Лшеуіш түрлендіргіштер жайлы жалпы мағлұматтар. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
Техникалық өлшеу құралдарына өлшеуіштер,өлшеуіш түрлендіргіштер, өлшеу аспаптары мен жүйелері жатады.
Өлшеуіш – өлшеу бірілігін сақтауға және білдіріуге арналған үлгі. Мысалы, ұзындық үлгісіне метр алынған.
Өлшеу аспабы деп, өлшеу мәліметтерін бақылаушы тікелей қабылддайтындай түрде өңдеуге арналған құрылғыны айтады.
Өлшеуіш түрлендіргіш деп өлшенген сигналды пайдаланыуға ыңғайлы түрге түрлендіруге, таратуға және сақтауға арналған техникалық құрылғыны айтады.
Өлшеу жүйесі параметрді адамның қатысуынсыз өлшеуді қамтамасыз ететін өлшеуіш түрлендіргіштер мен аспаптарды біріктіреді.
Өлшеуіш тізбекте орналасқан орны бойынша өлшеуіш түрлендіргіштер бірінші реттік және аралық өлшеуіш түрлендіргіштер болып екіге бөлінеді.
Бірінші реттік өлшеуіш түрлендіргішке физикалық шаманы тікелей, ешқандай жалғаныссыз өлшейтін құрылғы жатады. Бұндай өлеуіш түрлендіргіштерді датчиктер немесе сенсорлар деп атайды. Қалған өлеуіш түрлендіргіштердің түрін аралық түрлендіргіштер деп атайды.
Өлшеуіш түрлендіргіш тікелей және жанама түрлендіретін деп екі топқа бөлінеді.
Тікелей түрлендіретін өлшеуіштер өлшенбекші шаманы электр сигналына тікелей түрлендіреді
Жанама түрлендіретін өлшеуіш түрлендіргіштер тікелей түрлендіретін және қайсібір салыстырмалы не есептеуіш құрылғылардан тобынан құрылады.
Түрлендіретін физикалық шамалардың түрлеріне байланысты түрлендіргіштер келесі түрге бөлінеді:
1.Электрлік шаманы электірлік шамаға түрлендіру;
2.Электрлік емес шаманы электірлік шамаға түрлендіру
Барлық өлшеуіш түрлендіргіштер қызымет принципі бойынша параметрлік және генераторлық болып екі топқа ажыратылады.
Бірінші топқа өлшенетін шаманың мәні электр тізбегінің параметрлеріне, яғыни кедергіге, индуктивтікке, сиымдылыққа, өз ара индуктивтікке түрленетін ӨТ жатады.
Генераторлық ӨТ әр түрлі энергия тікелей электр энергиясына түрленеді.
Өлшеуіш түрлендіргіштердің жалпыланған схемасы

х – кіріс физикалық шама;
у – шығыс физикалық шама;
α -бөгеттер.
Өлшеуіш түрлендіргіштің түрлендіру функциясы деп аналиткалық әдіспен немесе кеселер арқылы берілген шығыс физикалық шамалардың кіріс физикалық шамаларға тәуелділігін айтады
у = f (x1,х2,…,хn);
у – көп айнымалылардың функциясы (немесе физикалық шамалардың функциясы);
Өлшеуіш түрлендіргіштерде сызықтық түрлендіру сипаттамасына артықшылық беріледі. Яғыни кіріс және шығыс физикалық шамалары бір-бірімен сызықтық байланыспен сипатталыуы керек:
Y = F (x) =K∙X или Y = Y 0 + КΔ X. (1.1)
лшеуіш түрлендіргіштердің негізгі статикалық және динамикалық сипаттамалары.
Өлшеу түрлендіргіші - өлшенетін шаманы басқа шамаға немесе өңдеуге, сақтауға, индикациялауға немесе беруге ыңғайлы сигналға түрлендіретін нормативтік метрологиялық сипаттары бар техникалық құрал.
Статикалық түрлену сипаттамасы (функциясы) – бұл информативтік шығыс сигнал параметрінің уақыт бойынша тұрақты информативтік кіріс сигнал параметрінен тәуелділігін өрнектейтін байланыс. Оны аналитикалық өрнекпен немесе график түрінде бейнелеуге болады. Аналитикалық түрде түрлену сипаты сызықты 
немесе сықызты емес 
болатын Y=f(X) тәуеллділігі түрінде берілуі мүмкін. Мемлекеттік стандартқа, техникалық шарттарға және басқа нормативтік құжаттарға сәйкес өлшеу түрлендіргішіне жазылатын номинал түрлену функциясы Үном =fН0М(Х) мен шын мәнінде ие болатын шынайы (жұмыс) функциясы ҮР =fр(Х) деп ажыратуға болады.
Түрлендіргіштердің динамикалық сипаттамасы информативтік шығыс сигнал параметрінің уақыт бойынша өзгеретін кіріс сигнал параметрлерінен тәуелділігі болып табылады. Динамикалық сипаттамаларға жатады: түрлендіргіштің дельта-функцияға δ(t) реакциясы болып табылатын g(t) импульстік; өтпелі h(t) — бірліктік баспалдақтық сигналға реакция; беріліс функциясы — шығыс шаманың операторлық бейнесінің кіріске қатынасы К(р) = Ү(р)/Х(р); амплитудалық және фазажиіліктік. Түрлендіргіштің динамикалық (инерциялық) қасиеттері түрлену жылдамдығы және түрлену уақыты сияқты түсініктермен сипатталады.






