Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Нормалау қағидалары.




Орта факторларын нормалау теориясы, нормалау саласында жаңа білімдерді алған сайын, үнемі жетiлдiрiлiп және толықтырылып отырады. Дегенмен нормалау келесi қағидалар негiзiнде жүргiзiледi:

1. Медициналық көрсетуi жағынан бірінші орында болу қағидасы. Бұл қағиданың негiзiнде, адамның денсаулығы мен оның өмiрiндегi санитарлық жағдайына, фактор әсерiнiң бiрiншi дәрежелiк маңыздылығы туралы жағдайлар жатыр. Бұл кез келген фактор үшiн гигиеналық норматив орнатудың негiзгi қағидасы және ешқандай мүлтiксiз орындалуы қажет. Бұл қағида бойынша:

1. Іс жүзiндегi концентрацияны төмендету жөнiнде тиiмдi шаралардың жоқтығы және қоршаған ортаға түсетiн су немесе ауаға ұшатын шаңдарды, газдарды тазартатын әдiстiң жоқтығы жөнiндегi ешқандай себептер бекітілетін норматив деңгейiне әсерiн тигiзбеуi қажет.

2. Гигиеналық регламент орнатқанға дейiн заттар өндiрiске енгзiлмейдi, осыған байланысты ғылыми зерттеулер алдымен жургізiлуі қажет.

3. Бекітілген норматив, қазiргi ғылымның ең соңғы жетiстiктерiн ескерген кезде, адам үшiн абсолюттiк қауiпсiздік кепiлдiгiн беруi қажет.

2. Ағзаның биологиялық жауаптарын дифференциялау қағидасы. Ағзаның химиялық заттардың әсерiне реакциясы үш көрсеткiштерге байланысты:

· заттың биологиялық белсенділігіне;

· заттың дозасына:

· ағзаның қарсылық күшiне

Неғурлым заттың биологиялық белсенділігі және оның концентрациясы (дозасы) жоғары болса, сондай-ақ, ағзаның қарсылық күшi төмен болса, солғұрлым ағзаның биологиялық жауабы күштiрекболады. Ағзаның биологиялық жауабын келесi түрлерге бөледi: өлiм-жітім, аурушандық, аурудың физиологиялық белгiлерi, ағзадағы табиғаты белгісіз өзгерістер, заттардың ағзада жиналуы.

Бұл кезде келесі заңдылықтарды айырып көрсетуге болады:

1. Биологиялық жауаптың ең үлкен күшiне (өлiм -жітім) ең аз жауап жиiлiгi сәйкес келедi, яғни ағзаның жауабы қолайсыз әсерге ұшыраған халыктың ең аз бөлiгiн қамтиды.

2. Биологиялық жауаптың ең аз күшiне (заттың ағзада жиналуы) жауаптың ең үлкен жиiлiгi сәйкес келедi, яғни жауап реакциясы қолайсыз әсерге ұшыраған халықтың бәрін де қамтиды.

3. Ағзаның қарсылық күші ауыспалы мөлшер болып табылады, себебi ол қолайсыз фактор әсер еткен кездегi генетикалық кодқа және функционалдық, жағдайына байланысты. Бiрдей жағдайларда бiр адамның ауырып калуы мүмкiн, екiншiсi ауырмайды. Ең сезiмтал контингенттерге балалар мен қарт адамдар жатады.

Осы айтылғаннан гигиеналық нормалаудың маңызды екi шарты шығады:

1. Нормативтер биологиялық жауаптың бiрiншi төрт деңгейiн (өлiм-жітімді, аурушандықты, аурудың физиологиялық белгiлерiн, ағзадағы, табигаты белгiсiз, өзгерiстердi) болдырмауы қажет. Биологиялық. жауаптың бесiншi деңгейiн болдырмауға (заттың ағзада жиналуын) бүгiнгi күнi мүмкiншiлiк жоқ.

2. Нормативтер халықтың ең сезiмтал топтарын ескеруi қажет.

