Білім беруді және мамандар даярлауды жоспарлау сала алдында қойылған мақсаттар мен міндеттерді, оларды іске асыру жөніндегі қоғамдық қаржы, материалдық және өзге мүмкіндіктерін ескере отырып жүзеге асырылады.
Жалпы білім беру мектептерінің дамуын болжау мен жоспарлау кезінде келесі көрсеткіштер әзірленеді: оқушылардың контингенті, қабылдау мен шығару, сыныптар саны, бір сыныптағы оқушылардың орташа саны, сабақтардың ауысымдылығы, мектептер желісі мен оның дамуы. Олардың ішінде оның негізінде барлық өзге көрсеткіштер, яғни сынып комнаталарына қажеттілік, мектептер желісі, оның материалдық базасы, қажетті педагог кадрлары, анықталатын оқушылар контингенті болып табылады. Аталмыш көрсеткіш жалпы орта және кәсіби білім алатын келесі топтарды бөле отырып оқушылардың жалпы санын сипаттайды: бастауыш мектеп (1-4 сыныптар); толықемес орта мектеп (5-9 сыныптар); орта білім беру және кәсіби мектеп, жалпы білім беретін мектептің 10-11 сыныптары, колледждер, орта кәсіби-техникалық училищелер, орта арнаулы оқу орындары.
Оқушылар контингенті, сыныптардың толымдылығы мен сабақтардың ауысымдылығы сыныптар мен сынып жетекшілерінің қажеттілігін есептеу үшін негіз болып табылады. Сонымен бірге сәйкес мүмкіндіктер болған жағдайда сабақтардың ауысымдылығын қысқарту қажеттілігіне сүйенеді. Бір оқушыға нормативтік жүктеме (сағатпен) және оқу жоспарына сәйкес аталмыш пән бойынша сағат саны, сыныптағы оқушылар санына байланысты анықталатын жекелеген пәндер бойынша оқытушыларға қажеттілік есептеледі.
Көрсеткіштер жүйесі материалдық, еңбек және қаржы ресурстарына қажеттілікті анықтау жөніндегі нормалар мен нормативтерге негізделеді. Жалпы білім беретін мектептің сәтті жұмыс істеуінің маңызды шарты – бұл оның материалдық-техникалық базасын қажетті күйде ұстап тұру. Жалпы білім беру мектептері қазіргі техникалық жабдықтармен жарақталуы, оқулықтармен және көрнекі құралдармен жабдықталуы тиіс. Жоспарлық есептер негізінде ғимараттар мен құрлыстардың, оқыту құралдарының талап етілетін техникалық және пайдалану күйін қамтамассыз ету, білім беру қызметкерлерінің мәртебесін көтеру, мектеп-интернаттары мен балалар үйі тәрбиешілердің, оқушылардың, мұғалімдердің әлеуметтік қорғалуын күшейту, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің желісін сақтау және мектепке дейінгі білім берудің ұлттық жүйесін дамыту бойынша практикалық шаралар әзірленеді.
Денсаулық сақтау жоспарлау келесі бірінші кезектегі міндеттерді шешуге бағытталған:
- денсаулық сақтаудың мемлекеттік мекемелерінде медициналық көмектің белгіленген кепілді қамтамассыз ету;
- медициналық қызмет нарығын қалыптастыру, қаржыландырудың қосымша көздерін табу;
- алғашқы медико-санитарлық көмектің басым түрде дамуын қамтамассыз ету;
- істеп тұрған мекемелерді бірінші кезекте қайта құру;
- отандық фармацевтикалық өнеркәсіпті, шетел фирмалармен бірлескен кәсіпорындарды дамыту;
- медициналық қызметкерлерге еңбек пен тұрмыс үшін қолайлы жағдай жасау, оның ішінде тәуекелі жоғары өндірістер мен аудандарда;
- денсаулық сақтау саласындағы заңдық базаны жетілдіру мен дамыту.
Медициналық мекемелер дамуының жоспары халықтың емдік-алдын алушылық көмекке қажеттілігінің мақсаты нормативтерін, ресурстарға қажеттілік пен оларды қанағаттырудың нақты мүмкін мерзімдері туралы деректерді пайдалануға негізделеді.
Денсаулық сақтауды дамыту жоспар-болжамы халыққа медициналық қызмет көрсетудің дамуын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерден тұрады: аурухана орнының, дәрігерлік лауазымның, халықтың емханаларға, амбулаторияларға келуінің, санаторийлер мен демалыс үйлеріндегі орынның саны.
10 мың адамға есептелген аталған көрсеткіштердің әрқайсысы медициналық көмекпен және алдын алу қызметтерімен қамтамассыз етілгендігін сипаттайды. Одан басқа, аталмыш көрсеткіштер қызмет көрсетуші адамдар санын, дәрі-дәрмек құралдарын өндіруді, материалды техникалық қамтамассыз етілудеңгейі мен денсаулық сақтау мекемелерін қаржыландыру көлемін жоспарлау үшін пайдаланылады.