Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


I - тарау. ГигиенаныҢ даму тарихы




1. Алғашқы қауымдық және құл иеленушілік қоғамдардағы гигиенаның дамуы. Гигиенаның пайда болуы мен дамуының көп ғасырлық тарихы бар. Алғашқы қауымдық құрылыста, оның негізгі бастауы көптеген ұрпақтардың бүкіл өмірі бойында байқау арқылы алынған эмпирикалық (тәжірибелі) білім болды. Осы білімдердің негізінде дағдылар, дәстүрлер, денсаулықты сақтау мен аурудың алдын алуға септігін тигізген діни өкімдер пайда болды. Ерте уақыттардың өзінде-ақ, алдын алу шараларының маңызды ролін жете түсінді. Үйлерді, денені таза ұстау, топырақты ластамау, тамаққа қауіпсіз өсімдік және жануар текті азықтарды пайдалану, ауыз суды алу үшін, батпақталмаған өзендер мен көлдерді таңдау, жұпалы аурулары бар науқастарды оқшаулау және т.б. ұсынылды.

Құлиеленушіліккезеңдегі эмпирикалық гигиенаның дамуы туралы Ертедегі Шығыс (Ертедегі Үндістан, Ертедегі Қытай, Ертедегі Мысыр), Ертедегі Греция және Ертедегі Рим елдерінде кеңінен таралған алдын алу шаралары жөніндегі ойлар айқын куә бола алады.

Біздің эраға дейінгі (б.э.д.) 4-3 мың жылдары Ертедегі Үндістанда қолданылған гигиеналық ережелер кейінірек (б.э.д. 1000-500 жылдары) Ману мен Аюрведу заңдары жинағына және басқа да тарихи заңнама көздердің құрамына кірді. Ол заңдарда үйлерді таза ұстау, тұрмыстық қалдықтарды тұрғын үйлерден қашық жерге төгу, тамақты артық ішпеу ұсынылған. Сонымен қатар, денені, ас ішетін ыдыстарды қалай таза ұстау керектігі жөнінде нақты дайындалған ережелер келтірілген. Сүт, бал, балауса өсімдікті тағамды пайдалану, пайдалы деп есептелген, адам денсаулығына жыл мезгілінің, ауа райы мен климаттың әсер ететіндігі көрсетілген. Қоғамдық гигиенаға да көп көңіл бөлінген. Б.э.д. 4-3 мың жылдар бұрын Үндістанның Солтүстік Батысындағы Мохенджо-Даро қаласында қалалық канализация, құдықтар, шомылатын хауыздар, сонымен қатар, ыстық ауамен қыздырылған моншалар да болған.

Балшық құбырлардан жасалған су құбырлар мен канализация құбырларының, қатты зат төселген жолдардың қалдықтары Вавилон және Мессопатамиядағы Ниневияда қазу жұмыстары кезінде табылған. Ал, Ассиро-Вавилон мемлекетінің құжаттарында б.э.д. 3-4 мың жылдары эпидемия кезінде жұқпалы ауруы бар науқастарды оқшаулау туралы заңдары болған.

Ертедегі Мысырда б.э.д. 4-5 мың жылдар бұрын аурудың алдын алу мақсатында уқалау, дәрет алуды кеңінен қолданған, іш айдайтын, зәр айдайтын және тер шығаратын заттарды қолданған. Сол уақыттың өзінде-ақ жеке бас гигиенасы, жыныс гигиенасы, науқастарды оқшаулау, өлген адамдарды жерлеу сұрақтарына қатысты ұсыныстар болған. Көшелерді құру және күтіп ұстау, топырақты құрғату жөнінде арнайы ережелер болған. Ақсүйектер тұратын сарайлар мен аумақтарда су құбырлары және санитарлық тұрғыдан абаттандырудың басқа да элементтері жасалған. Б.э.д. 5 ғасырда өмір сүрген, Мысырда саяхат жасаған грек тарихшысы Геродот мысырлықтарды «ең дені сау адамдар» деп тұжырымдаған.

Ертедегі Қытайда «денсаулық үшін пайдалы және зиянды көптеген жағдайлар туралы» және «адам денесінде әлі де жоқ» аурулардың алдын алу қажеттілігі туралы анық және саналы түсініктер қалыптасты. Денсаулықты нығайту мақсатында су процедуралары, ашық күн көзінде болу, уқалау, жаттығулар, әр істе саналы түрде шектен шықпау, дұрыс күн тәртібі, рационалды ем-дәмдер ұсынылды. Қоғамдық абаттандыру элементтеріне де аз көңіл бөлінген жоқ. Елді мекендерді, үйлерді рационалды орналастыру, ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрмыстық қалдықтарды жою ережелері болды.