3. Қоршаған ортаның нысандарын бөлу қағидасы. Химиялық заттардың бiр түрiнің ортаның әр түрлi нысандарында (жұмыс зонасының ауасында, атмосферада. суда, топырақта, азықтарда) адам денсаулығына тигiзетiн қауiптiлiгi бiрдей емес. Оған келесi 3 себептер ықпал етедi:

1. Әр түрлi ортада заттың физикалық-химиялық қасиеттерiнiң өзгеруiне байланысты биологиялық белсенділігінің бiрдей еместігі. Мысалы, қорғасын атмосферада 1- қауiптiлiк класына, суда – 2- класына жатады т.т.;

2. Адаммен байланыста болу дәрежесi әр түрлi. Зат ауада. суда, тағамда болуы кезiнде адамға тiкелей, ал топырақта болған кезде, көбiнде, ортаның басқа нысандары арқылы әсер етедi.

3. Әсер ету уакытының әр түрлілігі. Атмосферадағы заттар адам ағзасына үнемі әсер етедi, ал жұмыс зонасының ауасындағы - жұмыс ауысымы бойында ғана әсер етедi.

Сондықтан, бiр заттың гигиеналық нормативтерi қоршаған ортаның әрбiр нысаны үшiн: атмосфералық ауада, суда, топырақта. жұмыс зонасының ауасында, тағамдық азықтарда – жеке-жеке орнатылады.

 

4. Барлық қолайсыз әсерлерiн ескеру қағидасы. Қандай да бiр орта нысанында (ау. су, топырақ) затқа орнатылатын норматив адам ағзасына тигiзетiн әсерiн ескерiп қоймай, ортаның өзiне де тигізетін әсерiн ескеруi қажет. Қолайсыз әсер дәрежесiне байланысты химиялық заттардың зияндылықтарын әр турлi көрсеткiштерге бөледi:

· Органолептикалық -бөгде иiс, дәм пайда болуымен, тусi мен реңінің өзгеруi мен байқалатын орта нысандары сапасының өзгеруi. Мысалы, ауа мен судың иiсi өзгеруi. химиялық заттармен ластануы кезiндегi судың дәмiнiң, түстiлiгiнiң өзгеруi т. б.

· Жалпы санитарлық - өздiгiнен тазару үрдістеріне әсер ететiн. сапрофит микроағзалардың санының, түр құрамының, белсенділігінің өзгеруi (мысалы, суаттардың өздiгiнен тазару үрдістері).

· Санитарлық-тұрмыстық - жергiлiктi климаттын, ауаның мөлдiрлiгiнiң, өсiмдiктердiң, тұрмыс жағдайының өзгеруi. Мысалы, ауаның ластануы заттың көрінуі дәрежесінің, УК сәулеленуінің төмендеуіне, киiмнің ластануына әкеп соғады т.т.

· Рефлекторлық – көздiң, жоғарғы тыныс жолдарының шырышты кабықтарын тiтiркендiретiн әсерi.

· Санитарлық-токсикологиялық - адам ағзасына жалпы улылық әсерi.

· Суға миграциялану - заттың (топырақтан) су ортасына миграцияланады.

· Ауаға миграгциялану – заттың ауаға миграциялануы

· Транслокациялық - топырақ ластанған кездегi заттың өсiмдiктерде жиналуы.

· Спецификалық - заттың созылмалы уытты әсер беретiн деңгейiнен төмен дозаларындағы аллергендiк, жыныс бездеріне және эмбрионға уытты әсері

· Әсерінен бiраз уаыт өткеннен кейiн, пайда болатын әсер салдары - мутагендiк және канцерогендiк әсерi.

Қоршаған ортаньң әр түрлi нысандары үшiн зияндылық көрсеткiштерiнiң құрамы әр турлi болады. Судағы заттарды нормалау үшін келесі зияндылық көрсеткіштерін анықтайды: органолептикалық, жалпы санитарлық, санитарлық-токсикологиялық, спецификалық, әсерінен бiраз уақыт өткеннен кейiн пайда болатын әсер салдарын, атмосфералық ауада: органолептикалық, рефлекторлық, санитарлық-токсикологиялық, санитарлық-турмыстьқ. спецификалық және әсерінен бiраз уақыт өткеннен кейiн пайда болатын әсер салдарын; топырақта: органолептикалық. жалпы санитарлық, санитарлық-токсикологиялық, суға миграциялану. ауаға миграциялану, транслокациялық көрсеткiштерді.

