Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Халықаралық валюта-экономикалық қатынастардың дамуын мемлекеттік реттеудегі жоспарлаудың рөлі




Жоспарлау елдің экономикалық міндетерін барынша тиімді шешуді қамтамасыз ететін СЭБ ғылыми негізделген жоспарын құру үшін алғышарт жасайды.Көп нұсқалы болжамдық есептер негізінде оңтайлы нұсқаны таңдау жүзеге асырылуы тиіс.

Экономиканы басқарудың барлық деңгейінде СЭБ жоспарларын әсірлеген және өнім жеткізуге халықаралық шарттар мен келісім‒шарттарды жасасу туралы шешм қабылдаған кезде экономикалық тиімділік есептерін жүргізу қажет.

СЭБ тиімділігі көрсеткіштер жүйесімен сипаталады..Ел көлемінде ол экспорт пен импорттың ЖІӨ-ге қатынасы ретінде анықталады.Одан басқа,СЭБ тиімділігі елдің сыртқы сауда сальдосының көлемі бойынша бағаланады және экспорт қүрылымымен сипатталады.Экспортта шикізатпен жартылай фабрикаттар қаншалықты көп болса,елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу дәрежесі соншалықты төмен.Сыртқы сауданың бюджеттік тиімділігі мен халықшаруашылық әсерінің,негізгі тауарлар мен тауарлық топтардың экспорты мен импортының көрсеткіштері жекелеген елдер бойынша есептеледі.Есептер жекелеген тауарлар көлемі мен валюталық құны бойынша жүргізіледі.

Сыртқы сауданың әсері ұлттық валютадағы өнім импортының құны мен экспорттық өнімді өндіру мен өткізу шығындардың өнімді экспорттау шығындарына ара-қатынасы арқылы есептеледі.

Бюджеттік тиімділік сыртқы сауда мен ішкі бағалардағы экспортталатын және импорталатн тауарлар құнының ара-қатынасы түрінде есептеледі.

Экспорттық өнімді өндірушілер әсері Ө мына формуламен есептеледі есептеледі:

Ө=В-Ш

мүндағы,В-өнімді экспорттаудан валюталық түсім;Ш-экспортталатын өнімде өнімді өндіру мен өткізу шыгындары.

Өнімді экспорттау тиімділігі Т валюталық түсімнің экспорт шығынына ара-қатынасымен анықталады:

Т=В/Ш

Егер әсер көрсеткіші оң шама болып,Т>1болса,онда өнім экспорты экономикалық тиімді.

Импорттық тауарларды түтынушылар әсері Ө мына формула бойынша есептеледі:

Ө =Ш-В

мұндағы,Ш-импортты алмастыратын тауарлар өндірісінің шығыны;В-импорттық тауарларды сатып алудың валюталық шығыны.

Өнімді импорттау тиімділігі мына формуламен анықталады:

Т=Ш/В

Егер нәтиже оң және Э>1 боса,онда импорттық тауарларды пайдаланған тиімдірек.

Егер елде өндірісі игерілмеген арнайы машиналар мен жабдықтарды импорттау көзделсе,мұндай жабдықты импорттаудың экономикалық әсері өнімді өндіру шығынына азайтылған осы жабдықта өнім шығарудан алынған түсіммен анықталады.

 

Бақылауға арналған сұрақтар

1. Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатын қалыптастыру негіздері және оны жүзеге асырудағы жоспарлаудың рөлі

2. Халықаралық сауданың өсуі, өндірістің интернациялануы мен экономиканың жаһандануы жағдайында сыртқы экономикалық байланыстарды жоспарлау.

