Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау жүйесінде табиғатты пайдалану қызметі мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды жоспарлауға маңызды орын бөледі. Табиғатты пайдаланудың жоспар-болжамын әзірлеудегі елеулі ерекшеліктердің бірі жоспарлау объектісі тек әлеуметтік-экономикалық үдерістер ғана емес, табиғи құбылыстар да болып табылатындығында. Табиғат, білетініміздей, инерциялы, концервативті, ондағы өзгерістер қоғамдық өмірдегіге қарағанда тым баяу жүреді. Осыған орай қоршаған ортаға антропогендік әсерінің мүмкін салдарын күні бұрын көре білу, шаруашылық дамудың экологиялық стратегиясы анықталатын ұзақ мерзімді бағдарламалар мен болжамдарды құру зор маңызға ие болады. Мұндай болжам, Ең алдымен, тұрақты экономикалық өсу мен адамдар тұрмысының маңызды шарты ретінде қарастырылатын қоршаған ортаның сапасына шаруашылық қызметтің әсер ету көлемі мен негізгі бағыттарын анықтауды ұйғарады.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде экология-экономикалық бағыт өзгелеріне қарағанда әлдеқайда кеш қалыптасты. Ол елдің табиғи-ресурстық потенциалдың сақталуы мен бекітілуі, оны ұтымды және кешенді пайдаланылуын қамтамасыз ету, қоршаған ортаға өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық өндірісінің, қалалардың тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығының теріс әсерін азайту жөніндегі ойластырылған шараларды қамтитын.
Табиғат қорғау тұжырымдамасы, ұзақ мерзімді мақсаттар мен оларды шешудің негізгі бағыттары нарықтық экономикаға көшуді ескере отырып алғаш рет негізделді.Құқықтық және тәрбиелік шаралармен үйлесімде басқарудың басым түрде экономикалық әдістерін қолдану негізінде табиғатты ұтымды пайдаланудың жаңа шаруашылық механизмін әзірлеу және қолданысқа енгізу міндеті туады.
Табиғат қорғау шараларын жоспарлы жүзеге асыру мен табиғатты ұтымды пайдаланудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
Табиғи ресурстардың жекелеген түрлерін ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны жоспарлау ресурстардың әрбір түрінің: су, орман, миниралды- шикізат және т.б. – көлемі мен сапасының өзгеруін, маңыздылығын, ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі. Сондай-ақ табиғи ресурстармен қамтамасыз етілгендігі бағаланады, оларды қорғау мен ұтымды пайдалану жөніндегі нақты шаралар ойластырылады. Болжау мен жоспарлау объектілері көбіне табиғи ресурстар мен табиғи компоненттердің келесі түрлері болады.
Атмосфералық ауа. Атмосфераны қорғау жылжымалы көлік құралдарының барлық түрлері мен стационарлық көздерден шығатын газдардан ауаға жіберілетін зиянды заттардың санын барынша азайтуға бағытталған бірқатар шаралар жүргізуді ұйғарады. Атмосфералық ауаны ластайтын ірі көздердің қатарына өнеркәсіптік, әсіресе элекрт энергетика, химия мен мұнай химиясы кәсіпорындары, құрылыс материалдарын өндіру, машина құрылысының жекелеген түрлері жатады.
Су қорлары. Су қорларын пайдалану болжау мен жоспарлаудың бастыпқы негізі суды қорғау мен кешенді пайдаланудың бассейндік (аумақтық) схемалары, су шаруашылық баланстарының жүйесі бойынша судың жұмсалу есебі мен су кадастрының деректері, сондай-ақ өзен бассейндері бойынша суды тұтынушылар арасында суды қайыра бөлу жобалары болып табылады. Су кадастары – бұл су қорлары мен су сапасы туралы, суды пайдаланушылар мен суды тұтынушылар туралы, олар тұтынатын су көлемі туралы мәліметтердің жүйелендірілген жиыны.
Жер ресурстары. Жерді қорғау мен ұтымды пайдалану жөніндегі шараларды жоспарлау кезінде ақпараттық негіз ретінде мемлекеттік жер кадастры – жердің табиғи, шаруашылық және құқықтық жағдайы туралы жүйелендірілген мәліметтер жинағының деректері пайдаланылады. Жер кадастрына жерді иеленушілер мен жерді пайдаланушылар, алқап санаттары, жердің сапалықсипаттамасы мен халық шаруашылық құндылығы туралы деректер кіреді. Қазіргі уақытта жер алқаптарының европпалық жіктемесі мен жерге дүниежүзілік бағаны пайдалану негізінде ел үшін бірыңғай сәйкестендірілген технологиялар мен қазіргі техникалық құралдардың пайдаланылуын ескере отырып жер – кадастрлық ақпарат базасын жетілдіру қажет.
Орман және өзге биологиялық қорлар. Халық шаруашылық маңызына сәйкес ормандар екі опқа бөлінеді. Бірінші топты көбіне су қорғау, қорғаныс, санитарлы – гигиеналық және сауықтырғыш қызметтерін атқаратын ормандар құрайды; екінші топ сол сияқты су қорғау, қорғаныс және климатты реттегіш қызметтерін атқаратын пайдалынылатын орманнантұрады. Жас топтары бойынша көшеттер былайша жіктеледі: жас ағаштар, орта жастағылар, жетілмекші, жетілген және қураған.
Экология – экономикалық маңызы, күйі мен өндіріс құралы мен табиғи кешен ретіндегі орманның ерекшелігі орман кқшеттерін ұтымды пайдалану мен орман қорғауды жоспарлаудың өзгешелігін тудырады.
Минералды – шикізат ресурстары – бұл энергия, шикізат пен материалдар алу үшін пайдаланылатын тегі материалдық табиғи заттар. Минералды – шикізат ресурстарының бірден – бір обьектісі пайдалы қазбалардың кен орны болып табылады.
Табиғатты ұтымды пайдалануды болжау мен жоспарлау минералды шикізатты өндіру мен барлану күйін бағалаумен тығыз байланысты. Кен орнының тиімділігін анықтаған кезде оларға сандық және сапалық баға беріледі. Минерлады ресурстарды сандық бағалау табылған және барланған пайдалы қазбалар қорымен көрсетіледі. Оның негізінде кен өндіру өнеркәсіп кәсіпорындарының көлемі мен олардың әрекет ету мерзімдері белгіленеді. Кен орындарын сапалық бағалау орналасу тереңдігін, пайдалы компоненттердің болуын., кен өндірудің прогрессивті технологияларын ендіру мүмкіндігін және т.б. сипаттайтын көрсеткіштерді салыстыру арқылы жүзеге асады.