар қояды, өз пікірі мен ұсыныстарын айтады; соңынан «ия» немесе «жоқ» деген пікірлер саналады. 2.Дискуссияның жағымды жақтары: мәселелер әр қырынан талқыланады; жүргізуші дискуссияны үйлестіріп отырады, өз пікірін ала алады, алайда пікірталастыруға міндетті емес; оқытушы қорытындыны жинақтап түсіндіреді. Егер дискуссия соңында топ екіге бөлініп кетсе, онда дебат өткізген жөн. Ол студенттерді бір-бірімен айтысуға; түрлі пікірлерді айтуға; оппоненттерді тыңдауға үйретеді. Дебатөткізуде қажетті нәрселер: оппоненттің не туралы айтқанын мұқият тыңдау; әр 15 минут сайын студенттер сенімді аргументтерді жазып алып отырады; түрлі пікірлерді тыңдап, олармен келісу яки керіге шығару; соңында оқытушы аргументтерді қорытындылайды, маңызды сәттер мен қисынды қорытындыларды шығарады.

«Ойға шабуыл» әдісі – бұл жаңа идеяларды шығару үшін кеңінен қолданылатын әдіс, қойылған мәселелердің спонтанды түрде шешілуі. Мұнда:1) Міндеттерді анықтау; 2) 5-8 адамнан тұратын шығармашылық топты құру. Шығармашылық топ 2 топтан тұрады. (ұдайы және уақытша қатысушылар). Ұдайы топқа топ жетекшісі кіреді. Уақытша қатысушы ретінде шешілетін мәселенің құрамына қарай анықтайды: а) Өту уақыты 1-2 сағат. шақыруды 2-3 күн бұрын алады. б) Идеялардың санына көп көңіл бөлінеді. Олар қысқа, әрі нақты болуы тиіс.в) Ойын барысында сын айту жіберілмейді. Сынның болмауы жақсы микроклимат тудырады. г) Микроклимат тудыруға қалжың, әзіл өз көмегін тигізеді. «Миға шабуылдың » нағыз сеансы адамдардың ерекше психологиялық көңіл-күйі. д) Жүргізушінің міндеті бейтарап жағдаят тудыру, жаңа адамдарды таныстыру, әзілмен әңгімелеу. Ақыл ой шабуылы-бір проблема жайында ұйымдастырылған пікірлесу, жоба туралы толық, ашық, еркіндікте әңгімелесу.

Ойындар:

1. Рөлдік ойындар: көшбасшылық ойындар.

2. Іскерлік ойындар: саяхат, блиц-ойындар, өндірістік ойындар.

3.Имитациялық ойындар.

Тренингтер -қысқа мерзім ішінде практикалық қолданыста қажетті әрі тиімді біліктер мен дағдыларды игеруге бағытталған оқу сабақтары. Тренингтердің мақсатыүйренудің ең тиімді жолдарын игеру. Мұнда үйренушілер өз әрекеттерін қалайша тиімді түрде ұйымдастырып, жұмыста оң нәтижеге қалайша жету керектігі мәселесімен айналысады.

Тестстуденттердің оқу жетістіктерін, олардың білім, білік, дағдыларының жиынтығын обьективті түрде өлшеу мүмкіндіктерін береді. Тесттерді әдетте ашық және жабық деп екіге бөледі. Жабық тест дегеніміз – келтіріліген жауаптардың ішінде біреуі дұрыс болатын тапсырма, студенттер бұл жауапты таңдап көрсетуі тиіс. Ашық тесттер дайын күйде берілген бір немесе бірнеше дұрыс жауаптарды іздестірмей, шығармашылық тұрғыдан шешім келтіруді талап етіп,келесідей тапсырмалардан тұрады: өзіндік түсінікті келтіру, мәсеелні шешу, ой-өрістерін дамытуға бағытталған шығрмашылық жұмыстары.

Бақылау– қандай да бір фактілерді анықтау үшін ақпаратты жинақтау құралы. Бақылау арқылы студенттің сабақта қалай жұмыс жасағандығын немесе сабақтың қалай өткендігі туралы ақпарат жинап, талдау жұмысын жүргізуге болады.

Сауалнама – берілген сұрақтарға жауап беру арқылы ақпарат жинақтау. Сауалнама алдын-ала құрастырылып, респонденттерге таратылып беріледі.

Интервью – сұрақ-жауап арқылы қандай да болмасын мәселені талқылау және өзіндік пікір келтіру. Интервью арқылы студенттің немесе оқытушының сабақ тақырыбы жайлы пікірлерін білуге болады.

Глоссарий– белгілі бір шығармада кездесетін, сирек қолданылатын сөздердің түсіндірме сөздігі. Сөз тіркестеріне, қазіргі кезде түсініксіз сөздерге түсінік беріледі. Сирек кездесетін кейбір аударма сөздіктер де глоссарийге жатады.

Сұхбат – негізгі бір ортақ ой төңірегінде әңгімелесіп , ой бөліседі. Сұрақтарына жауап алып, сұқбаттасушының пікірін біледі. Сұхбаттық әңгіме түрі көпшілігінде екі адамның әңгімелесуі түрінде өтеді. Сұхбатқа қатысушылар фактілерді жинақтап, қойылатын сұрақтарын айқындап, сұхбатқа қатысушы еркін,ашық, сындарлы әңгіме өткізуі тиіс.

Контент - талдау –мәтіндік материалды талдау, сол мәтінге мазмұнның сай келуін түсіндіру.

Түйін, мазмұн -сөйленген, жазылған немесе оқылған сөздің қысқаша түйіні.





Дата добавления: 2017-02-24; просмотров: 5124 | Нарушение авторских прав | Изречения для студентов


Читайте также:

Рекомендуемый контект:


Поиск на сайте:



© 2015-2020 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.