Септеуліктер мына сөздердің шылауында айтылады:
1. Түбір сөздермен немесе атау тұлғадағы зат есім, есімдік, тұйық етістік, есімшемен тіркесетін септеуліктер: сайын, секілді, туралы, тәрізді, сияқты, сынды, жөнінде, жайлы, шамалы, қаралы. Мысалы, хат арқылы хабарлау, осы үшін келу, оқу жайында сөйлеу, көрген сайын қызығу, Әлия сынды батыр.
2. Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: шейін, таман, тарта, салым, жуық, тақау, таяу, дейін. Мысалы, орманға дейін жүгіру, түске қарай келді, жүзге жуық жылқы, алтыға таяу оянды, кешке таман оралды.
3. Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: соң, гөрі, бері, әрі, бұрын. Мысалы, сабақтан кейін дайындалу, таудан әрі асу, ағасынан бұрын көмектесу.
4. Көмектес септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: бірге, қатар, қабат. Мысалы, сонымен бірге, досымен қатар, оқумен қабат.
Септеулік шылау түрлерінің кестесі
| Атау септік тұлғасындағы сөздермен тіркесетін шылаулар | Барыс септік тұлғасындағы сөздермен тіркесетін шылаулар | Шығыс септік тұлғасындағы сөздермен тіркесетін шылаулар | Көмектес септік тұлғасындағы сөздермен тіркесетін шылаулар |
| Сайын, үшін, арқылы, секілді, сияқты, тәрізді, сықылды, туралы, жайында, жөнінде, жайлы, шақты, шамалы, қаралы. | Шейін, дейін, таман, тарта, жуық, қарай, салым, таяу. | Соң, әрі, кейін, бұрын, бері, гөрі | Қатар, бірге, қабат, қоса. |
Жалғаулық шылау түрлерінің кестесі

Демеулік шылаулар сөзге немесе сөйлемге күшейту, тежеу, шектеу, сұрау, болжалдық, күмән, нақтылау мәнін үстейді. Демеуліктер сөзге не сөйлемге үстейтін мағынасына қарай алты түрге бөлінеді:
Сұраулықдемеуліктер: ма, ме, ба, бе, па, пе (мы, мі, бы, бі, пы, пі). Мысалы, барасың ба? – барамысың? келесің бе? – келемісің? көріп пе ең? – көріппісің? айтып па ең? – айтыппысың?
Күшейткішдемеуліктер: -ақ, -ау, -ай, әсіресе, -да, -де, -та, -те. Мысалы: Осы-ақ, досым-ай, қарағым-ау, Тілек те келді.
Шектік (тежеу)демеуліктері: ғана (қана) тек. Мысалы, тек қана, сен ғана.
Болжалдықдемеуліктер: -мыс, -міс. Мысалы, болыпты-мыс, өмір сүріпті-міс.
Болымсыздықнемесеқарсы мәнді салыстыру демеуліктері: түгіл, тұрсын, тұрмақ. Мысалы, Ол түгіл, сен тұрмақ.
Нақтылау мәндідемеуліктер: қой (ғой), -ды, -ді, -ты, -ті. Мысалы, сол ғой, айтқан-ды, көрген-ді.

Және, мен, бен, пен шылаулары сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыруда қолданылады да, ешқандай тыныс белгісі қойылмайды. Мысалы, Абай мен Мұхтар және Шәкәрім – қазақ әдебиетіндегі біртуар тұлғалар.
Мен, бен, пен жалғауы көмектес септік жалғауымен сырт тұлғасы жағынан ұқсас, алайда олардың бір-бірінен жазуда айырмашылығы бар. Көмектес септік жалғауын түсіріп айтуға болмайды. Мысалы: Жақсымен жолдас бол деген сөйлемді Жақсы жолдас бол деп айтуға болмайды. Ал шылауды түсіріп айта аламыз. Мысалы: Жақсы мен жаман дегенді жақсы, жаман немесе жақсы және жаман деп айтуға болады.
Да, де, та, те шылаулары сөзден бөлек жазылады. Да, де, та, те жалғаулығы сырт тұлғасы жағынан жатыс септік жалғауымен тұлғалас. Жатыс септік жалғауы сөзге жалғанып, бірге жазылады, оны түсіріпайтуға болмайды. Ал шылау бөлек жазылады және оны түсіріп немесе басқа жалғаулықпен алмастыруға болады. Мысалы: Жасымда ғылым бар деп ескермедім. – Жасым ғылым бар деп ескермедім деп да жатыс септік жалғауын түсіріп айтуға болмайды. Ал Жас та, кәрі де риза дегенді Жас пен кәрі немесе жас, кәрі риза деп айта аламыз.
Ма, ме, ба, бе, па, пе шылауы сөйлемге сұрау мәнін үстеп, сұраулы сөйлем жасайды да, өзі тіркескен сөзден бөлек жазылады. Бұл шылау сыртқы тұлғасы жағынан -ма, -ме, -ба, -бе, па, -пе болымсыз етістікжұрнағымен ұқсас келеді. Шылау бөлек жазылады да, болымсыз етістік жұрнағы түбірге қосылып бірге жазылады. Кейде бұл шылау – мы, -мі, -бы, -бі, -пы, -пі түрінде өзгеріп, сөзге қосылып бірге жазылады.
Синтаксис