Зияндылық көрсеткiштерiнiң деңгейi эксперименталдық жолмен анықталады. Бұл жағдайда нормалау негiзiне «жiңiшке жері» немесе зияндылықтың лимиттейтін белгісі деген қағида қойылған.

Зияндылықтың әрбiр көрсеткiші үшiн, заттың минималды әсер ететiн концентрациясы анықталады да солардың iшiнен ең аз концентрациясы таңдалып алынады. Осы алынған концентрациясы берiлген зат нормаланатын зияндылықтың лимиттеушi көрсеткiшiн анықтайды.

5. Табалдырықтық қағидасы. Қазiргi кезде бұл сұрақтың, гигиеналық нормалауда принципиалды мәнi бар, табалдырықты және табалдырықсыз деп аталатын, екi концепциясы бар.

Табалдырықсыз концепцияны жақтаушылардың айтуынша, ластаушы заттың кез келген мөлшерi (концентрациясы) ағзада патологиялық өзгерiс туындатуға қабілеттi. Қоршаған ортаның ластануы нольге тең болған жағдайда ғана, патологияның пайда болу қауіп-қатері де нольге тең болады деп есептейдi. Әрине, мұндай жағдайды жасау мүмкiн емес, осыған байланысты табалдырықсыз концепция адамның қауiпсiз өмiр суретiн ортасының болатын мүмкiншiлiгiн жоққа шығарады. Демек, гигиеналық нормативтердi орнатудың да қажеті жоқ деп есептейді.

ВОЗ сарапшыларыньң қорытындысы бойынша, кез келген химиялық заттар, белгiлi бiр әсер ету жағдайында улы болуы мүмкiн деген пiкiрге сүейенiп. Отандық гигиенистер химиялық заттардың табалдырықтық әсерiнiң бар екенiн мойындайды.

Демек, әрбiр химиялық заттар үшін, адамга қауiпсiз болатын әсер ету жағдайының болуы мүмкiн. Бұл жағдай канцерогендерге қатысты емес, дегенменде, олар үшiнде, рак ауруының пайда болуын адамның орташа өмiрсүретiн жасынан әрi қарай ұзартуға болатын жағдайлар бар.

Табалдырықты қағидасы, нормалаудағы ең бiр өзектi мәселе, себебi ол тек гигиеналық регламенттердi - санитарльқ бақылаудың құқұқтық негiзiн, орнатуға мүмкiндiк берiп коймайды, сонымен қатар халыққа түсетiн химиялық заттардың максималды рұқсат етiлетiн жүктемесін есптеуге де мүмкiндiк бередi.

6. «Доза-уакыт-эффект» қағидасы. Химиялық заттардың әсер етуi кезiнде организмнiң биологиялық жауабы оның концентрациясына (дозасына) және әсер ететiн уақытына тура пропорционалды. Габер формуласы бойынша, затты ағзаға енгiзгендегi әсерi концентрациясы мен әсер ету уакытының көбейтiндiсiне тең:

Э = К В

Бiрақ бұл классикалық формуланы қолдану шектелуi, себебi ағзаның биологияльқ жауабы көп факторларға байланысты. Мысалы, жоғары концентрациясын қолданғандағы жедел әсерiнде әсер тиiмдiлiгi өте тез тiркеледi және ол концентрациясына байланысты. Мұндай эксперименттi бейнелеу үшін «концентрация-тиiмдiлiк» қисығын пайдаланады.