Ертедегі Грецияда гигиеналық білім кеңінен дамыды. Ертедегі гректер жеке бас гигиенасын сақтаумен қатар, қоғамдық гигиенаны сақтауда да табысқа жетті. Жекелеген аумақтарда (қалалар-мемлекеттерде) б.э.д. VII ғасырдың өзінде- ақ су алатын орындары бар су құбырлары болған. Б.э.д. VI ғасырда қалалардың жаңа жоспарлары пайда болды, мұнда тұрғын аумақтар кең, тік көшелермен қиылысты. Мұндай жоспар тұрғылықты аумақтардың жақсы желдетілуіне және жарық түсуіне септігін тигізді. Афиныда канализация салынды. Тағамдық азықтар мен сусындардың сатылуына, ғимараттардың орналасуы мен құрылысына санитарлық бақылаулар жүргізіліп отырды.

Ертедегі гректер «дене күштерінің жоғарғы деңгейде дамуына, ағзаның бүтіндігі мен сұлулығына, әсіресе, жастарда ұмтылыс болғандығымен» ерекшеленді. (Ф.Ф.Эрисман). Оған дене жаттығуларына, гимнастикаға, шынығуға негізделген спартандық тәрбие арқылы, жарыстарға қатысу, «гигиастиктер» деп аталатын, дені сау адамдарға арналған «диететиктерді» сақтау арқылы қол жеткізген.

Б.э.д. V-IV ғасырларда Ертедегі Грецияда жиналған гигиеналық білімдерді қорытатын, жүйеге келтіретін бірінші еңбектер пайда болды. Ол еңбектердің авторы, ертедегі атақты дәрігер Гиппократ (б.э.д. 460-377 жж.) болды. Өзінің атақты «Ауа, су және жергілікті жерлер жөніндегі», «Салауатты өмір сүру салты» трактаттарында Гиппократ адамның тіршілігі үшін ауа, су және топырақтың маңызын қарастырды және дәрігерлерге климатты, жергілікті жердің жағдайларын, өмір сүру салтын, халықты тамақтандыру және т.б. зерттеуді ұсынды. Ол дені сау адамдардың ауырмауы үшін жағдай жасаулары жөнінде кеңес берді.

Ертедегі Римде қоғамдық гигиенаның дамуы бұрынғыдан да өркендеді. 30-ға жуық акведуктар, яғни су құбырлары тартылды. Олардың біріншісі б.э.д. 614 жылы арканың үстінде орнатылды, олардың биіктігі 30 м-ге дейін жетті. Қалаға тәулігіне, адам басына 1000 л дейін тау суы беріліп отырды. Сұйық лас заттар және жауын-шашын сулары тармақтанған жасырын құбырлар арқылы алысқа ағызылып, ені 4 метр, биіктігі 5 метрді алатын үлкен құбырлық коллекторға жиналып, Тибр өзеніне ағызылып жіберіліп отырды. Акведуктар және канализациялық құрылыстар Римде қазіргі уақытқа дейін сақталған. Олар көне замандағы санитарлық-техникалық құрылыстардың көрнекті ескерткіштері болып табылады.

Тамаша сауықтыратын кешендер - термалар (моншалар) болды. Бұндай моншаларға, бір уақытта 1800 және 3200 адам суға түсуге болатын. Термаларда суық және ыстық моншалар, хауыз, уқалауға арналған арнайы бөлмелері, серуендеуге арналған жолдар, гимнастика залы, стадиондары болды.

Ертедегі Римде құрылысқа, тағамдық өнімдерді сатуға, әскерлердің тамақтануына, Тибр өзенінің суын пайдалануға, өлген адамдарды жерлеуге қойылатын талаптарды анықтайтын заңдар болды. Бұл талаптардың орындалуын бақылауды арнайы бөлінген қалалық чиновниктер жүргізді. Күмәнсіз жетістіктеріне қарамастан, Ерте дүниедегі мемлекеттерде гигиеналық білімдердің деңгейі әлі де төмен болды. Ал, енгізілген қоғамдық және жеке бас санитарияларының элементтері, тек бай адамдар үшін ғана болды. Сондықтан, қырғын эпидемиялық жағдайлар болып тұрды, ал адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы 25-30 жасты ғана құрды.

2. Гигиеналық білімдердің орта ғасырлардағы (б.э.д. VI­XIVжж.) және феодализм мен өндірістік капитализмге өту кезеңіндегі (б.э.д. XV-XVIII жж.)дамуы.

