Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті.
Факультет: Жалпы медицина
Кафедра: №1 Ішкі аурулар кафедрасы
Ауру тарихы
Науқастың аты-жөні: Қаржаубаева Айгерім
Клиникалық диагноз: «Артериалдық гипертония»
Орындаған: Оспанова А.
Тобы: 414 «Б»
Тексерген: Жаманкулова Д.Г.
Ақтөбе 2016 жыл
Паспорттық бөлім
Науқастың аты жөні:Қаржаубаева Айгерим
Жасы:35
Жынысы:әйел
Ұлты:қазақ
Білімі:жоғары білімді
Мамандығы:мұғалім
Мекен-жайы:Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы.
Клиникаға түскен уақыты:16.02.2016.
Жолдама беруші: Жедел-жәрдем
Алдын – ала болжам диагнозы: Артериялық гипертония
Науқасты жалпы қарау
Жалпы жағдайы:
1. Есі: анық
2. Төсектегі қалпы: активті
3. Жалпы келбеті: 1.Көңіл-күйі жақсы
2. Дене тұлғасы гиперстеник
3. Бойы -162 см, салмағы – 81кг
4. Терінің күйі: Теріде пигменттер жоқ, ойық жаралар жоқ.
Тері жамылғылары қалыпты.
Дене мүшелерін жекелеп қарау.
· Беті: Гипертония ауруда науқастың беті қызыл шырайлы
болып келеді. Ол айналымдағы қан көлемінің
көбейгенінен болады. Сондықтан аталған симптомды
плетора(қан көбею) реңді бет, не қаны бетке шыққан
деп те атайды...
· Лимфа бездері: қалыпты.
· Қызуы: 36.60С.
· Аяқ – қолдары: қалыпты.
Жүрек – тамыр жүйесін қарау.
Аурудың сана сезімі ашық. Жүрек – тамыр жүйесінің ауруларында сананың бұзылуы себебі – мидың қан айналысының нашарлауы. Қысқа уақыт адамның есінен тануы. Тамыр қабырғасының жедел әлсіздігіне, Морганьи – Эдемс – Стокс синдромына және қолқа стенозына тән. Кома көбіне миға қан құйылуына байланысты дамиды (гипертония ауруы, ми тамырларының атеросклерозы).
Аурудың төсектегі қалпы активті. Жүрек әлсіздігі күшейген сайын аурудың жағдайы да нашарлап, төсек тартып жатуға мәжбүр болады. (Төсектен басын көтеріп жатады). Ең соңында ауру ортопноэ қалпына көшеді.
Аурудың жалпы келбеті. Гипертония ауруы мен атеросклероз басқалармен салыстырғанда гиперстениктерде, ал жүрек ақаулары – астениктерде жиірек кездесетіні байқалады. Семіру көбіне жүрек шамасыздығының себебі болса, жүректің созылмалы шамасыздығы көп жағдайда аурудың арықтануына әкеліп соқтырады.
Ауруды мүшелеп қарау.
Бастың ілгері – кейін шайқалуы Алфред Мюссе симптомы деп аталады. Бұл симптомның себебі – қолқа қақпақтарының шамасыздығы. Систолалық қысым мен диастолалық қысымның айырмашылығы.
Жүрек шамасыздығының өте қатаң түрімен ауыратын адамдарда қуқыл тартып ісінген бет пен былшық басқан көздің фонында еріннің ерекше көгергені байқалады. Бұл симптомды бірінші рет Корвизор бейнелеп, жазғандықтан, ол «Корвизор» беті деп аталады.
Қолқа қақпақтарының шамасыздығында болатын ұйқы артерияларының биік пульсациясының «каротидтер биі» деп атайды. Қолқа аневризмасының ығысуынан кеңірдектің тік қалыптан бір жағынан қисаюы Куршман синдромы деп аталады.
Систола кезінде аневризма қапшығы қанға толғандықтан оң жақ бронхты төмен ығыстырады, ол диастола кезінде аневризма өз ішіндегі қаннан босайтындықтан, төмен түскен бронх орнына қайтып келеді. Бронхтың мұндай қозғалысы жұтқыншақтың систола кезінде төмен түсіп, диастола кезінде орнына қайтып оралуына әкеледі. Бұл симптом Оливер – Кардарелли деп аталады.
