Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ЕТІСТІКТІҢ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ




1. Етістіктің шақ, рай тұлғалары жіктеліп келгенде, тұйық етістік жатыс септігі тұлғасында тұрып немесе тұлғаланбай-ақ сөйлемнің баяндауышы болады. Мысалы: Біз Алатау бөктеріне саяхатқа шықтық .Олардың мақсаты – алған тапсырманы дер кезіндеорындау.

2. Көсемше тұлғасында тұрған етістік қимылдың әр түрлі қасиетін білдіріп, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады. Алтын таң рауандап (қалай?) атып келеді. Тұйық етістік көмектес септігінің жалғауын меңгеріп, кейбір шылаулармен тіркесіп келіп, сөйлемде пысықтауыш болады. Адам еңбектенумен (қалай?) мақсатына жете алады. Көп жаттығу арқылы (қалай?) жетістікке жетті.

3. Есімше және тұйық етістік тұлғасындағы етістік атау септікте заттанып келіп, сөйлемде бастауыш қызметін атқарады. Оқу (не?) адамды мұратқа жеткізеді. Оқыған (кім?) – озар, оқымаған (кім?) – тозар. Әдепті болу (не?) – адамилық қасиет.

4. Есімше тұлғасындағы етістік және ілік септігіндегі тұйық етістік зат есіммен тіркесіп, анықтауыш қызметінде жұмсалады. Айтар (қандай?) сөзіңді ойланып ал. Көңіл - жеткізбейтін (қандай?) көк дөнен. Ойлаудың (ненің?) шегі жоқ.

5. Тұйық етістік не есімше тұлғасындағы етістік атау мен іліктен басқа септікте тұрып, толықтауыш қызметін атқарады. Оқудан (неден?) жалықпа. Білуге (неге?) талпынған – жақсы қасиет. Бақылауды (нені?) күшейткен дұрыс. Білгенге (кімге?) маржан, білмеске (кімге?) арзан.

Стеу, түрлері, емлесі, сөйлемдегі қызметі

Үстеу – іс-әрекеттің, қимылдың, сындық, сапалық белгісінің сипатын, жай күйін білдіреді. Үстеуграмматикалық тұлғалар арқылы түрленуге, өзгертуге көп көне бермейді. Үстеу құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара үстеулер; 2) күрделі үстеулер. Дара үстеулерге негізгі және туынды үстеу жатады.

Негізгіүстеулертүбірменқосымшаға бөлшектенбейді.Мысалы:ерте, тез, жоғары, қазір, жылдам, шапшаң, кеш.

Туынды үстеулер екі түрлі жолмен жасалады: 1) жұрнақ арқылы;

2) кейбір септік жалғауларының түбірмен сіңісіп, көнеленуі арқылы.

1. Туынды үстеу жасайтын жұрнақтар:

-ша, -ше: құсша, ізінше, балаша, бүркітше, жаңаша, бұлбұлша, жекеше;

Лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей: осылай, жүрелей, жаздай, күндей, көктей, асықтай, жапырақтай, жұлдыздай, арыстандай, т. б.

-дайын, -дейін, -тайын, -тейін: бұлбұлдайын, бүркіттейін, жұдырықтайын, асықтайын, бүйректейін, тотыдайын, сұңқардайын, жорғадайын, балықтайын, т. б.

Шама, -шалық: соншама-соншалық, мұншама-мұншалық, т.б.

-майынша, -мейінше, -байынша, -бейінше, -пайынша,-пейінше: оқымайынша, үйренбейінше, білмейінше, жаттықпайынша, көмектеспейінше, жүгірмейінше, сөйлеспейінше, сыналмайынша, күреспейінше, т. б;

2. Кейбір үстеулертүбірге септік жалғауының сіңісіп, көнеленуінен жасалады:

Барыс септіктің көнеленуінен: бекерге (жүрме), ертеңге (дейін), зорға (жетті), босқа (отырма), текке (күлме),т. б.

Жатыс септіктің көнеленуінен: өткенде (айтқан), байқаусызда (жығылды), қапыда (қалды),т.б.