Феодализм дәуірінде Батыс Еуропада өмір сүрудің барлық салаларында, оның ішінде гигиенаның дамуында да, қараңғы дағдарыс және құлдырау кезеңі басталды. Құдіретті шіркеу ауруларды емдеуге тыйым салды, себебі, бұл «құдайдың ісіне араласу» деп есептеді, ал емдеген адамдарды қатаң қуғынға ұшыратты, аскетизмді уағыздап, барлық гигиеналық шаралардан бас тартуға шақырды. Осының нәтижесінде, ертедегі гигиенаның барлық ережелері ұмытыла және жойыла бастады, ал орта ғасырлық қалалар жұқпалы аурулардың нағыз ордасына айналды. Тұрғын үйлер тар, қисық, лас көшелерде сығылыса орналасты. Қалдықтар мен жуындылар терезелерден тасталды. Жарықтандыру үшін май шамдары мен шырақтар қолданылды, нәтижесінде мүңкіген сасық түтін тұрды, ал айналаның бәрін қара күйе басты. Сирек, су құятын ағаш ыдыста жуынды, қоғамдық моншалар болмады.

Санитарияның мүлдем болмауы, орта ғасырды тітіренткен обаның, сүзектің, тырысқақтың, шешектің, дизентерияның қырғын эпидемияларының басты себептерінің бірі болды. 14-ші ғасырда оба ауруынан Еуропадағы 100 миллион халықтың төрттен бір бөлігі өлді.

Еуропада осы кезеңде тек қана Салернода, Неапольге жақын жерде, бір медицина мектебі болды. (XII ғ.). Ол мектептің ғалымдары жүздеген жылдар бойына, құрамына гигиеналық сипаттағы мыңдаған өлеңдер кіретін, «Салерндік денсаулық кодексін» жинақтады. «Кодекс» еуропалық тілдерге аударылып, жүздеген рет қайта басылып шығарылды.

Орта ғасырда, Еуропаға қарағанда, Шығыста білімнің әр түрлі салаларының, оның ішінде медицина ғылымы мен гигиенаның да, өркендеген кезеңі болды. Сол уақыттарда өмір сүрген (980-1037жж.) ірі ғалым, атақты дәрігер - тәжік Әбу Әли Ибн-Сина (Авиценна) бүкіл әлемге белгілі болды. Оның 5 томдық іргелі шығармасында «Дәрігерлік ғылымның Канонында» гигиенаның көптеген сұрақтары баяндалады. Мысалы, Авиценна мекендейтін жерінің адамдардың денсаулығына көп әсер ететініне үлкен көңіл бөледі және қазіргі талаптарға жақын ұсыныстар береді: «Кімде-кім өзіне мекендейтін жер таңдайтын болса, ол жердегі топырақтың қандай екенін, жер қаншалықты төмен немесе биік, ашық па немесе жабық па, ол жердің суы қандай екенін..., сол жер жақсы желдетіле ме немесе шұңқыр жерде орналасқан ба, ол жердің желі денсаулыққа жайлы ма, немесе суық па, сондай-ақ, жанындағы теңіз, батпақ, тау, кен орны қандай екенін білгені жөн....Шығыстан соққан жел ғимараттарға енуі және күн сәулесі олардың кез келген жеріне түсуі үшін, терезелері мен есіктері шығысқа және солтүстікке бағытталуы қажет».

Ибн-Сина жекелеген аурулар мен жыл мезгілдері, климат арасында байланыс бар екенін айрықша атап көрсетеді. Ол ластанған ауаның әсері жөнінде сұрақтарды қарастырды, су арқылы ғана емес, сонымен қатар ауа арқылы да берілетін көзге көрінбейтін аурудың қоздырғыштары сөзсіз бар екенін болжаған. «Каноны» кітаптарының бірінде су, ағза үшін қандай роль атқаратыны, ішетін суды қалай таңдау керек екені туралы ғалымның айтқан сөздері келтіріледі. Ибн-Сина «ең жақсы су – бұлақ суы, бірақ барлық бұлақ емес, таза жермен аққан бұлақ суы» және де су «күн үшін ашық» болуы қажет екендігін атап айтқан. Ғалым судың сапасын жақсарту жөнінде де ұсыныстар береді: «нашар суды айдау және айыру арқылы тазартуға, ал егер ол мүмкін болмаса, қайнату керек» екендігі жөнінде айтқан. Қазіргі су токсикологиясы жағынан алып қарағанда, құбырдың суын пайдаланбау жөнінде берген кеңесі өте қызықты. Себебі, ол уақыттарда су қорғасыннан жасалған құбырлармен тасымалданған және осыған байланысты «су қорғасынның күшін өзіне алып, ішектерде ойық жараларды жиі тудыратын».