Жүрек – тамыр жүйесін сипап қарау.
Жүрек ұшы соққысының биіктеуінің себептері жайылма жүрек ұшы соққысының себептерімен бірдей. Оның аласару себептері жүрек ұшы соққысының шенелу себептеріне сәйкес келеді. Жүрек ұшы соққысының аласаруы кеуде қабырғасының ісінгенде және тері асты эмфиземасында да кездеседі.
Жүрек ұшы соққысының күші саусақ ұшы сезетін серпіннің күшіне қарай анықталады. Жүрек ұшы соққысының күшеюі – жүрек қарыншаларының гиперторфиясының нәтижесі. Ал, оның әлсіреуі жүрек бұлшық етінің әлсіздігінен, үлпершек қуысына сұйықтықтың не газ жиналғаннан болады.
«Мысық пырылы» симптомы.
Аускультация жасайтын жүктемелердің үстінен алақанды жалпағынан қойып, байқап көру керек. Қан тасқыны тар тесіктерден үйіріліп отырады. Қанның үйірілісі кеуден тарайды да, оны сипап қарағанда, жүректің бір фазасымен байланысты бірқалыпты діріл болып сезіледі.
Систолалық және диастолалық болып екі түрге бөлінеді. Диастолалық мысық пырылы жүрек ұшы үстінен, диастола кезінде анықтауға болады. Сол жақ атриовентрикуляр тесігінің тарылуына тән белгі.
Пальпация
· Жүрек ұшы соққысы сол жақ 5 қабырға тұсында сол жақ
бұғана орта сызығынан 1-1,5 см ішке қарай орналасқанын
анықтаймыз.
· Жүрек ұшы ауданы S=2см2 тең қалыпты жағдайда.
· Жүрек ұшы соққысының орны солға қарай және төмен қарай
ығысқан.
· Жүрек ұшы соққысының күші саусақ ұшы сезетін серпінге сай анықталады.
Артериялық пульс пульсациясы
-Минутына 75рет соғады
-Екі білек артериясының пулсі бірдей, білек артериясы мен жүректің пулсі де қалыпты жағдайда.
Пулстің қатаңдығы, толықтығы,ырғағы,жылдамдығы қалыпты жағдайда.
Перкуссия
Қалыпты жағдайдағы жүрек шектері(Шала тұйық дыбысының шектері):
Оң жақ жүрек шегі | 4-5 қабырға аралығында төстің оң жағынан 1-2см сыртқары анықталады. | |
Сол жақ жүрек шегі | 5-ші қабырға аралығында сол жақ бұғана сызығынан 1см ішке қапай орналасқан.Жүректің бұл шегін құрайтын бөлігі сол жақ жүрек қарыншасы. | |
Жүректің жоғарғы шегі | Сол жақ төс қасы сызығы бойында 3қабырға аралығында орналасқан және оған сол жақ жүрекше құлағы сәйкес келеді. |
Нағыз тұйық дыбыс шектерін анықтау
Оң жақ шегі | Төстің сол жақ шетінде4-5қабырға аралығында орналасқан. |
Сол жақ шегі | Жүректің сол жақ шегіне сәйкес келеді,не одан 0.5см ішке орналасқан. |
Жоғарғы шегі | Сол жақ төс қасысызығы бойында 4қабырға аралығында орналасқан. |
Тамыр будаларының шектері
Оң жақ контуры | 2-3қабырға аралығында төстің оң шетін ала, ал 4қабырға аралығында төстің оң шетінен 2см сыртқа орналасқан. |
сол жақ контуры | 2қабырға аралығында төстің сол шетін ала, 3қабырға аралығында төстің сол шетінен 1см солға,4 қабырға аралығында 3және5қабырға аралықтағы контурдың ортасында,5қабырға аралықта жүректің сол жақ шетін ала орналасқан. |
Жүрек мықыны | Сол жақтағы тамыр будасы мен жүректің сол жақ шетінің ортасындағы доғал бұрыш |
Аускультация
Қолқада екінші тон акценті, кардиосклероз не қақпақшалардың салыстырмалы жетіспеушілігі салдарынан жүрек ұшы тұсында систолалық шуы, қолқада бірінші тон, жүрек тондары сақталған.