Созылмалы әсерi кезiнде, әдетте, аз концентрациясында, оның эффектісі заттың ағзадағы кумуляция үрдісімен байланысты, және тек концентрациясы мен ғана емес, әсер ету уақытымен де байланысты. Осыны ескерiп, созылмалы әсер салдары «концентрация – уақыт» қисығымен бейнеленедi. Бұл математикалық байланыстылық нормалау үшін қажетті жедел және созылмалы әсерлерінің табалдырығы, қауіптілік кластары, қор коэффициенті, т.б. сияқты бірқатар параметрлерін анықтауға мүмкіндік береді.

Химиялық заттардың төрт қауптілік класын ажыратады:

1. аса қауіпті;

2. қауіпті;

3. орташа қауіпті;

4. аз қауіпті;

7. Лабораториялық эксперимент қағидасы. Барлық көрсеткiштер бойынша заттың табалдырықтық әсерiн анықтау, қатаң стандарттаған және салыстыруға болатын жағдайда зертханаларда жүргiзiледi. Эксперимент әдiсi бiрiңғайланған болуы қажет, осындай жағдай әртүрлi зертханалардан алынған мәлiметтердi бiр-бiрімен салыстыруға болады.

Барлық табиғи үрдістерді есепке алу үшiн, адам ағзасына әсер етуiнде басты роль атқаратын және зерттелетiн заттың белсенді әсер етуіне ықпал ететiн факторларды зертхана жағдайында модельдейді. Мысалы, көмпір өндiрiснiде пневматикалық балғамен жұмыс iстеу кезiнде көмiр шаңы + шу + вибрация + микроклимат ескерiледi.

8. ШРЕК-тің салыстырмалы түрде болуы қағидасы. Әрбiр бекітілген гигиеналық регламент (норматив) тұрақты мөлшер емес. Оның деңгейі эксперимент жүргізу кезіндегі ғылыми білімінің дәрежесімен және методикалық әдістермен анықталады. Сезімталдығы жоғары талдау әдістерін енгізу барысында және жаңа ғылыми деректердің жиналуы барысында зиянды әсердің табалдырығы және нормативтің өзі де қайта қаралуы мүмкін. Мұндай қайта қарау жиі қатандату жағына жүргізіледі. Бұған қорғасынның судағы, аудағы, биосубстраттардағы нормативтері, сондай-ақ, ДДТ пестицидінің нормативі айқын мысал бола алады. Кейбір жағдайларда ШРЕК қайта қарау олардың рұқсат етілген концентрациясын жоғарлату жағына да жүргізілу мүмкін, бірақ бұндай жағдайлар едәуір аз.

9. Гигиеналық нормалауды сатылы түрле жүргiзу қағидасы. Бұл қағида норматив дайындауға кететiн уақытты қысқарту мақсатын көздейдi, сөйтiп зерттелетiн заттардың көп санын қамтуға мүмкiндiк бередi. Бiз жоғарыда гигиена ғылымы практика алдында көп қарыздары бар деп айтқанбыз және бұл қарыздары жыл сайын өсiп келедi.

Жануарларға гигиеналық эксперимент жүргiзудiң толық схемасы ұзақ мерзiмге созылады (әсер салдары бiраз уақыт өткеннен кейiн бiлiнетiн мүмкiншiлiгiн ескергенде - 2 жылға дейiн). Бiрақ, практикалық мақсат үшiн затты толық схема бойынша зерттеудi барлық уақытта бірдей талап етпейді, яғни созылмалы эксперимент барлық уақытта бірдей қажет емес. Сондықтан отандық гигиенистер ШРЕК бекітудің сатылы схемасын ұсынды.Алдымен жедел және жеделдеу эксперимент негізінде затты зерттеудің қысқартылған сұлбасы қабылданады. Бұл заттың қауіптілік класын анықтауға мүмкіндік береді. Егер, зат 4-немесе 3- класына жататын болса, осымен эксперимент аяқталады. Созылмалы эксперимент зат тек 1-немесе 2-класына жататын болса ғана жүргізіледі. Сатылы түрде нормалау өзін толыық ақтады және үлкен экономикалық маңызы бар.