Ибн Синаның көптеген гигиеналық ойлардың ішінде тамақтану гигиенасы да едәуір орын алады. Ол тағамның сапа, құрамына, тамақтану тәртібіне, астың қорытылуына қолайлы жағдай жасауға, тамақтану тәртібі мен дене шынықтыру сабақтары, жаяу жүру, моншаларға бару, кейбір дәрілік заттарды қабылдау, жыл мезгілі арасындағы байланысқа көп көңіл бөлген. Ибн-Сина шектен тыс артық тамақтану «зиянды» деп есептеген, егде жастағы адамдарға сүт, көк өсімдіктерді, жемістерді, інжірді, қара өріктерді тағамға қолдануды ұсынды, ал ащы және шөлдететін өнімдерді (маринадтар мен тұздықтар, тұздалған және қақталған өнімдер) қабылдамау керектігін айтты.

Ибн-Синаның көзқарастары мен ғылыми мұрасы, тек гигиенаның ғана емес, тұтасымен алғандағы медицина ғылымның ары қарай дамуына негіз болып табылды.

Б.э.д. XV-XVI ғасырлардағы ұзақ уақыт болған дағдарыс кезеңнен кейін Еуропада гигиеналық білімдер мен алдын алу шаралары қайтадан дами бастады. Бұған феодализмнен өндірістік капитализмге өту себепші болды. Осы уақытта мануфактуралар тез дами бастады, ол кездегі еңбек жағдайлары ауыр болып, көптеген ауруларға әкеп соқты. Бұл өнеркәсіп жұмысшыларының ауруларын зерттеу, алдын алу және емдеу қажеттілігін туындатты. 1700 жылы атақты Падуа қаласының дәрігері Б.Рамаццинидің (1633-1714жж) «Қолөнершілердің аурулары туралы ойлар» атты атақты еңбегі жарық көреді. Бұл еңбекте 52 мамандықтағы жұмысшылардың жұмыс жағдайы мен кәсіби аурулары бірінші рет жазылған. Рамаццинидің жұмысы кәсіби гигиена саласында бірінші болған жоқ. 1437 жылдың өзінде -ақ Ульрих Элленбог өзінің «Металдардың улы және зиянды булары мен түтіндері» кітабын жазды. Ал атақты Парацельстің 1532-1534 жылдары «Кен қазушылар мен құюшылардың аурулары» жайында жұмыстары жарияланды. Бірақ та, бұл еңбектерде тек кейбір кәсіби аурулар ғана қарастырылды. Жазуға 50 жылдай уақыт жұмсалған Рамаццинидің еңбегі, сол уақытта болған өнеркәсіптік патологияның бәрін де қамтиды деп айтуға болатын бірінші нұсқаулық болып табылды.

XVIII-XIX ғасырларда машиналармен өнім шығару өндірісін енгізу, еңбектің қарқындылығы шұғыл күшеюіне, жұмыс күнінің шамадан тыс ұзаруына, өндірістік жарақаттардың жоғарылауына, жаппай кәсіптік аурулардың пайда болуына әкеп соқты. Осыдан туған жұмысшылар көтерілісі мен қоғамның алдыңғы қатарлы өкілдерінің қозғалысы Еуропаның бірқатар елдерінің үкіметін арнайы санитарлық заңдар қабылдауға, санитарлық кеңестер ұйымдастыруға мәжбүр етті. Санитарлық абаттандыру сұрақтарымен айналысатын дәрігерлер мен әкімдер пайда бола бастады. Олар үшін, сол жылдары шыққан, санитарлық шараларды жүргізудің мазмұны мен тәртібі көрсетілген, Петербургтің медико-хирургиялық академиясының ректоры И.П. Франк (1745-1821 жж.) жазған «Жалпыға бірдей медициналық полиция жүйесі» деп аталатын іргелі еңбегі іс жүзіндегі нұсқаулық болды.

3. Гигиенаның өз алдына жеке ғылым ретінде аяғына тұруы. 19 ғасырға дейін гигиена эмпирикалық сипатта болып келді. 19 ғасырдың ортасында жаратылыс ғылымдарының дамуы, гигиенаны эксперименталдық жолға қойды да, өз алдына жеке пән ретінде басына бастады. Ғылыми-эксперименталдық гигиенаның негізін қалаушылар Германияда-М.Петтенкофер, К.Флюге, М.Рубнер, Англияда - Э.Паркс пен Дж.Саймон, Францияда - М.Леви, Ресейде- А.П.Доброславин мен Ф.Ф.Эрисман болды.

Макс Петтенкофер гигиена тарихында құрметті орынға ие болған ғалым. Медициналық білім алған соң ол, атақты химик О. Либихтан тәлім алды. Ол 1865 жылы Мюнхен университетінде алғашқы гигиена кафедрасын құрды, ал, 1879 жылы өзінің ұйымдастыруымен құрылған Гигиеналық институттың басқарушысы болды.

Жан-жақты білімді ғалым бола отырып, ол бірінші рет қоршаған орта факторларын бағалау үшін химиялық, физикалық, микробиологиялық әдістерді қолданды. Қалалар мен тұрғын үйлерді санитарлық абаттандыру қажеттілігін дәлелдеді. М. Петтенкофер құрған ғылыми мектепте ауамен, сумен, топырақпен, тамақтанумен, киіммен байланысты гигиеналық мәселелер кеңінен зерттелді.

