Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Іске қатысушыларға хабарлама беру тәртібі




 

Хабарлаулар мен шақырулар жолдау істі қарап жатқан соттың іс жүргізуге қатысты міндеті, сонымен қатар келіп түскен сот тапсырмасын орындаушы соттың да міндеті болып табылады.

Сот хабарлаулары мен шақырулары – соттың іс жүргізуге қатысты әрекеттері; олардың көмегімен сотқа қатысушы адамдар, сол адамдардың өкілдері, сондай-ақ куәлар, сарапшылар, мамандар және аудармашылар сот отырысының немесе жекелеген іс жүргізу әрекеттерін жасаудың уақыты мен орны туралы хабарландырылады және соттың шақыру қағаздарымен сотқа шақырылады.

Хабарлау іс жүргізу әрекеті болып табылады, себебі сот шақыруы бойынша сотқа келмегендер үшін құқықтық салдар туындау мүмкін. Хабарлама бере отырып, сот іс жүргізу әрекетінің уақытын көрсетеді, ал шақырылған тұлғаның келмей қалғандығының салдары сотта қаралып жатқан азаматтық даудың қорытынды шешіміне ықпал етуі мүмкін.

Сот пайдалануында пошталық байланыс қызметі бар, бұл қызметтің тиімділігі мен ыңғайлығы – азаматтық іс материалдарында шақыру қағаздарының тапсырылғандығы және жеткізілгендігі туралы пошталық растау қағаздарының болуымен расталатындығы. Бұл хабарлау тәсілі тек іске қатысушыларға ғана емес, сондай-ақ куәларға, сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға қатысты да қолданылады.

Іске қатысушы тұлғаларға хабарлау мен шақырулар телефонограмма немесе жеделхат арқылы жіберіледі, сондай-ақ хабарлау мен шақырудың жасалуын қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын соттың пайдалануына заңнама жол береді.

Хабарлаулар мен шақырулар жіберілген кезде шақырылған адамның сотқа уақытында келуіне және іске даярлануға жеткілікті уақыты болу керек екендігі ескерілуі қажет. Хабарлау (шақыру) шақырылатын адамға іс материалдарында бар немесе іс бойынша процессуалдық әрекеттер жүргізу кезінде адамның тұрғылықты орны ретінде мәлім болған мекен-жай бойынша жолданады. Егер сотқа хабарланған мекен-жайда азамат тұрмайтын болса, хабарлау немесе шақыру оның жұмыс орнына жолдануы мүмкін. Ұйымға арналған хабарлау немесе шақыру оның орналасқан жеріне жіберіледі.

Шақыру қағазында немесе өзге де хабарлауда, шақыруда мыналар болуға тиіс:

- сотқа шақырылатын аты-жөні (тегі, аты, әкесінің аты және құжаттар жолданатын адамның тұрғылықты жері, не ұйымның атауы мен орналасқан жері);

- соттың атауы мен нақты мекен-жайы;

- шақырылған адамның келетін жері мен уақыты;

- соттың өндірісіндегі қаралып жатқан азаматтық істің атауы;

- адресат кім ретінде хабарланып немесе шақырылып отырғандығы;

- іске қатысушы тұлғаларға іс бойынша олрдың қолында бар барлық делелдемелерді табыс ету туралы ұсыныс;

- адресаттың болмауына байланысты шақыру қағазың немесе өзге де хабарламаны, шақыруды алған адамның осы алғашқы мүмкіндік болған кезде адресатқа тапсыруға міндеттілгі;

- хабарланатын немесе шақырылатын адамның сотқа келмей қалуының салдары және адамның келмеу себебін сотқа хабарлауға міндеттілген;

- шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды,шақыруды жіберуші адамның қолы.

Хабарлау немесе шақыру туралы телефонограмма жіберген адам оны кімге және қай уақытта бергендігін көрсете отырып өзінің қол қоюымен куәландыруы тиіс.

Шақыру қағаздарын тек пошта арқылы ғана емес соттың тапсырмасымен өзге де адамдар жеткізулер мүмкін. Шақыру қағазының адресатқа берілгенін растау үшін шақыру қағаздың түбіршегіне құжаттың тапсырылған уақыты,күні көрсетіліп,түбіршек сотқа қатарылады. Сонымен қатар сот шақыру қағазын тапсыруды іске қатысушы адамға тапсыра алады. Ол адам сот тапсырмасын орындап шақыру қағазына тапсырылған уқытын көрсетіп,адресаттан қолхат алып,құжатты сотқа қайтарады.

Ұйымға жолданған шақыру қағазын оның өкіліне немесе басқару қызметін атқаратын тиісті тұлғаға тапсырылады. Шақыру қағазының түбіршігіне ол өз қызметінорнын,тегін,аты жөнін көрсетіп,қол қойып,сот қайтарады.

