Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Азаматтық істі қарау тәртібі




 

Азаматтық істі қарау іске қатысушы адамдарды міндетті түрде хабардар ете отырып, сот отырысында жүргізіледі. Сот отырысында төрағалық етушінің міндеттері ҚР АІЖК 176-шы бабымен көзделген. Төрағалық етушінің міндетін судья атқарады. Төрағалық етуші істің барлық мән-жайының толық, жан-жақты және объективті анықталуын, іс жүргізу әрекеттерінде дәйектіліктін және тәртіптің сақталуын, процеске қатысушылардың өздерінің іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыруын және олардың өз міндеттерін орындауын, процестің тәрбиелік ықпалын қамтамасыз ете отырып, отырыстың барысына басшылық жасайды, қаралатын іске қатысы жоқ мәселелердің барлығын сот қарауынан шығарып тастайды.

Процеске қатысушылардың қайсыбірі төрағалық етушінің іс-әрекетіне қарсылық білдірген жағдайда бұл қарсылық білдірулер сот отырысының хаттамасына енгізіледі. Төрағалық етуші өзінің іс-әрекеттеріне қатысты түсініктеме береді.

Төрағалық етуші сот отырысында тиісті тәртіптің қамтамасыз етілуіне қажетті шаралар қолданады. Оның өкімі процеске қатысушылардың барлығы үшін, сондай-ақ сот отырысы залында отырған азаматтар үшін міндетті.

Судьяның төрағалық етуімен (ҚР АІЖК 177-ші бабының талаптарына сәйкес) іс бойынша барлық дәлелдемелер зерттеледі, прокурордың, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқа органдарының қорытындылары тыңдалады.

Істі қарау процесіндегі төрағалық етушінің ерекше рөлі істі басынан аяғына дейін жүргізумен анықталады, яғни сот мәжілісінің басталған сәтінен бастап, іс бойынша шешім шығарылғанға дейін процесті бір судья жүргізеді. Істі талқылау барысында төрағалық етушіні ауыстыруға жол берілмейді, ал объективті себептерге байланысты істі қарау процесінде судья ауысқан жағдайда істі қарау басынан бастап жүргізілуге тиіс.

Төрағалық етушіге сот залындағы барлық сот приставтары бағынады. Судья сот отырысы залына кірген кезде залдағы барлық қатысушылардың орнынан тұруы ҚР АІЖК 178-ші бабымен көзделген міндет және ұзақ жылғы дәстүрлер бойынша қалыптасқан соттық этикет элементі болып табылады. Сот шешімін және істі шешім шығарусыз аяқтайтын сот ұйғарымын отырыс залындағы жұрттың барлығы түрегеп тұрып тыңдайды. Процеске қатысушылар судьяға түрегеп тұрып жүгінеді және өздерінің айғақтары мен түсініктемелерін айтады. Осы ережені орындамауға төрағалық етушінің рұқсатымен ғана жол берілуі мүмкін, яғни тұлғаның денсаулығы болмаған жағдайда немесе оның өзге дене кемістігіне байланысты ғана бұл ережені орындамауға болады. Процеске қатысушылар, сондай-ақ сот отырысы залындағы барлық азаматтар белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті.

ҚР АІЖК 179-шы бабына сәйкес төрағалық етуші сот отырысында тәртіп бұзушыларға қатысты келесі шараларды қолдана алады:

1. істі қарау кезінде тәртіп бұзған адамға төрағалық етуші соттың атынан ескерту жасайды;

2. тәртіпті қайталап бұзған кезде іске қатысушы адам сот ұйғарымы бойынша сотта іс қараудың барлық уақытына немесе оның бір бөлігіне сот отырысы залынан шығарылып, жіберілуі мүмкін. Соңғы жағдайда төрағалық етуші отырыс залына қайта жіберілген адамды ол жоқ кезде жасалған іс жүргізу әрекеттерімен таныстырады;

3. іске қатыспайтын (істі қарау кезінде залда отырған азаматтар) тәртіпті қайталап бұзғаны үшін төрағалық етушінің өкімімен отырыс залынан шығарылып жіберіледі.

ҚР АІЖК 179-шы бабының алынып тасталған 4 бөлігі:

Сот отырысында тәртіп бұзуға кінәлі сотқа қатысушы адамдарға сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы заң актілерінде белгіленген тәртіппен тікелей сотта іс қарау барысында әкімшілік жаза белгілеуге құқылы. Судьяның бұл іс жүргізу әрекеті әкімшілік заңнама талаптарына сәйкес келуі тиіс.106

ҚР АІЖК 179 бабының алынып тасталған 5 бөлігі:

Егер сот отырысында тәртіп бқзушының іс – әрекеттерінде қылмыс белгілері болса, сот тәртіп бұзушыға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін материалдарды, бұл туралы прокурорға хабарлай отырып, тиістіанықтау немесе алдын ала тергеу органына жіберіледі.107

6. істі қарау барысында оған қатысушы азаматтардың жаппай тәртіп бұзуы төтенше жағдай болып табылады. Бұл жағдай тараптармен немесе іске қатысушы өзге де тұлғалармен ұйымдастырылуы мүмкін; бқл сонымен қатар сот приставының біліксіз әрекеттерінің салдарынан туындауы мүмкін. Мұндай жағдайда сот іске қатыспайтын азаматтардың барлығын сот отырысы залынан шығарып, істі жабық отырыста қарауы, немесе істі қарауды кейінге қалдыруы мүмкін.

