Лекции.Орг


Поиск:




Шу мен дыбыстардың жағымсыз әсерлері




Шу - айналадағы тыныштықты бүзатын, пайдалы дыбыстарды қабылдауга бөгет жасайтын, адамға теріс ықпал ететін және онын еңбекке қабілетгілігң төмендететін жағымсыз және колайсыз дыбыстардыц жиынтығы.

Адамның қүлағы 16 дан 2000 Гц жиіліктегі дыбыстардьщ толқындарын қабылдайды. 1 кВт/см2-ден жоғары дыбыстың қарқыны есту талдағышына (анализаторына) бүліндіргіш әсер етеді. Дыбыстың қарқыны 3 кВт/см2-ден асып кеткенде адам есінен танады, аяқ-қолыньщ салдануы болады және тырыспа дамиды.

Шудың бүліндіргіш әсері оның қаттылығы мен жиілігіне байланысты. Жоғары жиіліктегі дыбыс толқындары организм үшін зияндырақ болады. Организмге бүліндіргіш әсер етпейтін дыбыстың қаттылыгы 40—50 дБ-ден аспауы керек. Оның қаттылығы 80 дБ болса, ол адам денсаулығына зиянды өсер етеді.

Адам организміне өтуі спецификалық және бейспецификалық ықпал етеді. Оның арнайы әсері есту таддағышының қызметін бұзумен байланысты. 80—100 дБ қаттылығы бар шу қүлақтың есту қабілетін төмендетеді, біртіндеп оның мүкістігіне әкеледі. Шудың есту талдағышына бүліндіргіш әсері организмнің даралық сезімталдығына байланысты және қарт адамдарда ол айқын көрінеді.

Шудың адам организміне бейспецификалық әсері мидьщ сыртқы қыртысына, гилоталамусқа, лимбикалық жүйеге, жүлынға қоздырғыш өсер етуімен байланысты. Шудың өсерінен орталық жүйке жүйесінде шектен тыс қатты тежелу болады, артынан оның қалжырауы дамиды. Осыдан адамның қатгы қызбалығы, сезім билеуі, үмытшақтығы, ынта- сы мен еңбекке қабілеттшігінің төмендеуі байқалады. Гипоталамустьщ қозуынан кортиколиберин артық өндірітіп, аденогипофиз бен бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабатының қызметтері кетеріледі, стресс дамиды. Жұлынның қозуынан жене қозудың дербес (вегетативтік) жүйке жүйесінің орталықтарьша тарауынан көптеген ішкі ағзалардың қызметтерінің өзгерістері байқалады. Осыдан жүрек-қан тамырлары жүйесінің, ас қорыту жолдарының аурулары дамуы ықтимал.

Ультрадыбыстардың әсері. 20 кГц жиілікгегі дыбыс толқындары ультрадыбыстарға жатады және олар адам құлағымен естілмейді. Қазіргі дәстүрлі медицинада бүл дыбыстар ауруларды анықтау үшін жөне олар- ды емдеу үшін қолданылады. Ультрадыбыстық толқындардың кеңістіктерде тарау жылдамдықтары және оларды ішкі ағзалар мен тіндердің қабылдауы мен шағылыстыруы әртүрлі дөрежелерде болған- дықтан (бауырда, мида, бүйректе, үйқы безінде) өспелер мен тастарды, сүйектердің сынығын жөне бітуін, жүректің жиырылу-босаңсу кездеріндегі көлемін т. т. анықтау үшін пайдаланылады.

Ультрадыбыстар организмге механикалық, температуралық жене физикалық-химиялық өсер етеді,

Ультрадыбыс толқынында дыбыстьщ қысымы 3 атмосфера (304 кПа) теріс және соншама оң жаққа ауысып түрады. Бүл кезде дыбыстың теріс қысымының өсерінен жасушаларда ете майда қуыстар пайда болады. Олар тез тым қатгы жабылуы кездеріңце ішіндегі сүйыққа соғылып жа- сушаның қабығында майда жыртықтар пайда болады. Осындай қүбылысты кавитация деп атайды. Осыдан дамитын мембрананың деполяри- зациясы, молекулалардың иондануы тіндердегі химиялық реакциялар- ды күшейтіп, зат алмасуларын арттырады жөне оларды қалыпты деңгейге келтіреді. Улырадыбыстардың 1,5 Вт/см2-ге дейінгі аз немесе 1,5- 3 Вт/см2 аральнъшдагы орташа карқындылығы организм тіндеріне жағымды әсер етеді.

Ультрадыбыстардың тіндерге тарауынан жылу пайда болады. 4 Вт/ см2 мөлшерінде қарқынды ультрадыбыс 20 секунд өсер еткенде тіндердің ішінде 5-6 см-ге дейінгі терендікте температура 5—6° С-ға көтеріледі. Температураның котерілуі тіндерде микроциркуляцияны жақсартьш, зат алмасуларын артгырады.

Үлкен қарқынды ультрадыбыстар (3—10 Вт/см2) жалпы организмге, тіндер мен жекелеген жасушаларға бүліндіргіш өсер етеді. Олар қылта- мырларда қанның ағымын бүзады, жасушалардың қүрылымдық өзгерістерін туындатады, тіндердің тым қызып кетуіне өкеледі. Жүйке жүйесі ультрадыбыстардьщ өсеріне өте сезімтал болады. Осыдан шеткері жүйкелердің түйіспелері (синалстары) арқылы жүйкелік серпіндердің берілуі бүзылады. Сондықтан есту, вестибулалық және керу талдағьші- тарының қозымдылығы темендейді, үйқы бүзылады, адамның женсіз қызбалығы және тез шаршауы байқалады. Қатты шуға қарағанда ульт- радыбыстар есту талдағышыньщ қызметіне азырақ әсер етеді. Бірақ олар кеңістікгерде дененің қальшты кейпін сақтайтын вестибулалық талда- ғыштың қызметін басымырақ езгертеді және ауыру сезімталдығын күшейтеді, дене температурасьш реттеу жолдарын бүзады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1013 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Человек, которым вам суждено стать – это только тот человек, которым вы сами решите стать. © Ральф Уолдо Эмерсон
==> читать все изречения...

803 - | 763 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.006 с.