Егер шақыру қағазын жеткізуші адам іс бойына хабарланатын немесе щақыратын азаматты тұрғылықты жерінен немесе жұмыс орнынан таба алмаса, онда шақыру қағазы онымен бірге тұратын отбасының ересек мүшелерінің біріне тапсырылады.72

Егер шақыру қағазыңда корсетілген адресте құжатты тапсыратын ересек адам болмаған жағдайда шақыру құжаты тұрғын ұй-пайдалану ұйымына, жергілікті өзін-өзі бақару органына немесе даресаттың тұрғылықті жері бойынша тиісті атқарушы органға немесе онын жумыс орнындагы әкімшілікке тапсырылады, бүл жағдайларда шакыру қағазын қабылдап алган адам шакыру қағазының түбіршегіне өзінің тегін, атын, әкесінің атын, сондай-ақ адресатқа қатыстығын немесе атқаратың қызметін көрсетуге міндеті. Шақыру қағазын қабылдап алган адам оны мүмкіндігінше кідіртпей адресатқа тапсыруға міндетті.

Адресат тұратын жерінде уақытша болмаған жағдайда, шақыру қагазын жеткізуші адам құжаттың түбіршегіне адресаттың қайда кенкедігің және онын қашан қайтып келуі мүмкін екендігін белгілейді. Бұл мәлеметтерді тұрғын үй пайдалану ұйымы, жергілікті өзін-өзі басқару органы немесе адресаттың тұрғлықты жері бойынша тиісті атқарушы орган немесе оның жұмыс орны бойынша әкімшілік, ал оларда бұл мәліметтер болмаған жағдайда шақырылғаң адаммен бірге тұратың отбасының ересек мүшелеріның бірі растауға және куәландыруға тиіс.

 

72Шақыру қағазы шақырылған адамның отбасының ересек мүшелерінің біріне тапсырылады, егер ол тұлгалар бұл арекетті жасауға қарсылық білдірмесе.

 

§ 2 Шақыру қағазын тапсырмау салдары

 

Адресат шақыру қағазын немесе өзге хабарлауды қабылдаудан бас тарту мүмкін. Шақыру қағазды қабылдаудан адресат бас тартқан жағдайда оны жеткізуші (табыс етуші) адам сотқа қайтарылатын шақыру қағазына тиісті белгі соғады. Адресаттың шақыру қағазын немесе хабарлауды,шақыруды қабылдаудан бас тартқандығы туралы белгіні тұрғын үй-пайдалану ұйымы,жергілікті өзін-өзі басқаоу органы немесе шақырылған адамның тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы орган немесе оның жұмыс орнының әкімшілік куәландырады.

Шақырылған адамның шақыру қазынан немесе өзге де хабарлаудан, шақырудан бас тартуы істі қарауға немесе жекелген тиесілі іс жүргізу әрекеттерін жасауға кедергі болмайды.

Іске қатысқан адамдар мен олардың окілдері іс бойынша өндіріс жүргізілген уақытта сотқа өз мекенжайының ауысқаны туралы хабарлауға міндетті. Мұндай хабарлау болмаған жағдайда шақыру қағазы немесе өзге де хабарлау сотқа белгілі соңғы мекен-жай бойынша жіберіледі және адресат бұл мекен-жай бойнша сол уақытта тұрмаса шақыру құжаты жеткізілген болып есептелмиді.

Жауапкердің болған (тұратын) жерінің белгісіздігі және оның іздестіруде болуы салдарынан ол сотқа шақыру қағазын алмай қалуы мүмкін. Жауапкердің іс жүзінде болған жері белгісіз болған тұрғын үй-пайдалану ұйвмының, жергілікті өзін-өзі басқару органның немесе оның соңғы белгілі жұмыс орны бойнша әкімшілктің шақыру қағазына немесе өзге де хабарлауды, шақыруды алғанын куәландыратын жазбамен олар сотқа келіп түскеннінен кейн сот істі қарауға кіріседі.

Мемлекет мүдділдеріне орай, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу, асыраушысының жарақат алуымен немесе денсаулықтықтың өзгедей зақымдануымен немесе қайтыс болуымен келтірілген зиянды өтеу туралы азаматтық істер бойнша жауапкердің болған жері белгісіз жағдайда сот жауапкерді ішкі істер органдары немесе қаржы полициясы арқылы іздестіру жариялаға міндетті. Соттың жауапкерді іздестіруді жариялауы істі қарауға кедергі болмайды.

Іздестіру шаралары барысында жауапкердің жүрген жері анықталңан кезде оған сотқа шақыру туралы қағазы табыс етіледі.

Жауапкеді іздестіру шығындарын мемлекет көтереді; жауапкердің жүрген жері анықталған жағдайда оны іздестіруге жұмсалған шығымдарды өндіріп алу ішкі істер органының немесе қаржы полициясының арыздары бойынша жүргізіліеді. Ол арыздар соттың бұрық беру тәртібімен шешімін табады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1210 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Так просто быть добрым - нужно только представить себя на месте другого человека прежде, чем начать его судить. © Марлен Дитрих
==> читать все изречения...

2463 - | 2219 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.