Жүрек қақпақтарының кеуде сарайына проекциясы және жүректі тыңдау
Қос жармалы қақпақтың проекциясы | Сол жақтағы 3қабырғаның төске бекіген жеріне сәйкес келеді. |
Қолқа қақпақтарының проекциясы | 3 қабырғаның төске бекіген деігейіндегі төс ортасына сәйкес келеді |
Үш жармалы қақпақ проекциясы | Сол жақтағы 3және оң жақтағы 5 қабырғалардың төске бекіген жерлерін қосатын сызықтың ортасына сәйкес келеді. |
Өкпе артериясы қақпақтарының проекциясы | Төстің сол жақ шетінен 1-1.5см қашықтықтағы 2 қабырға аралығына сәйкес келеді. |
Науқастың ауруханаға түскен шағымдары.
Негізгі шағымы: Бас ауруы, бастың айналуы, көз қарауытып, көз алдында дақ тұрады, желке тұсының қатты тартып ауырғанын сезеді. Бас көбіне таңертеңгілікте ұйқыдан оянғанда ауырады, зілдей тартып мең-зең қылады. Жүрек тұсы шаншып ауырып, ауру сол жаққа тарайды, ұзақтығы 1-2 мин. Және жүрегі қатты соғады.
Қосымша шағымдар: Әлсіздік, шаршау, дел салдық, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі, ренжігіштік.
Жүрек-тамыр жүйесі:
Басты шағымдары: Ауырғандық. Жүрек-тамыр ауруларында ауырғандық адам организмінің әр жерінде кездеседі. Оның жиі локализациясына төстің арты, жүректің тұсы, оң жақ қабырға асты, іш қуысыжәне аяқ жатады.
Төс арты және жүрек тұсының ауруы жүректің ишемия ауруында, жүрек неврозында, жүрек бұлшық еті мен перикард ауруларында кездеседі. Көрсетілген локализациядағы ауырғандық кейде рефлекторлы болуы да мүмкін.
Жүректің ишемия ауруында (ЖИА) аурудың пайда болуы жүрек бұлшықетінің қан айналымы нашарлағандықтан, оған керекті қоректік заттар мен оттегінің келуі азаятындықтан туады. ЖИА негізгі себебі-жүректің және артерияның атеросклерозы.
Жүрек қан айналымы бұзылуының клиникалық белгілеріне стенокардия және миокард инфарктісі жатады.
Жүрек неврозы – жалпы невроздың бір түрі. Медицинаға бұл терминді енгізген Оппольцер(1867).
Жалпы неврозды тудыратын факторларға: адамның жан күйзелісі, жүйке жүйесіне күш түсу, жағымсыз эмоциялар және нерв процестерінің әлсіреуі мен тұрақсыздығы жатады. Бұл факторлар бас миы қабығы қызметінің бұзылуына жағдай туғызады. Ми қабығы функциясының бұзылуы жүрек – тамыр жүйесінің сыртқы қоздырғыштарға жауап реакциясының дәлдігі мен сәйкестігін нашарлатады. Бұның өзі көптеген белгілердің, оның ішінде аурудың тууына әсер етеді.
Миокардиттерде жүрек ауруы коронаритке (тәж артериялары қабырғасының ісінуі және өзегі тарылуы) байланысты пайда болады. Ауру жүрек тұсында болады, сирегірек жағдайда сол жаққа қарай тарайды. Ауру ұзаққа созылады, коронаролитиктер көмектеспейді. Ауыру дамуының инфекциялық процестермен (грипп т.б) байланысты болады. Аурудың клиникасында миокардитке тән басқа да симптомдар мен синдромдарды байқауға болады (жүрек әлсіздігі мен аритмия).
Перикардитте жүрек ауруы перикард беттеріндегі нерв тамырларының жарақаттануына байланысты пайда болады. Аурудың локализациясы – төс ортасы, белгілі бір иррадиациясы жоқ. Аурудың күші науқастың алға еңкейіп отырған кезінде басылады да, басты артқа шалқайтқанда күшейеді (жабысқан жердің тартылуына байланысты). Нитроглицерин қолданғаннан нәтижесі болмайды. Ауру клиникасында перикардиттің басқа да белгілері кездеседі.