3.Халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын барынша тиімді пайдалану мақсатымен мемлекет мемлекет қандай шаралар жүйесін әзірлейді

4. Квоталау мен лицензиялау сыртқы саудада қандай мақсатты көздеуі мүмкін

 

 

Тақырып. Әлеуметтік инфроқұрылым салаларының дамуын жоспарлау

Дәріс мақсаты: Әлеуметтік өріс: тұрғын үй-комуникалдық шаруашылық, халлыққа мәдени-тұрмыстық және сауда қызметін көрсету – салаларының негізгі көрсеткіштерін жоспарлауды меңгеру

Негізгі сұрақтары:

8.1 Әлеуметтік өріс және сауда қызметін көрсету салаларының негізгі көрсеткіштерінің ерекшеліктері

8.2 Денсаулық сақтау мен білім беру салаларының негізгі көрсеткіштер жүйесі

Леуметтік өріс: тұрғын үй-комуникалдық шаруашылық, халлыққа мәдени-тұрмыстық және сауда қызметін көрсету – салаларының негізгі көрсеткіштерінің ерекшеліктері

Адамзат өзінің тіршілік әрекеті барысында материалдық құндылықтар жасаудан басқа тамаққа, киімге жеткілікті қанағаттандыру бойынша, білім деңгейін арттыру, денсаулығын нығайту және т.б. бойынша көптеген түрлі әрекеттер атқарады. Тиімді әсер тұлғаның материалджық және рухани мүдделерін қамтамассыз етуден тұратын жұмыс түрлерін тұтынушылық қызметтер ретінде жіктеу мен есептеу қабылданған. Олардың көп бөлігі халықтың маңдай алды өмірлік қажеттіліктерін Қанағаттандырады және түптеп келгенде жұмыс күшінің ұдайы өндірісіне жәрдемдеседі.

Қызмет көрсету өрісінің салалары халлыққа қызмет көрсетеді: халыққа білім беру, мәдениетпен бұқаралық ақпарат құралдары, денсаулық сақтау, дене шынықтыру мен әлеуметтік қамтамассыз ету, тұрғын үй-коммуналдықшаруашылықпен халыққа тұрмыстық қызмет көрсету. Одан басқа, халыққа қызмет көрсету өрісіне материалдық өндіріс өрісіне жататын қызметтің кейбір түрлері қосылады: сауда мен қоғамдық тамақтандыру, қызмет көрсетудің өндірістік түрлері – тұрмыстық машиналарды, аспаптарды жөндеу, жиһаз жөндеу мен жасау, киім мен аяқ-киімді жеке тігу, химиялық тазалау мен бояу.

Қызмет көрсетудің өзгешелігі оларды өндіру мен тұтыну үдерісі уақыт бойынша сәйкес келетіндігінде, осыған орай оларды жинақтауға болмайды, олар тұтынушылар бар жерде жасалуы тиіс. Сондықтан тұтынушылық қызметтерді өндіретін салалардың дамуын болжау мен жоспарлау, мемлекеттік реттеу жүйесі орталықсыздандырылған, яғни негізінен областық, қалалық және аудандық басқару органдарымен жүзеге асырылады, тұтынушыларға барынша жақындатылған және жергілікті жағдайларды ескереді.

Қызмет көрсету өрісінің ерекшелігі оның негізінен экстенсивті жолмен дамитындығы болып табылады. Егер материалдық өндірісте өнім өсімі көбіне еңбек өнімділігінің, яғни интенсивті факторлардың, өсуі есебінен жүзеге асырылса, қызмет көрсету өрісінде қызмет көлемін өрістету негізінен жұмыс істеушілер санын арттыру есебінен жүргізіледі. Ақылы қызмет жасайтын салаларда еңбек өнімділігін арттыру, ең алдымен, халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту мен көрсетілетін қызмет тізбесін кеңейтуден байқалады. Осыған орай келешекте де қызмет көрсету өрісінің дамуын аталмыш салаға қосымша жұмыс күшін қатыстыруға негізделетін болады. Бұл әсіресе білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамассыз ету секілді салаларға қатысты.

Халыққа қызмет көрсету өрісінің жұмыс істеуі мен дамуын жоспарлау салалардың ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 555 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если вы думаете, что на что-то способны, вы правы; если думаете, что у вас ничего не получится - вы тоже правы. © Генри Форд
==> читать все изречения...

2215 - | 2158 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.