Аталған курстың кіріспесін ең алдымен, тарихи үрдіс және тарихи таным теориясының ғылыми және оқу пәні ретінде қалыптасуын түсінуден бастау қажет. Сонымен қатар, тарих пен фиолсофия ғылымдарының өзара байланысын анықтау маңызды. «Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректануы» курсы бойынша оқыту мақсаты:
- студенттердің шығармашылық ойлауын дамыту және танымдық белсенділіктерін арттыру, олардың осы пәнге қызығушылықтарын арттыру;
- оқу процесінде алынған білімдерді іс-тәжірибеде қолдану;
- сауаттылық, тарихи терминдерді қолдана білу, әртүрлі деректермен және арнайы әдебиеттермен жұмыс істей білу;
- ұйымдастырушылыққа, өзіндік жұмыс істеуге, жауапкершілікке және тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Каталогпен жұмыс істеу кезінде Қазақстан тарихы бойынша, оның ішінде белгілі бір кезең бойынша, жалпы деректер мен әдебиеттер бойынша мәліметтерді анықтап алу қажет. Библиографиялық сипаттама бір-бірімен қатаң анықталған бірнеше элементтерден тұруы, құралуы қажет.
Жаңа замандағы Қазақстан тарихын кезеңдеумен танысқан кезде оны меңгеруге әртүрлі жақтан көңіл бөліңіз, мүмкіндігінше кезеңдестірудің әртүрлілерін салыстырып қараңыз. Бұл тарихи оқиға жөнінде нақты уақытты анықтауға көмек береді.
Дәрістік және практикалық сабақтарға дайындалуға арналған оқу-әдістемелік материалдар ОӘК пәннің бағдарламасына сәйкес әр бөлім бойынша жеке берілген.
Әрбір бөлім төмендегі пункттерді қамтиды:
1) әр оқытылатын тақырып бойынша дәріс тезистері мен ұсынылатын әдебиеттер тізімі енген дәріс курстарының оқу-әдістемелік материалдары;
2) практикалық сабақтарға дайындалуға арналған оқу-әдістемелік материалдар, бұл бөлімде сабақтарды өткізу жоспарлары, әр сабақтың сұрақнамасы, тапсырмалары берілген;
Тапсырмаларды уақытында орындау студенттерге теориялық материалдарды терең меңгеруге, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндік береді.
3) СОӨЖ және СӨЖ сабақтарына дайындық шеңберінде әр тақырып бойынша берілген ғылыми зерттеулер, ғылыми еңбектер мен мақалалармен жұмыс жасау қажет. Нақты тақырыптар бойынша өзіндік жұмысқа дайындалған кезде қосымша тапсырма ретінде кесте, сызба толтыру, контур картамен жұмыс жасау, реферат, баяндамалар жазу, мақалаларға талдау жасау, мультимдеиялық презентацияларды әзірлеу ұсынылатын болады.
10. Курстық жобаларын (жұмыстардың), зертханалық жұмыстарын, есептік – графикалық жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар – аталған жұмыс түрлері қарастырылмаған.
Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
Тақырып. Тарихты оқыту әдістемесінің пәні мен мақсаты және ҚР мектептерде тарих пәнінен білім беруді дамытудың заманауи стартегиясы
Тапсырма: Дәрісті көрсетілген әдебиетті талдаңыз.
СОӨЖ өткізу түрі: конспект бойынша сұрақ-жауап.
Әдістемелік нұсқаулар:
Бұл сұрақтарға жауап беру үшін Қазақстан тарихы оқулығынан Кеңес үкіметі кезіндегі оқу ағарту жұмысы туралы материалды оқу керек. Жоғарғы оқу орындарының құрылу тарихы және педагог кадрларды дайындау мәселесіне басты назар аудару қажет. Алғашқы қазақ педагогтары туралы тарихи материалды оқып, танысу керек. Ондай материалдарды ұсынылған әдебиеттер тізімінен қараңыз.
Негізгі әдебиеттер: [6, 23, 31, 35]
Қосымша әдебиеттер: [5, 8, 9]
Тақырып. Тарихты оқытудағы интерактивтік инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану. ОТК және компьютер мүмкіндіктерін пайдалану
Тапсырма: Дәрісте көрсетілген әдебиетті талдаңыз.
СОӨЖ өткізу түрі: слайд-презентация [2, 20, 25].
Әдістемелік нұсқаулар:
Сұрақтарды дұрыс түсіну үшін ең алдымен бүгінгі Қазақстандағы білім беру жүйесі туралы арнайы құжаттардың мазмұның талдау керек. Қазіргі кезенде білім орындарында тарихты оқытудын басты бағыттары: Отандық тарихты әлемдік даму контексінде оқыту, ұлттық сана сезімде тәрбиелеу, үздіксіз білім беру жүйесіндегі тарих пәнінің білімділік, танымдық және тәрбиелік ролін күшейту екендігін дәлелдеу қажет.
Бұл сұрақтарға жауап беруге үшін «Қазақ тарихы» және «Қазақстан тарихы: әдістемелік журналында» жарияланған оқытудын жаңа технологиялары деген мақалаларды оқу керек. Жаңа оқу технологиясы туралы озат оқытушы-әдіскелердің идеяларын оқып білу қажет. Олар туралы «Қазақ тарихы» журналында берілген. Оқытудын жаңа технологиялары туралы 1998 жылы құрылған «Ұлттық Пікірсайыс Орталығы» қоғамдық қорының материалдарымен танысу керек.
Негізгі әдебиеттер: [6, 7, 32]
Қосымша әдебиеттер: [5, 14, 18]
Тақырып. Тарих пәні бойнша оқытуды ұйымдастыру формасы, әдістемелік әдіс-тәсілдері және тарих пәнін оқытуда көрнекілік құралдарды пайдалану
Тапсырма:Жаңа әдістер туралы әдіскерлердің көзқарасын талдау керек.
СОӨЖ өткізу түрі: коллоквиум.
Әдістемелік нұсқаулар:
Сұрақтарды дұрыс түсіну үшін ең алдымен бүгінгі Қазақстандағы білім беру жүйесі туралы арнайы құжаттардың мазмұның талдау керек. Қазіргі кезенде білім орындарында тарихты оқытудын басты бағыттары: Отандық тарихты әлемдік даму контексінде оқыту, ұлттық сана сезімде тәрбиелеу, үздіксіз білім беру жүйесіндегі тарих пәнінің білімділік, танымдық және тәрбиелік ролін күшейту екендігін дәлелдеу қажет.
Бұл сұрақтарға жауап беру үшін «Қазақ тарихы» және «Қазақстан тарихы: әдістемелік журналында» жарияланған оқытудын жаңа технологиялары деген мақалаларды оқу керек. Жаңа оқу технологиясы туралы озат оқытушы-әдіскелердің идеяларын оқып білу қажет. Олар туралы «Қазақ тарихы» журналында берілген. Оқытудын жаңа технологиялары туралы 1998 жылы құрылған «Ұлттық Пікірсайыс Орталығы» қоғамдық қорының материалдарымен танысу керек.
Негізгі әдебиеттер: [6, 9, 12, 14, 15]
Қосымша әдебиеттер: [1, 5, 7, 9]