Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ТҰЙЫҚ ЕТІСТІКТІҢ ЕМЛЕСІ




1. Дауысты ы, і дыбыстарына біткен етістікке тұйық етістіктің жұрнағы жалғанғанда, түбірдегі ы, і дыбыстары түсіп қалады: оқы – оқу, тоқы – тоқу, бекі – беку, жібі – жібу;

2. Қатаң п, қ, к дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің - у жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңғы дыбыстары ұяң б, ғ, г дыбыстарына өзгереді: жап – жабу, тақ – тағу, сеп – себу, төк – төгу,

үк – үгу;

3. Етістіктің түбірі и, й, і дыбысына біткен жағдайда тұйық етістіктің жұрнағы жалғанғанда, сөздің соңғы дыбысы өзгереді: ки – кию, той – тою, кейі – кею, үй – үю;

4. Жу, бу, қу етістіктеріне тұйық етістіктің жұрнағы жалғанғанда жуу, буу, қуу, түрінде жазылады.

ЕТІСТІКТІҢ ШАҚ КАТЕГОРИЯСЫ

Шақ –етістіктің негізгі категорияларының бірі. Шақ қимылдың жасалып жатқанын, келешекте жасалатынын, жасалып болғанын білдіреді. Іс-әрекеттің мезгілге, уақытқа байланысын көрсететін етістікке тән категорияшақдеп аталады. Шақтың үш түрі бар: 1) осы шақ, 2) өткен шақ, 3) келер шақ.

Осы шақ істің сөйлеп тұрған уақытта болып жатқанын көрсетеді. Мағынасына қарай осы шақ екі түрге бөлінеді: 1) нақ осы шақ және

Ауыспалы осы шақ.

Нақ осы шақіс-әрекеттің сөйлеуші сөзімен бір мезгілде орындалып жатқанынкөрсетеді.Нақ осы шақ көбінесе отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктеріарқылы жасалады. Мысалы: оқып отыр, күліп тұр, ойнап жүр, ұйықтап жатыр.

Ауыспалы осы шақістің қимылдың дағдылы түрде болып тұруынкөрсетеді.Ауыспалы осы шақ түбіргекөсемшенің -а, -е, -й жұрнақтары мен жіктік жалғауыныңжалғануынан жасалады. Мысалы, жаңбыр жау –а- ды, күн күркіре -й- ді, мен айт-а-мын, сен кел-е-сің, мен келіспе-й-мін, орында-й-мын, тапсыр-а-мын, т. б.

Келер шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған мезгілден кейін орындалатынын білдіреді. Келер шақтың үш түрі бар: 1) болжалды келер шақ, 2) мақсатты келер шақ, 3) ауыспалы келер шақ.

Болжалды келершақіс-қимылдың орындалуын болжам түріндекөрсетеді.Болжалды келер шақ етістіктің түбіріне -ар, -ер, -ржәне болымсыз етістікке -сжұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: қуан- ар -сың, жет-ер-сің, тоқы-р-сың, айтпа-с, сындырма-с, келтірме-с, өкпелетпе-с, т.

Мақсатты келер шақіс-қимылдың орындалуы мақсатты түрдеайтылады.Мақсатты келер шақ -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пекжұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы, тапсыр-мақ, үйрен-бек, келіс-пек, ақылдас-пақ, сұран-бақ, келтір-мек, т. б.

Ауыспалы келер шақ іс-әрекеттің орындалуын бірде осы шақтық, бірде келер шақтық мағынада көрсетеді.Ауыспалы келер шақ сол сөйлемдегі мезгіл мәнді сөздер арқылы айқындалады. Мысалы,

 

Ауыспалы осы шақ Ауыспалы келер шақ
Мен дос туралы шығарма жазамын. Біз қала сыртына тал егеміз. Жаңбыр жауады. Мен ертең шығарма жазамын. Біз көктемде қала сыртына тал егеміз. Кешке жаңбыр жауады.