Рефлекторлы механизмнің әсерінен іш қуысы ағзаларының ауруында жүректің де ауыруы мүмкін. Әсіресе ол калькулезді (тасты) холесциститте, қарын ауруларында (Уден – Решхольд синдромы) жиі кездеседі. Ауру адамды мұқият тексергенде, оның жүрек-тамыр жүйесі жағынан. Қалыпты жағдайда ауытқулары табылмайды. Керісінше, іш қуысы мүшелерінің ауру белгілерін анықтауға болады.
Оң жақ қабырға астының ауырғаны.
Жүрек әлсіздігінен (шамасыздығынан) болатын бауырдың өсуіне байланысты. Бауырдың өсуі ішінде нерв тамырлары бар глиссон капсуласының керілуіне әкеп соқтырады. Ол ауыру болып білінеді.
Бас ауруы ми тамырларының атеросклерозы мен гипертония ауруында кездеседі, мидың қанмен қамтамасыз болуының нашарлауынан туады.
Балтырдың ұстамасы ауруы аяқ тамырларының атеросклерозы мен эндоартеритке байланысты. Жүрген кезде аяққа күш түскеннен оның қан айналысы күшеюі керек. Көрсеткен ауруларда тамырдың тарылуына байланысты аяқтың қан айналысы артпайды, ол аяқ бұлшық еттерінің ишемиясын тудырады. Ишемия осы ұстамалы ауруға (жүргенде үдеп, тоқтағанда басылады) себеп болады.
Іштің ұстамалы ауруы.
Іш қолқасының атеросклерозбен тарылуына байланысты. Ауру іш қолқасы тарамдарының түйілуінен (спазм) туады. Іш қуысында болатын басқа аурулардан оның айырмашылығы ауруды нитроглицеринмен тоқтатуға болады.
Демікпе – жүрек шамасыздығының белгісі. Жүрек ауруларында жүрек әлсіздігінің нәтижесінде қанның минуттық көлемі азаяды, ол қан айналымы жылдамдығының баяулауына себеп болады. Бұл қанның қан айналым шеңберлерінде іркілуінен тудырады. Қанның кіші қанайналым шеңберінде іркілуінен оның оттегімен қанығуы азаяды – гипоксия мен гиперкапния дамиды. Гипоксия мен гиперкапния тыныс алу орталығын қоздырып, демікпе тудырады.
Жүрек шамасыздығына тән демікпе әуелі организмге қалыпты күш түскенде, кейін аурудың отырған күйінде байқалады. Оның тағы бір ерекшелігіне, жатқан кезде күшейетіндігі жатады. Себебі, жатқан кезде қан айналысының кіші шеңберіне келетін қанның мөлшері көбейеді, демек онда, әдеттегіден қанның көп іркілуіне жағдай туады. Жүрек демікпесі – аралас демікпеге жатады. Демікпенің ең ауыр түрі – тұншығу деп аталады. Ұстамалы тұншығу – жүрек астмасы деп аталады. Ұстамалы тұншығу – ол жүректің сол жақ қарыншасының жедел шамасыздығына тән. Ауру клиникасында демікпемен қатар жүрек шамасыздығының басқа да белгілері болады.
Жүректің қатты және шалыс соғуы.
Жүректің қатты соғуы деп – ауру адамның өз жүрегінің соғуын сезінуін айтады. Жүректің қатты соғуы қалыпты жағдайда қобалжығанда, ішімдік, қара кофе, шәй ішкеннен кейін, темекі тартқанда байқалады. Көбіне жүрек неврозында кездеседі.
Жүректің органикалық ауруларының ішінде жүректің қатты соғуы жүрек шамасыздығында болады. Бұл жағдайда оған жалғаса жүректің жиі соққаны да байқалады.
Аурудың өз жүрегінің шалыс соққанын сезінуі жүрек ырғағының бұзылғанында (аритмиясында) әсіресе, экстрасистолияда болады.