4. Жануарларға жүргізілетін эксперимент. Химиялық заттардың табалдырықтық әсерін анықтау жөніндегі эксперименттер зертханалық жануарларға – тышқандарға, егеу құйрықтарға, теңіз шошқасына, қояндарға, мысықтарға, иттерге (ен алдымен - тышқандарға, егеу құйрықтарға) қойылады. Эксперименттер жедел, жеделдеу, созылмалы болуы мүмкін. Заттың биологиялық белсенділігі туралы ең толық ақпаратты созылмалы эксперимент береді.

Жедел эксперимент DL50 (CL50), жеделдеу және созылмалы эксперимент үшін дозалар анықтау, уланудың клиникалық белгілерін зерттеу, заттың ағзада жиналатын қабілетін, химиялық тазалығын анықтау, ШРЕК-ті есептеу жолымен анықтау мақсатында жүргізіледі.

Жеделдеу эксперимент ең сезiмтал тесттердi анықтау және созылмалы эксперимент үшін дозалар таңдап алу, есептеу жолымен ШРЕК бекіту, заттың ағзада жиналатын қабілетін анықтау мақсатында жүргізіледі.

Созылмалы эксперимент, заттың табылдырықтық концентрациясын анықтау үшін жүргізіледі.

Заттың биологиялық белсендігі жөнiндегi ең толық информацияны созылмалы эксперимент бередi.

Жануарларға жүргiзiлетiн эксперименттер химиялық заттың адамға тигiзетiн уытты әсерiн болжауға мүмкiндiк бередi. Алайда, мұндай болжаудың дәлдiгi бiрқатар шарттарға байланыстьг:

1. Жануарлар зерттелетiн заттың не фактордың әсерiне сезімтал болуы қажет.

2. Жануарларға затты енгiзетiн жолы, табиғи жағдайда осы заттың адам ағзасына түсетiн жолына сәйкес (адекватты) болуы қажет. Мысалы, атмосфералық ауаны ластайтын зат нормаланатын болса, эксперимент жүргiзiлетiн жануарлардың ағзасына зат ингаляциялық жолмен енгiзілуі тиіс. Егер азықтарды ластайтын заттар зерттелетiн болса, асқорыту жолдары арқылы енгізу керек т.т.

3. Нақты қорытынды шығару үшiн жануралардьң саны жеткiлiктi болуы қажет.

4. Заттың физикалық күйi мен химиялық түрi адамға әсер ететiн түрi мен күйiне сәйкес болуы қажет.

Осы айтылгандарға қарамастан жануарлардың алынған мәлiметтердi адамға қолдану (экстраполяция) елеулi мөлшерде салыстырмалы. Бұл әртүрлi тiрi жандылардың сезiмталдығының, зат алмасуының, заттардың ағзадан шығу жолдарының әртүрлiлiгiмен байланысты.

Оны қолданудағы елеулi кедергiлердiң бiрi адам мен эксперименттiк жануарлардың өмiр сүру узақтығының бiрдей еместiгi, тiптi созылмалы эксперимент қойғанның өзiнде де. Мысалы, егеу құйрықтың орташа өмiр сүру уақыты (2,5 жыл) адамның 15-17 жасындағы өмiрiне сәйкес келедi. Осы айтылғандардың бәрiн эксперименттен алынған мәлiметтердi интерпретациялаған (ой тұжырымын жасалған кезде) кезде ескеру қажет.

Кейбiр жағдайларда нормалау жөнiндегi эксперимент өз еркiмен келiскен адамдарға жүргiзiледi. Мұндай тәжирибилер келесi талаптарға сай болуы қажет:.

1. Адам өз еркiмен келiспесе, эксперимент жүргiзуге болмайды.

2. Эксперимент тек алдымен жануарларға жүргізілген зерттеулерден және басқа зерттеулерден кейiн ғана адамға жүргiзiлуi мүмкiн.

3. Эксперимент адам денсаулығы үшiн мүлде қауіпсiз болуы қажет.

4. Экспериментке тек денi сау адамдар ғана қатыса алады.