18-19 ғасырларда Ресейде гигиенаның дамуында алдын алу шараларының маңыздылығы жөніндегі кемеңгер ғалым М.В. Ломоносовтың, сондай ақ, аса көрнекті, клиникалық медицинаның негізін қалаушылардың – М.Я.Мудровтын, Н.И.Пироговтын, С.П.Боткиннің, Г.А.Захарьиннің және т.б. ғалымдардың алдыңғы қатарлы көзқарастары ерекше роль атқарды. М.В.Ломоносов өзінің «Ресей халқын көбейту және сақтау туралы» еңбегінде (1761ж.) «халықты көбейту және денсаулығын сақтау, бүкіл мемлекеттің дәулеті мен байлығы» деген және осыған байланысты санитарлық жағдайларын, тұрмысын, дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету арқылы балалардың денсаулығын сақтауға шақырды. Сонымен қатар, ол кен қазушылардың еңбек жағдайларын зерттеумен айналысты, шахталардың табиғи желдетілуі жөнінде теорияны дайындады. Ресейде гигиенаның ғылыми-эксперименттік негізін салу үшін, іргелік болып табылатын пәндердің - химия мен физиканың дамуы да, оның сіңірген еңбегіне жатады.

М.В.Ломоносовтың ізбасарларының бірі, бірінші медицина саласындағы студент, медицинанның бірінші орыс профессоры, өзінің практикалық және оқытушылық еңбегінде кәсіптік аурулардың алдын алу сұрақтарына ерекше көңіл аударған бірінші дәрігер - С.Г. Зыбелин болды. Оның шәкірті, Мәскеу университетінің профессоры М.Я.Мудров, бірінші терапевт-гигиена маманы, әскери гигиенаның негізін салушы болды. Ол аурулардың алдын алу жөнінде гигиеналық шаралардың бірқатар жүйесін дайындады. М.Я.Мудров 1808 жылы университетте әскери гигиена курсы бойынша бірінші рет дәріс оқыды, ал 1809 жылы 9 шілдеде орыс дәрігерлерінің алдында «Әскери гигиена пәнінің пайдасы жөнінде немесе әскери қызметкерлердің денсаулығын сақтау ғылымы» жөнінде баяндама жасады. Ол баяндамасында тек әскери гигиенаның міндеттерін ғана анықтап қойган жоқ, сонымен қатар, бүкіл гигиенаның да міндеттерін анықтады. М.Я.Мудров: «... ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу оңайырақ. Оның (дәрігердің) бірінші міндеті осыдан тұрады» деген қанатты сөздерді айтты. Оның шәкірті, аса көрнекті хирург Н.И.Пирогов (1810-1882) 1863ж. «Императорлық Ресейлік университеттің жалпы ережелерінің жобасына ескертулерінде» «…гигиена неліктен жалпы терапия мен фармакологияға қосымша ретінде саналатындығы түсініксіз» деп жазды. Пирогов гигиенаны менсінбеуді тарихи адасушылықтардың қатарына жатқызды. Ол «келешек- алдын алу медицинасынікі болатынына» сенімді болды. Н.И. Пирогов: «Мен гигиенаға сенемін, біздің ғылымымыздың шынайы жетістігі осында» деді.

Алдын алуға сенген жақтаушылардың арасында, басқа да Ресейдің клиникалық медицинасының негізін қалаушылар болды. Аса көрнекті клиника маманы Г.А.Захарьин: «Практикалық дәрігер неғұрлым жетілген сайын, соғұрлым ол гигиенаның кұдіретін және емдеудің салыстырмалы түрде әлсіздігін көбірек түсінеді...» деген. 1863 жылғы жаңа жарғы бойынша, Ресей университеттерінде гигиенаны өз алдына жеке пән ретінде оқыту енгізіле бастады.

Сонымен, Ресейде гигиеналық ғылымның дамуына тек әлеуметтік өзгерістер ғана емес, сонымен қатар клиникалық медицина, жалпы қоғамдық пікір өкілдерінің алдыңғы қатарлы көзқарастары, физиканың, химияның, физиологияның, патологиялық физиологияның жетістіктері де негіз жасады.