Ісік – жүрек щамасыздығының, оның ішінде жүректің оң жақ қарыншасының әлсіздігінің белгісі. Ісіктің пайда болу механизмінің ең бастысы – қан іркілісінен туатын капиллярлардың вена жақ тізесінде гидростатикалық қысымның көтерілуі. Соның салдарынан қанның сары суының айналадағы тканьдерге трансудассиясы (көшуі) басталады.
Кейінірек бұл механизмге гипоксия әсерінен туатын тамыр қабырғалары өткізгіштігінің күшеюі мен бүйрек қан айналымының әлсіруіне байланысты туатын организмде натрийдің жинақталуы қосылады.
Организмде ісіктің жинақталуы гидродинамика заңдылықтарына бағынышты болады. Судың өз салмағымен төмен түсетін сияқты ісік те әуелі дененің төменгі бөлімдерінде жиналады да, біртіндеп жоғары көтеріледі. Сондықтан ісік әуелі жұмыс күнінің соңында аяқтың табанында пайда болып, ертеңгісін жойылып кетіп отырады. Кейін ісік жоғары көтеріле бастайды. Дами келе ісік сұйықтығы тері асты шелді ғана қамтып қоймайды, кілегей қабық қуысына жинақтала бастайды. Оның іш қуысында жиналуын асцит, плевра қуысында жиналуын-гидроторакс, перикард қуысында жинақталуын – гидроперикард деп атайды. Ісіктің кең тараған түрі (барлық денені қамтиды) анасарка деп аталады.
Дсипепсиялық шағымдардың дамуы жүрек әлсіздігіне байланысты. Ас қорыту ағзаларындағы қан іркілісі олардың функциясын бұзады. Жүрек әлсіздігінде жиі кездесетін диспепсиялық шағымдар: жүрек айну, құсу, іштің кебуі.
Жөтел – кіші қан айналым шеңберінде біршама қан іркілудің нәтижесінде қанның сұйық бөлімінің альвеола саңылауына, кейін бронх ішіне өтуіне байланысты дамиды. Жүрек шамасыздығына тән жөтелдің ерекшклігіне ол – ауру адамның не жатқан күйінде пайда болады, не жатқан күйде күшейіп кетеді. Себебі, адамның жатқан күйінде кіші қан айналым шеңберінің қан келу көбейетіндіктен онда қан іркілуі де ұлғаяды. Қанның іркілуі қанның оттегімен қанығуын нашарлатады. Ауру төсекте тұрып отырғанда жөтел азаяды, не тоқтайды.
Қан қақыру кіші қан айналым шеңберінде қан қысымын көбейгенінен, кішкене қан тамырларының жарылуына байланысты туады. Көбіне митральды стеноз бен өкпе шеменінде кездеседі.
Anamnesis morbi
Науқас 3 жылдан бері артериялық гипертония ауруымен ауырады.Дәрігерге қаралмаған. Ауырғандықты өз бетінше басқан. Ауырғанда энап, диратон қабылдайды, бірақ ерекше әсері жоқ. АҚҚ көтерілуін стрестік жағдаймен байланыстырады. Ауруханаға түсер алдында 27 қыркүйек күні 2 таблеткадан энап, 28 қыркүйек күні 3 таблетка энап қабылдаған. 29 мамыр күні жедел жәрдеммен сағат 11.30-12.00 келген. Сол кезде науқастың АҚҚ 120/200 болған. Қазіргі уақытта ауруханада ем қабылдап жатыр.
Anamnes vitae
Науқас Қаржаубаева Айгерим 1975 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.Әлеуметтік жағдайы жақсы. Отбасында үйдің тұңғышы, екі інісі, екі сіңлісі бар. 7 жасында мектепке барған.А.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетті бітірген.Қазіргі уақытта орта мектепте мұғалім болып жұмыс жасайды.
Тұқым қуалайтын аурумен ауырмаған. Инфекциялық аурулармен ауырмаған. Науқас туберкулез, сары ауру ауруларымен ауырмаған. Зиянды әрекеттері жоқ. Дәрілерге аллергиялық реакциялары жоқ. Жарақат алмаған, өмірінде операциядан өтіп көрмеген. Тұрмыс жағдайы жақсы. Баспанасы бар. Тамақтануы жақсы.