Көбiнде волонтер-адамдарға гигиеналық эксперименттi атмосфераны ластайтын заттардың иiс табалдырығын анықтау үшiн немесе кейбiр физикалық факторларды нормалау кезiнде жүргiзедi. Бiрақ мұндай эксперименттiң өзi де фактордың әсерi жөнiндегi ақпаратты адамға тигiзетiн әсерiн тiкелей байқау кезiнде алатын жағдайда ғана койылады.

Жеделдетiлген нормалау.

Әдеттегi гигиеналық нормативтердi орнату әдiстерi ұзақ, қыйын, көп материалдың шығынды қажет етедi. Оның үстiне санитарлық регламент бекітуді қажет ететiн химиялық заттардың саны қазiргi кездегi бар зертханалардың мүмкiншiлiктерiнен әлде-кайда көп. Көрсетiлген проблеманы шешудiн бiр жолы - жылдамдатылған нормалау әдiсiн дайындау. Бұл үшiн екi талап сақталуы қажет.

1. Зерттеу бағдарламасын ғылыми негiзде қысқарту.

2. Нормалау мөлшерiн анықтау сенiмдiлiгiн сақтау. Негiзiнен мұндай экспресс-әдiстер есептеу әдiсi болып табылады және есептеудi келесi көрсеткiштер бойынша жүргiзедi:

· токсикометрия параметрлерi (LD50, LС50) бойынша;

· басқа ортадағы нормативтер(ПДК) бойынша;

· заттың физикалық-химиялық қасиеттерi бойынша, (молекулярлық массасы, қайнау температурасы т. б.);

· жасуша культурасына уыттығы бойынша;

· гидробионттарға уыттылығы бойынша;

· басқа елдерде дайындалған нормативтер бойынша;

· химиялық құрылымы бойынша жүргiзiледi.

Экспресс-экспериментке негiзделген және басқа орта объектiлеiрi үшiн бекітілген ШРЕК негiзiнде есептеу ең сенiмдi болып табылады. Басқа елдердiң ШРЕК - терiн пайдалануға, тек нормативтердi негiздеу әдiстерi мен қағидалары біздің елдегіге толық сәйкес келгенде ғана рұқсат етiледi.

Гигиеналық болжау.

1972 ж. академик Г.И.Сидоренко, келешектегi қоршаған орта мен халықтың денсаулық жағдайын бағалауға мүмкiндiк беретiн, гигиеналық болжау теориясын ұсынды. Жақын және қашық болашаққа болжау есептеулерiн жүргiзу келешектегi алдын алу шараларын жоспарлауға және олардың тиiмдiлiгiн бағалауға мүмкiндiк бередi.

Қоршаған орта мен халықтың денсаулық жағдайын болжайтын көп әдiстердiң iшiндегi екi әдiс жиi қолданылады: ол аз квадраттар әдiсi және регрессиялық моделдер әдсi. Бірiнші әдiстi қолдану үшiн, ең кем дегенде өткен 10 жылдың ретроспективтiк материалдары қажет. Бұл әдісті болжауға алынатын құбылыстың динамикалық қатарындағы көрсеткiштерi салыстырмалы түрде тұрақты болған кезде және фактор белгiлерiнiң шұғыл өзгеруi жоқ кезде қолданған жөн. Ең аз квадраттар әдiсi құбылысқа әсер ететiн факторларды есепке алмай, тек құбылыс динамикасындағы өзгерiс бағыттылығын (тенденциясын) көрсетедi. Сондықтан болжауды 5 жылдан артық мерзiмге жасаудың жөнi жоқ.

Регрессиялық моделдер әдiсi, жалпы заңдылықтарды көрсететiн регрессия сызықтық теңдеулерiн алуға мумкiндiк бередi. Мысалы, атмосфераның ластануы жөнiндегi есептеу жолымен алынған мәлiметтер болса. 10-15 жыл келешектегi халықтың денсаулық деңгейi жөнiнде ойлауға болады, демек қажеттi табиғатты қорғау шараларын негiздеуге де болады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1320 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Надо любить жизнь больше, чем смысл жизни. © Федор Достоевский
==> читать все изречения...

2298 - | 1987 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.028 с.