Ресейде ғылыми-эксперименттік гигиенаның негізін салушылар Ф.Эрисман (1842-1915жж) және А.П.Доброславин (1842-1889жж) болды. Федор Федорұлы Эрисман, Швейцарияда туылған, бірақ «швейцариялықтан орысқа айналды, Ресейді шынайы сүйді және оған қызмет етуге өз өмірінің барлық жақсы жылдарын сарп етті» (И.М.Сеченов). 1869 жылы жас көз дәрігері Ф.Ф.Эрисман Цюрихтен Петербургке көшіп келеді. Бұл жерде 4000 астам оқушылардың көздерінің көруін зерттеп, балаларда алыстан көрмеушіліктің дамуына нашар жарықтанғандық, дұрыс жасалмаған парталар, жазу кезінде дұрыс отырмау, оқулықтардың әріптерінің нашар басылуы және т.б. әсер ететіндігіне көзі жетеді. Ол жарықтандыруды жақсартуды, оқулықтарды дұрыс басып шығаруды ұсынады, өзі партаны құрастырды, бұл кейіннен барлық мектептерге де енгізілді («Эрисман партасы») және бүгінгі күннің өзінде де, мектеп жиһаздарының түптұлғасыболып табылады.

Ф.Ф. Эрисман гигиена және санитарлық іс сұрақтарына қызығушылығынан гигиеналық әдіснамасы бойынша, М. Петтенкофердең екі жылдық сынақ ісін өтіп, білімін толықтырады, содан соң ол ары қарай өзінің еңбегін гигиена маманы ретінде жалғастырады. Ол мектеп гигиенасы, халықтың тұрғын үй жағдайлары, ауыз судың сапасы мен тұрғындарды сумен қамтамасыз ету, фабрика жұмысшыларының тамақтану жағдайы туралы және басқа да сұрақтарды терең және жан-жақты зерттеумен айналысады. 1872-1877 жж. Ф.Ф.Эрисман кеңінен белгілі болған «Гигиена жөніндегі нұсқау» деген бірінші еңбегін жазады. Ал 1877 жылы «Кәсіби гигиена немесе ой және дене еңбегінің гигиенасы» деген екінші күрделі еңбегі жарық көреді.

1879 жылы Мәскеуге көшіп келгеннен кейін, Эрисман Мәскеу уезінде земствоның санитарлық дәрігері болып жұмыс істейді. Дәрігерлер А.В.Погожевпен және Е.М.Дементьевпен бірге ол Мәскеу губерниясының 1080 фабрикаларында, 114000 жұмысшылардың еңбек және тұрмыс жағдайларына ауқымды санитарлық тексеру жүргізеді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері 19 томда жарияланды және оларды дәрігерлер мен қоғамның алдыңғы қатарлы адамдары жоғары бағалады. Сонымен қатар, Ф.Ф.Эрисманның жетекшілігімен, санитарлық практикаға бірінші рет санитарлық – статистикалық зерттеу әдістері енгізілді.

1882 жылдан 1896 жылға дейін Ф.Ф.Эрисман Мәскеу университетінде сабақ береді, бұл жерде, 1984 жылдан бастап, медициналық факультетте өзі бірінші ұйымдастырған гигиена кафедрасын басқарды. Оның ынтасымен Мәскеуде Гигиеналық институт ашылады. Ал кафедра жанында тағамдық өнімдерді, су мен топыраққа зерттеулер жүргізетін қалалық санитарлық станция ұйымдастырылды. 1887 жылы Ф.Ф.Эрисман «Гигиена курсы» деп аталатын жаңа кітабын баспадан шығарады. Бұл туралы И.М.Сеченов: «еңбектен қол үзбей жүріп, ол өте тамаша профессор болды және көлемі үлкен, мамандар өте жақсы бағалаған, гигиена оқулығын жазуға уақыт тапты» деп жазды. 1892 жылы Ф.Ф.Эрисман Мәскеудің гигиена қоғамын ұйымдастырады, оның бірінші және бірнеше жылдар бойына ауыспаған басшысы болды.

Ф.Ф. Эрисман өз пікірін айтуымен және еркін ойларымен патша үкіметіне ұнамады, 1896 жылы ғалым университеттің басқа да профессорларымен бірге студенттер қозғалысына қатысқан студенттердің ісін қайта қарау жөніндегі өтінішке қол қойғанда, оны университеттен жұмыстан шығарып, Ресейден кетуге мәжбүр етті. Бірақ та бұл жағдайлар Ф.Ф. Эрисманның атағын ешқандай да кішірейтпеді, оның барлық ғылыми және практикалық еңбектері отандық гигиена мамандары арасында жетекші орын алуға және Ресей гигиена ғылымының негізін қалаушылардың бірі болуына мүмкіндік берді.

«Оған дейін гигиена Ресейде тек номинальды түрде ғана болды, ал оның қолында гигиена көптеген қоғамдық кемшіліктерге және жауыздықтарға қарсы іске асырылған бастама болды. Ол, тек ғылымға ғана емес, сонымен бірге қоғамға да шын қызмет істейтін гигиеналық институт құрды. Ф.Ф.Эрисманның земство медицинасы үшін жасағандары соншалықты, оның аты медицина мамандарының арасында С.П. Боткиннің атымен қатар қойылады және қойылуы да әділетті...» (И.М.Сеченов). Ресейдегі ірі гигиеналық институттардың бірі Ф.Ф. Эрисманның атымен аталды, Мәскеуде оған ескерткіш орнатылды, оның құрметіне сыйлық ұйымдастырылды.