Істі қарау үшін белгіленген уақытта төрағалық етуші сот отырысын ашып, қандай азаматтық іс қаралуға тиіс екенін жария етеді. Содан кейін сот отырысының хатшысы осы азаматтық іс бойынша

- шақырылған адамдардан кімнің келгенін;

- келмеген адамдарға хабар берілген-берілмегенін;

- олардың келмеу себептері туралы қандай мәліметтердің бар екенін сотқа баяндайды.

Төрағалық етуші келгендердің кім екенін анықтап, сондай-ақ лауазымды адамдар мен өкілдердің108 өкілеттіктерін тексереді.

Іс жүргізу тілін меңгермеген адамдар қатысатын істерді талқылауда аудармашы маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты ҚР АІЖК 182-ші бабының талаптарына сәйкес, судья аудармашыға оның міндеттерін түсіндіреді.

Төрағалық етуші аудармашыға – оның іс жүргізіліп отырған тілді білмейтін адамдардың түсіндірмелерін, айғақтарын, мәлімдемелерін, ал бұл адамдарға іске қатысушы адамдар мен куәлардың түсіндірмелерінің, айғақтарының, мәлімдемелерінің, жария етілетін және істе бар құжаттардың, дыбыс жазбалардың, сарапшылар қорытындыларының, мамандар консультацияларының, сондай-ақ судья өкімдерінің, сот қаулылары мен шешімдерінің мазмұнын аудару міндетін түсіндіреді.

Төрағалық етуші аудармашыға көрінеу дұрыс емес аударма жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген жауапкершілік жөнінде ескертеді. Аудармашының бұл туралы қолхаты сот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.

ҚР АІЖК 183-ші бабына сәйкес, сотқа қатысуға келген куәлар сот отырысы залынан шығарылады. Төрағалық етуші жауап алынған куәлардың жауап алынбаған куәлармен сөйлеспеуіне қатысты шаралар қолданады. Шынайы жағдайда іс жүргізу заңының осы шартын орындау қиын болғандықтан, соған байланысты судья сұралған куәлардың сотмәжілісі аяқталғанға дейін сот залында қалуы туралы өкім шығара алады.

ҚР АІЖК 184-ші бабына сәйкес, тараптар істің қай судья қарайтынын білуге құқылы. Төрағалық етуші өзін (сот құрамын) жария етіп, прокурор, сарапшы, маман, сот отырысының хатшысы ретінде кімдердің қатысатынын хабарлайды және іске қатысушы адамдарға олардың қарсылық білдіру құқығын түсіндіреді.

ҚР АІЖК 184-ші бабына сәйкес, төрағалық етуші іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін, соның ішінде тараптарға дауды шешу үшін аралық сотқа жүгіну құқығын және осындай әрекеттің салдарын түсіндіреді. Судьяның бұл әрекеті екі рет орындалады (істі қарауға әзірлеу кезінде) және екінші рет – тікелей сот талқылауы барысында. Сот талқылауының басында іске қатысушы адамдар өз өтінімдерін жасай алады. Дәл осындай құқықтарға іске қатысушы тұлғалардың өкілдері де ие, егер мәлімделетін өтінімдер іспен байланысты болса.

Іске қатысушы адамдардың және өкілдердің өтінімдері імке қатысушы басқа адамдардың пікірлері тыңдалған соң сот ұйғарымымен шешіледі.

 

106ҚР 10.12.2009 ж. №227-IV Заңымен алынып тасталды.

107ҚР 10.12.2009 ж. №227-IV Заңымен алынып тасталды.

108Тапсырма бойынша өкілдік ететін тұлғалар сотқа өз сенімхаттарын, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері – балалардың тууы туралы куәліктерін, қорғаушылар мен қорғанушылар қорғаушылық және қорғанушылықты растайтын құжаттарын және т.б. ұсынады. Іс жүргізу заңнамасы өкілдердің өкілеттіктерін растайтын өзге де құжаттардың ұсынылуына жол береді.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1303 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Два самых важных дня в твоей жизни: день, когда ты появился на свет, и день, когда понял, зачем. © Марк Твен
==> читать все изречения...

2253 - | 2077 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.