Өткен шақ істің сөйлеп тұрған уақыттан бұрын орындалғанын көрсетеді. Өткен шақ мағынасына және тұлғалық белгілеріне қарай үшке бөлінеді: 1) жедел өткен шақ, 2) бұрынғы өткен шақ және

Ауыспалы өткен шақ.

Жедел өткен шақіс-қимылдың таяу уақытта орындалғанынбілдіреді.Етістіктің түбіріне -ды, -ді, -ты, -тіқосымшаларының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: жаз-ды, көр-ді, жаттық-ты, тербет-ті.

Бұрынғы өткен шақ іс-қимылдың сөйлеп тұрған уақыттын бұрын орындалғанын тұжырымды түрде көрсетеді. Бұрынғы өткен шақ - ған,-ген, -қан, -кен жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы: оқы-ған, жеткіз-ген, жаттық-қан, тербет-кен, т. б. Бұрынғы өткен шақтың болымсыз түрі үш түрлі жолмен жасалады:

1. Болымсыздық мәнді -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы: жеткіз-бе-ген, орында-ма-ған, үйрет-пе-ген, т. б.

2. Өткен шақтық етістіктен соң жоқ, емес көмекші сөзінің тіркесуі арқылы: тапсырған жоқ, көрген емес, т.б.

Ауыспалыөткен шақіс-қимылдың бірде осы шақта, бірде өткен шақта орындалуынкөрсетеді.Ауыспалы өткен шақ -атын, -етін, -йтын, -йтінжұрнақтары арқылы жасалады: хабарлас-атын, түсіндір-етін, қоста-йтын, т. б.

ЕТІСТІКТІҢ РАЙЛАРЫ

Іс-әрекеттің орындаушымен, уақытпен байланысты болып, жаққа, шаққа түрленуі етістіктің райы деп аталады. Етістіктің рай категориясының төрт түрі бар: 1) ашық рай, 2) қалау рай, 3) бұйрық рай, 3) шартты рай.

Ашық рай іс-қимылдың үш шақтың бірінде орындалуын көрсетеді. Мысалы: Қар жауып тұр.(Осы шақ) Ертең хабарласарсың.(Келер шақ) Қырғыз елінде болғанмын.(Өткен шақ)

Қалау рай істі орындаушы адамның тілегін, ынтасын білдіреді.Қалау райдың жасалу жолдары:

1)-қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақтарына кел көмекші етістігі тіркесу арқылы: сұра-ғы-сы келді, айт-қы-сы келмеді, демал-ғы-м келді, жүр-гі-м келмейді;

2) етістіктің түбіріне -ғай, -гей, -қай, -кей жұрнақтары жалғану арқылы: байқа-ғай-сың, жеткіз-гей-сің, тапсырт-қай-сың, т. б.

3) - са, -се тұлғалы шартты райға игі еді, ғой сөздерінің тіркесуі арқылы: тезірек келсе ғой, аман-есен жетсе игі еді.

Бұйрық рай іс-қимылдыңорындалуын талап ету мағынасында айтылады. Бұйрық рай жақпен байланысты айтылады. Мысалы, тыңда, орында, хабарлассын, т.б. ІІІ жақтағы бұйрық райға -сын, -сін жұрнақтары жалғанады: хабарлас-сын, жеткіз-сін, көрсетпе-сін, тоқтатпа-сын, т.б.

І жақтағы бұйрық райға көсемшенің -а, -е, -й жұрнақтары жалғанады: жең- е-лік, орында-й-ын,тапсыр-а-лық, т. б. (мен, біз- І жақ).

Бұйрық райдан кейін -шы, ші жұрнағы жалғанып та айтылады: орындайық-шы, келіңдер-ші, айтпаңдар-шы, отыр-шы, т.б.

Шартты райіс-әрекеттіңорындалу не орындалмауының шартынбілдіреді.Шартты рай етістіктің түбіріне -са,-сежұрнақтары жалғану арқылы жасалады: Көп оқысаң, көп білесің. Кешікпей келсең, көрер едің.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1229 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Сложнее всего начать действовать, все остальное зависит только от упорства. © Амелия Эрхарт
==> читать все изречения...

3597 - | 3466 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.