Шығыс септіктің көнеленуінен: төтесінен (айтты),шалқасынан (құлады),т. б.

Көмектес септіктің көнеленуінен: кезекпен (сөйлеу), ретімен (айтты).

Күрделі үстеу сөздердің бірігуінен, тіркесуінен, қосарлануынан жасалады: Сөздердің бірігуінен жасалған күрделі үстеулер: қыстыгүні (қыстың+күні), ендігәрі (енді+гіден әрі), бүрсігүні (бұдан+арғы+күн), бүйтіп (бұлай етіп), бүгін (бұл+күн), былтыр (бұдан+арғы+жыл) т.б.

Сөздердің қосарлануы мен қайталануы арқылы жасалған күрделі үстеулер: ертелі-кеш, алды-артынан, бетпе-бет, анда-санда, некен-саяқ, ілгері-кейін, жоғары-төмен, әрі-бері, оқта-текте, т. б.

Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған күрделі үстеулер: таңертеңнен қара кешке дейін, күні бойы, таң атқанша, ала жаздай, қыс бойы, т. б.

Тілімізде тұрақты тіркестер арқылы жасалатын күрделі үстеулер де кездеседі: қас пен көздің арасында, аяқ астынан, томаға тұйық, құлан таза, т. б.

Үстеу мағынасына қарай жеті түрге бөлінеді:

Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан?деген сұраққа жауапберіп,қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытынбілдіреді.Мезгіл үстеуі етістікпентіркесіп қолданылады.Мысалы:таңертеңнен (қашаннан?) кетті,жазғытұрым (қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) еңбектенді, күні-түні (қашан?) оқыды, т. б.

Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенінкөрсетіп, қайда? қайдан? қалай қарай?сұрақтарына жауап береді. Мысалы:Тауға қарай (қалай қарай?) өрмелеу, алға (қайда?) жылжыды,ілгері-кейін (қайда?) қозғалды, жоғарыдан(қайдан?) түсті, т. б.

Сын-қимыл (бейне) үстеуі іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесінбілдіреді.Сұрақтары:қайтіп? қалайша? қалай? кімше?

Мысалы: Ақырын (қалай?) жүгірді, қазша (қалайша?) қаңқылдады, бекерден-бекер (қалай?) отырма, балаша (кімше?) мәз-мейрам болды, бүркіттейін (қалайша?) шүйілді, қолма-қол (қалай?) хабарласты, т. б.

4. Мөлшер үстеуі қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеуі сынның немесе қимылдың көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқын білдіреді. Мөлшер үстеуі етістікпен тіркесіп келгенде қимылдың шама-шарқын, мөлшерін білдіреді. Мысалы: сонша (қанша?) шаршапты, біршама ( қаншама?) кешігіп қалды, недәуір ( қалай?) өскен екен. Ал сонша ( қанша?) биік, біршама (қанша?) алыс, недәуір (қалай?) ұзақ дегенде мөлшер үстеулер сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін, көлемін білдіреді.

5. Күшейткіш үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіп көрсетеді. Сұрағы: қалай? Мысалы: әбден жүдепті, керемет биледі, мүлдем қозғалта алмады. Сонымен бірге күшейткіш үстеуге сын есімнің күшейтпелі шырайынжасайтын ең (биік), өте (салмақты), аса (терең), тым (терең), кілең (жүйрік) сөздері де жатады.

Мақсат үстеуі не мақсатпен? қалай?деген сұраққа жауапберіп,іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мақсатынбілдіреді. Мысалы:әдейі айтты, қасақана кетіп қалды, жорта білмегенсіді, әдейілеп шақырды.

7. Себеп-салдар үстеуі не себепті? қалай? неге? деген сұрақтарға жауап береді.Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Себеп-салдар үстеуіне: құр босқа, лажсыздан, босқа, амалсыздан, бекерге, шарасыздан сөздері жатады. Бұл сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы, босқа ренжіді, лажсыздан келісті, т. б.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1388 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Два самых важных дня в твоей жизни: день, когда ты появился на свет, и день, когда понял, зачем. © Марк Твен
==> читать все изречения...

3702 - | 3484 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.