Алексей Петрұлы Доброславин 28 жасында гигиенаның профессоры болды, ал 1871 жылы Ресейдегі бірінші Петербургтің медико-хирургиялық академиясының гигиена кафедрасын басқарды. Ф.Ф.Эрисманмен бірге Ресейде эксперименттік гигиенаның негізін қалады. А.П. Доброславин санитарлық ұсыныстардың бәрі де ғылыми-эксперименталдық тұрғыдан негізделуі, ал, гигиена мамандардың жұмысына зертханалық әдістер белсенді түрде енгізілуі қажет деп санады. Осы мақсатта ол гигиеналық зертхананы ұйымдастырды. Онда тұрғын үй гигиенасы, тамақтану, сумен қамтамасыз ету, мектеп гигиенасы және т.б. жөнінде жан-жақты эксперименталдық жұмыстар жүргізілді. Бұдан басқа, оның ынтасымен Петербургте тағамдық азықтарды зерттеуге арналған санитарлық зертхана құрылады, «Денсаулық» деп аталатын бірінші гигиеналық журнал ашылады, «Халықтың денсаулығын сақтау орыс қоғамы» ұйымдастырылады. А.П.Доброславин Ресейдегі бірінші гигиеналық мектептің негізін қалаушы болып табылады, бұл мектептен көрнекті гигиена мамандары М.Я.Капустин, С.В. Шидловский және т.б. оқып шықты.

А.П.Доброславиннің еңбектері кеңінен танымал. Оның 1882 жылы «Гигиена- қоғамдық денсаулық сақтау курсы» деп аталатын іргелік нұсқауы шықты. Осы жылда А.П.Доброславин әскери гигиенаның курсын оқуды бастады, ал 1885-1887жж. «Әскери гигиена курсы» деген жаңа нұсқауды жазады. Әскери гигиенаның сұрақтарын дайындауда А.П. Доброславиннің гигиена маманы ретінде орыс-түрік соғысы (1877-1878жж.) кезіндегі әрекеттегі армияға қатысуы маңызды роль атқарды. А.П.Доброславин мен Ф.Ф.Эрисманның және олардың шәкірттері мен ізбасарларының арқасында Ресейдегі гигиена ғылымы алдыңғы қатарға шықты және санитарлық істің ары қарай дамуына септігін тигізді. 19 ғасырдың 70-80-жылдарында Ресейдің ірі қалалары мен губернияларында санитарлық комиссиялар, санитарлық кеңестер және станциялар құрыла бастады, бірінші санитарлық дәрігерлер пайда болды. Ал, бірінші дүние жүзілік соғыстың алдында санитарлық бюро мен комиссиялар 73 қалалар мен 40 губернияларда да болды, қалаларда 342, ал земстволарда 257 санитарлық дәрігерлер жұмыс істеді. Сонымен бірге, революцияға дейінгі Ресейде көптеген елді мекендердің санитарлық жағдайлары мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлары қанағаттанарлықсыз болып қала берді. Орыстың күшті ғылыми гигиенасының іс жүзінде қолданылуы, батысқа қарағанда көп әлсіз болды. Ол буржуазия мен помещиктер топтарының халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, елдің экономикалық артта қалуын, кедейлікті, халықтың мәдениетінің төмендігін, сауатсыздығын жою жөнінде түбегейлі шаралар жүргізуге ынталы болмауымен байланысты болды. А.П.Доброславин мен Ф.Ф.Эрисман гигиенаны қоғамдық әлеуметтік сипаты бар ғылым ретінде анықтағаны бекер емес. А.П.Доброславин: «Бір де бір гигиеналық шара, саяси экономия заңдарына қарама-қайшылықта болса, пайда әкелмейді» деген.

