Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Механикалық ықпалдардың бүліндіргіш әсерлері




Жоспар

Ø Механикалық ықпалдардың бүліндіргіш әсерлері

Ø Шу мен дыбыстардың жағымсыз әсерлері

Ø Ультрадыбыстардың әсері

Ø Барометрлік қысымның әсері

Ø Температуралардын әсері

Ø Ультракүлгін сәулелердің әсері

Ø Лазер сәулелерінің әсері

Ø Электр агымының бүліндіргіш әсері

Ø Иондағыш сәулелердін бүліңдіргіш әсерлері

Сыртқы факторлардың патогенді әсері

Сыртқы ортаның патогенді ықпалдары келесідей бөлінеді:

 

· Механикалық

· Физикалық

· Химиялық

· Биологиялық және өлеуметтік болып ажыратылады.

Бұл ықпалдар жиі бірігіп әсер етеді.

 

Механикалық ықпалдардың бүліндіргіш әсерлері

Механикалық ықпалдар жалпы организмнің және жергілікгі ағзалар мен тіндердің бүліністерін туындатады. Олардың бүл әсер күшінен (кг/ см2), белгілі жылдамдықта қозғалып келе жатқан затгың кинетикалық қуатына байланысты болады. Сондықтан механикалық ықпалдың күшіне байланысты созылу, қысылу болса, оның кинетикалық қуатына баиланысты соғылу, қүлау, оқ тию т.с.с. жарақаттар дамиды.

Сонымен бірге, механикалық ықпалдардың бүліндіргіш әсері бүлінетін тіндердің төзімділігі мен тығыздығына байланысты. Механикалық ықпалдардан әртүрлі жарақаттар байқалады. Оларға: тіннің созылуы, жыртылуы, қысылып қалуы, жаншылып қалуы, соққы, шайқалуы т.с.с. қүбылыстар жатады. Механикалық күштердің өсерінен тіңдердің созылып кетуі, артынан жыртылуы мүмкін. Тіңдердің тығыздығы мен серпімділігі олардың созылып кетуіне қарсы түрады. Сондықтан сүйектер мен бүлшықетгердің сіңірлері созылатын әсерге біршама түрақты болады. Бүлшықетгер мен қан тамырлары аз күштің өзінен жеңіл созылып кетуі мүмкін.

Адамның жасы үлғаюына байланысты тіндердің серпімділігі мен тығыздығы азая береді. Сондықтан қарт адамдарда жиі сүйектің сынуы, шытынауы, сіңір созылуы байқалады. Әртүрлі дерттік жағдайлар тіндердің серпімділігін төмендетіп, олардың созылғыштығын өзгертеді. Қабыну кезінде бүлшықеттердің, сіңірлердің, буын байламдарының серпімділігі азайып, олардың үзіліп, жыртылып кетулеріне қолайлы жағдай дамиды. Созылған тіндер семіп қалады, олардың атқаратын қызметтері бүзылады. Мәселен, үзақ мерзім керіліп кеткен асқазанның шырышты қабығында атрофия дамиды, оньщ қимылдық және сөл шығаратың қызметтері бүзылады. Эмфизема, бронхиалық демікпе кездерінде өкпенің керіліп кетуінен, оның серпімділігі азайьш, демді сыртқа шығаруы қиындайтын болады.

Қысатын күштерге сүйектер мен тірек-қимылдық қүрылымдар біршама қарсы тұра алады. Жұмсақ тіндер қысушы күшке өте сезімтал болып келеді. Бүл кезде қысылып қалудан жұмсақ тіндердің қанмен қамтамасыз етілуі және қоректенуі бүзылады. Осыдан қысушы ықпал үзақ әсер етсе, тіндердің тіршілігі жоғалады. Өсіп келе жатқан тіндер қысылып қалса, олардың өсуі тоқтайды. Қысушы өсерлерден тіндердің атрофиясы дамиды.

Дене мүшелері ауыр заттың астында қысылып қалуынан организм тіршілігіне қауіпті жагдай дамиды. Бүндай адамдарды ауыр затган босатып алғаннан кейін дамитын дертгі үзақ жаншылу синдромы деп атайды.

Бүл кезде организмнің ауыр уыттануы болады, бүйрек қызметінің жіті жеткіліксіздігі дамиды, несеп шығару қатты азаяды немесе тоқтайды. Осыдан адам тез жан тапсырады. Ұзақ жаншылу синдромының даму негізінде жаншылған тіндердің ыдырауынан пайда болған уытты өнімдер тұтас организмге қанмен тарап кетуі (Ұзақ жаншылу кезіндегі көмек) жатады. Олар бүйректің атқаратын қызметін бүзады. Содан жалпы организмнің уыттануы болады. Сондықтан ауыр заттың астында қалған мүшені босатқанда алдымен жаншылған тіндердің жоғары жағынан уыттарды қанмен тарап кетпейтін етіп, тамырларды қысып таңып, содан кейін біртіңдеп босату қажет.

Қозғалып келе жатқан ауыр заттың денеге немесе қозғалып келе жатқан дененің түрған ауыр затқа соғылуынан соққы дамиды. Соңдай- ақ дененің соққыға ұшырауы үлкен жылдамдықта қозғалып келе жатқан сұйықтар мен газдардың әсерлерінен де болуы мүмкін.

Соққының әсерінен терінің, жүмсақ тіндердің, қан тамырларының ішкі ағзалардың жыртылуымен, сүйектердің сынуымен, шытынауымен көрінетін тіндердің түтастығы бүзылады.

Соққының әсерінен пайда болған жарақаттардың түрі:

• әсер еткен бүліңдіргіш ықпалдың түрінен (оның өткір немесе доғал зат болуынан, мылтықтың оғы немесе қанжар, сүйықпен немесе газдардың қатгы толқынымен болуынан);

• қозғалып келіп тиген заттың жылдамдығынан және оның кинетикалық қуатынан;

• дененің зақымдаушы есермен түйісу бетінен;

• жалпы организмнің және зақымданған тіннің жағдайларынан байланысты. Доғал затгармен соғылғанда дененің тері қабаты кейде бүлінбей, ішкі ағзалардың (бауырдың, бүйректің, ішектердің, өкпенің) жыртылуы, содан ішке қан кетулер болатыны белгілі.

Соққының әсерінен көптеген сезімтал қабылдағыштар (рецепторлар) және жүйкелердің талшықтары бүлінгенде жергілікгі ағзалар мен жүмсақ тіндердің зақымдануы түтас организмнің бүзылыстарымен қабаттасады. Осыдан жарақатгық сілейме (травмалық шок) дамиды.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 733 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наука — это организованные знания, мудрость — это организованная жизнь. © Иммануил Кант
==> читать все изречения...

2242 - | 2053 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.