Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тарау.Ауа тамшылы инфекцияларының эпидемиологиялық сипаттамасы. Олардың таралуы кезіндегі алдын алу шаралары




Тыныс жолдары арқылы берілетін жұқпалы аурулардың жіктелуі


 

І. Этиологиясы вирустар

1. Жедел респираторлы вирусты инфекциялар: Тұмау, парагрипп, аденовирустар, РС вирустар, риновирустар, реовирустар

2. Ұшықты инфекциялар: Жұқпалы мононуклеозі, цитомегаловирусты инфекция, желшешек, қызылша, эпидемиялық паротит, қызамық - антропоноздар, (маймыл шешегі, сиыр шешегі-зоонозды инфекциялар).


ІІ. Этиологиясы бактериялар: Күл, көкжөтел, скарлатина, алапес, легионеллез, стафилококкты, стрептококкты, пневмококкты, гемофильді, микоплазмалы инфекциялар, хламидиоздар, пневмохламидиоз - антропоноздар, туберкулез-антропозооноз, орнитоз-зооноз.

· Жедел респираторлы вирусты инфекциялар және тұмау

Жедел респираторлы аурулар дегеніміз – тыныс алу жолдарының зақымдауымен жүретін полиэтиологиялық аурулар тобы.

Тыныс алу жолдары ауруларының эпидемиологиялык ерекшеліктері:

· Таралу жолының жеңіл болуы.

· —Соған байланысты кездесу жиілігі жоғары.

· —Қызылша,қызамық,желшешек сияқты инфекцияларды жұқтыру жиілігі жоғары.

· —Бұл аурулар эпидемия немесе пандемия түрінде өтеді.

· —Жұқпалы аурулар көбінесе циклдік түрде өтеді.

ЖРВИ тобына кіреді

§ грипп;

§ парагрипп;

§ аденовирусты инфекция;

§ риновирусты инфекция;

§ RS- немесе респираторлы-синтициальді инфекция;

§ реовирусты инфекция;

§ Микоплазмалық инфекция және т.б

 

Тұмау инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 7 күнге дейін,орташа 2-3 күнді құрайтын,тыныс алу жолдарын жедел зақымдайтын ауру. Аурудың басталуы жедел, интоксикация синдромымен сипатталады. Бірнеше сағат ішінде дене температурасы 39-40 С дейін котеріледі, әртүрлі дәрежедегі қалтырау, мерзімі қысқа, 3-5 күн. Қалтырау қысқа және әртүрлі сипатқа ие (ремиттирлеуші, интермиттирлейтiн сипаттағы қалтырау тағы басқалар), маңдай бөлімінің, әсіресе қабақ үсті аймағының ауырсынуы, бас айналу, тершеңдік, буындардың, сүйек-бұлшықеттерінің ауырсынуы тән, адинамия, жалпы әлсіздік үдей түседі. Гриптің ауыр ағымында ұйқының қашуы, көп ретті құсу, ес бұзылыстары, менингиальді белгілердің болуы тән.


Тұмау (грипп) вирусының этиологиясы –РНК құрылымды, үш типті (А,В,С), екі антигені бар (гемагглютинин – Н және нейраминидаза — N). Вирустар сыртқы ортада төзімсіз, Вирустың А типіне антигендік қасиетінің өзгергіштігі, вируленттілік қасиеті тән.


Инфекцияның таралу көздерi:

§ —әр түрлi клиникалық формалары бар ауру адам (7-10 күннiң iшiнде), аденовирус инфекциясы кезінде — 25 күн және одан көп;

§ —вирус тасушылар (аденовирусты инфекция).

 

Берiлу жолдары:

§ —(негiзгiсi) ауа-тамшы;

§ —Тұрмыстық-қатынас(гриппта инфекциялалған тұрмысқа қажет заттар арқылы беріледі- ойыншық, ыдыс тағы басқалар);

§ —алиментарлы(аденовирусты инфекция кезінде)

§ —Маусымдық — күзгi-қысқы.

§ —Жоғары қабылдағыштық.

§ —Иммунитет. Постинфекциялық иммунитет ерекше және ұзақ емес.

 

Алдын-алу шаралары:

—1.Денені шынықтыру

—2.Грипп кезінде ең тиімдісі вакцинация-қыркүйек-қазан айлары,барлық тұрғындардың 70 пайызын қамту керек.

Келесі инактивирленген грипп вакциналары қолданылады

§ Гриппан (Россия) б/е;

§ Флюарикс (Бельгия) б/е;

§ Инфлювак (Нидерланды) б/е;

§ Бегрубак (Германия) б/е;

§ Заксикгрипп (Франция) б/е т.б..





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1330 | Нарушение авторских прав


Лучшие изречения:

Так просто быть добрым - нужно только представить себя на месте другого человека прежде, чем начать его судить. © Марлен Дитрих
==> читать все изречения...

2442 - | 2196 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.