4. Кеңестік мемлекетттің құрылуы кезеңіндегі алдын алу медицинасының дамуы. Гигиенаның жаңа сапада даму кезеңі Октябрь социалистік революциясынан кейін басталды. Жас Кеңестік республика кездеспеген қиындықтармен бетпе-бет келді: азаматтық соғыс, шетелдік интервенция, астықсыз жылдар, аштық, дәрілік заттардың, отындардың жетіспеуі, дәрігерлер санының, әсіресе санитарлық дәрігерлердің өте аз болуы, санитарлық заңдылықтардың болмауы, елдегі онсыз да ауыр санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бұрынғыдан да қиындатты. Осы жағдайларда, Кеңес үкіметі, өзінің құрылуының бірінші күннінен бастап, ескі медицинаны мемлекеттік медицина етіп, түп тамырымен қайта құруды бастады. 1919 жылы наурыз айында большевиктердің Ресей коммунистік партиясының VIII съезінде қабылданған бағдарламада, еңбекшілердің мүдделерін көздейтін санитарлық шараларды кеңінен жүргізуді кеңестік денсаулық сақтаудың негізгі міндеттерінің бірі етіп қойды. 1922 жылы РСФСР Кеңестік халық комиссариатының Декретімен мемлекеттік санитарлық қызмет ұйымдастырылды, ал 1927 жылы «Республиканың санитарлық органдары туралы» заң шықты. Мемлекеттік сипатқа ие болған аурулардың алдын алу кең мағынада айтқанда, денсаулық сақтау дамуының негізі болды. Қуатты орталықтандырылған мемлекеттік санитарлық қызмет құрылды. Ол облыстық, қалалық, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциялардан, арнайы мамандандырылған санитарлық және эпидемияға қарсы мекемелерден, ғылыми-зерттеу институттарынан, гигиена саласындағы кафедралары бар медициналық жоғарғы оқу орындарынан тұрды.

Бұл кезеңде гигиена ғылымы мен санитарлық істің дамуында Н.А.Семашко, З.П.Соловьев, Г.В.Хлопин, А.Н.Сысин, А.Н.Марзеев, С.Н.Черкинский, В.А.Рязанов және басқалар үлкен роль атқарды.

Н.А.Семашко (1874-1949жж) денсаулық сақтаудың бірінші халық комиссары болды. Оның тікелей қатысуымен, Кеңес республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі қалыптасты. Кеңестік денсаулық сақтаудың теориялық аспектілері дайындалды. 1922 жылы ол Мәскеу университетінде бірінші әлеуметтік гигиена кафедрасын ұйымдастырды. Оның орынбасары З.П.Соловьев (1876-1928жж) Қызыл Армияның әскери-санитарлық қызметін басқарды, әскерлерді гигиеналық қамтамасыз етуді, тамақтануды нормалауды, казармалардың құрылысын және т.б. ұйымдастыру жөнінде үлкен жұмыстарды жүргізді. Ол, сонымен қатар, кәсіптік гигиенаның және өндірістегі жұмысшыларды медициналық қамтамасыз ету мәселелерімен де айналысты. А.Н.Сысин (1879-1956 жж.) – РСФСР денсаулық сақтау халық комиссариатының санэпид бөлімінің бірінші бастығы болды. Оның қатысуымен «Тұрғын үйді санитарлық қорғау» туралы декреттің жобасы дайындалды. «Тұрғын ғимараттарды салу жөнінде санитарлық ережелері», «Шаруашылық-ауыз су құбырларының торабына берілетін су сапасының уақытша стандарты» дайындалды. Ол 1-Мәскеу медицина институтының гигиена кафедрасын, содан сон, Орталық дәрігерлердің білімін жетілдіру институтында коммуналдық гигиена кафедрасын басқарды. КСРО Медицина ғылым академиясының жалпы және коммуналды гигиена институтын құрды (қазіргі уақытта А.Н.Сысин атындағы адам экологиясы мен қоршаған орта гигиенасы институты) және оны басқарды. Ол жалпы және коммуналдық гигиена бойынша 2 оқулық жазды, «Коммуналдық гигиенаның негіздері» деп аталатын екі томдық оқу құралы және басқаларды баспадан шығарды.

С.Н.Черкинский (1897-1980 жж.) су және сумен қамтамасыз ету гигиенасының мәселелерін дайындау жөніндегі гигиеналық мектептің және ғылыми бағыттың негізін қалаушы. Ол ауыз судың және сумен қамтамасыз ететін су көздеріндегі судың сапасын стандарттау жөніндегі, сонымен қатар, судың құрамындағы химиялық заттарды гигиеналық нормалаудың негіздері жөніндегі отандық құжаттарды дайындаушылардың бірі болды. «Ағынды суларды суаттарға жіберудің санитарлық шарттары» деп аталатын еңбегі үшін Ф.Ф. Эрисман атындағы жүлдеге ие болды.

Академик В.А. Рязанов (1903-1968жж) атмосфералық ауаны санитарлық қорғау сұрақтарын дайындаумен айналысты, А.Н. Сысин атындағы жалпы және коммуналдық гигиена ғылыми зерттеу институтын басқарды. Оның «Атмосфералық ауаны санитарлық қорғау» монографиясы осы бағыттағы теориялық негіздер мен практикалық шараларды бірінші рет баяндаған іргелі еңбек болып табылды.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1101 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Даже страх смягчается привычкой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2420 - | 2132 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.023 с.